Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:58, реферат

Краткое описание

Серіктестіктің негізгі бәсекелестері «BI Group» АҚ, «Альянсстройинвест» АҚ, «Golden» ЖШС, «Орда Инвест» корпорациясы болып табылады. Осындай арыстандай айбатты арыстандай нарықтағы құрылыс ұйымдарынан қалыспай жұмыс атқаруда. Төмендегі суреттен компаниялардың Астана қаласы бойынша құрылыс нарығында қызмет көрсетуді өткізуден үлестік салмағын көресіздер.

Вложенные файлы: 1 файл

анализ отчет.doc

— 452.50 Кб (Скачать файл)

Серіктестіктің негізгі бәсекелестері «BI Group» АҚ, «Альянсстройинвест» АҚ, «Golden» ЖШС, «Орда Инвест» корпорациясы болып табылады. Осындай арыстандай айбатты арыстандай нарықтағы құрылыс ұйымдарынан қалыспай жұмыс атқаруда. Төмендегі суреттен компаниялардың Астана қаласы бойынша құрылыс нарығында қызмет көрсетуді өткізуден үлестік салмағын көресіздер.

 

 

Сурет 1 Астана қаласы бойынша тұрғын үй нарығындағы құрылымы

(1 қаңтар 2014 жылғы жағдай бойынша)

 

Бұл қарастырып отырған суретте Астана қаласы нарығындағы ірі құрылыс ұйымдарының қызмет көрсетуі бойынша үлестік салмағының көрсеткіштері пайызбен көрсетілген.

Төмендегі кестеде «Базис-Астана» ЖШС шаруашылықтағы қаржылық жұмысының соңғы 2013-2014 жылдар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық.

 

 

 

Кесте 1- «Базис-Астана» ЖШС техника-экономикалық көрсеткіші (мың тг)

 

 

 

Атауы

Жылдар

өзгеру динамикасы

2012

2013

2014

13/12

14/13

 

1

Құрылыс саласында қызмет көрсетуден түскен түсім

2577931

3452513

5 126 375

874582

167382

2

Сатылатын қызметтің өзіндік құны

1697686

2324566

3 025 649

626880

701 083

3

Жалпы табыс

880 245

1127947

2 100 726

247702

972 779

4

Кезезеңдік шығындар

209 197

402 520

725 364

193323

322 844

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

671 048

725 427

1 375 362

54 379

649 935

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

92 503

112 456

386 253

19 953

273 797

7

Салық салынғанға дейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс

763 551

837 883

1 761 615

74 332

923 732

8

Заңды тұлғалардың табыс салығы бойынша шығыстар

229 065

251 365

528 485

22 300

277 120

9

Салық салынғаннан кейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс

534 486

586 518

1 233 131

52 032

646 612

10

таза табыс

534 486

586 518

1 233 131

52 032

646 613


 

Талдау нәтижесінен кәсіпорынның таза табысы 2013 жылы 2014 жылмен салыстырғанда оң мәнде, ал 2014 жылы оның үлесі күрт жоғарылайды, яғни 646 613мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ құрылыста қызмет көрсетуден түскен түсім мен сатылатын құрылыстық қызмет көрсетудің өзіндік құны ғана өскенін көреміз, яғни бұл кірістердің шығыстардан асқанын байқаймыз. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өскені  байқалады, бұл есепті жылдың неғұрлым тұрақты  қаржылық жағдайын сипаттайды.

Серіктестіктің негізгі қызметіндегі құрылыс материалдарының құралдары болғандықтан, 2-кестеде 2013-2014 жылдар бойынша негізгі құралдардың  құнының динамикасы келтірілген.

 

Кесте 2 - 2013-2014 жылдардағы негізгі құралдардың құнының  динамикасы (мың теңге)       

Атауы

Жылдар

Динамикасы +/-

2012

2013

2014

13-12

14-13

1

Жер

1 253 49123

12534912

1 253 49162

-1

+40

2

Ғимарат пен қосалқылар

172 081 240

72118765

172123921

+37525

+5156

3

Машиналар мен құралдар

17 795 317

17529622

16265696

-265695

-1263926

4

Транспорттық құралдар

62 277 041

60678943

55598098

-1598098

-5080845

5

Басқа да құралдар

5 441 195

6 628 596

4812599

+1187401

-1815997

6

Барлығы

15 6308609

16 7944078

154629576

+1163549

-13314502

Дерек көзі: «Базис-Астана» ЖШС 2012-2014 жылдардағы қаржылық есептілігі.


 

Кестеде келтірілгендей, соңғы үш жылдың көрсеткіштерінде көрсетілген- дей 2014 жылдың басында негізгі құралдардың құны 419 747 361 теңгені құрады. 2013 жылға қарай ол алынған есептелген тозу бойынша 16 794 478 теңгені құрады және негізгі құралдардың  құны  2014 жылы 1 546 291 576 теңге болды. Жердің  құны 2013 жылы төмендеп, 2014 жылы +40 артты. Ал ғимарат пен қосалқылар құны екі жылда да салыстырмалы динамика көрсеткіштері бойынша ұлғайған, машиналар мен құралдардың құны төмендеген. Басқа да құралдар 2013 жылы  +1187401  теңгеге ұлғайып, келесі жылы   -1815997 теңгеге төмендеген. Жалпы негізгі құралдар бойынша 2013 жылы +11635469 теңгеге артып, 2014 жылғы көрсеткіште -1331450 2 теңгеге төмендегеін көреміз. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайы. Бұл көрсеткіш кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) өзгеруі, ерекше назар аудартады. Өйткені бұл көрсеткіштер кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Әрі қарай, серіктестіктің 2014-2014 жылдардағы мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын төмендегі суреттегі «Базис-Астана» ЖШС негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасынан көреміз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.  2013-2014 жылдардағы «Базис-Астана» ЖШС негізгі  техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы

 

«Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының шаруашылықтағы қаржы-лық көрсеткішін есептеуден, яғни 2014 жыл соның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың ұлғайғандығын көреміз, яғни алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайдалы болғанын көреміз, пайда құрылыста қызмет көрсету  мен сату жөніндегі негізгі қызметтен алынды, АҚ қаражатының шағын бөлігі негізгі құралдарды және өзге де мүлікті сатудан түсті.

 

 

 

 

 

 

3 «Базис-Астана» ЖШС қаржы-экономикалық  көрсеткіштеріне талдау

 

Серіктестіктің құнын арттыруға қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, қызмет көрсету көлемін өсіру, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін дамыту, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тиімді технологиялар енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

Басқарудың тиімділігін арттыру қаржылық басқарудың құралдары мен механизмдерін енгізуге, жедел басқарудың құралдары мен механизмдерін тұрақты түрде жетілдіруге, нәтижелерге бағдарланған дәлел жүйесін әзірлеуге және енгізуге бағытталатын болады.

 Осы айтылғандардың негізінде «Базис-Астана» ЖШС қаржылық жағдайына талдау жүргізу барысында 2013-2014 жылдардағы мәліметтер қарастырылады. Серіктестіктің қаржылық жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштер баланста ұсынылған. Қаржылық жоспарлау осы көрсеткішті зерделеуден басталады.

Осы көрсеткіштердің кейбіреуі тікелей баланста, сондай-ақ түсіндіру жазбасында қамтылған. Алайда бірқатар көрсеткіштер қосымша есептеудің баланс деректерін қайта топтаудың немесе бухгалтерлік есеп деректерін тартудың көмегімен алынуы тиіс. Серіктестіктің активтері компанияның қызмет кезеңінде қабылдаған инвестициялық шешімдерді көрсетеді. Өтімділік – серіктестіктің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыра білу қабілеттілігі. Ұзақ мерзімді активтер  бір есептіліктен көп кезең ішінде пайдаланылатын қаражат, оны жыл ішінде сатуға болмайды. Олар баланстың «Негізгі қаражат және айналымнан тыс активтер» деген бірінші бөлімінде көрсетілген.

Баланс пассивінде серіктестіктің қаржыландыруды таңдау жөніндегі шешімі көрініс табады. (Пассивтің бабы: Қысқа мерзімді міндеттеме; Ұзақ мерзімді міндеттеме; Меншікті капитал (ұзақ мерзімді міндеттеменің бір бөлігі).

Ұзақ мерзімді міндеттеме – бұл бір жылдан асатын мерзімде өтелуге тиіс міндеттеме (қарыздар, кредиттер, облигациялар, төлем вексельдері, зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттеме.)

Қысқа мерзімді міндеттемеге салынған капитал – бұл айналым активтерімен жабылатын немесе қысқа мерзімді жаңа міндеттемелердің пайда болуы нәтижесінде өтелетін міндеттеме (шоттар және төлем векселдері, компанияның қысқа мерзімді қарыз алғаны туралы борыштық куәлік, салықтар бойынша берешек және мерзімі ұзартылған салықтар, жалақы бойынша берешек, алынған аванстар – бұл меншік иелері инвестицияланған капитал.

Жинақталған пайда – бұл салықтар мен дивидендтерді шегергеннен кейінгі пайда, оған қоғам өзі өмір сүрген барлық жылдар ішінде ие болады (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы, резервтік капитал, жинақтау қоры және есепті жылдардағы таза пайда). Капитал меншікті не қарызға алынған болуы мүмкін. Дәстүрлі негізде қаржылық тұрақтылықты бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Мүліктік жағдайды және капиталдың  құрылымын бағалау;

2. Капиталды пайдаланудың тиімділігі  мен интенсивтілігін бағалау;

3. Серіктестіктің қызмет етуінің  нәтижелерін бағалау.

Сонымен, «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының шаруашылық-қаржылық қызметіне жалпылама талдау:

«Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының мүліктік аналитикалық сипаттамасы баланс активінің мәліметтері бойынша жүзеге асырылады. Мүліктің жалпы құны баланс қорытындысына тең. Ол «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымында 2014 жылы 11 252 707 мың теңгені құрады, 2013 жылы 17 858 457 мың теңгеге, 2014 жылы 22 651 327 мың теңгеге ұлғайды. Бірақ талданып отырған уақыт мерзімінде компания мүлкінің жеке түрлерінің құны бірқалыпты деңгейде өзгерген жоқ, сондықтан оның құрамында құрлымдық өзгерістер пайда болды. Корпорация мүлкінің құрамы мен құрлымын талдау үшін 3-кестені пайдаланамыз.

 

Кесте 3 - 2013-2014 жылдардағы «Базис-Астана» ЖШС баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

 

 

Актив

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Мың тг

%

Мың тг

%

Мың тг

%

1

Ұзақ мерзімді активтер

6017599,0

53,8

9 213800

51,59

12275489

54,1

2

Материалдық емес активтер

139229,00

1,24

221 188

1,24

316 103

1,40

3

Негізгі құралдар

3491050,0

31,2

5 936 091

33,24

7 546 939

33,2

4

Ұзақ мерзімді қарж. инвеститц.

510982,00

4,54

879 048

4,92

1 734 982

7,66

5

Басқа да ұзақмерзімді активтер

1876338,0

16,6

2 177 473

12,19

2 677 465

11,8

6

Ағымдығы активтер

5235108,0

46,2

8 644 657

48,41

10375838

45,8

7

ТМҚ

701767,00

6,24

907 136

5,08

1 131 738

5,00

8

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

380 118,0

3,38

517 764

2,90

688 580

3,04

9

Ақша қаражаттары

1589449,0

14,3

2 267 322

12,70

3 667 875

16,1

10

Басқа қысқа мерзімді активтер

2563774,0

22,8

4 952 435

27,73

4 887645

21,58

11

Баланс

11252707

100

17858 457

100

22651327

100

Дерек көзі: «Базис-Астана» ЖШС Акционерлік Қоғам 2009-2013 жылдардағы қаржылық есептілігі

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау