Социальная политика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:17, реферат

Краткое описание

Основными принципами проведения социальной политики являются: защита уровня жизни путем введения разных форм компенсации при повышении цен и проведение индексации; обеспечения помощи самым бедным семьям; оказания помощи на случай безработицы; обеспечения политики социального страхования, установление минимальной заработанной платы для работающих; развитие образования, охрана здоровья, окружающей среды в основном за счет государства; проведение активной политики, направленной на повышение квалификации.

Вложенные файлы: 1 файл

Послание президента РК_2010.doc

— 120.50 Кб (Скачать файл)

В стране существенно  улучшится качество жилищно-коммунальных услуг.

Пенсионеры, инвалиды и малообеспеченные семьи будут  надежно защищены.

Молодежь - основа нашего будущего, получит новые возможности строить свое будущее.

Это новые возможности, которые открываются перед каждым из вас, перед вашей семьей, перед  нашей страной.

Сплотившись во имя достижения наших стратегических целей, определенных Стратегией развития до 2030 года, мы с успехом выполняем  свою миссию - строим независимый, процветающий, политически стабильный Казахстан.

Мы возлагаем  большие надежды на членов партии «Нур-Отан», которым надо мобилизовать все общество, всех членов партии на разъяснение и реализацию задач  предстоящего десятилетия, фактически возглавить эту работы и сделать ее своей программой.  

 

Дорогие мои  соотечественники!

Завершая свое обращение к вам, хочу сказать: мы вместе смогли сделать Казахстан  преуспевающим и вместе мы сможем сделать его процветающим.

Қымбатты менің  отандастарым! 

 

Халқымызда  «Ынтымақты елде бақ тұрар» деген  дана сөз бар.

Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай  қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік.

Біз толайым  табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда.

Біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі  елге технология ауадай қажет. Сонда  ғана әлемнің алып мемлекеттері мен  төңірегіміздегі елдер бізбен санасады.

Бұл бағдарламаның  түпкі мақсаты – еліміздің  тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу.

Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз.

Мен осы күндері  Қазақстанның бүкіл аумақтарынан мыңдаған хаттар мен жеделхаттар аламын. Әсіресе, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болуына және атқарып жатқан жұмысыма байланысты көптеген хаттар келуде. Халықтың көңіл-күйін сіздер түсіну үшін соның біреуін оқып берейін:

«Құрметті Нұрсұлтан  Әбішұлы, қазақ бүгін Еуропаның  төріне шықты. Бұл – бүкіл қазақ  халқының қуанышы мен мақтанышы. 85 мыңнан астам халқы бар шекараның  шебінде, елдің ең шетінде жатқан біз үшін қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Бұл – халықтың ең басты мақсаты мен мұраты. Қазақ қашан қарт Еуропаның төріне шықпақ түгілі, есігінен бұрын-соңды сығалап көріп еді? Өзіңізге, қазағымызға осы биік мәртебеде абырой берсін.

Бұл жақта еліміз – аман, жұртымыз – тыныш, ең бастысы, балаларымыздың ұйқысы бұзылған жоқ. Аузымызда – тәубамыз, қолымызда қауғамыз, халқымыздың ынтымақ-бірлігі қалыптасты. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Даламыз – дәнге, өрісіміз – малға, үй-ішіміз – жанға толды. Барлық ісіңізге Алла жар болсын». Райымбек ауданының құрметті азаматы Совет Оразаев.

Еліміздің оңтүстігі  мен солтүстігінен, батысы мен шығысынан  келіп жатқан осындай мыңдаған қолдау хаттар біздің халқымыздың кеңдігі  мен шыдамдылығын, сауаттылығы мен  мол түсінігін, дүниеде болып  жатқан оқиғаларды, ішкі және сыртқы жағдайды қарап, дұрыс аңғарып отырғандығын білдіреді.

Сондықтан дәл  осындай санамен, біліммен және табандылықпен  осы бағдарламаны орындауға қол  жеткізуіміз керек. Ол жалғыз Президенттің немесе Парламет пен Үкіметтің ғана шаруасы емес.

Біз болашағымыздың жарқын болғанын көргіміз келеді. Олай болса, осы іске жеңді түріп кірісуіміз керек.

Ендеше, құрметті ағайын, ынтымағы жарасқан еліміздің  бағын асыратын, мерейін тасытатын  үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін.

Рахмет.


Информация о работе Социальная политика