Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 05:33, курсовая работа
Қазақстандағы қазiргi нфляцияның себептерiн нарықққа өтуге дейiнгi инфляцияны тудыратын факторлардан iздестiру керек. Олардың ең бастысы –шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылқтың шығнды механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында материалды-ақшалық үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап, экономиканың барлық салаларына зян шеккiзедi.
Кiрiспе ……………………………………………………………………… 3
Инфляцияның теориялық негіздері
Инфляцияның мәнi, түрлері………………………………………….. 5
Инфляцияның себептерi……………………………………………... . 8
Инфляцияның ерекшеліктерін талдау
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк салдары ………….. 14
2.2. Инфляцияны мемлекеттік реттеу………………………………. ……16
Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары……..20
Қорытынды……………………..….……………………………...……. 27
Пайдаланылған әдебиеттер …….……………………...………………. 30
Инфляцияға түбегейлi себептерi тауар айналымы және тауар өндiрiсi аясында болғанымен, оған елдегi саяси жағдайлар да әсер еттедi.
Инфляцияға әсер ететiн бiрiншi топтағы ақшалы факторлар - ақшаға сұраныстыңтауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесiнде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюi, халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптiгi, ұлттық валютаның курсын бiрқалыпта ұстау үшін қолданылатын үкiметтiң тәсiлдерi, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екiншi топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсiретiн ақшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндiрiс құрлымының үйлеспеушiлiгi, шаруашылық механизiмiнiң шығындылығы, мемлекеттiң экономикалық саясаты, оныңiшiнде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық iс-шаралары және сол сияқты факторлар.
Шын мәнiндегi екi топтағы факторлар бiр-бiрiмен тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiңбағасын өсiрiп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi –тауар бағаларының күрт өсуi. Осы көрiнiстi американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды қууы” деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебi –айналымдағы ақша массасы мен сатуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы. Бұндай диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 4-70 –жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша массасы бiр қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiңкөлемi қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын арттыру өзiнiң экономикалық тиiмдiлiгi жөнiнен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.
Инфляция кезiнде капитал өндiрiс аясынан айналысқа құйылады, себебi айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсiредi. Бiрақ ол инфляция әсерiн күшейтедi: несиенi өндiрiске салынатын инвестицияны және тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтiп, инфляция факторлары екi жақты- тауарларды шығаруға және сатуға , ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге әсер етедi.
Инфляция - өндiрiс
процесiнiң бұзылуы, шаруашылық салаларының
бiр-бiрiмен үйлесiмсiз дамуы және
мемлекеттiңэмиссиялық саясаты
2.1. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк салдары
Дамушы елдерде инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететiн факторларға байланысты төмендегiдей жiктеуге болады.
Бiрiншi топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттерi жатады, оларды 80 жылдардыңаяғы-90 жылдардың бас кезiнде экономикалық тепе-теңдiктiң жоқтығы, мемлекет бюджетiнiң тұрақты тапшылығы, iшкi саясатта ақша шығару станогы мен үнемi индекстеу механизiмiнiң қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелi түрде Ұлттық валютаның курсы төмендедi. Никарагуада, мысалы, 1990 ж ақшаның құнсыздануы 8500 процентке, Перуде-8291,5 процентке жеттi.
Екiншi топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдерi кiредi, оларда да экономикалық тепе - теңдiктiң жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелiк экспансияға (несиені ұлғайту ерекше көңiл бөлiндi. Бұл елдерде қарқынды инфляция (бағаныңжылдық орташа өсуi 20-40 өсуi процент шамасында) сақталып, бiрен-саран индекстеу жүргiзiлуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейi сақталуда.
Үшiншi топқа жататын елдер- Сингапур, Малайзия, Оңтүстiк Корея, Бiрiкке Арабтар Әмiршiлiгi, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн- жеткiлiктi деңгейде экономикалық тепе-теңдiгi бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция (1-5 процент) сақталуда, бағаға қатаңбақылау енгiзiлген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс iстеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретiнде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор рөл атқаруда, жұмыссыздық бiр қалыпты деңгейде жүруде.
Төртiншi топқа дамушы мемлекеттер әлемiне теңгерiлген бұрынғы социалистiк мемлекеттер кiредi (ТМД елдерi, Қытай, Польша Вьетнам және т.б.). Бұл мемлекеттердегi инфляция жоспарлы- бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективтi процестерге байланысты болады. Себебi инфляция факторлары, бiрiншiден , мемлекеттiк бюджеттiң бұрыннан келе жатқан тапшылығы негiзiнде қаржыландыру мәселелерiнде айқндалады; екiншiден, құрылым факторлары, мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр өнеркәсiпке салынатын инвестициялық қаурыт өсуi; үшіншiден, “баға қайшысы” деп аталатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiңбағасымен салыстырғандағы өнеркәсiп өнiмдерi бағасының қарқынды өсуiнiң арасындағы үйлесiмсiздiк. Құрылым факторы тек бағаны қаурыт көтерiп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуiне әсерiн тигiзедi.
Бұл мемлекеттер өндiрiстiң өсуi мен iшкi нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды , бiр жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын басып шығарумен, екiншi жағынан шетел займдарын көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесiнде бұл топтағы мемлекеттерде көп мөлшерде iшкi және сыртқы қарыздар пайда болады. Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны- ақша айналымы жылдамдығыныңөсуi, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншiлiгiнiң кенет төмендеуi және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгiлi бiрте-бiрте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуi мемлекет iшiнде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына және елден капиталдың әкетiлуiне соқтырады.
Инфляцияның негiзгi салдары:
2.2. Инфляцияны мемлекеттік реттеу
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдерi сияқты ел экономикасының мемлекеттiк монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезiндегi өзгерiстерге байланысты. КСРО –ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жлдар бойы мойындалған жоқ. кеңес жүйесiнiң экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистiк өндiрiс тәсiлiне тән деген үзiлдi – кесiлдi тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазiргi нфляцияның себептерiн нарықққа өтуге дейiнгi инфляцияны тудыратын факторлардан iздестiру керек. Олардың ең бастысы –шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылқтың шығнды механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында материалды-ақшалық үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап, экономиканың барлық салаларына зян шеккiзедi. Әсiресе:
Қазiргi инфляцияның бiр көрiнiсi –тауар тапшылығы бiздiң экономикада ондаған жылдардан берi байқалуда, онң түпкi себептерi:
Сөйтiп бiздiң елде инфляция тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бiрақ жоспарлы – әкiмшiлiк экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбiдi. Шындығында да директивалы баға белгiлеу халықтың күнделiктi қажет заттарының бағасын тұрақты қалыпта ұстауға мүмкіндiк бередi. Көптеген тауарлар бағасын өндiрiстегi, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерiстердi есептемей тұрақты қалыпта немесе төмен денгейде ұстап тұру кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет бағасының олардың құны мен салстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына әкеп соқтырады. Мемлекет жүйелi түрде көтерме , сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудададғы бағасын өзгерiссiз төмен қалыпта қалдырды. Бұл бағалар еңбектiң қажеттi қоғамдың шығындары мен өнiмнiң сапасын, олардың тұтыну қасетiн, оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ол әлемдiк денгейден бiраз ауытқыды.
Сөйтiп тауардың көтерме, сатып алу бағасы мен бөлшек саудададғыы бағалары арасындағ үйлесiмсiздiк жылдан-жылға тереңдей түстi. Оған мемлекеттiк бюджеттен дотация берiлiп отырды. Бұл тауар өндiрушiлердiң көтерме және дара бағаларды көтере белгiлеуге деген ұмтылысын күшейтiп, соның әсерiнен кейбiр тауарлардың тапшылығына және кейбiреулерiнiң сауда орындары мен өнеркәсiпте жналып қалуына әкеп соқтырды.
Өндiрушiлердiң өнiмiнiң сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге ынтасы болмады. Нәтижесiнде жылма-жыл сауда оырндарында тауарлар кем бағамен сатылып, немесе шығынға жазылып отырды. Осының бәрi “жабық” нфляцияның айғақ белгiлерi.
Қазақстанда 1992 жылдан бастап нарықтық өзгерiстер аясында жүргiзiлген баға белгiлеудi босату шаралары бағаныңкенет көтерiлуiне, сонымен бiрге инфляцияның қарқындап өсуiне әсер еттi. 1993 жылы айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өстi. 1994 жылы ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 процентке өстi, осы көрсеткiштер 1995 жыл 216 және 160 пайыз болды. Ал 1996 жылы ақша массасының өсу қарқыны одан әрi баяулап, инфляцияның бiртiндеп төмендеуiн байқатты.
Жалпы экономикадағы инфляция денгейiн тұтыну бағасының индексi көрсетедi. Ол үй шаруашылығының“тұтыну қоржынының” үлес салмағын есептеу негiзiнде бiрсыпыра тауарлар мен көрсетiлген қзмет бағасыныңөсу индексiнiң қорытынды көрсеткiшiмен есептелiнедi. Қазақстанда тұтыну бағасыныңиндексi 1991 жылы белгiлендi. “Тұтыну қоржынына” бiздiңелде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кiредi. Бағаның және тұтыну тауарлары қҮрылымыныңөзгеруi ескерiлiп тұтыну тауарларының индексi қаралып тұрады.
Тәуелсiз Қазақстанның тәжiрибесi инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына, монополды құрылымдардың өнiмiне және транспорт қызметтерiне баға белгiлеуде , сондай-ақ өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы өнiмдерiне баға қайшысын жоюға мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi аңғартты.
ІІІ. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары
Инфляцияның әлеуметтiк – экономикалық зардаптары төмендегi жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуiнен, халықтың ақшалы жинағының, шаруашылық субъектiлерiнiң және мемлекеттiк бюджет қаржысынң құнсыздануынан, халықтың экономикалық белсендiлiгiнiң төмендеуi мен жұмыссыздықтың көбеюiнен, Ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндiгiнiң төмендеуi мен басқа валюталарға қарағанда оныңнақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелi экономиканың белсендi өсуi мен оныңсалық төлеуден жалтаруы және көптеген көлеңкелi процестерден байқалады.
Инфляция зардаптарын жойып, ақша айналамын тұрақтандырудың негiзгi әдiстерi- ақша реформасын жүргiзу және инфляцияға қарсы басқа да саясаттар жүрг.iзу.
Тарихта ақша реормасын жүргiзудiңекi формасы бар:
Соғыс және революциядан кейiнгi жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтiрудiң еңбiрн қажеттi жолы ретiнде мынадай әдiстерi қолданды: инуллификациия, реставрация, девальвация, деноминаця.
Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгiзу әдiсi. Мысалы, 20 жылдары Германияда соғыстан кейiнгi ұшқыр инфляцияның нәтижесiнде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жлы енгiзiлген жаңа маркаға 1:1 трлн.ескi рехсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтiп құнсызданған ескi марка жойылды.
Реставрация- ол ақша өлшемiнiң бұрынғы алтын құрамын қалпына келтiру. Мысалы, Англияда Бiрiншi дүниежүзілік соғыстан кейiнгi 1925-1928 жылдардағы ақша реформасы кезiнде фунт стерлингтiң алтын құрамы соғысқа дейiнгi қалпына келтiрiлдi. Ал Екiншi Дүниежүзілік соғыстан кейiн реставрация – ревальвация ретiнде доллармен салстырғанда Ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргiзiлдi. Содан кейiн Халықаралық валюта қоры ақша өлшемiнiңалтын құрамын тiркеуден өткiздi.
Девальвация- ақша өлшемiнiң алтын құрамын төмендету. Ол екiншi дүниежүзілік соғыстан кейiн АҚШ долларына шаққанда Ұлттық валютаныңресми курсын да, оныңалтын құрамын да төмендету. Долларды екi рет девальвациялау нәтижесiнде оныңалтын құрамы 1971 жылы желтоқсанда 7,89 пайызға, ал 1973 жылы ақпанда 10 пайызға төмендетiлдi. 1973 жылы “өзгермелi” валюта курсын енгiзген соң, девальвация Еуропа валюта жүйесінде – “реттелетiн валюта курсы” топтастығында жүргiзiлдi.