Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 22:42, реферат

Краткое описание

1.Негізгі құралдардың мәні мен жіктемесі
2.Негізгі құралдардың тозу есебі және амортизацияны есептеу әдісі
3. Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру

Вложенные файлы: 1 файл

лекция.docx

— 70.50 Кб (Скачать файл)

ТОО «Каzжиһаз» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 2 000 000тг., ал жою құны 200 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік:

Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:

1 800 000 * 20% = 360 000

Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады

Мерзімі

Бастапқы

құны

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында

2-ші ж/аяғында 

3-ші ж/аяғында

4-ші ж/аяғында 

5-ші ж/аяғында 

 

 

2 000 000

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

 

----------

360 000

 

360 000

 

360 000

 

360 000

 

360 000

 

 

----------

360 000

 

720 000

 

1 080 000

 

1 440 000

 

1 800 000

 

 

2 000 000

1 640 000

 

1 280 000

 

920 000

 

560 000

 

200 000




 

 

 

Өндірістік әдіс

Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 15 (он бес) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бәр дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

Бастапқы құн – қалдық құны                           әр жылдағы


Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны                *  өндірілген өнім саны  =

= әр жылда өндірілген өнім саны = теңге * әр жылдағы өндірілген өнім саны

Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,12 теңгені құрайды, яғни он екі (12) тиын.

Егер станок        бірінші жылы  4 миллион

                            екінші жылы   4  миллион

                            үшінші жылы  3 миллион

                                    төртінші жылы 2 миллион

Мерзімі

Бастапқы құны

Өндірілген өнім көлемі

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында 

2-ші ж/аяғында 

3-ші ж/аяғында 

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

-------------

 

4 000 000

 

4 000 000

 

3 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

----------------

 

480 000

 

480 000

 

360 000

 

240 000

 

240 000

 

------------

 

480 000

 

960 000

 

1 320 000

 

1 560 000

 

1 800 000

 

2 000 000

 

1 520 000

 

1 040 000

 

680 000

 

440 000

 

200 000





                           

бесінші жылы   2 миллио өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері

бірінші жылы  480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000

екінші жылы   480 000тг = 4 миллион * 0,12 = 480 000

үшінші жылы  360 000тг = 3 миллион * 0,12 = 360 000

төртінші жылы  240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000

бесінші жылы   240 000тг = 2 миллион * 0,12 = 240 000

Станокқа өндірістік әдісі бойынша амортизациялық аударым кестесі

Кумулятивті әдіс.

Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді.

Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялы

аударым сомасын есептейтін формуланың  алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:

АА =   Қалған жылдар саны         *  (бастапқы құн – қалдық құн)


            Пайдаланатын жыл                   сандарының қосындысы

 

Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны кумулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеркіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни

                                бірінші жылы        5/15

                                екінші жылы         4/15

                                үшінші жылы        3/15

                                төртінші жылы      2/15

                                бесінші жылы        1/15 –ге тең болады.

Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда онығ амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды (2 000 000 - 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:

    1. жыл АА = 5/15 * (2 000 000 – 200 000) = 600 000
    2. жыл АА = 4/15 * (2 000 000 – 200 000) = 480 000
    3. жыл АА = 3/15 * (2 000 000 – 200 000) = 360 000
    4. жыл АА = 2/15 * (2 000 000 – 200 000) = 240 000
    5. жыл АА = 1/15 * (2 000 000 – 200 000) = 120 000

 

Кумулятивтік әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында 

2-ші ж/аяғында 

3-ші ж/аяғында 

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

----------------

 

5/15*1 800 000 = 600 000

 

4/15*1 800 000 = 480 000

 

3/15*1 800 000 = 360 000

 

2/15*1 800 000 = 240 000

 

1/15*1 800 000 = 120 000

 

------------

 

600 000

 

1 080 000

 

1 440 000

 

1 680 000

 

1 800 000

 

2 000 000

 

1 400 000

 

920 000

 

560 000

 

320 000

 

200 000


Кемімелі – қалдық әдісі.

Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі. Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл, сондықтан құнды біркелкі есептеп шығару әдісі бойынша жылдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал кемімелі-қалдық әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 4% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнна көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп,  өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.

Кемімелі-қалдық әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында 

 

 

2-ші ж/аяғында 

 

3-ші ж/аяғында 

 

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында

 

2 000 000

 

2 000 000

 

 

2 000 000

 

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

----------------

 

40%*2 000 000 = 800 000

 

 

40%*(2 000 000-800 000) = 480 000

 

40%*(2 000 000-1 280 000) = 288 000

 

40%*(2 000 000-1 568 000) = 172 800

159 200-100 000 = 59 200

 

------------

 

800 000

 

 

1 280 000

 

 

1 568 000

 

1 740 000

 

1 800 000

 

2 000 000

 

1 200 000

 

 

720 000

 

 

432 000

 

260 000

 

200 000


Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Негізгі құралдардың құралдардың қалдық құнының мөлшері 2 000 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 59 200 теңгемен ғана шектелген.

 

 


Информация о работе Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау