Франчайзинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2014 в 13:47, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.
Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы.

Вложенные файлы: 1 файл

Франчайзинг.doc

— 734.00 Кб (Скачать файл)

 

Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады. Зерттеу тақырыбын жан-жақты ашу мақсатында қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтің  ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Мейрамхана бизнесі кез келген елдің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және релаксация мен рекреация функцияларының шешімдерін қамтамасыз етеді. Кафе, мейрамханалардың және дәмханалар франчайзерлерінің орналасқан жерін қарастырсақ, олардың көбі қала орталықтарында және жанданған сауда орталықтарында орналасқан. Орналасу орнына байланысты мейрамханалардың көлемі мен интерьері де өзгереді.

 

Қазақстан нарығындағы франчайзинг негізінде қызмет ететін жылдам тамақтандыру саласындағы көшбасшы «РосИнтер Алматы» кәсіпорынының  «Ростик`с», «IL Патио» мейрамханалары және «English First» компаниясы франшизаларының сипаттамалары 4-кестеде қарастырылған.

 

кесте 4- «Ростик`с фудкорт», «IL Патио» мейрамханалары және «English First» компаниясы франшизаларының сипаттамалары


Көрсеткіштер

«Ростик`с фудкорт»,

«IL Патио»

«English First»

Мейрамхананы/компанияны ашуға қажетті алғашқы жарна (АҚШ доллары)

 

25000

 

40000

 

30000

Инвестиция мөлшері  (АҚШ доллары)

170000-250000

500000

160000

Роялти мөлшері (жалпы табыстан %)

7

6

10

Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер (%)

2

2-4

10

Мейрамхана/компанияны ашуға қажетті алаң мөлшері (шаршы метр)

90

300

200-300




 

Кесте мәліметтері бойынша, Алматы қаласындағы «Рамстор» сауда кешенінде орналасқан «Ростик’с» мейрамханасын ашу үшін қажетті алғашқы жарна 25000 АҚШ долларын, ал инвестиция мөлшері 170-250 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти ай сайынғы жалпы табыстың 7 %-нан тұрады. «IL Патио» мейрамханасының алғашқы жарнасы 40 мың АҚШ доллары және инвестиция мөлшері 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл жағдай, яғни, бір компанияның франшиза құнының әр түрлі болуы әрбір мейрамхана тұжырымдамаларының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты.

Аталған төлемдерді мейрамханалардың ашылған кезден 3-6 ай өткеннен кейін өтеуіне мүмкіндік беріледі. Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер осы аймақтағы жарнама науқаны кезінде франчайзердің жарнамалық шығындарының белгілі мөлшері ретінде төленеді. Әлемдегі білім беру саласындағы ағылшын тілін үйретуге маманданған «English First» компаниясы Қазақстандағы жеке меншік франчайзингтік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компанияның мектептері дүние жүзінің 50 мемлекетінде жұмыс атқарады. Оның алғашқы жарнасы 30 мың АҚШ доллары, ал қажетті инвестициялары 160 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти мөлшері алдыңғы екі кәсіпорынмен салыстырғанда жоғары - 10%, оның себебі – білім беру саласындағы шығындар мейрамханалармен салыстырғанда төмен. 

Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер екі компанияның бизнесін жүргізу үшін франчайзингті таңдауы, оның кәсіпкерліктің бірден-бір тиімді бағыты екенін дәлелдейді. Қазақстан франчайзинг қауымдастығының мамандарымен бірге жүргізілген зерттеулер бойынша Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны айқындалды. Алайда, еліміздің көптеген кәсіпкерлерінің осындай сомаларды төлеуге қаржылық мүмкіндіктері жоқ, бұл франчайзингтің дамуын тежеуші факторларының бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

III Франчайзингтік бизнесті дамытудағы  мәселелер және оларды шешу  жолдары

           

3.1 Қазақстан Республикасында франчайзингтік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері

 

Қазақстанның еңбекке жарамды тұрғындарын кәсіпкерлік саласына тартудың барынша пәрменді құралдарының бірі франчайзинг бола алады.

Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер (ноу-хау мен бренд құқығын иеленуші) мен оператор-компанияның (франчайзи)арасында шарттық қарым –қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы франчайзердің сауда белгісін, технологиясын, маркетингілік мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін және басқа да бейматериалдық активтерін пайдала отырып,  оның стандарттар бойынша істі ұйымдастырып, жүргізеді. Франчайзингтің салалық құрылымы әдетте тұтынушылық сұранысқа сай келеді: жылдам тамақтану тораптары, мейрамханалар, қонақүйлер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бекеттері, парфюмерлік желілер, сұлулық салондар, іскерлік қызметтер көрсету және нарықтың басқа да бөліктері.

Халықаралық Франчайзинг Қауымдастығы үшін PricewaterCoopers компаниясы өткізген Franchise Business Outbook 2011 зерттеуіне сәйкес, франчайзингілік компаниялардың сатылым көлемі 835$ млрд асады. PwC компаниясы 2011 жылы франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 1,2%-ға азайып, 855 мыңға жетеді деген болжам жасайды. Франчайзингілік компаниялардың айналымы о,5 %-ға (4,2$ млрд), ал жұмыс орындарының саны 2.1%- ға (шамамен 200 мың қызметкер) азаюы ықтимал. Жалпы даму серпінінің теріс мәнді болғанына қарамастан, мейрамханалар(1.3%-ға) мен жылдам қызмет көрсету тораптарының (1.5%-ға) саны артады деп күтілуде. Ең көп төмендеуі жылжымайтын мүлік бойынша қызметтер көрсету (2.1%-ға) және бизнеске қызмет көрсету (2,8%-ға) сегментінде күтілуде.

Алайда бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік жүйесі дағдарыстық құбылыстардың ықпалына ұшырау дәрежесі барынша төмен. Сонымен қатар франчайзинг экономиканы дағдарысқа қарсы дамытудың пәрменді құралы болып табылады. Бөлшек сауда айналымының төмендегеніне қарамастан, жұмыссыздықтың өсуі франшизалардың сатылымын жандандырады.

Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингілік жүйесін Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың қазіргі сатысында ерекше тартымды ететін бірнеше ерекшеліктер бар:

Табысты бизнесті көбейіп тарату. Кәсіпкер өзінің бизнесін «нөлден» емес, бастапқыдағы «байқап көру мен қате жіберу әдісі бойынша» даму сатысынан өтіп кетіп, сыннан өткен салаларда бастауға мүмкіндік алады. Франчайзи дайын тұрған «қорапшадағы» бизнес-шешімді сатып алады, оған жолға қойылған әрі тиімді бизнес технологиялар, кепілді жеткізілім жүйесі, дайын маркетингілік тұжырымдама және қызметкерлерді бастапқы оқыту дәрістері кіреді.

Бизнес-тәуекелдерді пәрменді түрде азайту. Франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың ең сенімді жүйелерінің бірі болып табылады, бұл жүйедегі банкроттық нормасына едәуір төмен. АҚШ Сауда-Өнеркәсіп Палатасының статистикасына сәйкес соңғы бес жыл ішінде ашылған франчайзингілік кәсіпорындардың 97%-ы одан әрі қарай да табысты жұмысын жалғастырған, ал франчайзингілік емес кәсіпорындардың 62%- ы осы кезең ішінде жабылып қалған.

«Біліктілік» шегінің аса жоғары болмауы. Франшизаның болуы тіпті бизнестің тиісті саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі болмаса да, жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сол арқылы шағын бизнестің де ең басты проблемасы-кәсіпкерлердің қажетті экономикалық және құқықтық білімі болмауының мәселесі шешіледі.

«Кіру билетінің» қолайлы бағасы. Тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған салалардағы франшизаның құны 50$  мың кем болуы және 300$ мың дейін жетуі мүмкін.

Бұл орайда франчайзингті дамыту экономиканы дағдарыстан шығарып, оны сауықтыру бойынша міндеттердің кең ауқымын шешеді:

  • Елге іс жүзінде қазіргі заманғы озық технологиялар және бизнес жүргізудің әлемдегі ең үздік тәжірибесі әкелінеді.
  • Шағын бизнестің инновациялық және технологиялы кәсіпорындарын одан әрі дамыту үшін алғышарттар жасалып, бизнес-орта қалыптастырылады.
  • Шағын және ірі бизнестің тиімді түрде өзара әрекеттесуі мен ынтымақтасуы үшін алғышарттар жасалады.
  • Шағын бизнестің айқындығы арта түседі.
  • Аймақтық тұрғыдан қамту кеңейеді.
  • Халықты жұмыспен қамту мәселесі ішінара шешіледі.
  • Халықтың және бизнестің қолы жете алатын тауарлар мен қызметтердің сапасы жақсарады.

Қазіргі кезде франчайзингілік қатынастар Қазақстанда мүлде дерлік ынталандырылмай, көбінесе фрагментарлық сипат алып отыр. Халық қоныстануының жеткіліксіз тығыздығы және сатып өткізу нарықтарының шектеулігі, сондай-ақ дағдарыстың себебінен тұтынушылық сұраныстың кемуі франчайзингтің белсенді дамуын қиындатады.

  Қазақстанда франчайзингті дамытудың негізгі қиындықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Ірі бизнес пен шағын бизнес кәсіпкерліктің арасында байланыстың болмауы. Ірі компаниялар франчайзингі жүйесін емес, аймақтық дамудың филиалдық түрін артық көреді.
  • Бизнесті ұйымдастырудың осы схемасының артықшылықтары туралы  шағын бизнестің хабардарлығының жеткіліксіздігі.
  • Шағын бизнестің айқын еместігі, ал франчайзингтің негізінде қаржылық есептілік пен роялтиді есептеу ережелерінің айқындығы жатады.

Мемлекеттік жеңілдіктердің, банктік несиелердің және басқа да қаржыландыру көздерінің болмауы.  

Мен болашақ  экономист ретінде франчайзингің Қазақстанда қарқынды дамуына өз ұсыныстарымды айтсам деймін: 

1. Қазақстандағы Франчайзинг ассоциациясының қызметін кеңейту. Қазіргі таңада ҚФА қызметі тек Алматы қаласымен шектеліп қалған сияқты, өйткені ҚФА-ның ай сайынғы көрмелері, консультация кеңестері, яғни, франчайзингті дамыту шаралары тек,  Алматы мен Астанада болған екен. Осы жерде Қазақстандағы басты қалаларында   кеңселері болса, франчайзингті дамыту щаралары  көптеген қалаларда жүргізілсе, шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына өз үлесін тигізер еді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекет тарапынан, нақтырақ айтсам, Экономика және жоспарлау министрлігі үлкен қолдау көрсетіп; экономикалық жетістікке жетуде франчайзинг  тиімді құрал бола алар еді.

2. Франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлікпен айналысамын деген адамдарға, кәсіпкерлер иелеріне кредиттік жеңілдіктер беретін бағдармалар жасау. Қазір кезде кәсіпкерлер үшін банктен кредит алу ең үлкен қажеттілік болып табылады.Ал, отандық банктерден кредит алу кәіпкелерге үлкен тәуекелдікті талап етеді. Бұл кәсіпкерлер үшін қиындық тудырады.Сол себепті, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға «кредиттік жеңілдіктер» атты бағдармалар жүргізілсе, Қазақсатндағы франчайзингтің дамуына үлкен септігін тигізер еді.

3.  Қазақстан мемлекеті ТМД мемлекеттері ішінен бірінші болып,  2002 жылы  «Комплекстік  кәсіпкерлік лицензия  туралы» заң қабылдаған болатын. Шетелдік мамандардың пікірінше, Қазақстандағы заң жүйесі франчайзингтің дамуына ықпал жасайтынына сенімді. Бірақ, қазіргі таңда мемлекет тарапынан күткен үміттері ақталмай отыр. Әрине, франчайзинг дамуда, бірақ жоғарғы қарқында дамып жатыр деу қиын. Сол себепті, бұл жағдайға менің ұсынысым мынадай:

«Комплекстік  кәсіпкерлік лицензия  туралы» заңға  толықтырулар енгізу. Себебі, кәсіпкелердің айтуынша, заңда еркін  франчайзинг жуйесімен  жұмыс  істеу мүмкіндіктері толық қамтылмаған деуге болады.Сондықтан минмстрлік тарапы заңды қайта қарап, қазіргі нарықтық экономиканың барлық шарттарын орындайтындай, еркін кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін жағдай жасауы тиіс деп ойлаймын.        

 Маңызды мұндай шаралар франчайзингтік жүйемен дамитын кәсіпкерлер санын көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір адам немесе кәсіпорын иесі жаңа кәсіпкерлік ашқысы келсе немесе кәсіпкерлігін ұлғайтқысы келсе,  мұндай жағдайда франчайзингтік жүйені пайдалану өте тиімді. Франчайзингтің Қазақстандағы болашағы – үлкен жетістіктерге жетелейді.  
  Жоғарыда атап  көрсетілген менің  ұсыныстарым  Қазақстандағы  франчайзингті   кең дамуына өз  үлесін қоса алады.  Елімізде франчайзингтің  дамып,кең етек  алуы келесі жетістіктерге жетелейді:

  • инвестицияның ішкі және сыртқы ағымын күшейтеді;
  • жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хаулардың пайда болуына септігін тигізеді;
  • жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді;
  • шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуіне тұыр болады;
  • елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге  толтыруға жылдамдатады;
  • қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік тудырады;

      Осындай маңызды шаралар франчайзингтік жүйемен дамитын кәсіпкерлер санын көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір адам немесе кәсіпорын иесі жаңа кәсіпкерлік ашқысы келсе немесе кәсіпкерлігін ұлғайтқысы келсе,  мұндай жағдайда франчайзингтік жүйені пайдалану өте тиімді. Франчайзингтің Қазақстандағы болашағы – үлкен жетістіктерге жетелейді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді.

Франчайзингтіr  бизнестің қалыптасуы мен даму болашағына байланысты теориялық және әдістемелік зерттеулер негізінде келесідей тұжырымдар мен ұсыныстарды жасауға болады:

Информация о работе Франчайзинг