Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Июня 2013 в 18:38, реферат
Нарықты мемлекеттік реттеу - нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады
Жұмыстың мақсаты – мемлекеттік экономикаға араласу шегін оның тәсілдері мен қызметтері арқылы айқындап, мемлекеттік реттеу осы немесе өзге деңгейде болса да, қоғамның өмір сүру қызметінің барлық саласын қамтуы, экономиканың барлық саласына, сондай-ақ көлік жиынтығына да қатысты болуы тиістігін зерттеу.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1. Мемлекеттің мәні және нарықтағы мемлекеттің рөлі.............................4
2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің нарықты реттеу тәсілдері және шегі........................................................................................................6
3. Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері..................12
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................20
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр.
Қазақстанның міндеті отандық-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Бұл сала ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, ол ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге жәгне жаңа рыноктар іздеуге мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өтпелі кезең киын да ұзақ та болуы мүмкін . Халық шаруашылығының барлык салаларында дағдарыстың үдеуі өтпелі кезендегі дағдарыска карсы шаралар қолдалынуын қажет етіп отыр , олар мыналар :
- нарықтык катынастарға бейімделген экономиканың барлык деңгейлерінде оны басқару реформалау және меншік нысандарының ара қатынасы қажет . Барлық басқару органдарының рөлін , міндеттерін және функцияларын жаңаша белгілеу және оларды нарықтық жағдайларға сәйкестендіру маңызды . Басқарудың әлі де болса сақталып отырған бұрынғы нарықтық емес әдітерінен түбегейлі бас тарту және XXI-ші ғасырға жаңа экономикалық құрылысқа бара- бар болатын , орын алып отырған дүние жүзілік тэжәрибені ескеретін жаңа баскару жүйесімен қадам басу үшін мүмкін болғанның бәрін істеу қажет ;
- ұсынылып отырған жаңа экономикалық саяси конденциясы отандық тауар өндірушілерге іріктеп қолдау көрсетудің объективті қажеттілігінен туындайды . Елдің шаруашылық өміріне мемлекеттің араласуы экономиканы XXI -ші ғасырда дағдарыстан шығаруға және оны нарықтық өзін - өзі басқаруға эзірлеу мүмкіндігін беретін нарықтық экономикалық индикаторлар, тұрақтандырғыштар , реттегіштер секілді тетіктердің шектеулі санымен жүзеге асырылуға тиіс ;
- нарықтық қалыптастар калыптастырудың монографияда ұсынылған жекешелендіру мен жекешелендіруден кеиінгі саясат, қор нарығын дамыту сияқты және басқа жаңа нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану Қазақстанның нарықтық қатынастарға тез енуіне , XXI ғасырда ТМД елдері арасында жетекші жағдайға жетіп , дүние жүзілік коғамдастыққа лайықты орын алуына мүмкіндік береді ;
- нарыктық экономиканың ерекше саласы болып табылатын шагын кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөлу керек , әсіресе оған шетел инвестициясын тарту қажет . Ол қоғамда және оның жекелеген косымша жүйелерінде маңызды әлеуметтік - экономикалық функциялар атқарады . Ол «шағын» ресурстық потенциялды бос және ескірген негізгі қорларды , қайталама ресурстарды , қалдықтарды және өзіндік ресурстарды пайдалануға ерекше тиімді. Мемлекеттік және аймақтық деңгейде шагын кәсіпкерлік жөніндегі қолдаушы және реттеуші қызметті ұштастыру қажет .
Біз каншалықты нарықтық экономиканың тетіктерін игергенімізбен егер білім мен ғылымды және мэдениетті алға ұстамасақ, оларға басымдылық бермесек, ұзаққа шаба алмаймыз . Сол себептен білім мен гылымның жаңа технологиялық өтпелі кезеңге сай дамуының тактикасы мен стратегиялық бағдарламасын жасап іске асыру кажет .
Экономикалық реформалардың табысты болуы мен олардың жекелеген учаскелердегі тежелуі мемлекет ролін қайта қарастыруды қажет етеді. Жеке секторды бірінші орынға қоя отырып, нарықтың заңдық аясын құратын мемлекет экономикада елеулі, бірақ шектеулі рольде ойнауы керек. Бұл жерде әңгіме меншік құқығын рәсімдеуді қамтамасыз ететін құқықтық және нормативтік базаны құруды аяқтау, бәсекелі рыноктар мен монополияға қарсы сенімді реттеу құралдарын құру, қажетті инфраструктураны, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз ету және күшті экологиялық саясат құру турасында болып отыр.
Алайда, нарық әзірше әлсіз және дамымаған жерлерде, нарықтық қатынастар әкімшілік жүйенің сынықтарымен бастырылып жатқан жерлерде, нарықты дамыту үшін және кеңістікті тазарту үшін мемлекет араласуы қажет. Әзірше экономика тұрақсыз даму кезеңінде болғандықтан, мемлекеттің реттеуші ролі мен оның араласуы бір-біріне парапар болуы керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әкімбеков.С, Баймұхамедова.А.
2. Байжомартов. Ү. Жүнісов. ¥. «Экономикалық теория негіздері» Алматы: 1994 ж. 91-92 беттер.
3. Дүйсенбиев. Ш. К. «XXI ғасырға кандай экономика мен кіреміз» Алматы: 2001 ж. 119-149 беттер.
4. Мейірбеков. А. Қ. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы: 2001 ж. 5-15 беттер.
5. Назарбаев. Н. Н. «Жүз жылға татитын он жыл» Астана. 2002 ж. 38-47 беттер.
6. Назарбаев. Н. Н. «XXI ғасыр қарсаңында» Алматы: 1996 ж. 6-9 беттер.
7. Сабден. О. С. Акбердин. Р. 3. «Рыночная экономика» Алматы: «Ғылым» баспасы. 2002 ж. 669-680 беттер.
Информация о работе Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу