Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 17:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған. Бұл мақсатқа жетудегі елеулі рольді «тек экономикалық өрлеуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кіруіне әсер ететін ақпарат атқарады».
Нарықтық жағдайға көшу кәсіпорынның өндіріс тиімділігін, өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорынның дербестігі мен олардың экономикалық жене құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………………….

1 Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері
1.1 Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері…………………………..
1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі және маркетингтік саясаттың өзара байланысы………………………………….

2 Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдаудың нысандары

2.1 Кәсіпорынның нарықтағы және өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау....
2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік түсінігі және қаржылық жағдайын
баланс активтерін талдау..........................................................................................

3 Кәсіпорынны басқарудың қабілеттілігін жақсарту жолдары......................

Қорытынды .............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиет тізімі..........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері.doc

— 343.00 Кб (Скачать файл)

Қазіргі нарықтық жағдайда іс жүзінде басты бағытты көздейтін стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді:

  • өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
  • жаңа өнім өндіруді бастау;
  • рынокта өзінің артықшылығын көрсету.

Екінші топқа – стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа құрылымды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады. Кәсіпорын қосымша бөлімшелер ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.

Үшінші топ  – бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдырай бастаса, рыноктағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады:

а) жою стратегиясы – егер де кәсіпорын ары қарай өндірісін жүргізе алмайтын болса, онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады;

ә) ұзақ мерзімді көзқарас ұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа мерзімде, қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді;

б) қысқарту стратегиясы – кәсіпорын өзінің бір бөлімшесін жабады немесе сатады. Егер де бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз табатын болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.

Кәсіпорын алға қойған стратегиясын жүзеге асыру үшін өзінің іс-әрекеттерін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық мақсатқа жету жолдары анықталады.[11]

Өтімділікиің әр түрлі дәрежесінде  кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әртүрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті (К а.ө.) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (К ар.ө.) көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (К ағ.ө.) бойынша бағалайды.

Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің  жалпы өтімділіктің жоғары коэффициенттеріне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.

Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяқталмаған  өндірістің айналымын есептеу керек.

Төлем қабілеттілік кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Төлем қабілеттілікті уақыт  бойынша қамтамасыз ету – бұл  кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтумен тікелей байланысты үрдіс. Осының  нәтижесінде төлем қабілеттілік жене кәсіпорынның тұтас қаржылық жағдайы қаржылық ресурстар қозғалысының тек қана сандық емес, ол  сонымен қоса сапалық сипаттамалары болып табылады. Өйткені қаржылық ресурстар алғашында табыс ретінде көрінеді, ал табыс өз кезегінде құрылу, боліну және  төлеу этаптарынан өтеді, сонымен қоса оның соңғы көлемі кәсіпорын иелігінде қалады. Яғни жиынтық нәтиже ретіндегі соңғы қаржылық жағдай сол этаптардың қаржылық жағдайынан туындайтын көлемі болып табылады.

Уақыт бойынша үздіксіз және сенімді жеткілікті қорымен  қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету  үшін, оның облысын сипаттайтын шарттарды  қарастыру қажет. Бұл шарттар келесілерге нақты шектеулер түрінде көрінеді:

  1. Жарғылық мақсатта табысты қолдану;
  2. Қарыздық құралдарды тарту;
  3. Есептелген сомманың қалыптасуы және оны төлеу;
  4. Мүліктің көбеюі;
  5. Кәсіпорынның иелігінде қалатын жеке құралдар;

Бұл шарттарда көбінесе мүліктің ақшалай және ақшасыз формасы, оның жеке және қарыздық құрамасымен бірге үйлестіріледі, ал кәсіпорын қызметінің өндірістік, инвестициялық және қаржылық саласы нақты толықтырулар алады.

Сонымен қатар қаржылық тепе-теңдік облысында берілген кәсіпрынның  даму шарттары үйлесімді есептелінеді. Алынған табыс ақшасыз формадағы кредиторлық қарызбен есептеулердің, қарыздық ақша құралдардың меншікті капитал өсімінің шекті мөлшері анықталып бөлінеді. Нәтижесінде жеке құралдардың қарыздық құралдарға үстемдігінің сенімді негіздемелері құрылады, ал жеке қарыздық ресурстардың ақшалай құрамдары үнемді қолданылады және қатаң реттеледі.

Айтылып өткен шарттар  бір-біріне қайшы келмеуі керек  екендігі түсінікті, ал бұлай болатын  болса табыс қалдығы табыстың өзінен аспауы қажет. Сондықтан осы  қызығушылықтардың барлығын сақтау тек жеке құралдар жеткілікті болған кезде мүмкін. Ал егер бұл құралдар жеткіліксіз болса алынған табысты қолдану бағытына қатаң шектеулер белгіленеді.

Бұл шарттың бұзыылуы тікелей жеке ақша құралдарының шығындалуына, ал ол өз кезегінде қаржылық жағдайдың нашарлауына алып келеді.

   Бір жағынан қалыптасқан қарыздың көлемі логикалық негіздемені иеленеді, яғни қарыз көлемі осы кезеңде болмаса да келесі есептік кезеңде өтелуі керек, бірақ оны өтеу көздері қазіргі уақытта қолда болуы қажет.

Егер айналым құралдары  ретінде қарыздыр мен міндеттемелерді өтеуге бағытталған белгілі бір сомма түрінде несие алынса, онда ақшалай формадағы жеке капиталдың өсімі  басқада тен жағдайларда сол соммаға кемиді. Мұндай жағдайда берілген өсім жағымсыыз емес көлемде қалуын бақылау керек.

Қалыптасқан қарыз бен  кредиторлық қарыздың нақты өтелген  соммасы және төленген есептеулер арасындағы айырмашылық төлеу мерзімі әлі  келмеген  немесе ауыстырылған қарыздың өсуін көрсететінін есепке алатын болсақ, онда берілген шарт өтелетін қарыз  көлеміне шектеу қояды.

Бұл шарттың орындалуы  есептік кезең аралығында төлем  қабілеттіліктің сақталуын қамтамасыз етеді, бірақ қолда бар жеке ақша құралдар көздерінің шеңберінде ғана. Сонымен қоса кредиторлық қарыз бен есептеулердің әлі өтелмеген ауыспалы қалдығы есепке алынады, ал есептік кезең аяғындағы қарыздардың жеке өтеу  көздері бар.

3-шарт. Кредиторлық қарызды өтеуге жене ақшалай формадағы есептеулерді төлеуге төменнен шектеулер.

Бұл шарт қарыз бен  міндеттемелерді өтеумен байланысты ауыспалы опирациялар негізінде ақшалай формадағы жеке мүліктің қалыптасуын есепке алады. Егер қарыз бен міндеттемелер ақшалай емес формада есептелінсе, ал оларды өтеу ақшалай формада жүргізілсе, онда ауыспалы опирациялар қосылады. Нетижесінде жеке ресурстардың ақшалай құрамдас бөлігі жағымсыз көлем түрінде қалып кемиді, ал ақшалай емес құрамдас бөлігі  керісінше ұлғаяды. Ақшалай құрамдас бөлігінің өсуі ақшалай емес формадағы табыстың жағымсыз нетижесінің орнын толтыру керек, сол кезде

Құрылған қарыз бен  ақшалай емес формадағы міндеттемелердің жалпы көлемін шектейтін  айтылып өткен шарттар, сонымен қатар олардың ақшалай формадағы өтелу соммасын есептеулер бойынша шектеулерді жене кредиторлық қарызды бөлек алып бөлуге болады. Олардың екі жаққа бірдей арақатынасы есептеулердің кредиторлық қарыздан жене керісінше тәуелділігін белгілейді.Ол ақшалай жене ақшалай емес формада алынған табыс шеңберінен шығып кетуіне жол бермейді.

Әрине есептеулер мен  кредиторлық қарыз арасындағы пропорция  кәсіпорынмен анықталады, бірақ қарыздар және міндеттемелер бойынша нақты шектеулерді сақтау қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін бекітілген тепе-тендікті бұзбайды.

Ақшалай жене ақшалай  емес формадағы барлық қарыздық капиталдың шектеуіне қосылуы (3-ескертуді қараңыз)  ақшалай формадағы жеке көздердің  бар екендігін түсіндіреді.Ол қарыздық құралдарды қайтаруына кепілдік береді. Олардың өтелуі келесі кезеңде де жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ оның көзі ағымдағы кезеңде болуы керек.

1-ескерту. Ақшадай формадағы есептеулер көлеміне шектеу.

2-ескерту. Ақшадай формадағы кредиторлық қарыз көлеміне шектеу.

          3-ескерту. Ақшалай және ақшалай емес формадағы қарыздық капитал көлеміне шектеу.

  Осылайша келтірілген уақыт бойынша төлем қабілеттілікті қамтамасыз ететін шарттар «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің ағымдық есптік кезеңдегі қаржылық тепе-теңдіктің облысын сандық түрде анықтап, болашаққа негіз қалыптастырады деген ойдамыз. Қарыздық ресурстар қатаң реттеуге алынады, ал жеке құралдар оларды өтеу үшін жене кәсіпорынның әрі қарай дамуы үшін жеткілікті.

          Өз кезегінде кәсіпорынның ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызметі нақты шектеулермен шектеледі. Ол осы қызмет түрлеріне көз ретінде қызмет ететін шектеулер. Ал кәсіпорынның есептік кезең аяғындағы қаржылық жағдайы елеулі түрде өзгереді. Бұл өзгерістер есептік кезең басындағы қаржылық жағдайды өзгертуге немесе оны белгіленген шектеулер шеңберіндегі ауыстыру, бөліну жене қаржылық    опирациялар есебінен жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2   Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдаудың нысандары

      

2.1 Кәсіпорынның нарықтағы және өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау

 

Кәсіпорын қандай да бір нарықта немесе салада болмасын, оның өміршеңдігін, бәсекелестік қабілетін анықтау тек өзінің қаржылық жағдайын бағалап қана қоюмен шектелмейді. Аталған салада немесе нарықта осы тектес тауар өндіруші кәсіпорындар қызмет етуде, тұтынушылардың көңілін жаулап алуға тырысуда екенін қаржы менеджерлері әсте естен шығармаса керек. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы (нарық конъюнктурасы), тұтынушылардың талғамы, кәсіпорынның өндірістік қуаты – міне осы аталған көрсеткіштердің тиімді қатынасын қалыптастыра білу кәсіпорынның бәсекелстік қабілетінің нақты жағдайын анықтап береді.[12]

Маркетингтік  зерттеулердің маңызды көрсеткіштері  – бұл тауардың сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы болып табылады.

Шартты мысалдың көмегімен  сұраныс көлемінің (С) сатылым бағасынан (Б) тәуелділігін анықтап, сұраныс қисығын сызып құрастыралық (1-сурет).

Дерек көзі: О.Н. Лихачева. Финансовое планирование на предприятии. Москва, 2005

 

1-суреттен көріп  отырғанымыздай, тауардың әрбір  данасының бағасы 800 теңге болғанда  тауардың тек 100 данасы ғана  өз тұтынушысын табады. Ал енді  тауар бағасын 600 теңгеге дейін  төмендетсек, сұраныс 200 данаға  дейін артады. Ал енді осы сұранысты  кім қанағаттандыруы тиіс деген сұрақ туындайды. Сол себепті нарықты талдау барысы ұсыныс қисығын құрастырмайынша мүмкін емес (2-сурет).

Ұсыныс қисығы тауар өндірушінің неше тауарды  және қандай бағамен сатуға құлықты екенін көрсетеді. 2-суреттен көріп отырғанымыздай, 100 теңгелік баға бойынша өндіруші тауардың тек 100 данасын ғана ұсынады, 400 теңге бойынша – 300 дана, ал 800 теңгелік баға бойынша – 500 дана тауарды ұсынады. Бұл тіпті де таңданарлық жағдай емес, өйткені неғұрлым жоғары баға өндірушіні тауар өндірісін арттыруға итермелейді.

Сонымен, біздің қолымызда  тұтынушылар мен өндірушілердің нарықтағы әрекеттерің сипаттайтын  екі қисық бар. Әрине, бұл жағдайда ең оңтайлы нұсқа – сұраныс  пен ұсыныс көлемдерінің тепе-теңдігі. Бұл тепе-теңдік сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысына тең болады (3-сурет).

Дерек көзі: О.Н. Лихачева. Финансовое планирование на предприятии. Москва, 2005

 

3-суреттен байқайтынымыз,  сұраныс пен ұсыныс қисықтары  О нүктесінде қиылысады. Сұраныс  пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесіне  тауардың бір данасы 400 теңге болатын баға сәйкес келеді. Мұндай баға тепе-теңдік бағасы деп аталады. Тепе-теңдік нүктесінің мағынасы мынаған саяды:

  • тепе-теңдік бағасы тұтынушының сұранысын тиімді жағдайға жеткізеді, яғни оған тауардың қандай көлемін ол тұтына алатындығы туралы ақпарат бере алады;
  • тепе-теңдік бағасы тауар өндірушіге қандай көлемде тауар өндіріп, нарыққа жеткізу керек екендігі туралы мәлімет береді;
  • тепе-теңдік бағасы өндірушілер мен тұтынушыларға қажетті ақпараттарды қамтиды: тепе-теңдік бағасының өзгеруі оларға өндірісті (тұтынысты) арттыруға (азайтуға) белгі береді, өндіріс барысында қолданылатын жаңа технологиялар іздестіруге ынталандырады.

Сонымен, тепе-теңдік бағасы өндірісті автоматты түрде реттеу тұрғысында сәтті қызмет етеді. Заңды  және жеке тұлғалардың белгілі бір категорияларының табыстарының артуы нәтижесінде Қазақстандық нарық қазіргі таңда сұраныс қисығының жоғары жылжуымен сипатталады. Сәйкесінше, тепе-теңдік бағасы да өсе түседі.

Сұраныс қисығының жоғары жылжуына сонымен қатар баға өсімі –  инфляциялық фактор да әсерін тигізеді. Мысалға, қандай да бір тауардың бағасы өседі деп күтілетін болса, сәйкесінше осы тауарға деген ұсыныстың да өсуін көреміз. Сұраныс қисығының жағдайына әсер етуші басқа да факторларды атап кетуге болады: елдегі халық санының өзгеруі, тұтынушылардың талғамдарының өзгеруі, саяси және табиғи сілкіністер және басқа да факторлар.

Тауарды тұтынушы қандай қажеттіліктерді жетекшілікке алады? Бұл сұраққа жауап бере отырып, экономикалық теория келесі қағидаларға  сүйенеді:

  1. Тұтынушы өзінің шектеулі қаражаттарымен (табысымен) мейлінше қанағаттанарлық игілікке, яғни субъективті пайдалылыққа қол жеткізгісі келеді. Субъективті пайдалылық деп бұл жағдайда әрбір тұтынушының нақты бір тауарға деген өзінің ішкі талғамы болатындығын түсінеміз. Мысалға, сіздің қолыңызда бар ескі тарихи дүние сізге ешқандай қажеті жоқ болса, көне заттар жинаушы тұлғаларға, тарихи зерттеушілерге бұл аса бағалы зат болып табылады, немесе, сіздің сәбиіңіз үшін ойыншық немесе велосипед жоғары табысты акциялардан анағұрлым пайдалырақ болып келеді.[13]
  2. Тауардың субъективті пайдалылығы тауардың әрбір келесі данасын тұтынған сайын азая береді. Сонымен қатар, тауардың жалпы пайдалылығы баяу қарқынмен өседі. Тауардың әрбір қосымша данасын тұтынған сайын субъективті пайдалылықтың жалпы өсімі шекті пайдалылық деп аталады.

Информация о работе Кәсіпорынды басқарудағы қаржы менеджментінің ролі мен теориялық аспектілері