Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 09:13, реферат
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын.
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады.
Саяси шиеленіс
II. Саяси қақтығыстардың типологиясы және динамикасы
III. Саяси қақтығыстарды реттеу технологиялары
Бірінші жағдайда қатысушылар келіссөздерден өздерінің мақсат-мүдделеріне қолайлы әдістерді көре біледі. Келіссөздер саясаты негізінен қақтығыстық мәселені шешудегі нақты бағыттар туралы таласқа бағытталады. Демек, жақтар бағыттарды біртіндеп ұстанып, артынша белгілі бір бағыттан бас тартады. “Бағыттық саудаласу” барысында қатысушылардың әрқайсысы өзіне пайдалы қорытындылық келісімге келуге тырысып, қарама-қайшы жақтың мүдделері туралы бас қатырмайды. “Бағыттық саудаласудың” кемшіліктерін Р. Фишер мен У. Юри келесідей бөледі:
- бағыттық саудаласу санасыз келісімдерге әкеліп соқтырады;
-тараптардың мүдделеріне барынша жауап бермейді, әрбір тарапты қанағаттандыра қоймайды;
- бағыттық саудаласудың пайдасы жоқ, себебі ол көп уақытты алғанымен, берер нәтижесі (келісімге жету) шамалы. Бағыттық саудаласу барысында келісім бағалары оған кететін уақыт мерзіміне қарай өсіп отырады, келісімге келуге деген тәуекел де өсе береді;
- егер келіссөздерге екі жақтан көп қатысушылар араласып кетсе, ол шиеленіседі, тараптар саны көбейген сайын бағыттық саудаласуға тән кемшіліктер де арта түседі.
Келіссөздерді мүдделер негізінде жүргізу әдісі бағыттық саудаласуға балама болып табылады. Мұндай әдіс мүдделерді талқылау негізінде және оппонентпен қызмет атқару негізінде мәселелерді шешуде өзара қолайлы нұсқаларын іздестіруге бағытталады. Өз мүдделерін анықтай келе, тараптар, мәселені бірлесе шешуге ұмтылады. Келіссөздерді мұндай әдіспен жүргізу күш қолдануға жол бермейді; екі қатысушының да ашықтығы мен әңгімелесу қатынасын қалыптастырады. Осы әңгімелесу барысында болашақта жұмыс жасау мен өзара түсіністікке мүмкіндік туғызады.
Мүдделердің келіссөз жүргізу тактикалық тәсілдеріне келетін болсақ, олар серіктестік әдіске бағытталады. Талқылау мәселелері біртіндеп күрделенеді. Бұл тәсіл мәселені талқылауды анағұрлым аз келіспеушіліктерді тудыратын мәселелерді талқылаудан бастауды талап етеді. Кейін қатысушылар күрделірек мәселелерді талқылауға кіріседі. Осы әдісті пайдалану тараптардың келіссөз басталмас бұрын белсенді қарсыласудан аман алып, тиімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.
Әрине, бүгінгі күні қақтығыстан мүлдем аман болу оңай емес, алайда, тек конструктивті технологиялардың арқасында ғана қақтығыстың деструктивті түрін бейбіт жолға түсіруге болатынын ұмытпаған абзал.