Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2015 в 17:30, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз – саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды.» , – деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................................3
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздері.4
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері.........................................10
Қорытынды................................

Вложенные файлы: 1 файл

қаржы жүйесінің ресурстары.docx

— 33.71 Кб (Скачать файл)

 

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................................3

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздері.4

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері.........................................10

Қорытынды...................................................................................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз – саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды.» , – деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдық-таушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

 Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев 2009 жылдың 28 ақпанында өткен  Парламент палаталарының бірлескен  отырысындағы «Жаңа Әлемдегі  Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан  халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз  әділ бәсекелестік орта қалыптастыру  мен экономикалық ойыншылардың  бәріне бірдей жағдай туғызу  жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз.», – деп айтқандай, нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптас-тыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді.

 Сондықтанда нарықтық  экономика жағдайында қаржы ресурстарын  пайдалану ерекшеліктерін талдау  мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан  өзекті мәселе.

 Тақырыптық зерттелу  дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист  ғалым-дардың еңбектерінде қаржы  тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның  дамуындағы рөлі, экономикадағы  алатын орыны кең және терең  зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде  теориялық жағынан қамтылған  және Батыс елде-рдің үлкен  тәжірибесіне негіз болған ғылыми  зерттеулер жарияланып жүр.

 Ал өз елімізде мемлекеттің  қаржы ресурстарын жетілдіру  мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін  арнап, сол арқылы экономика ғылымына  айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей  экономистер мен заңгерлерді  айтуға болады: А.Герун, А.И.Худяков, А.К.Арыстанова, Б.Б.Шермухаметова, Б.Ж.Ермекбаева, В.Г.Фурсов, В.Д.Мельников, Г.К.Жакупова, Г.М.Бродский, Е.Калюжанова, Е.Х.Сигаев, З.Атығаева, К.А.Сержантов, М.Т.Оспанов, М.Х.Тусеева, С.С.Сатубалдин, А.А.Нурумов, А.Б.Зейнельгабдин, А.Смит, А.Соколов, А.Тривус, В.Д.Ли, Г.А.Лесбеков, Г.Карагусова, Д.Г.Черник, Е.В.Порохов, К.А.Аттапханов, К.Ә.Сағадиев, К.К.Ильясов, М.Б.Кенжегузин, О.Тимофеева, С.Г. Пепеляев, С.М.Мусин, Ф.С.Сейдахметова  және т.б.

 Осы жоғары келтірілген  мәселелер зерттелетін тақырыптың  таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын  мәселелер шеңберіне негіз болып  отыр.

 

 

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және қағидалары

 

     Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану – бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар, рычагтар мен тәсілдердің жиынтығы.

      Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.

 Қаржы ресурстары мен  капитал кәсіпорын қаржыларын  талдаудың негізгі объектілері  болып табылады. Реттелетін нарық  жағдайында қаржыгер үшін нақты  объект болып табылатын және  жаңа кірістер алу мақсатында  оған әрдайым әсер ете алатын  «капитал» түсінігі көбінесе  қолданылады. Капитал – бұл кәсіпорын  айналымға салған және бұл  айналымнан кірістер әкелетін  қаржылық ресурстардың бір бөлігі.

 Мұндай қағида кәсіпорынның  қаржы ресурстары мен капиталының  арасындағы қағидалы айырмашылық  кез келген уақытта қаржы ресурстары  кәсіпорынның капиталынан не  үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның  қаржылық міндеттемелері жоқ  және қолда бар барлық қаржы  ресурстары айналымға жіберілген  деп есептеледі. Алайда бұл капитал  мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне  қаншалықты жақындаса, кәсіпорын  соншалықты тиімді жұмыс істейтінін  білдірмейді.

       Нақты өмірде қызмет етіп тұрған кәсіпорында қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.

       Нақты өмірде адамдар мәнді категориялармен емес, олардың айналды-рылған нысандарымен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептемеде олар көрсетіледі.

 Қаржы ресурстары пайда  болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық  расурстар нақты нысанда стандартты  есептілікте таза табыс және  амортизация түрінде, ал айналдырылған  нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің  алдындағы міндеттемелер ретінде  ұсынылған, таза табыс кірістердің  жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар  және басқа да төлемдер) алып  тасталғаннан кейінгі кәсіпорын  табысы болып табылады. Таза табыс  кәсіпорынның қолында болады  және оның басқарушы органдарының  шешімі бойынша бөлінеді .

      Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.

      Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және кәсіпорынды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі кәсіпорындарға салынған (инвестиция-ланған) капиталды ұсынады.

 Ссудалық капитал –  бұл қайтарымдылық және төлемділік  шартында қарызға берілген ақшалай  капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік  капиталға қарағанда кәсіпорынға  салынбайды, ол пайыз алу мақсатында  оған уақытша қолдануға беріледі.

 Бұл бизнес түрімен  мамандандырылған несиелік-қаржылық  институттар айналысады (банктер, несиелік  мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық  қорлар және т.б).

 Нақты өмірде кәсіпкерлік  және ссудалық капиталдар тығыз  байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық  бірталай сарапталынған. Сараптау  бүгін нарықтық шаруашылық және  оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз етудің негізгі факторларының  бірі болып табылады. Бірақ сараптауды  тереңдету қаржылық ағымдар мен  капиталдың қиындатылуына, қаржылық  тәжірибеде арнайы құралдарды  пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын  қиындатады.

       Кәсіпорынның барлық қаржылық ресурстары кәсіпорынның қолында бар болу мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді. Бұл бөліну шартты болып келеді, ал уақыт кезеңдерінің масштабтары нақты елдің қаржылық заңнамаларына, қаржылық есептілікті жүргізу ережелеріне тәуелді болады .

      Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Кәсіпорынның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы кәсіпорынға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.

       Қаржыландырудың екі түрін ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай бөлу кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен капиталының нысандары арсындағы қатаң байланыспен шартталған. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы 1 кестеде берілген.

 Меншікті тартылған  қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорынның  барлық ресурстарының негізгі  бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде  негізделеді және оның барлық  өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін  жарғылық қор немесе жарғылық  капитал деп атайды. Кәсіпорынның  ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына  байланысты оның жарғылық капиталы  акцияларды шығару және оларды  кейін сату, жарғылық капиталға  салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта  жарғылық капитал жоғарылауы  да, төмендеуі де мүмкін, соның  ішінде кәсіпорынның ішкі қаржылық  ресурстарының бөлімі есебінен  де болуы мүмкін.

      Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:

- жарғылық капитал (акцияларды  сатудан түскен қаражаттар және  қатысушылардың үлестік жарналары);

- кәсіпорын жинақтаған  резервтер;

- заңды және жеке тұлғалардың  басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналар және т.б.). 

       Кәсіпорынды құру кезінде негізгі құралдар, материалды емес активтер, айналым қаражаттарын сатып алу көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның есебінен кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылады. Жарғылық капитал – бұл кәсіпорынның жарғылық қызметін қамтамсыз ету үшін меншік иелері ұсынған қаражаттар сомасы.

 Жарғылық капитал категориясының  мазмұны кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық  нысанына тәуелді:

- мемлекеттік кәсіпорын  үшін – толық шаруашылық жүргізу  құқығын кәсіпорынға мемлекет  бекіткен мүлікін құндылық бағалау;

- жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктер үшін – меншік  иелерінің үлестерінің сомасы;

- акционерлік қоғам үшін  – барлық түрлі акциялардың  жиынтық номиналды құны;

- өндірістік кооператив  үшін – қызметті жүргізу үшін  қатысушылар ұсынған мүлікті  құндылық бағалау;

- жалға берілген кәсіпорын  үшін – кәсіпорын қызметкерлерінің  жарналар сомасы;

- басқа нысандағы кәсіпорын  үшін – толық шаруашылық жүргізу  құқығы бекітілген кәсіпорынның  мүлігін құндылық бағалау.

 

 

 

     Кәсіпорынды құру кезінде оның жарғылық капиталына салымдар ақшалай қаражаттар, материалды және материалды емес активтер болуы мүмкін. Жарғылық капиталға салым ретінде активтерді беру кезінде оларға меншік құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге көшеді, яғни инвесторлар осы объектілерге меншік құқығын жоғалтады. Сонымен, кәсіпорынның ыдырауы немесе қоғам не серіктестік құрамынан қатысушының шығуы жағдайында инвестордың тек мүлік қалдығы шегінде өз үлесін өтеуге ғана құқығы бар. Сәйкесінше, жарғылық капитал кәсіпорынның инвесторлар алдындағы міндеттемелер сомасын көрсетеді.

     Жарғылық капитал қаражаттарды алғашқы инвестициялау кезінде қалыптасады. Оның мөлшері кәсіпорынды тіркеу кезінде жарияланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерінде кез келген түзетулер (акцияларды қосымша эмиссиялау, акциялар номиналды құнын төмендету, қосымша жарналар салу, жаңа қатысушыны қабылдау және т.б.) қызмет етіп тұрған заңнамада немесе құрылтайшы құжаттарында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте ғана жіберіледі.

     Жарғылық капитал қаражаттардың қосымша көздердің (эмиссиялық табыс) пайда болуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл қаражат көзі акцияның алғашқы эмиссиясын номиналдан жоғары бағамен сату кезінде пайда болады. Бұл сомаларды алу кезінде олар қосымша капиталға есепке алынады.

       Өнім өндірісі, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету процесінде өткізуден түскен түсім сомасымен анықталатын жаңа құн пайда болады.

 Өткізуден түскен түсім  өнім өндірісіне шығындалған  қаражаттарды өтеу, ақшалай қаражаттар  қорының қалыптасудың негізгі  көзі болып табылады, оның өз  уақытында түсуі қаражаттар айналымдылығының  үздіксіздігін, кәсіпорын қызметі  процесінің үздіксіздігін қамтамасыз  етеді. Өткізуден түскен түсімнің  уақытында түспеуі табыстың төмендеуіне, келісімшарттық міндеттемелердің  орындалмауына, айыппұлдық санкцияларға  әкеледі.

 Түсімді қолдану бөлу  процестерінің алғашқы кезеңін  көрсетеді. Өткізуден түскен түсім  кәсіпорынның шикізатқа, материалдарға, отын, энергия, басқа да еңбек  материалдарына, сонымен қатар кәсіпорынға  көрсетілген қызметтерге материалды  шығыстарды өтейді. Өткізуден түскен  түсім кейінгі бөлу негізгі  құралдар мен материалды емес  активтерді ұдайы өндіру көзі  ретінде амортизациялық аударымдар  қалыптасуымен байла-нысты. Өткізуден  түскен түсімнің қалған бөлімі  – жалпы табыс немесе еңбекақыны  төлеуге және кәсіпорынның табысын  қалыптастыруға, сонымен қатар бюджеттен  тыс қорларға аударымдар, салықтар  және басқа да міндетті төлемдерге  бағытталған қайта құрылған құн.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктері