Мемлекеттік бюджет жүйесі түсінігінің теоретикалық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 16:54, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы, бұл мәселелерді шешу үшін,ең алдымен, нарық жағдайындағы бюджет жүйесінің теориялық мәселелері бюджеттердің түрлері, осы бюджеттерді қалыптастырудың әдістері мен амалдары, сондай-ақ Республикада бюджет қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын басқару органдарға қаралып, зерттелуі тиіс. Бұл ретте бюджет жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ететін ғылыми - әдістемелік, ақпараттық-нормативтік және сондай-ақ кадрлармен қамтамасыз ету сияқты қосымша жүйелерді қалыптастыру қажеттігі туады.

Вложенные файлы: 1 файл

Бюджет жүйесі.DOC

— 181.00 Кб (Скачать файл)

         Трансферттік  төлем – бір   экономикалық   агенттерге   төлем   қабілеттілігін   беру,   мысалы ,  салық    төлеушілерден  мемлекеттік   әлеуметтік   сақтандыру   құралдарына  жәрдемақы   алушыларға   арналған. Аймақтар   трансфертті   мелекеттік   бюджеттен   екі   канал   бойынша   ала   алады:  қаржылық   көмекті   қажет   ететін   аймақтар   ретінде   және   қаржылық   көмекті   аса   қажет   ететін аймақтар   ретінде.

 Қаржылық  көмекті   қажет   ететін   аймақтар   мәртебесін   сол  аймақ   бойынша  ,бір   тұрғынға   шаққандағы   орташа   табыс  ел  бойынша ,бір  тұрғынға  шаққандағы   орташа   табыстан   төмен   болған   жағдайда  алады.

         Егер  аймақтағы бюджеттік   құралдар   көлемі  (   республикалық    бюджеттен   қаржылық   түсімдерді   есептегенде )  болжанған   бюджеттік   шығыстардан   (   капитал   салымдарды   есепке   алмағанда )   аз  болса,   аса   көмекті   қажет   ететін   аймақ   мәртебесін  алады.

         Көмекті   аса  қажет  ететін   аймаққа  трансфертті   мына   формуламен   анықтайды :

 

                   Тоні =Рі-( Ді+Тні)

Мұнда :        

                        Тоні –көмекті  аса    қажет   еетін   аймаққа   трансферт;

                                    Рі  -аймақтық  бюджеттің   нақты   шығындары ;

                         Ді –базистік  жылдағы  і- аймағы бюджетінің кірістері.

 

Егер аймақ   көмекті   аса   қажет   ететін   аймақ   ретінде   трансферт   алмаса:

 

 

                Тоні =Рі –Ді

 

 

         Қаржылық  қажеттіліктер   мен   бюжеттік   шығыстарды   шектеудің   күрделігіне   байланысты   Әлемдік   банк  салықтық    потенциалды   теңдестірудің   қысқартылған   формуласын   пайдалануды ұсынады:

 

 

   Тt= ( СКД  –СКДi* Ці) *Ні

 

 

Мұнда :          Тt-   базистік  жылдағы     аймақтық    трансферт ;

       СКД- аймақтар  бойынша бір тұрғынға;

                      СКДі- і-  аймағындағы   бір тұрғынға   шаққандағы салықтық кіріс ;

     Ці -  і  аймағындағы   бағалар индексі ;

   Ні-  і-аймағындығы  тұрғындар  саны.

 

 

 

 Мамандардың  болжауынша , 2001  жылдың  бюджеті  « даму  бюджеті»  болды.  Онда  ауыл  шаруашылығына,   өнеркәсіптік   өндіріске,   білім  саласына ,   жол инфрақұрылымына ,   әлеуметтік    секторға   мелекеттік  қолдаудың  басымдығы  анық  көрсетілген.Үкімет  ең төмен  тапшылықты   ұстаймыз   деген   уәде   берген .

         Қаржы  министрлігінің  айтуы  бойынша,  бұл   көрсеткіш  2002   жылы   1,2  пайызға   төмендеді. 2003  жылы   жалпы  ішкі  өнімдерге 1,5 пайыз, ал 2004  жылы  бұл көрсеткіш 1,9 пайыз  көлемінде.

         Қазіргі   экономикалық  жағдайда  экономикалық  әрекетті   белсендіруші  құрал   реттінде   бюджеттің   рөлін жоғарылату  қажет. Бұл кіріс бөлігіне салық түсімдерін  салық салу  ставкаларын жоғарылату   есебінен  емес ,  салық базасын   ұлғайту есебінен ,  яғни  іскерлік  белсенділікті   жандандыру ,  салық төлеушілер  санын көбейту арқылы   көтеруді   қарастырады.

 

 

        

3.Бюджет  жүйесін   жетілдіру  және  бүгінгі   көзқарас.

 

         Бүгінгі   еліміздегі   бюджет   жүйесі   ұйымдастыру   бірлігі  принципіне

(  барлық  төменгі   бюджеттер  жоғарғы бюджетке  кіріп ,   бүкіл ел  бюджетін  қалыптастырады)  және  шоғырландыру (  орталықтандыру )   қағидасына   (барлық  төменгі бюджеттер   жоғарғы бюджеттерге   қатал түрде   тәуелді;

соңғылары   төмен  қарай   әртүрлі   дотациялар ,   субсидиялар   және  субвенцияларды аударады)  негізделуі бізге  кешегі   КСРО- дан   қалған.

         Қазіргі   жағдайда  Қазақстанда   жергілікті  бюжеттерді  орталық   бюджетпен   байлап - матаған   бұрау- шынжырлар  шамалы  босап  ,  жергілікті бюджеттердің   табысын  көбейтуге   дем  беретін  шешімдер  қабылданды.

         Бұл   бағдарда   алғашқы   шаралар   ретінде  мыналарды   айтуға  болады:

- бюджет  жүйесінің   біртұтастығынан   бас тартып ,  оны   тиімді  буындарға   бөліп  ,  әр   деңгейлі   бюджеттерге  дербестік  беру;

- орталық ,  жергілікті     билік  және   басқару   органдары   арасындағы  бюджеттік   жауапкершілікті  заңды  түрде  бөліп  шектеу   қажеттігі ;

-әр  деңгейлі  бюджет  және  басқа   органдар   қаржы   қорларының ( ресурстар)

сол органдардың  қызмет  шектері мен    өкілеттігіне сәйкес  болуы;

-   жергілікті  өзін-өзі   басқару  жүйесі  дамыған   елдердің   тәжірибесін  еске  алып ,  салық  кірістері   үлес  салмақтарын  жоғарыдан   төменге    қарай  бөлу  нормаларын  заңды  түрде бөлу.

         Әрине    жоғарыда  көрсетілген  еліміздің  бюджеттік  салық  жүйесі  реформасының  алғашқы   қадамдарын  мемлекеттік  басқару    жүйесі   реформасымен   толықтырылып    нығайтылған.  Ондай  реформалар  мынадай  мәселелерді  шешеді:

- мемлекеттік  сектордың   басқару      деңгейлерінің  орнықты (  оптимальды )  санын;

-әлеуметтік   шығындардың   ең  орнықты қаржыландыру  ( облыстық  немесе  муниципалдық ) деңгейін ;

-  орталық  үкіметтің   жергілікті  билік  органдарының   басқару  және  қаржылау   жұмысына   араласу   дәрежесін;

-« Мемлекеттік  экономиканың »   барлық  деңгейлеріндегі   шығындарды   бақылау   түрлерін;

-   басқару  міндеттерін   бөліп  реттеу  дәрежесін (  әсіресе  тиісті   қор   беріп,  аймаққа  көңіл  бөліп)   белгілеу  керектігі .

         Міне,  бұл  шаралар   елдің  экономикасын  көтерудің  басты   тұтқаларының  бірі . Қайсыбір  реформаны  жүргізгенде  де,  оның  түп  төркіні  қаржы  мәселесіне    келіп    тірелері  анық .  Соңдықтан   да ,   өмірдің  өзінен   туындап   отырған  жағдайларды  есепке  алмайынша  бюжетті орындау  мүмкін  болмасы  хақ.

         Бюджет  саясаты    мемлекет  саясатының  аса  маңызды   құрамдас  бөлігі .

  Нарықтық  экономикаға   көшу  бюджет   саласында   айтарлықтай   реформалар  жүргізуді   талап  етті.   Тәуелсіздік   алған  жылдарда   Қазақстан   бюджеттің айқыңдылығына , бюджет процесі мен   бюджеттің атқарылу  тетіктерін   жетілдіруге бюджетаралық   қатынастарды  реформалауға    қол жеткізуде   маңызды    қадамдар  жасады.

         Қазір   стратегиялық   даму  жоспарында көрсетілгеніндей  бюджеттік  бағдарламаны  шынайы   түрде  іс   тәжірибеге   еңгізу басталды.  Бюджеттік   бағдарламаны  енгізу  мақсаты,  ендігі  жерде   Үкімет   назарын   бюджеттік   қаражаттың   жұмсалуынан  бюджеттік  бағдарламаларды   іске    асыру  нәтижесіне  қарай  ойысуын   қамтамасыз   ету ,  басқаша  айтқанда ,бюджет  қаражатына   неңдей   нәрсе  « сатып  алынады»   деген  мәселеге  шоғырландыру  болып  табылады.

         Қазақстан  Республикасының   Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «  Ішкі  және  сыртқы  саясаттың  2004  жылға  арналған  негізгі    бағыттары »   атты   ел  халқына  Жолдауыңда : 

 «Біздің  еліміз  «Қазақстан 2030» ұзақ  мерзімді   бағдарламасына   және  онжылдық  стратегиялық   жоспарға  сәйкес   ойдағыдай    ілгері  дамып   келеді.

         Өткен жылдардан бір    айырмашылығымыз сол   ,  бүгін біздің   қолымызда   экономикамыздың   іргесін    өретін   төрт  өзекті  тұтқалы   бағыттар  бойынша даму  мен   жетілдіру бағдарламалары   бар,  олар :

аграрлық  азық- түлік    бағдарламасы , индустриялық -  инновациялық бағдарлама , инфрақұрылымды   және  энергияны дамыту ;әлеуметтік  даму бағдарламалары» ,  осы міндеттерге Елбасы   нақты тоқталып  өткен. Міне ,    осы міндеттерді жүзеге   асыру мақсатыңда « Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2003 –2006 жылдарға   арналған  бағдарламасы  » 2003  жылы   тамыз  айында   қабылданды  . Осы  бағдарламаға   сәйкес   бюджетаралық  қатынастарды   жетілдіру  тұжырымдамасы қабылданды. Мемлекеттік басқару деңгейлері  арасындағы өкілеттілікті  ажырату  және бюджетаралық  қатынастарды  жетілдіру мәселелері  жөніңдегі   мемлекеттік   комиссия   тұжырымдама  аясында   басқару   денгелері  арасындағы   өкілеттілікті   ажырату  туралы   ұсыныстардың  бірінші  бөлігін  мақұлдады.   Бюджет   құру  мен  пайдаланудың негізгі   ережелерін  айқындайтын  және  бюджет  қатынасын  реттейтін   Бюджет   кодексінің   жобасы Мәжіліс   қарауына  берілді.

         Елбасының « 2003  жылға   арналған  ішкі  және сырты   саясатының  негізгі    бағыттары   туралы  »  Қазақстан    халқына  Жолдауына  сәйкес ,2003-2005   жылдар   ауылды  өркендету   кезеңі  деп  жарияланды.

         2004  жылғы  республикалық   бюджет  қорының   2003-2005   жылдарға  арналған  мемлекеттік    аграрлық  азық-  түлік  бағдарламасын  іске  асыруды  қамтамасыз  ететін  ұйымдардың  жарғылық   капиталдарын  ұлғайтуға 7.512.317  теңге сомасында қаражат бөлу  қарастырылған,  ал  ауылшаруашылық   өндірісіне  ауылдық кредиттік   серіктестіктер  жүйесі  арқылы   кредит  бөлуге 1.879.000   теңге бөлу  көзделген .

         Сонымен  қатар,2004  жылға   арналған   республикалық  бюджетте   Қазақстан  Республикасы   Президентінің  2003  жылғы  10  шілдедегі №  1149  жарлығымен  бекітілген ,  «  Қазақстан  Республикасының   ауылдық  аймақтарын  дамытудың  2004 –2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасын»   іске  асыру   шеңберінде     ауылдың әлеуметтік  инфрақұрылымын   ңығайтуға

   15 000000     теңге  сомасыңда  қаражат   көзделіп  отыр .  Бұл   қаржы   ауылдық  елді   мекендерді   ауыз- сумен   қамтамасыз  ету   объектілері   құрылысын   салуға  және  реконструкциялауға  ,   ауылдық (  селолық)  жердің  денсаулық  сақтау  ісінде  ұтқыр  және   телемедицинаны   дамытуға  жұмсалады.

         2004  жылы   мемлекеттік   бюджеттің   тапшылығы   жалпы  ішкі   өнімнің

( ЖІӨ) 1,9  пайыз  денгейіне   дейін  жетуі   алға   қойған   талаптарға  сай   келеді,   бұл  мысалы ,  ЖІӨ - нің 3,7   пайыз     мөлшеріндегі  бюджет  тапшылығы   орын  алған 1997  жылмен  салыстырғанда  ,  елеулі   түрде    қысқарту  болып    табылады.  Бүгінгі     таңда   мемлекеттік  борыш ЖІӨ-нің 30  пайыз   денгейінде   қалып  отыр,  мұның  өзі  экономикалық  қауіпсіздікке  ешбір  қатер  келтірмейді. 

Алайда ,  мемекеттік    борышқа    қызмет  көрсетуге  арналған  шығыстар   әлдеқайда көп  және 2004  жылы   барлық  республикалық   бюджет шығыстарының 15  пайызға    жуығын  құрайды.  Бұл   үкіметтік   борыштардағы   қысқаша   мерзімге  алынатын  заемдардың   үлесін  қысқарта  отырып ,  қарыз    алуды ағымдардағы    шығыстарға  емес  ,   инвестициялық  мақсаттар  үшін  қайта  бағдарлау  арқылы   үкіметтік  борыштың   құрылымын  жақсарту   қажет   екендігін  білдіреді.  Бюджет  тапшылығы   көлемінің 60   пайыз негізінен   инфрақұрылымды   дамытуға   жұмылдырып ,  инвестициялық  заемдардың  есебінен   өтелетін  болады.  Үкімет   мемлекттік   борыштың  жалпы    ішкі   өнімге  деген  қатынасын  тұрақтандыру  стратегиясына   сүйене  отырып ,  бюджет  тапшылығын  қысқыртуға  және   тиісінше  мемлекеттік  шығыстарды   тұрақты   қаржыландыруды   қамтамасыз  етуге  ішкі  ресурстарды  жұмылдыру  міңдетін   қойып  отыр.

         Бюджет  жасалу   кездерінде  алғаш  рет   мемлекеттік   шығыстардың  басымдықтары   айқындалды.  Шығыстарға   басымдықтарды   дұрыс    беру   бюджеттік   саясаттың  маңызды  проблемасы  болып  табылады. Әлемдік Банк сарапшыларының  бағалауына қарағанда ,   соңғы  3 жылда Қазақстан   орта  табысты   басқа  елдермен  салыстырғанда:

а)қауіпсіздікке   айтарлықтай   аз   шығыстар ( әскери  шығыстарға  және қоғамдық    тәртіпті  ұстауға   арналған  шығыстар )    жұмсады;

ә)  білім  беру мен   денсаулық  сақтауды  дамытуға  ықпал  ететін ;

б)  халықаралық  іс -  тәжірибеге  сәйкес -әлеуметтік   қамсыздандыруға  , тұрғын  үйге  және  өзге  де   мемлекеттік  қызмет  көрсетулерге   салыстырмалы  түрде   айтарлықтай  көп  шығыстар  жұмсады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

 

Қорытынды .

Қорыта  айтқанда, Қазақстан   өзінің   дамуында   қазір  ең  күрделі  кезеңді   бастан  өткеріп  отыр.   Алға   қойған  мақсат  көп  және    оның   көбі   аса ауыр,  шешілуі қиын. Бірақ   бұның еш  таңқаларлығы  жоқ.  Егер   де   қоғамдық    ағзаның   түбірлі   қайта     құруы   еш  қиындықсыз  өтер  болса ,  міне ,   таңқаларлығы   сол болар еді .  Тек  Қазақстанда ,  немесе  ТМД   елдерінде  ғана   емес  бүкіл әлемде   нарыққа   көшу ,  баға   тағайындау ,  мемлекеттік   өнеркәсіптерді   жекешелендіруге   мақсатталған   түбірлі   экономикалық  реформалар   күрделі   қиындықтар  қатарына  жатады.  Әлемде   бұны  , керісінше , дәлелдеуге   ешкімнің   дәті    бара  қоймас. Бірақ  ,  сонымен  бірге , біздің  қоғамға  реформа қажеттілігін   тез  түсініп,    бірге  келер  қиындықтар   тек  уақытша  екендігін  түсіну  керек.

         Қазірдің  өзінде  аз  жұмыстар    істелінген  жоқ. 1993  жылдың  қарамасында   өзіміздің   ұлттық  валютамыз  -  теңге   айналымға  енсе,   қазір   курстың   тұрақтанғанын   қанағаттанарлық  сезіммен   айтуға  болады.

          Бюджет  саясатында   тауар  өңдірушілер   мен  жекекәсіпкерлерге   көмек    беруге  басты  назар  аударылып отыр.

         Өтпелі    экономикада  мемлекеттік   бюджеттің  рөлі   дамыған   елдер   экономикасына  қарағанда  кең ,  өйткені,  ол « қоғамдық   азықты» (  білім,  денсаулық,  ғылым ,  мәдениет ,өнер,  зейнетақы   т.б.) және құқықтық  ортаны (қорғаныс  ,  тәртіп сақтау және т.б.)  қаржыландырудың   басты   көзі  болып  табылады.

         Мемлекет   өтпелі  экономикада   өзінің  бюджеті  есебінен:

Информация о работе Мемлекеттік бюджет жүйесі түсінігінің теоретикалық негізі