Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 17:48, курс лекций

Краткое описание

Мемлекеттік сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.

Содержание

1.Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.
2. Кедендік тарифтің мазмұны. Кеден баждарының жіктелуі.
3. Тарифтердің экономикалық рөлі. Тарифтерді қорғау және қарсы аргументтері.
4.Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.
5. Сауда саясатының қаржы әдістері.

Вложенные файлы: 1 файл

Лекции МЭ каз 5 такырып ХЭ.doc

— 74.00 Кб (Скачать файл)

 

 Халықаралық  саудадағы техникалық тосқауылдар.

Техникалық тосқауылдар— бұл мемлекеттің бақылау және шектеу бойынша барлық шаралары, олар шетелден тауарды енгізуге кедергі жасаушы құрал ретінде қолданылуы мүмкін тауардың техникалық параметрлерінің талаптарымен байланысты. Техникалық тосқауылдар стандарттар, техникалық нормалар мен тәртіптер, қаптау талаптары түрінде болуы мүмкін.

Техникалық тосқауылдар ішінен мыналарды бөлеміз: санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық нормалар мен тәртіптер. Олар халықтың, ауылшаруашылық малдар мен өсімдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Келешекте техникалық тосқауылдарды  сауданы реттеу құралы ретінде қолдануы кеңейіп, күрделене түседі, сонымен бірге, техникалық талаптар мен стандарттарды унификациялау процесі жүріп жатады.

 

Мемлекеттік монополия және эмбарго.

Мемлекеттік монополия  — жалпы мемлекеттік қызығушылықтарға сәйкес ұлттық нарықтың әлемдік нарықпен өзара әсерін орталықтан реттеу мақсатында, тек мемлекет қана экспорттық-импортық операцияларды жүргізу құқығына ие екендігін білдіреді.

Сыртқы саудаға мемлекеттік  шектеудің соңғы формасы сауда эмбаргосы болып табылады, ол қандай да бір елге тауар енгізуге немесе қандай да бір елден тауар шығаруға мемлекет тарапынан тыйым салуды білдіреді. Эмбарго, оны енгізетін елге және оған қарсы енгізілетін елге де экономикалық шығын әкеледі.

 

5. Сауда саясатының қаржы әдістері.

 

Экспорттық  субсидиялар және демпинг

Халықаралық сауданы тарифтік емес әдіспен реттеуге экспорттық операцияларды мемлекетпен қаржыландыру да жатады.

Қаржыландыру — сауда саясатының әдісі ретінде шетел компанияларына қарсы, ұлттық өндірушілер мен экспорттаушылар пайдасына дискриминацияны қарастырады. Сауда саясатының қаржылық әдістеріне субсидиялар, несиелендіру және демпинг жатады.

Субсидия — ұлттық өндірушілерге көмек көрсету үшін және импорттың жанама дискриминациясына бағытталған  ақшалай төлем.

Субсидиялар тікелей, жанама қиылысатын, экспорттық және ішкі болып бөлінеді.

Бәсекелестерді басу мақсатындағы экспортты интенсивті субсидиялау демпинг формасына айналуы мүмкін.

Демпинг — бұл экспорттаушының  тауарды шетел нарығында ішкі нарықтық бағадан төменірек бағаға өткізуі.

Демпинг келесі формаларда болады:

1. Спорадистік (кездейсоқ) — шетел нарығында тауарды төмен    бағамен,    уақытша,    эпизодтік    сату,    бұл    тауар өндірісінің ішкі көлемі ішкі ңарық сыйымдылығынан асып 
түсу   нәтижесінде   экспорттаушыларда   тауарлардың   үлкен көлемі жиналып қалғанына байланысты.

2. Қарақшылық   демпинг   —    нарықтан   бәсекелестерді ығыстыру  мақсатымен экспорттық бағаларды уақытша түсіру.

     3. Тұрақты   демпинг   -   әділдік   бағасынан   төмен   бағамен тауарларды тұрақты түрде экспорттау.

4. Қайтымды демпинг  — экспорт бағаларын ішкі нарықтағы  сондай тауарлардың сату бағасына қарағанда жоғарлату.

5.Өзара демпинг — екі елдің бір тауарды төмен бағамен қарсы саудалауы.


Информация о работе Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы.