Мемлекет басқару жүйесі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 18:00, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлін анықтау. Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.
Дайындалатын (зерттелетін) негізгі сұрақтар:
1) Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі.
2) Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық
жүйесін дамыту жолдары.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................5
1 Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі................................................................................................7
1.1 Мемлекеттік басқару мәні және оның нысандарын басқару қажеттілігі.........7
1.2 Мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері....................................................10
1.3 Экономиканың мемлекеттік секторын басқарудағы мемлекеттің рөлі .........14
2 Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесі.
2.1 Демократияландыру – мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі .......................18
2.2 Қ.Р Билік жүйесін демократияландырудың алғы шарттарын жетілдіру жолдары......................................................................................................................21
2.3 Жүйелі демократиялық реформаларды жүзеге асыру.....................................23
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруда демократиялық
жүйесін дамыту жолдары.........................................................................................26
3.1 Билік жүйесін демократияландырудың қазіргі жағдайы.................................26
3.2 Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру..................................................28
Қорытынды.................................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................35

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая Назгуль.doc

— 581.00 Кб (Скачать файл)

Бiз демократия, халықтың еркi мен бостандығы және әйел теңдiгi, ер мен әйел құқығының теңдiгi туралы айтқанда, «дала демократиясы» атанған  ежелгi қазақ қоғамының принциптерiн еске алудан қашқақтаймыз. Басқасы – басқа, бүгiнде жаңалық ашқандай жер-жерде, орынды-орынсыз «гендерлiк саясатты» жалаулатып, желеулетiп жүрген жандар бұл құбылыстың ертеден бар екенiн мойындағысы келмейдi. Және «дала демократиясы» тиiстi деңгейде, белгiлi ауқымда Грек философы Платонның «...Билiгi шектен тыс монархия жаман, еркiндiгi шектен тыс демократия жаман» деген пiкiрiне әлем саясатшылары мен ойшылдары ден қойған. Ал Аристотель бұл мәселелердi жаңа қырынан қарастырып, демократиялық басқару принципiнiң баламалы жолын ұсынған. Негiзi, Ресейдiң құрамына кiрмей тұрған кездегi қазақ қоғамында адам құқығы – ұлттық өмiр салтының, халықтың қарым-қатынасының, дәстүрiнiң өзегi [15].

Президент Н.Назарбаев  ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстан демократиялық даму жолына түсiп, дүниежүзiлiк қауымдастыққа танылып отыр. Әлемнiң бәсекеге ең қабiлеттi 50 мемлекетiнiң қатарына қосылу мақсатын және бүгiнгi таңда дүниежүзiн қаусырған дағдарысты жаңару мен даму арқылы жеңуге шақырып отыр [10].

  3.2. Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру

Мемлекеттік биліктің атқарушы бұтағы да реформаланады, жетілдіріле  түседі. Жолдамада көрсетілгендей, бұл  билік тармағы бұдан әрі  ықшамдалып, біраз өкілеттігін жергілікті органдарға береді. Ұсақ – түйек мәселелердің  бәрін орталық билік өз қолында шоғырландырмай, төменгі буындарға ауыстырады. Президент Қазақстанның стратегиялық мақсатын айқындап берді. Біз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіміз керек. Сол мақсатқа жетуі үшін мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін  арттыру қажет. Елде жүргізілетін әкімшілік реформаның негізгі мақсаты да сол. Мемлекеттік басқару құрылымын жаңарту жолында бірнеше бағыттарды қарастырып өтейік.

Біріншіден, министрліктер мен ведомстволар арасындағы өкілеттілік қағидаттарын заңдық тұрғыдан тұжырымдау, мемлекеттік уәзималарды жіктеуді аяқтау, мемлекеттік органдардың қадағалау және бақылау міндеттерін ретке келтіру. Осы  тұста атап өтейік мұнда министрліктерге бағынысты комитеттердің рөлі мен үйлестірушілік қызметіне дербестік беріледі.

Осындай  негіздегі  іс – қимыл тапсырыс беруші мен атқарушының мемлекеттік басқарудың кез  келген саласында монополияның жасалуына “жағдай туғызып келген”, “ортақ көгенге” шегенделуін шектейді. Нақтырақ айтсақ, бірыңғай бюрократиялық саты баспалдақтарын қайталап басудан  арылтады. Мұның нәтижесіне келсек, министрлік біріншіден, мемлекеттік басқарудың инновациялық стратегиясын әзірлеу және енгізуге  мүмкіндік алса, екіншіден, атқарушы агенттіктердің жұмысын сапалы әрі тиімді түрде бағалай алады. Үшіншіден, мемлекеттік тапсырыстарды конкурстық негіз бойынша, мемлекеттік және жекеменшік өндірушілер арасындағы түрлі мамандандырылған мекемелерге тең жағдайда үлестіре алады [3].

 Екіншіден - Орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Орталық  және жергілікті атқару органдары арасындағы міндеттер мен өкілеттіліктерді  бөлісудің оңтайлы жолдарын одан әрі нақтылай түсу. Орталық және жергілікті билік арасындағы  өкілеттіктер жаңаша бөліністе болуы қажет. Үкіметтің құзырына мемлекет пен қоғамның даму стратегиясы, сыртқы және қорқорғаныс саясатын әзірлеу және оның іске  асырылуын бақылау, саяси шешімдер қабылдау, нормаларды жасау қызметі, ұлттық қауіпсіздік проблемаларын үйлестіру міндеттері жүктелсе, жергілікті атқарушы органдарға халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, өңірлердегі экономикалық дамуға қолдау көрсету болып табылады.

Үшінші – Мемлекет органдар құрылымдағы қызметшілер  санын біршама қысқарта отырып, мемлекеттік  мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің сапалық  деңгейін көтеру. Маман – кадрлардың бәсекелестікке қабілеттігін оятып, жауапкершілігін арттыратын болады. Осы орайда өз тарапымнан қысқарту жұмысы негізгі  3-бағытта жүзеге асыруды жөн көремін:

1. Кейбір штаттардағы  орынбасарлық лауазымдағы штаттардың қызметі тиімді емес, яғни “басшы көмекшісі” деген  санатындағы мамандарды қысқарту;

2. Мемлекеттік басқару  органдарының қысқарту барысы  мемлекеттік басқару  функциясына  кедергі етпейтіндей оптималды  қысқарту;

3. Ең бастысы қысқарту шаралары ең керекті  яғни қажетті стажы өтілі жоғары мамандарды ғана қалдыру ғана болмауы керек, бұл жерде жас толқынды мамандардыңда үлесі тепе – теңдік баланста болуы керек.

Төртіншіден – Мемлекет басқару органдарының қызметкерлерінің  айлық жалақысын еңбегінің нақты нәтижелеріне қарай, қазақстандық ізгі жекеменшік компаниялармен салыстыруға келетін деңгейге дейін ұлғайту. Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі елеулі өзгерістерге түседі [9].

Мемлекеттік органдар мен  әрбір қызметкердің жұмыс сапасына бағалау жүйесі енгізілуі тиіс, ал жалақы мемлекеттік қызметшінің  кәсіпқойлығы мен орындайтын жұмысының  тиімділігіне ғана байланысты болуымен сипатталады.

Сондай – ақ, жыл аяғына дейін жалақы деңгейі жоғарыда айтылған мөлшерге ұлғаяды деп күтілуде. Ең аз жалақы, мәселен, қатардағы сарапшының айлық еңбекақысын 700 долларға, бас сарапшының, басқарма бастығының, депортамент басшысының жалақыларын тиісінше 900-1000, 1500 және 2000 долларға дейін көтеру жөнінде ұсыныстар жасалуда.

Мұның бәрі кезең –  кезеңімен жүзеге асатын болады.

Бесінші – Мемлекеттік  аппараттың тұрақтылығын және басқарымдылығын  арттыруға байланысты. Орталық мемлекеттік  органдарда Мемлкет басшысы тағайындайтын, олардың аппаратындағы жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Статс – хатшы жоғары әкімшілік лауазымының енгізілуі. Ол Мемлекеттік органның барлық ішкі істеріне жетекшілік  жасайды, бұл жоғары басшылықтың саясатты әзірлеумен және стратегиялық мәселелермен айналысуына мүмкіндік  береді.  Бұл лауазым  иелері Президент жарлығымен, сондай – ақ Үкімет отставкаға кеткенде ауысады.

Сонымен қатар құрылымдық өзгерісте Мемлекеттік органдардың  қызметкерлер деңгейінің өзгеруі, яғни үкімет тарапынан ұсынылған  жобада мемлекеттік қызметшілердің санаты қарастырылған. Соның ішінде басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, бас маман, жетекші маман деген лауазымдар қысқарады да, олардың орнына бас сарапшы және сарапшы деген екі лауазым болмақ [11].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1кесте - Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2кесте - Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы

 

Қорытынды

 

Демократия өте ертеден  келе жатқан еркіндік, әділеттілік  құндылықтар сияқты тарихи процесс екендігі және ол тарихи даму барысында әртүрлі кезеңдерде неше түрлі мазмұнға ие болғаны қысқаша зерделенді. Демократия өзінің оң бағасын жаңа заман басталғанда, яғни ағылшын және француз революцияларының кезінде ғана алды. Монтескье, Гоббс, Локк, Руссо, Кант өздерінің көзқарастарында демократияны ақтап алды деуге болады. Билік бөлінісін ұсынды. Бұл - демократияның жаңа түрін таңдау еді.

Қазақстандағы қол жеткен либералдық демократиялық қоғамның жетістіктердің белгілері, меніңше, мынадай:

Экономика саласында: меншік түрлерінің әркелкілігі; еңбекке қарай бөлу принципі; кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы; табысы төмен топтардың жағдайына қамқорлық;

Саяси салада: президенттік-парламенттік басқару, саяси пікірдің әртектілігі; көппартиялықтың болуы; сайлау жүйесінің демократиялылығы; құқықтар мен бостандықтар туралы демократиялылық заңдардың болуы; қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы; оппозицияның болуы;

Рухани салада: сөз, ұждан  бостандықтары; өнер мен мәдениетінің дамуы; дамыған оқу ағарту жүйесінің болуы; зұлымдықты, нәсілшілдікті насихаттауды шектеу;

Әлеуметтік салада: жеке адамның әлеуметтік қорғалуы; әділетсіздіктен  қорғау; әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы және оған қол жеткізу.

Ең бастысы Қазақстанда  президенттік-парламенттік басқаруға  көшу демократияландыру ісіндегі өте  айтулы оқиға болды. Ол тіпті де ел президентінің билігін осалдатпайды. Президент өзіне тән қызметін сақтайды. Ол елдің саясат алаңындағы түрлі биліктік күштердің қарым-қатынасын реттеп отырады.

Билік жүйесін демократияландыруды жетілдіру барысында, меніңше, мына ұсыныстарды жүзеге асыру қажет:    

1. Биліктегі лауазым  иелерінің өз кезіндегі демократиялық  ережелерді бұзғандығы үшін жазалаусыз  қалмайтын заң қабылдау қажет.  Уәделердің орындалуы демократиялық  жолмен қадағаланады.     

2. Демократиялық идеологияда  ұлттық ерекшеліктерді ескеретін бағытқа басымдық берілгені жөн.     

3. Парламенттің қадағалау  құқын кеңейту қажет. Қазіргі  кезде басталған демократияландыру  процесін баянды ету үшін сайлау  жүйесі туралы, БАҚ туралы, азаматтардың  бейбіт шеруге шығуы мен қоғамдық  бірлестіктерге, саяси ұйымдарға бірігуі жөніндегі заңдарды жаңа саяси реформа тұрғысынан жетілдіре түсу керек.    

4. Жергілікті әкімдерді және соттарды азаматтардың тікелей сайлау мүмкіндігін қарастыру керек.     

5. Демократияны өз  пайдасына бұрмалайтын олигархтарды  ауыздықтайын құқықтық құжат пен күшті саясат та қажет.    

6. Заң жобасын тек  үкімет ғана дайындамай, оған  Парламенттің өзі де қатысқаны  дұрыс.    

7. ҰҚК қызметін демократияға  қауіп төндірмейтіндей дәрежеде  шектейтіндей құқықтық шешім  қабылдаған дұрыс. Оның қатарын тазарта түсу керек.     

8. Демократияға қол  жеткізу үшін адамдардың ол  жөніндегі ынтасы мен көзқарасын  тәрбиелеуге көшкен жөн.

Қорытып айтқанда қазір Президент Н.Ә.Назарбаев ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстан демократиялық даму жолына түсіп, дүниежүзілік қауымдастыққа танылып отыр.Енді әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылу мақсаты осы заманға сай қоғам өмірін жетілдіруді, демократиялық басқаруды одан әрі дамытуды талап етеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998 ж.
  2. Глущенко Е.В. Теория управления, М:  1992 г.
  3. Егемен Қазақстан  № 210.  02.09.10 ж. “Мемлекеттік басқаруды жаңарту”
  4. Егемен Қазақстан.  15.11.11. “Әлемдік стандартқа сай әкімшілік реформасы”.
  5. Егемен Қазақстан  № 184.  04.08.10 ж. ”Әкімшілік реформасы: ұмтылыс пен ұсыныс”.
  6. Егемен Қазақстан  № 110.  20.05.11 ж. ”Әкімшілік реформасы: білім мен білік – басты мәселе”.
  7. Егемен Қазақстан   11.08.11 ж.  “Қазақстандағы корпоративті басқару мүддесі – тиімділік”.
  8. Егемен Қазақстан  16.12.10 ж.  “Алдымен экономика”.
  9. Егемен Қазақстан  26.06.09 ж. “Мемлекеттік қызмет мінсіз болсын”.
  10. Егемен Қазақстан  № 128 .  07.06.11 ж. “Басқаруды жетілдіру бастаулары”.
  11. Егемен Қазақстан  18.10.10 ж. “Жаңа тұрпаттағы басқарушылар”.
  12. Егемен Қазақстан  № 94-95.   17.04.07 ж. “Ел дамуының белгісі – электронды үкімет”.
  13. Егемен Қазақстан   21.02.09 ж. “ Электронды үкімет” бүгінгі күннің қажеттілігі”.
  14. Казахстанская правда.   25.11.08 г. “Современное управление: диалектика  количества и качества.
  15. Ішкі саясат. Саясат – Policy  № 6. 2005. “Демократические принципы, кадры и эффективность управления”.
  16. Президенттің Қазақстан халқына биылғы Жолдауы. “Жаңа  әлемдегі Жаңа Қазақстан”.
  17. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»                 Заңы. 27б.
  18. «Мемлекетті басқару теориясы» оқулық, Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н., Алматы экономика 2007ж
  19. «Қазақстан – 2030 » Даму Стратегиясы.
  20. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

 

 

                                                                                



 


Информация о работе Мемлекет басқару жүйесі ретінде