Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:58, реферат

Краткое описание

Серіктестіктің негізгі бәсекелестері «BI Group» АҚ, «Альянсстройинвест» АҚ, «Golden» ЖШС, «Орда Инвест» корпорациясы болып табылады. Осындай арыстандай айбатты арыстандай нарықтағы құрылыс ұйымдарынан қалыспай жұмыс атқаруда. Төмендегі суреттен компаниялардың Астана қаласы бойынша құрылыс нарығында қызмет көрсетуді өткізуден үлестік салмағын көресіздер.

Вложенные файлы: 1 файл

анализ отчет.doc

— 452.50 Кб (Скачать файл)

 

Кестеде көрсетілгендей, ұзақ мерзімді активтердің жалпы активтердегі үлесі 2014 жылы 53,8% немесе 6 017 599 мың теңгені құрады. 2013 жылы олардың үлесі 51,59%-ға дейін төмендеді. 2014 жылы компанияның негізгі құралдарды сатып алуға байланысты берілген активтердің үлесі 54,19%-ға дейін өсті және 12 275 489 мың теңгені құрады.

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымына келсек, олардың негізгі бөлігін негізгі құралдар алады. Олардың активтердегі үлес салмағы 2014 жылы 31,02%, ал сомасы 3 491 050 мың теңгені құрады, 2013 жылы олардың үлесі 33,24%-ға дейін жоғарылады және мөлшері 5 936 091 мың теңге болды. 2014 жылы 2013 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі құралдардың үлес салмағы 33,32%-ға дейін, ал мөлшері 7 546 939 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы негізгі құралдардың өзгеру динамикасы оң, талданған кезеңде олардың абсолютті сомасы және активтердің құрамындағы үлесінің өсу тенденциясы байқалды.

Ұзақ мерзімді активтердің құрылымындағы инвестициялардың өзгеруі де оң, талданған уақыт аралығында олардың сомасы да, активтердегі үлесі де жоғарылады. 2014 жылы инвестициялар активтердің 4,54% құрады, 2013 жылы бұл үлес 4,92%-ға дейін, 2014 жылы 7,66%-ға дейін өсті.

Материалдық емес активтердің жиынтық активтердің құрамында аз үлесті алады, 2014 жылы 2013жылмен салыстырғанда берілген актив түрінің сомасы 139 229 мың теңгеден 221 188 мың теңгеге дейін өссе де, үлесі өзгермеді, 1,24% мөлшерінде сақталды.

Ұзақ мерзімді активтер құрамындағы басқа да активтердің үлесі ғана азайды. 2014 жылмен салыстырғанда 2014 жылы басқа да активтердің сомасы 1 876 338 мың теңгеден 2 177 473 мың теңгеге дейін, ал 2014 жылы 2677465 мың теңегеге дейін өсті, алайда бұл активтердің үлесі 2013 жылы ол 16,67% болса, 2013 жылы 12,19%-ға дейін, ал 2014 жылы 11,82%-ға дейін төмендеді.

Егер 2009 жылы ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді активтерінің қатынасы 53,48: 46,52 болса, онда 2013 жылы бұл қатынас  54,19: 45,81 болды.

Ұйымның қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданып отырған уақыт аралығында олар тең дәрежеде өзгерген жоқ.

Мысалы, олардың материалдық бөлігі 2014 жылы  701 767 мың теңгеден 2013 жылы  907 13 мың теңгеге, ал  2014 жылы 1 131 738 мың теңгеге дейін ұлғайды. 2013 жылы тауарлы-материалдық қорлардың үлесі 6,24%-ды құрайды, бұл кезеңде материалдар үлкен партиялармен әкелінді, осылайша компанияда 2014-2013 жж. соңғы кезеңдеріне құрылысты жоспарлады, олар барлық қажетті материалдарды өндірістік процесс (қызмет көрсету) кезінде қажетті шикізатпен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көп көлемде сатып алды. 2013-2014 жж. Олардың құны біртіндеп төмендейді, 2013 жылы олардың үлесі 5,08%-ды құрады. 2014 жылы олар тағы да 5%-ға төмендейді.

 Ал материалдық емес бөлігі, яғни ақша-қаражаттар 2013 жылы 2014 жылға қарағанда төмендеп, 2014 жылы болса 16,19%-ға дейін жоғарылайды, ағымдық активтер құрамына кіретін дебиторлық берешек соммасы 2013 жылы 380 118 мың теңге немесе активтердің 3,38%-ын және 2014 жылы 517 764 мың теңге мөлшерінде болы және 2,9%-ға түсіп, 2013 жылы 688 580 мың теңге немесе 3,04%-ға сәл ұлғайды. Басқа да қысқа мерзімді активтер болса, 2009 жылы 22,78%-дан 27,73%-ға артты, ал 2013 жылы компания өз қаражаттарын қандай да бір қызмет саласына салған жоқ, сондықтан 21,58%-ға дейін төмендейді. Бірақ үш жылда да негізгі құралдар өседі, нәтижесінде басқа баланс активтерінің үлесі мүліктің жалпы құнын жоғарылатады: егер негізгі құралдардың үлесі мүліктің жалпы құнында 2014 жылы 31,02%, 2013 жылы 33,24%-ды, ал 2014 жылы 33,32%-ға көтеріледі.

Бұл құрлымдық өзгерістерді безендірілген түрде көру үшін төмендегі 3-сурет қолданылады.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының активтерінің құрылымы

 

Серіктестіктің шаруашылық-қаржылық жағдайын тек абсолютті көрсет-кіштермен ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы көрсеткіштер арқылы да талдауға болады. Сондықтан «Базис-Астана» ЖШС қоғамының мүліктік жағдайын  4 - кестеден көреміз.

 

Кесте 4 - «Базис-Астана» ЖШС Акционерлік Қоғамының мүліктік жағдайын сипаттайтын коэффиценттер (мың теңге)

 

Көрсеткіштер

2012ж

2013ж

2014ж

   Өзгеріс (+/-)

13/12

14/13

1

2

3

4

5

6

Кәсіпорын активтерінің құны, мың тг

11 252 707

17 858 457

22 651 327

6 605 750

4 792 870

Тозу коэффициенті

0,13

0,13

0,13

0

0

Жаңару коэффициенті

0,03

0

0,01

-0,03

0,01

Жарамдылық коэффициенті

0,87

0,87

0,87

0

0

Шығу коэффициенті

0,01

0

0,01

-0,01

0,01

Өсу коэффициенті

0,02

0

0

-0,02

0

Негізгі құралдардың активті бөлігі

0,34

0,27

0,12

-0,06

-0,15


 

Талдау нәтижесінен кәсіпорын активтерінің, шаруашылық қаражат-тарының соммасы кәсіпорын балансындағы активтердің жалпылама құндық сипаттамасын береді. Жоғарыда айтылып өткендей, активтер құны 2012 жылмен салыстырғанды 2014 жылы 11 252 707 мың теңгеден 22 651 327 мың теңгеге дейін ұлғайды, ол компания мүліктік потенциалының ұлғайғандығын білдіреді. Оны негізгі құралдар актив бөлігінің 2013 және 2014 жылдардағы үлесінен көруге болады: 2014 жылы ол 0,34 теңгені, ал 2014 жылы 0,12 теңгені құрады, яғни 0,22 теңгеге төмендейді. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті талданып отырған уақыт мерзімі аралығында тек өсу тенденциясына ие болған, ол  2014 жылға қарай өзгеріссіз болады.

Қоғам негізгі құралдарының тозу коэффициенттері талданып отырған үш жылда да оптималды емес болып келеді, (себебі >0,5)  оны кестеде көруге болады, ал жарамдылық коэффициенті үш жылда да оптималды ( >0,5). Бұған сәйкесінше жаңару коэффиценті 0,01теңгені құрады, бұл 2014 жылдың соңына қарай негізгі құралдардың 1% жаңа болып табылады.

Істен шығу коэффицентінің мәні компания есепті жылдың басында жұмысын бастаған негізгі құралдардың 1% ескіргендіктен немесе басқа да себептерден істен шығып қалды. Мүліктің қалыптастыру көздерінің құрамы мен құрлымын бағалау баланс пассивінің көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады. Оны  А қосымшасынан көруге болады.

Аналитикалық есеп нәтижелері бойынша талданып отырған уақыт кезеңі ішінде қалыптастыру көздер құрылымында мәнді өзгерістер пайда болды. Пассивтердің жалпы құнындағы меншікті капитал үлесі жоғарылап, яғни 2009 жылы 56,56%-ды немесе 6 3639 782 мың теңгені құраса, онда  2014 жылы олардың үлесі  52,19% -ға төмендеді немесе  9 320 985 мың теңге соммасын құрайды. Қарыз қаражаттарының ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер негізгі орынды алады, олардың үлесі пассивтердің жалпы құрылымында 2009 жылы 0%-ды, 2014 жылы үлес салмағы 8,32% -ға өсті немесе 1 485 444 мың теңгеге, ал 2013 жылы ұзақ мерзімді міндеттемелер үлесі 6,77%-ға төмендейді.

Қысқа мерзімді міндеттемелері болса, 2012 жылы  43,44%-ды құраса, 2014-2013 жылдары олардың үлесі 39,49% және 37,87%-ға төмендейді, яғни ол өзіндік қорлардың жетіспеулігін көрсетеді. Серіктестіктің пассивтердің құрылымы төмендегі  4-суретте көрсетілген.


 

Сурет 4. «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының пассивтерінің құрылымы

Пайда мен шығын туралы есептің көмегімен есепті жылдың қаржы нәтижелерін қарастырайық. Ол құрылысты салудан түскен ақша, салық салынатын пайда, серіктестіктің иелігінде қалған пайданы жұмсау бағыты көрсеткіштерінен көрініс береді.

Кіріс пен пайда көрсеткіштері:

Құрылыс бойынша қызмет көрсетуден, сатудан алынатын таза түсім – бұл қосымша құн салығын, акциздерді, қайтарылған тауарлар мен баға жеңілдігін шегергеннен кейін сатудан алынған жалпы түсім.

Сатудан түскен жалпы пайда – бұл сатылған құрылыстағы қызмет көрсетуден өндірістік шығындарын шегергеннен кейін сатудан алынған түсім. Бұл көрсеткіш серіктестіктің өндірістік қызметінің тиімділігін талдауға мүмкіндік береді. Негізгі қызметтен алынатын пайда (залал) (операцияның пайдасы немесе операцияның залалы) – басқару жөніндегі шығыстарды және өткізу жөніндегі шығыстарды шегергеннен кейін сатудан алынған жалпы пайда. Қаржы қызметінен түсетін пайда – қаржы қызметі бойынша шығыстар мен кірістердің сальдосы. Бұл көрсеткіш серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметінен түскен пайданы серіктестіктің проценттер мен дивидендтер алу, шетел валюталарымен операциялар жасау тәрізді және басқа пайда көздерінен бөлу үшін қажет.

Төтенше пайдалар.

Салық төлегенге дейінгі пайда (залал). Бұл көрсеткіш бухгалтерлік пайдадан салық салу пайдасына көшу нүктесі болып табылады. Бухгалтерлік немесе есептік пайда – бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес есептелген пайда. Салық салынатын пайда – бұл салық талаптарына сәйкес аударылған бухгалтерлік пайда.

Таза пайда (таза залал) – салық төленгеннен кейінгі пайда. Нарықтық экономика жағдайында бұл кәсіпорын қызметінің аса маңызды көрсеткіші.

Кәсіпорын  шығыстарының көрсеткіштері:

Сатылған құрылыстық қызмет көрсетудегі өзіндік құны. Бұл бапқа материалдар, жалақы және өндірістік қосымша шығыстар тәрізді сатылған құрылысқа кеткен серіктестіктің өндірістік шығыстары ғана қамтылады.

Жалпы шаруашылық және коммерциялық шығыстар.

Қаржы қызметі жөніндегі шығыстар. Оларды әсіресе серіктестіктің борышына қызмет көрсетуге кететін шығыстар үлесін көрсету үшін есептеу маңызды. Нарықтық экономика жағдайында бұл көрсеткіш серіктестіктің тіршілік қабілеттілігін бағалау үшін қажет: мұндай шығыстардың үлес салмағының жоғары болуы банкроттыққа алып келуі мүмкін.

Кірістер мен шығыстарды айқын жіктеу белгілі бір кезең үшін таза нәтижені негізді айқындаудың базасы болып табылады.

Жоғарыдағы бөлімшеде қарастырып өткендей талданып отырған кәсіпорынның таза табысы 2013 жылы 2014 жылмен салыстырғанда оң мәнде, ал 2014 жылы оның үлесі күрт жоғарылайды 646 613мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ құрылыста қызмет көрсетуден түскен түсім мен сатылатын құрылыстық қызмет көрсетуден өзіндік құны ғана өскенін көреміз, яғни бұл кірістердің шығыстардан асқанын байқаймыз. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өскені  байқалады, бұл есепті жылдың неғұрлым тұрақты  қаржылық жағдайын сипаттайды. «Базис-Астана» ЖШС құрылыс компаниясының кірістері мен шығыстарын топтастырайық, өзгерістерді абсолютті шамамен көрсетеміз. Құрылыс ұйымының кірістер мен табыстар көрсеткіштері төмендегі суретте көрсетілген.

 

Сурет 5. Компанияның кірістер пен табыстар коэффциенттерінің өзгеру динамикасы

 

Көрсетілген мәліметтер кәсіпорын «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының шығыстар мен кірістер көрсеткішін есептеуден, яғни 2014 жыл соның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың ұлғайғандығын көреміз, яғни алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайдалы болғанын көреміз, пайда құрылыста қызмет көрсету  мен сату жөніндегі негізгі қызметтен алынды, ақша қаражатының шағын бөлігі негізгі құралдарды және өзге де мүлікті сатудан түсті.

Егер есепті кезеңде ақша ағымдарының негізгі көзі серіктестіктің  өз акцияларын сатуы болса, бұл инвесторларға серіктестіктің өтімділігінің нашарлағаны туралы және негізгі қызметтен ақша қаражатының жеткілікті сомасын алу проблемасына берілгені белгі болар еді.

Қорытындылай келе кәсіпорынның қаржылық жағдайы соңғы жылдары қаржылық тұрақтылығы орташа екенін көреміз. Жоғарыда есептелген қаржылық тұрақтылық коэффициенттері, төлем қабілеттілік коэффициент-терінің мәні бұған дәлел ретінде болып отыр. Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жылдан жылға кредиторлық берешектерінің көлемін ұлғайтып, ағымдағы активтер, оның ішінде тез айналысқа түсетін ақша қаражаттары мен дебиторлық борыш көлемінің қысқартқанын көреміз. Жоғарыда айтып кеткеніміздей кәсіпорын нвсие қабілетті болу үшін ағымдағы активтер сомасы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасынан жоғары болуы қажет. Ал біздің кәсіпорнымызда бұл көрсеткіш соңғы 2014 жылы кері мәнді берген. Бухгалтерлік баланстың мәліметтерін негізге ала отырып, кәсіпорынның осындай жағдайына ұзақ мерзімді өтімділігі төмен активтердің көбеюі жэне кредиторлық борыштың ұлғаюы себеп болды дегім келеді. Сонымен, берілген және есептелген мәліметтер бойынша «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымынының есепті жылда тұрақты қаржылық жағдайы жеткілікті деңгейде деп қорытынды жасауға болады. Компанияның шаруашылық қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі бағыттар бойынша есептелген көрсеткіштердің 2013 жылдан 2014 жылға қарай жоғарлағанын көреміз. Берілген компанияда  төлем қабілеттілігі жақсы, яғни компанияда қаржылық тұрақтылық  жағдай орын аладыКәсіпорынның тұрғын ұй құрылысында қызмет көрсету басты қызметі болғандықтан, негізгі құралдарды, атап айтсақ, өндіріске қажет жоғары бағалы техникаларды, құрал-жабдықтарды сатып алу немесе сату алдындағы берешектерінің көбеюі осындай қаржылық жағдайының төмендеуіне себеп болып отырған тәрізді. Сондықтан абсолютті өтімді активтер мен тез төленуге тиіс міндеттемелердің мәнінің теңсіздігі сақталғандықтан, кәсіпорын жақын арадағы борыштарын өтеуге қабілетті дейміз, дегенмен алдағы кезеңдерде берешектерін өтей алмауы да мүмкін, себебі жедел өтімді активтер мен қысқа мерзімді кредиторлық борышты салыстыру кезінде кредиторлық берешек көлемінің ағымдағы активтер сомасынан сәл теңестірілмей тұрғаны байқалды, сәйкесінше активтер борышты жаба алмайды дегенді білдіреді.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау