Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2015 в 12:58, реферат
Серіктестіктің негізгі бәсекелестері «BI Group» АҚ, «Альянсстройинвест» АҚ, «Golden» ЖШС, «Орда Инвест» корпорациясы болып табылады. Осындай арыстандай айбатты арыстандай нарықтағы құрылыс ұйымдарынан қалыспай жұмыс атқаруда. Төмендегі суреттен компаниялардың Астана қаласы бойынша құрылыс нарығында қызмет көрсетуді өткізуден үлестік салмағын көресіздер.
Кәсіпорынның қаржылық коэффициенттерін есептеу
«Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының болашақ стратегиясын әзірлеу үшін оның ағымдағы қаржылық жағдайы талдануы тиіс.
Құрылыс ұйымының құнын арттыруға қаржы-экономикалық көрсеткіш-терді жақсарту, қызмет көрсету көлемін өсіру, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін дамыту, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тиімді технологиялар енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.
Басқарудың тиімділігін арттыру стратегиялық басқарудың құралдары мен механизмдерін енгізуге, жедел басқарудың құралдары мен механизмдерін тұрақты түрде жетілдіруге, нәтижелерге бағдарланған дәлел жүйесін әзірлеуге және еңгізуге бағытталатын болады.
Төмендегі қарастырылған коэффициенттердің дұрыс есептелуінен «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының болашақтағы стратегиялық жоспардың ойдағыдай орындалуына байланысты.
Неғұрлым маңызды коэффициентерді қарастырайық:
- Өтімділік коэффициенті;
- Іскер белсенділік коэффициенті;
- Табыстылық коэффициенті;
- Қаржылық тұрақтылық коэффициенті .
Өтімділік коэффициенттері серіктестіктің өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін есепті кезең ішінде төлеу қабілеттілігін айқындауға мүмкіндік береді.
Жалпы өтімділік коэффициенті қысқа мерзімді міндеттемеге арналған айналым қаражатын бөлуден жеке ретінде есептеледі. Ол серіктестіктің белгілі бір кезең ішінде өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелерін өтеуге пайдаланылатын қаражатының жететін-жетпейтінін көрсетеді (коэффициент қолайлы мәні >0,9).
Айналым қаражаты, ең кем
дегенде қысқа мерзімді
Жалпы өтімділік коэффициенті талданатын уақыт аралығында 1,059; 1,040; 1,142 құрады. Есептелген көрсеткіштер арқылы компания өз міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша өз төлемдерін 2014 жылы ұтымды, 2013-2014 жылдары да жүзеге асыра алу қабілетін білдіреді, бірақ бұл қабілет 2014 жылы осы мінінен аз мөлшерде 2013 жылға қарағанда жоғарылайды, осыған қарамастан жалпы төлем қабілеттілігін жоғарыламағанын көрсетеді. Өтімділікті ақша қаражатының көрсеткіштері бойынша бағалау көп жағдайда неғұрлым сенімді болып табылады. Бұл көрсеткіш абсолюттік өтімділік коэффициенті деп аталады және қысқа мерзімді міндеттемеге арналған ақша қаражатынан жеке ретінде есептеледі. Оның қолайлы мәні >0,2болып есептеледі.
Талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2014 жылда 0,304-тен 2013 жылы 0,262-ге төмендеді, бірақ та бұл жылы компания төлемқабілетті, 2014 жылы көрсеткіш мәні 0,354-ке дейін қайта жоғарылайды. Яғни «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының өзінің шұғыл жүзеге асырылатын активтерінің жеткілікті нәтижесінде қысқамерзімді міндеттеме-лерінің барлығын өтей алады.
Кесте 5- «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының өтімділігін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер
№ |
Көрсеткіш |
Баланстағы мәні | ||
2012 |
2013 |
2014 | ||
1 |
Жалпы өтімділік коэффициенті |
1,059 |
1,04 |
1,142 |
2 |
Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,304 |
0,262 |
0,354 |
3 |
Жедел өтімділік немесе аралық жабу коэффициенті |
0,927 |
1,097 |
1,078 |
4 |
Ағымдық өтімділік коэффициенті |
1,071 |
1,226 |
1,21 |
5 |
Тауарлы материалдық қорлардың ағымдық активтердегі үлесі |
0,134 |
0,105 |
0,109 |
6 |
Тауарлы материалдық қорлардың өтелу коэффициенті |
0,494 |
1,756 |
1,588 |
7 |
Меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффициенті |
0,066 |
0,184 |
0,173 |
8 |
Ағымдық міндеттемелетдің табыстылық коэффициенті немесе сатудан түскен табыстың орташа ағымдық міндеттемелерге қатынасы |
0,431 |
0,355 | |
9 |
Ақша қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті |
1,26 |
0,892 |
1,757 |
10 |
Ақша қаражаттарының капиталдандыру коэффициенті |
0,489 |
0,277 |
0,23 |
Жедел өтімділік коэффициенті компанияның меншікті көздерден қалыптастырылатын жеткілікті еркін ресурстар көлеміне ие екенін білдіреді. Бұл көрсеткіш қалыпты мәні ≥1.
Кәсіпорынның талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2014 жылы ұтымсыз оның мәні 0,927-ден 2013 жылы 1,097-ге дейін ұлғайды, кейін 2013 жылы алдыңғы жылдарға қарағанда жедел өтімділік коэффициенті 1,078-ғе дейін жоғарлады. Бұл компанияның өзінің шоттары бойынша төлемдерін жүзеге асыра алуын қабілетімен байланысты тәуекелділіктің жоқ екенін көрсетеді.
Ағымдық өтімділік
Кәсіпорынның талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2014 жылы 1,071 мәнінен 2013 жылы 1,226 мәнене дейін ұлғайды- бұл «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымының өз қаражаттарын рационалды емес салаға салғанын және тиімсіз түрде қолданғанын көрсетеді. 2014 жылы да ағымдық өтімділік коэффициенті 1,210 мәніне дейін түсіп, анықталған көрсеткіш компания үшін тиімсіз, яғни осы жыл да ұтымсыз болып келеді. Бұны төмендегі суреттен көруге болады.
Тауарлық-материалдық қорлардың өтелу коэффициенті матералдық қорлар қандай дәрежеде меншікті қаражаттар арқылы өтелетінін және қарыз қаражаттарына қажеттілік деңгейін көрсетеді. Шаруашылық тәжірибенің статистикалық салыстырмалы мәліметтері негізінде алынған көрсеткіштің қалыпты мәні ≥ 0,6 болуы қажет.
Бұл көрсеткіштің мәні «Базис-Астана» ЖШС құрылыс ұйымында талданып отырған уақыт аралығында 0,494; 1,756; 1,588 болды. Компанияның тауарлық-материалдық қорлары жеткілікті деңгейде меншікті қаражат көздерінен өтеледі дегенді білдіреді.
Меншікті айналым
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы − бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және
өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан
қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі − активтердің тиімді құрамы
мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның
басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы
болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері − кәсіпорын шотында оның ағымдағы
жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының
ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды
факторларының бірі − бұл қаржы ресурстарының
құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы
мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы.
Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты
көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі
ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе
өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі
де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады. Сонымен қатар қаржылық тәуекелділік те өседі, яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу
қабілеттілігінің қаржылық кепілінің
бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл
берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды
атап көрсетуге болады:
-кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
-құрылыс саласында
-төленген жарғылық капиталдың
мөлшері;
-шығындардың көлемі, олардың ақшалай
табыспен салыстырғандағы
-қорлар мен резервтерді, олардың
құрамы мен құрылымын қоса
алғандағы мүлік пен қаржы
ресурстарының жағдайы;
-кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынайдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.
Білетініміздей, қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.
Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражаттарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі коммерциялық және банктік несиелер болып табылады.