Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 17:22, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған. Бұл мақсатқа жетудегі елеулі рольді «тек экономикалық өрлеуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кіруіне әсер ететін ақпарат атқарады».
Нарықтық жағдайға көшу кәсіпорынның өндіріс тиімділігін, өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорынның дербестігі мен олардың экономикалық жене құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда.
Кіріспе ……………………………………………………………………………….
1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері
1.1 Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері…………………………..
1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі және маркетингтік саясаттың өзара байланысы………………………………….
2 Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдаудың нысандары
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы және өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау....
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі және қаржылық жағдайын
баланс активтерін талдау..........................................................................................
3 Кәсіпорынны басқарудың қабілеттілігін жақсарту жолдары......................
Қорытынды .............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиет тізімі..........................................................................
Дерек көзі: Жас Алаш, 2011, 5 ақпан.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты Қазақстан экономикасындағы өзгерiстер басқарудың технологияларына жаңа әдiстер және жолдарды табуды ұйым жетекшiлерiнен талап етедi. Қазiргi шарттардағы Қазақстан ұйымдарының қаржылай-экономикалық нәтижелерiнiң талдауы олардың жағдайының нашарлауы, профессионализмның жоқтығы және қаржы қызметiн басқарудағы жүйелiк амалдан байланатынын көрсетедi. Жүйелiлiктiң жоқтығы олардың қолданылатын әдiстердiң нөлдiк нәтижелiлiгiне және бар қаржы қорларының шашыратуына алып келедi. Қаржы менеджментiнiң тиiмдi жүйесiн кәсiпорынға құрастыру керек, бұл кемшiлiктерден құтылуын құрастыру керек. Сол себептен, ұйымның қаржы менеджментіне үлкен көңіл бөлу керек.
Кәсіпорынның
Төлем қабілеттілікті талдау қаржылық іс-әрекетті болжау мен бағалау мақсатында тек кәсіпорын үшін ғана емес, сонымен бірге сыртқы инвесторлар (банктер) үшін де қажет. Несиені беру алдында банк несие алушының төлем қабілеттілігі жайында білуі тиіс. Бұны бір-бірімен экономикалық қатынастарға түсетін кәсіпорындар де жасауы керек. Әсіресе коммерциялық несие немесе төлемді ұзарту туралы сұрақ туғанда серіктестің қаржылық мүмкіндіктері туралы білу өте маңызды.
Төлем қабілеттілік өндірістік жоспарларды жасау мен өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз етуде жағымды әсер етеді. Сондықтан төлемқабілеттілік ақшалай ресурстардың жоспарлы түсуі мен шығуын қамтамасыз етуге, есептесу тәртібін жүзеге асыруға, меншікті және қарыз капиталдарының тиімді үйлесімділігіне және оның тиімді пайдалануына қол жеткізуге бағытталған.
Нарықтық жағдайларда
Төлем қабілеттілікті талдаудағы басты мақсат – қаржылық іс-әрекеттің кемшіліктерін уақытында табу мен жою және кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін жақсарту резервтерін табу.
Ол үшін келесі міндеттерді орындау керек:
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдаумен тек оның басшылары мен арнайы қызмет қана емес, сонымен бірге оның құрылтайшылары мен инвесторлары айналысады. Мысалы, ресурстардың тиімді пайдалануын зерттеу мақсатында банктер несиелендіру шарттарын бағалау және тәуекел дәрежесін анықтау үшін, жабдықтаушылар төлемдерді уақытында лау үшін, салық инспекциялары бюджетке қаржының түсу жоспарын жүзеге асыру үшін керек. Осыған байланысты талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Кәсіпорын ішілік талдауды кәсіпорын қызметі жүргізеді және оның нәтижелері жоспарлау, болжау мен бақылау үшін қолданылады. Оның мақсаты – ақшалай құралдардың бірқалыпты түсуін белгілеу мен меншікті және қарыз құралдарын орналастыру жолымен кәсіпорынның тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мен пайданың максималды мөлшерін алу және банкроттыққа жол бермеу.
Талдаудың сыртқы түрі жариялық есеп негізінде инвесторлармен, материалдық және қаржылық ресурстардың жабдықтаушыларымен, бақылау органдарымен жүзеге асырылады. Оның мақсаты – максималды пайданы қамтамасыз ету мен шығынға ұшырау тәуекелінен құтылу үшін қаржыны тиімді салу мүмкіндігін белгілеу.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несиені өтеу қабілеттілігін талдаудағы негізгі ақпарат көздері болып бухгалтерлік баланс (№1 нысан), табыс пен шығыс туралы есеп (№2 нысан), капиталдық қозғалысы туралы есеп (№3 нысан) және баланстың бөлек баптарын егжей-тегжейлендіретін бірінші ретті және талдамалы бухгалтерлік есеп деректері сияқты есептің басқа да нысандары табылады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау қаржының түсуі мен бар болуы және бірінші қажеттілік төлемдерді сәйкес өлшеу жолымен жүзеге асырады. Төлем қабілеттіліктің ағымдық және күтілетін (перспективті) түрлері белгілі.
Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру күніне анықталады. Кәсіпорынның жабдықтаушылар алдында мерзімі өткен берешегі, банк несиесі және басқа есептесу бойынша қарыздары болмаса, ол төлемқабілетті болып саналады.
Күтілетін (перспективті) төлемқабілеттілік нақты күнге кәсіпорынның төлем құралдары сомасын мерзімді (бірінші ретті) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Кәсіпорында өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.
1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі
Бүгінгі таңда әлемдік жетекші компаниялардың іскерлік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған. Демек, стратегия дегенімізді нарықтағы ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды анықтау және жүзеге асыру арқылы өз мақсаттарына жетуге бағытталған қорытынды жоспар ретінде қарастыруға болады. Стратегиялық мақсаттардың саны мен қалыптасуы әрбір компанияда алуан түрлі болуы мүмкін. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады, сондықтан да кәсіпорын өз қарамағында түрлі мақсаттардың толық кешені болуы тиіс. Қаржы менеджментінің мақсаттарын келесідей тәртіп бойынша саралауға болады:
Кәсіпорынның өндіретін тауары, көрсететін қызметі немесе атқаратын жұмысының бағасы, сапасы және имиджі шаруашылық қызметтің табысына едәуір ықпал етеді. Тауар имиджі жөнінде айтатын болсақ, оның ықпалы тенденция түрінде және маңызды түрінде болады. Көрсетілген барлық параметрлер кәсіпорынның табысына тікелей әсер ететіндіктен, табыстың стратегиялық факторларын идентификациялау қаржы менеджментінің басты міндеті болып табылады. Зерттеулердің нәтижелері мынаны дәлелдейді: зерттелетін параметрлер әр түрлі бағаланады және алуан түрде әр түрлі салалардағы тұтынушыларға әсер етеді.
Жалпы алғанда кәсіпорынның қаржы менеджерлері нарықтық даму жағдайларында тұтынушылардың ең алдымен тауардың сапасына, содан кейін өнімнің болмысы мен имиджіне назар аударатынын ескерген жөн. Ал тауардың бағасы тұтынушының санасында тауар туралы алғашқы сипаттаманы қалыптастырғанымен, түптеп келгенде бағасы төмен, сапасыз өнім оларды аз қызықтырады. Тауардың дизайні мен сервистік қызмет көрсету тұтынушылар санасында азырақ мәнге ие, алайда бәсекелестермен күресте артықшылықтарды жеңіп алуда бұл параметрлер де өзінің маңызды ролін ойнайтыны сөзсіз.
Шаруашылық етуші субъектінің табысына тауар сапасының жанама түрде нарықтық үлестің ұлғаюымен сипатталады, ол үлестің артуы өткізілетін өнім сапасының артуымен байланысты. Инновациялық және тұтынушыға жақындық, оның көңілін таба білу секілді факторлар табыстың шешуші факторлары болып табылады. Сонымен қатар, тұрақты нарықтық табысты қамтамасыз ету үшін тауардың сапасына күш-жігердің жұмылдырылуы жеткіліксіз, және бұл параметрді тауар сапасын басқару менеджментінің жүйесіне енгізу керек.
Сондай-ақ, қаржы менеджерлері бәсекелестермен күрес барысында мынаны ескерген дұрыс. Кез-келген нарықтағы немесе саладағы бәсекелес кәсіпорындардың тек аз ғана бөлігі жоғары сапалы тауарларды өндіруге жеткілікті қаржы ресурстарымен жарақталған. Сондықтан да, осы нарықтағы немесе саладағы тауарды әртараптандыру (диверсификациялау) стратегиясын қолдану көптеген мәселелерді шешеді.
Сонымен, қаржы менеджментінің стратегиялық негізгі мақсаты түптеп келгенде тек қана табыс табумен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар нарықтағы өз орнын, бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етумен анықталады. Бұл, өз кезегінде, кәсіпорынның жарқын болашағының іргетасы болып табылады.[6]
Кәсіпорынның қаржы менеджменті мен маркетингтік саясатының бәсекелестік ортадағы алатын орны ерекше. Бағалық шешімдерді дұрыс қабылдай білу, нарықтың белгілі бір сегменттеріне дұрыс икемделу, тауарды өткізу бойынша ұдайы күш жұмсау, тауарды өткізуді жіті қадағалау және бақылау, сондай-ақ маркетингтік саясатты уақтылы түзету кәсіпорынның қаржылық табыстарға жетуігің маңызды элементтері болып табылады. Осы орайда қаржы менеджменті мен маркетингтік қызметтің бір-бірімен тығыз байланысы көрініс табады.
Маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде кәсіпорынның қаржы менеджерлері жоғарыда келтірілген тауар бағаларының қайсысын таңдау керектігі және баға қалыптасуының қандай саясатын қолдану туралы шешімдер қабылдауы тиіс. Баға қалыптастыру саясатын таңдау көптеген факторларға байланысты. Мұндай факторларға кәсіпорынның тауар нарығындағы өз бақылауында ұстап тұрған үлесі, жаңа тауарды нарыққа енгізу жылдамдығы, жұмсалған капитал салымдарының өтелімділік мерзімі, нарықтағы бәсекелестік күрестің қатаңдығы және т.с.с.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорынлар стратегиясын анықтау барысында мынандай мәселелерді шешкені жөн:
Кәсіпорынның рыноктағы іс-әрекетінің негізгі үш бағыты бар:
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері