Франчайзинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 13:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.
Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы.

Вложенные файлы: 1 файл

Франчайзинг.doc

— 734.00 Кб (Скачать файл)

Франчайзингтің негізгі түрлері дара немесе аумақтық болып екіге бөлінеді.

Кең таралған түрі болып табылатын дара франчайзинг кезінде лицензия (франшиза) өнімнің қандай да бір белгілі түріне сатылады.

Аумақтық франчайзинг кезінде бірегей бас кәсіпорны (бірегей франчайзинг) бар, белгілі бір аумақта қызмет ететін екі және үш деңгейлі франчайзингтік құрылымдар құрылады.

Аумақтық франчайзинг келесідей қосалқы түрлерге бөлінеді:

  • Көптеген кәсіпорындарды иеленетін франчайзинг дара франчайзинг негізінде дамиды. Бұл  жағдайда франчайзер мен франчайзи бизнесті аймақта дамыту үшін келісімшарт жасайды. Соның негізінде франчайзидің белгілі бір ауданда өз кәсіпорындардың ашу құқығы пайда болады;
  • Субфранчайзинг жағдайында бас кәсіпорын франчайзимен келісімшарт жасап, әрі бір мезгілде субфранчайзер ретінде болады. Соңғысы басқа франчайзиларда келісімшарттық қарым-қатынастар негізінде басқа франчайзиларды тартады;
  • Дамушы франчайзингтің субфранчайзингтен ерекшелігі, төменгі франчайзи субранчайзермен және франчайзермен де келісімшарттық қарым-қатынастармен байланысты болады. Келісімшарттың талабына сәйкес субфранчайзер дара франчайзиды өзі таңдайды және оны оқытуға, оларға тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсетуге, олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға міндеттейді. Сонымен қатар франчайзер дара франчайзиге тікелей лицензия (франшиза) береді және онымен тікелей келісімшарттық қатынастарға түседі.

Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағармай, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы:  «TEXACO»,  « Chevron», « Procter&Gamble»,  «Coca-Cola».    

Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды  пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: «Дока-Пицца», «Довгань» компаниялары.

  Іскерлік франчайзинг -  жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда - саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері жатады.

         Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің  мынадай типтері қалыптасты:

1. Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзингке мысал ретінде, «Форд» және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. «Аdidas» компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастыруын айтуға болады.

2. Өндіруші мен көтерме  саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Coca - cola» және «Pepsi»  компаниялары  өз концентраттарын , сусындарды  өндіріп, бөтелкелерге құятын және  бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады.

3. Көтерме және бөлшек  саудагерлер арасындағы франчайзинг.  Мысалы, ойншықтар сататын «Христиансенс»  дүкендері.

4. Дистрибьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін «Mac Donald s» және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады.

Франчайзингтің ерекшеліктері

Франчайзинг бизнесиендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірбиені иемдебей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады.  Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады:

1. Франчайзерге, сонымен  қатар мыналар бойынша франчайзи  үшін де өзара табысты болып  саналады.

2. Салық салыну базасының  қысқаруы.

Франчайзер үшін артықшылықтар:

  • өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде таралуы;
  • шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы;
  • меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;
  • лицензияны сатудан түскен табыс;
  • франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену;
  • меншіктік сауда желісі арқылы өткізубойынша шығындарды қысқарту;
  • жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырылған.

Франчайзер үшін кемшіліктер:

  • өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;
  • франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде репутациясына сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін тигізуі мүмкін;
  • франчайзи қаржылық есеп беруінің шынайылығын бақылау қиыншылығы;
  • франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау қиыншылығы
  • франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы ықтимал;
  • жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;
  • коммерциялық құпияның сақталу қиыншылықтары;

Франчайзи артықшылықтары:

-шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;

-дайын «қуыс», франчайзи франчайзермен жан-жақты сыналған, дайынбизнесті сатып ала алады;

-материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтаушылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетіннақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;

-бизнес пен менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі.

Франчайзиде келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:

  • қызмет ету бостандығының шектелінуі;
  • сервистік төлем;
  • қызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;
  • франчайзер компаняға қатысты жағымсыз сипаттамалардың франчайзи-кәсіпорын үшін де тән болуы;
  • франшизаны иемденгенде құрылған жоспарлар ойдағыдай іс жүзіне аса бермейді.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсам, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:

  • инвестицияның ішкі және сыртқы ағымын күшейтеді;
  • жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хаулардыңпайда болуына септік етеді;
  • бар өндірістерді дамытып, және жаңа өндірістерді қалыптастыру, ол сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;
  • шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуілуіне тұғыр болады;
  • жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді;
  • елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады;
  • қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік береді.

 

 

 

1.2 Әлемдік тәжірибедегі франчайзинг

       

             Қазіргі кезде франчайзинг жүйесі  арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту АҚШ-та, Еуропада жоғары  дәрежеде дамуда. Халықаралық  франчайзинг ассоциациясының деректеріне сүйенсек,  қазіргі уақытта франчайзинг АҚШ-та ұдайы даму үстінде.  АҚШ-та   1500 франчайзерлік  жүйеде 350000 франчайзилік шағын және орташа сауда орындары дамуда. Ондағы франчайзингтік жүйе арқылы жылдық сатудың көлемі 1,5 трлн долларды құрайды. Саудада жұмыс істейтін кәсіпорындардың 40% -тен астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді (болжам бойынша, 2012 жылы олардың саны 50%-ке деін жетуі тиіс ). Саудадағы франчайзинг жүйесі АҚШ-тың Жалпы Ішкі Өнімінің 15%-тін береді.  Жалпы Ұлттық Өнімнің 60% астамын шағын және орта кәсіпорындары береді, олардың 50% астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді.  Басқа мемлекеттерде де, франчайзинг айтарлықтай дамыған,  мысалға Еуропалық Одақ мемлекеттерінде 4000-нан астам франчайзилік жүйелер бар, ол жерде 1,5 млн-нан астам адам жұмыс атқарады,  ал жылдық айналымы 120 млрд. доллардан асады.

 

 

 


 

 

 


               

 

 

 

АҚШ-та франчайзинг бизнесі 30 триллион долларды құрайды. Мұны Қазақстандағы АҚШ Елшісінің орынбасары Кевин Милас бүгін Алматыда өткен «Қазақстандағы франчайзинг» ІІ Халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет үшін франчайзинг  бұл экономикалық өсім. Франчайзингтік компаниялар ел экономикасының өркендеуіне үлкен үлес қосады. Мәселен АҚШ-та франчайзингтің арқасында 11 миллион адамға жұмыс орны ашылып, қызметкерлердің айлығын төлеуге 2,8 миллиард доллар жұмсалады. Сондай-ақ жаңа жұмыс орнын ашу франчайзингтің арқасында 10-15 пайызға ұлғаяды. Соңғы 10 жылда франчайзинг бизнесі жыл сайын 9 пайызға өсуде. Бұл елдің барлық саласындағы ең жоғарғы өсім», деді Кевин Милас. Оның айтуынша, франчайзинг Қазақстанда да маңызды рөл атқаратын болады. Мәселен, Мысырда ол 1973 жылы пайда болды. 4 жылдан кейін Мысыр инвесторлары жаңа зауыттар сала бастады. Мейрамхана бизнесін дамыту, картоп және тағы басқа да азық-түлік өнімдерін дайындауға бағытталды. Ал кейін өздерінің асханасын әлемге таныту үшін батыс елдерінің озық тәжірибелерін меңгеріп, бұл бизнесті қарқынды дамытып оның жемісін жеуде.

 

кесте 5 - Әлемдегі франчайзингтің қолдану көрсеткіштері

 

 

Мемлекет

 

Франчайзингті

қолдануды бастаған жыл

Басты фирмалардың саны (франчайзерлер)

Кәсіпкерлердің саны (франчайзи)

 

 

Сату көлемі(млн.доллар США)

Австралия

1989

230

1033

-

Австрия

1988

30

1360

-

Бельгия

1987

77

4045

2,0

Канада

1993

1000

45000

38,4

Дания

1989

60

500

3,31

Франция

1990

675

29698

10,0

Ресей

1994

180

9000

3,38

Италия

1994

197

11560

2,10

Япония

1995

812

122450

32,7

Голландия

1988

244

8252

3,6

Норвегия

1989

120

850

0,3

Испания

1990

215

20000

-

 Швеция

1993

60

1000

1,5

Ұлыбритания

1994

385

19800

5,5


 

Жоғарыдағы көрсеткіштерге қарап, франчайзингтің бизнесті жүргізудің тиімді түрі екенін көруге болады.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания сияқты елдердің бюджетінің үшке жуық бөлігін ШОБ атқарушы франчайзингтік компаниялар қамтамасыз етуде. Жақын арада Халықаралық франчайзинг саласы осыған дейінгі қарқыннан да жоғары деңгейде дамитыны сөзсіз. Франчайзерлер шетелдерде, сонымен қатар, Қазақстанда әлеуетті франчайзилерді іздестіруде, ал, көптеген жеке тұлғалар мен фирмалар өздеріне белсенді түрде басқа елдерден әйгілі  компаниялардың лицензиясы мен құқықтарын, олардың қаржылық демеушілігінің арқасында, өндіріс пен қызмет көрсету технологиясын игеру кезінде пайдалы бизнес құру үшін франчайзерлерді іздестіруде.

60-70 жылдарда тамақты тез  дайындау технологиясы кең таралғанда («Макдональдс» фирмасы) франчайзингтік  қатынастардың кезекті серпілісі  байқалған. 90-жылдары франчайзингтік келісімдер түрлі мемлекет өкілдерінің арасында жасалғанда, франчайзинг глобальды сипатқа ие бола бастады.

Макдональд компаниясы фастфуд индустриясының негізін қалаған ең бірінші компания. Франчайзинг бойынша кәсіпкерліктің арқасында «Макдональдс» ең алдыңғы қатарда екені бәрімізге мәлім. АҚШ -та 80% дәмханалар жүйесі франшиза бойынша жұмыс жасайды, ал Еуропа мемлекеттерінде  –  50%.

Франшиза және McDonald’s – бұл әлемдегі синонимдер. Көпшілік адамдардың ойынша, McDonalds ірі бренд болып қалады. McDonalds сияқты саудалық маркалар адамдардан тез танылмайды. McDonalds логотипінің алтынмен әріптері әгілі символ бола бастайды. Бұл қызығушылықты туғызады. Қазіргі танда әлем бойынша бұл компанияның 80000 астам дәмханалары бар.

Компания имиджіне үлкен әсерін шенеуніктер, антиглоболистер, заңгерлер, жас ересектердің семіріп кетуін ойлайтын ата-аналар, осы себептен бренд банкротқа ұшырауы мүмкін екені құпия емес. Осының бәрі салдар. Осыны білу үшін McDonalds-тің бүгінгі тандағы жетістіктеріне қалай жеткенін анықтау керек.

Бұл әлемдік тәжірибеден қазақстандық кәсіпкерлерге үлгі ретінде қарастыруға болады. Франшиза сатып алу біздің кәсіпкерлер үшін өте қымбат.

Франчайзинг 20 ғасыр бизнесінде «төңкеріс»  тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық енгізілімдер  франчайзинг сияқты бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде, дамыған алдыңғы қатарлы елдерге елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да, франчайзинг 21 ғасырдың ұтымды, оңтайлы іскерлік үлгісі болып табылады.

Франчайзинг сөзі француз тілінен шыққан, оның « FRANCHISE»  сөзін аударғанда жеңілдік, артықшылық, салықтан босату  деген мағына береді.  Бұл сөз алғаш рет 1800 жылдары  пайдалана басталған, бұл жылдары франчайзинг «байланысты үйлер» атты жүйе ретінде қалыптасқан. Франчайзинг өз бастауын Еуропа елінде, ортағасырлық Францияда пайда болған.  Ол өз қызметін жалғастырып, барлық Еуропа елдері бойынша, және көптеген қала басшылары франчайзиді нарықтық саудагерлерге -белгілі бір нарықтық шекте , қандайда бір тауарға  қатысты сауда жүргізуге ерекше құқықты ұсыну. 1840 жылы неміс сыра өндірушілері осындай құқықты кейбір таверналар мен барларға өздерінің сыраларын сатуға және сыра өндірушілердің  белгілерін қолдануға рұқсат берген. 1860 жылы франчайзинг жүйесін «SINGER» дегенг тігін машинасын өндіруші фабрика ары қарай дамытып, өзінің өндірісін көркейткен. Нарықта жоғары бәсекеге ие болу үшін, франчайзингті «GENERAL MOTORS»  компаниясы сауда қатынастарында пайдаланып, қазіргі таңда әлемдегі ең ірі, сапалы өнім өндіруші компаниялардың бірі болып тадылады. 1880 жылдары енген ерекшеліктер мен жеңілдіктер: автомобильбік, құрылыстық, су құбырлары, көгілдір отын, электр қуаттары компанияларында қолданыла бастады.

Информация о работе Франчайзинг