Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 19:52, курсовая работа

Краткое описание

Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.

Содержание

Негізгі болім

1.1. Ағымдағы жағдайға талдау

1.2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері

1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер

1.4. Әлемдік тәжірибенің оң сипаты

2 Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері

2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары

2.2. Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»

2.3. «Жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық даму» бағыты.


Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

жастар саясаты.doc

— 111.00 Кб (Скачать файл)

 

Мемлекеттік жоспарлауға бірегей қатынас енгізу, жастар саясаты саласында мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру үшін осы салада мемлекеттік органдар қызметін тиімді бағалау әдісі дайындалады.

 

Сонымен қатар, өңірлерде жастар саясатындағы қаржыландыру дифференциациясы деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін қаржыландыру әдісін әзірлеу жоспарлануда. Әрбір өңірлік деңгейде жастар ұйымдарын қаржыландыру қарастырылады.  Ол үшін жастар ұйымын қаржыландырудың жаңа үлгісі қарастырылатын болады.

 

Жұмыстың жеке блогы ретінде жергілікті атқарушы органдармен облыстық және аудандық (қалалық) деңгейде  жастар мен жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталықтар құрылады. Олардың жұмыстарын жүйелендіру үшін олардың қызмет көрсету тізімдері, стандарттары және ресурстары бекітіледі.

 

Жастар үшін әлеуметтік қызметті жүйелендіру шаралары бойынша заңнамалық шаралар енгізілетін болады. Олардың қызмет ету  тетіктері, қаржыландыру, оларға қызмет көрсетудің тізімі мен стандарты қарастырылады.

 

Жастар саясаты басқармаларының барлық кезеңдері мен жастар ұйымдарының кәсібилігін дамытуда жастар ұйымдарының қатысуы қамтамасыз етіледі.

 

 Осыған сәйкес, орталық және  жергілікті атқарушы органдар  мен жастар саясатының көкейтесті  мәселелерімен айналысатын жастар  ұйымдарының қызметкерлері үшін  біліктілігін арттыру курстары  әзірленіп, жүйелі түрде өткізу  жоспарлануда. 

 

Одан басқа, өзара тиімділік қағидатын негізделген мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бизнес-қауымдастықтарды тарту қарастырылады.

 

 

 

Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі

 

Осы Тұжырымдама Ережесі келесідегідей нормативтің құқықтық актілер арқылы жүзеге асады:

 

1) 2004 жылғы 7 шілдедегі №581-ІІ «Мемлекеттік  жастар саясаты туралы» Заңы;

 

2) Қазақстанның 2020 жылға дейінгі  стратегиялық даму жоспары;

 

3)  Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы;

 

4) Денсаулық сақтауды дамытудың  «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы;

 

5) Қазақстан Республикасында дене  тәрбиесі мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы;

 

6) Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы;

 

7) Бизнестің жол картасы  - 2020;

 

8) Аумақтарды дамыту бағдарламасы;

 

9) «Қол жетімді баспана – 2020»  бағдарламасы;

 

10) Орталық және жергілікті атқарушы  органдардың стартегиялық жоспарлары.


Информация о работе Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері