Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 19:41, реферат

Краткое описание

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі – халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.
Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.

Содержание

1) Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі;
3) Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін талдау;
4) Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау;

Вложенные файлы: 1 файл

реферат сунгат экономика.docx

— 36.45 Кб (Скачать файл)

Жоспар

1)   Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері;

2)   Қазақстан  Республикасының халықаралық еңбек  бөлінісінің алатын орны                         мен ролі;

3)  Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін талдау;

4) Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның           жағдайын талдау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі – халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.

Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.

Халықаралық еңбек бөлінісі – ел ішіндегі және еларалық бөлінісінің қорытындысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді.

Өндірістік процестің ойдағыдай жүруі ондағы атқарылатын әртүрлі еңбек процестерінің бөлшектеніп мамандануына, содан соң кооперацияланып, өзара жарасымды іс-қимылдарға көшуіне байланысты.

Еңбек бөлінісі – бұл қоғамдық еңбектің тарихи анықталған жүйесі. Ол қоғамның даму процесінде іс-әрекеттің сапалық дифференциация нәтижесінде қалыптасады.

Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік халықаралық деңгейде ерекше көрінеді.

Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынадай нысандарға бөлінеді:

1) қоғамдық  еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т.б.);

2) қоғамдық  еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі);

3) қоғамдық  еңбек бөлінісінің жеке-дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі).

Еңбектің аймақтық бөлінісі ел ішіндегі бөлініс және еларалық бөлініс болып келеді.

Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - қоғамдық еңбектің аларалық бөлінісінің жоғарғы сатысы. Ол жекелеген елдердің эконономикалық пайдалы өндіріске тұрақты түрде маманданып, белгілі сандық және сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.

Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі кездегі мәні бөліністің диалектикалық бірлігінен  және өндіріс процесінің бірігуінен көрінеді. Өндірістік процесс әртүрлі еңбек қызмет түрлерінің мамандануы мен жекеленуін, сонымен қатар олармен айырбасын, олардың өзара әрекеттесуін болжайды. Еңбек бөлінісі тек қана бөліну процесі емес, еңбектің бірігу тәсілі ретінде де шығады, әсіресе әлемдік масштабта.

Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын көптеген елдердің кәсіпорындары ішкі тұтынушылық немесе өндірістік сұранысты қанағаттандыруға қажетті өнімді мөлшерінен тыс анағұрлым көп өндіреді. Әр елдің шаруашылық субъектілері саналы түрде артық өнім өндіре және өзіне қажетті басқа елдердегі артық өнімді иелене отырып, оны әлемдік нарыққа өткізеді. Әрбір ел өндірісте белгілі бір тауар топтарына мамандануды жетілдіре, нығайта отырып, халықаралық нарықта басқа маманданған елдермен өздеріне қажетті тауарларды басқа тауар топтарына айырбас жасау арқылы алады. Нәтижесінде халықаралық еңбек бөлінісі әлемдік экономиканы ұйымдастырудың тәсілі ретінде көрінеді, яғни әрбір елдің кәсіпорындары белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндіруге маманданады, одан кейін олармен айырбас жасайды.

Дүниежүзілік шаруашылықтағы үдемелі өндіріс процестерін жүзеге асыруда халықаралық еңбек бөлінісінің рөлі зор. Ол, біріншіден, осы процестерінің өзара байланысын қамтамасыз етеді, екіншіден, салалық, аймақтық және еларалық қажетті пропорцияларды қалыптастырады.

Халықаралық еңбек бөлінісі ғылыми теориясы классиктерінің басты еңбегі – “Өндірістік шығындардың салыстырмалы теориясы”. Бұл теориясының негізінде әр түрлі елдердің өндіріс жағдайларындағы айырмашылықтар, олардың өнім өндіру шығындарын да әркелкі етеді деген идея жатыр. Осы идеяға сәйкес, қандай бір ел болмасын оның табиғат жағдайына қарамастан кез келген тауар өндірісін қалыптастыруға болады.

Өндірістік шығындардың салыстырмалы теориясы бойынша өндірілетін өнімнің бір түріне маманданудың, басқа бір елдегі сол өнімді өндірудің басым артықшылықтарына қарамастан, пайдалы екендігі дәлелденеді.

Өндірістік шығындардың салыстырмалы теориясы. Халықаралық еңбек бөлінісі ғылыми теориясындағы классиктердің басты жетістігі халықаралық сауда туралы экономикалық ілімнің негізгі өндірістік шығындардың “салыстырмалы теориясы” болып есептелінеді.

Салыстырмалы артықшылықтар теориясының негізіне әртүрлі жағрафиялық және табиғи ортада өмір сүретін елдер экономикаларының арасындағы табиғи өзгешеліктер идеясы қойылған. Бір елдер өнеркәсіпті дамыту, басқа бір елдер ауылшаруашылық өнімдерін, шикізатты өндіру керек. Өнімдермен өзара айырбас жалпы тұрмыстың жақсаруына әкеледі. Осы шарттардың бұзылуы ұлттық өндіріс шығындардың елеулі өсуін білдіретін болады. Мысалыға: Шотландияда жүзім өсіруге болады, бірақ оның құны айтарлықтай жоғары, ал одан алынған шарап сирек қолданылатын болар еді. Осы және басқа тауарларды өндіруге кететін шығындарды салыстыру мынадай қорытындыға әкеледі: сұранс бар барлық тауарларды өндірудің орнына, шығындарды аз қажет ететін белгілі бір тауарларды өндірудің пайдалы екендігі. Өндірістің осы тауарға мамандануы  айырбас арқылы сыртқы нарықта басқа барлық тауарларды иемденуге мүмкіндік береді.

Салыстырмалы шығындар теориясымен белгілі бір тауарды өндіруде маманданудың бір елдің екінші бір ел алдында тек қана абсолютті артықшылық шарттарында ғана емес, бұл шарттар болмаған жағдайда да пайдалы екендігі дәлелденеді.

Егер де халықаралық деңгейден төмен шығындармен бір де бір тауар өндіріле алмайтын болса, онда тауарларды өндіру кезінде біреуінің осы орта деңгейден асуы ең аз болады. Дәл осы тауарды өндіру шығындарын басқа тауарларды өндіру шығындарымен салыстыра отырып, мамандану керек. Осы жағдайдың өзінде де мамандану экономикалық әсер бере алады. Басқа да жағдай ескеріледі: оған жоғарғы артықшылық әкелетін тауарларды шығаруға мамандану керек.

Еркін бәсекенің капитализмі үшін салыстырмалы артықшылық теориясының мәнді, ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы бар. Мемлекеттерге басқа бұйымдарға қарағанда ұлттық өндіріс шығындары салыстырмалы төмен тауарларды сату, ал өз бетімен, бірақ басқа елдерге қарағанда жоғарғы шығындармен өндірілетін тауарларды сатып алу пайдалы болды.

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар. Бұл факторларға:

  1. Елдің ішкі нарығының көлемі.

Нарығы дамыған ірі елдерде қажетті өндіріс факторлары мен тұтынушы тауарларын табуға мүмкіндік жоғары. Сондықтан елдің халықаралық мамандану мен тауар айырбасына қатысу қажеттілігі төмен болады. Сол кезде елдегі жетілген нарықтық сұранс экспорттық мамандануды кеңейтумен орнын толтыра отырып, импорттық сатып алуды кеңейтуге ынталандырады.

  1. Ел экономикасының даму деңгейі.

Елдің экономикалық потенциалы неғұрлым төмен болса, соғұрлым елдің халықарлық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі жоғары болады.

  1. Елдің табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі.

Елдің моноресурстармен (мысалы, мұнаймен) жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етілуі елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысуына қажеттілік тудырады.

  1. Ел экономикасы құрылымындағы негізгі өнеркәсіп салаларының (энергетика, металлургия, қағаз шығаратын сала) үлес салмағы.

Негізгі салалардың үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі төмен болады.

Осы аталған факторлар өзінің көрінуінде абсолютті емес екенін ескеру керек. Олардың әсері мынадай жағдайда төмендеуі мүмкін, мысалы, жергілікті өнімнің халықаралық бәсекелестік қабілеттілігінің өзгеруімен, экспорттық шектелуімен.

Халықаралық еңбек бөлінісінің даму процесінде бастығы – бұл әрбір қатысушының өзінің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуынан экономикалық қызығушылық пен пайда іздеуі және табуы.

Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарына экспортталатын тауарлардың халықаралық және ішкі бағалары айырмашылығынан және тиімді импортты ынталандырудан түсетін пайдаларды да қосуға болады.

Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысу барлық мемлекеттер үшін пайдалы. Себебі, олар өндіріс құнының ұлттық және интерұлттық айырмашылықтарынан табысты болады. Сонымен, құн заңы дүниежүзілік еңбек бөлінісінің қозғаушы күші.

Дүниежүзілік еңбек бөлінісіне қатысу адамзаттың бүкіл әлемдік проблемалары - қоршаған ортаны қорғау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ғарышты, мұхиттарды игеру т.с.с. жобаларды шешуге көмектеседі.

Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі бірде-бір ел, ғылыми-техникалық және экономикалық потенциалына тәуелсіз, өзінің оптималды қызметін сыртқы экономикалық байланыстарынсыз, яғни басқа елдермен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінсіз қамтамасыз ете алмайды. Бұдан “тәуелсіздік” анық көрінеді, елдің экономикалық даму дәрежесі неғұрлым жоғары және ішкі нарық неғұрлым тар болса, соғұрлым бұл ел жоғарғы дәрежеде халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне тартылу керек.

Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу сипатын түбегейлі түрде өзгерте отырып, дүниежүзілік нарықта жаңа өзгерістерге ие болып жатыр.

Бұрынғы КСРО-да өндірістің интернационализациялануы “жоғарыдан” әкімшілік басқару арқылы, саяси деңгейде жүргізілді.

Экономикалық өзара көмек кеңесі (ЭКК) елдері сыртқы экономикалық қызметінде бір-біріне бейімделеді. Интеграция механизмі келесі элементтер көмегімен жүзеге асырылады:

  1. біріккен жоспарлы іс-әрекет;
  2. ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
  3. өндірістің мамандануы және кооперациялануы;
  4. халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі сыртқы сауда мына принциптер арқылы жүзеге асырылды:
    • “шикізат – дайын өнім”;
    • “дайын өнім – дайын өнім”.

- “шикізат  – дайын өнім” принципі “КСРО  – экономикалық өзара көмек  кеңесі елдерінің” қарым-қатынасына  тән болған.

Дүниежүзілік нарықтық кеңістікте Қазақстанның өз бетімен экономикалық дамуы болашақта дүниежүзілік нарықта дұрыс бейімделуі және халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табуы үшін сауатты капитанның бар болуын қажет етеді. Бұл үшін біз қандай өнеркәсіп өндіріс салаларында бірінші орындамыз, қандай салаларда монополист болып табыламыз, қандай салаларда дайын өнім сатып алуымыз керек, ішкі нарықта өніммен қамтамасыз ету үшін қандай салаларында өндірісті дамыту, қандай салалларда ОПЕК сияқты картель типіндегі біріккен мемлекет аралық кәсіпорындарды құру керек екендігін анықтау қажет.

Дүниежүзілік өндірісте түсті металлургия, уран рудасы, фосфор тыңайтқыштары, алтын өндіру т.с.с. салаларында алдыңғы орында тұрғанымызбен, Қазақстанды дүниежүзілік нарықта шикізатпен жабдықтаушы ретінде емес, дайын өніммен және жартылай фабрикатпен жабдықтаушы ретінде танытқан біріккен мемлекетаралық кәсіпорындарды құру жолдарын іздестіруіміз керек. Мұндай жағдайдан біздің республикамыз серіктесінің имиджін пайдалану арқылы шыға алады. Дүниежүзілік нарық - бұл “ерке қыз” және оның көңілін таба білу керек екендігін ұмытпау керек.

Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан территориясы бойынша Ресей Федерациясынан кейін екінші орында, оның территориясы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан территориясына барлығын қосқанда 240 млн. адам тұратын, сегіз еуропа мемлекеттері сияды: Франция, Испания, Италия, Португалия, Швеция, Норвегия, Греция және Финляндия. Республика 14 облыстан, 198 ауданнан, 82 қаладан тұрады, ол көптеген жер ресурстары мен пайдалы қазбаларға бай. Қазақстан сирек кездесетін табиғи байлықтарға ие.

Бұл, ең біріншіден, мұнай. Мұнайдың негізгі кен орындары Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында шоғырланған. Зерттелген мұнай қоры – 4,5 млрд.тоннаны; 5,9 трлн.куб.м. газды құрайды.

Тас көмір. Тас көмірдің 200 млрд.тонна қоры бар. Тас көмірдің негізгі кен орындары Қарағанды (кокстелген көмір), Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында шоғырланған. Тас көмірдің бірден-бір кен орны бар. Шұбаркөлдік кен орны, мұндағы тас көмірдің қоры 2 млрд.тоннаны құрайды.

Темір рудасы. ТМД елдерінің ішінде қор көлемдері бойынша (8 млрд.т.) Қазақстан Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында. Негізгі қоры Қостанай облысында шоғырланған (Сарыбай, Кашир, Лисаковск). Хром қоры Ақтөбе облысында шоғырланған (ТМД қорының 90 %).

Фосфор. Фосфордың дүниежүзілік қорының 60 % Жамбыл облысында шоғырланған. Шынында да дүние жүзіндегі екі ел фосфор тыңайтқыштары жөнінен монополистер болып табылады: Қазақстан және АҚШ.

Информация о работе Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері