Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 06:01, реферат
Экономикалық ілімдер тарихының пәні және зерттеу әдісі. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Англия және Францияда классикалық политэкономияның пайда болуы
А. Смит және Д. Рикардоның экономикалық көзқарастар жүйесі
Жоспар:
Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.
Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық қөзқарастар көне заманда да кездеседі.
Оның өмір сүру кезендерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды.
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық ілімдер тарихының пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық ілімдер тарихы пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғылым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан классиктерді (олар экономикалық ғылым пәнін қоғамдық байлықты ендіру заңдары деп есептейді); неоклассиктерді (олардың ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында ұтымды шешімдерді іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді (оларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде туындаған экономикалық қатынастарды зерттейді); кейнсшілдерді (олар экономикалық өсу факторларын зерттеген және факторлық талдау негізінде макроэкономикалық реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді (олар «экономикалық адамның» ұтымды іс-әрекетін зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы тұрақтандыру және жұмысбастылықты қамтамасыз ету факторы ретінде монетарлық, яғни ақша несие саясатын алған); институционалистерді (олар экономикалық қатынастарды әлеуметтік, саяси және рухани қатынастармен байланыстырып қарастырған) және т.с.с. бөліп қарауға болады. Дегенмен, жасалған әр түрлі тұжырымдарға қарамастан, қарама-қайшылықтар жиі кездеседі және олар классиктердің көзқарастарымен ойдағыдай ұштасып жатады.
1.2. Экономикалық ой –пікірлер қалыптасуы
Әлемде сан алуан халықтар
еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс,
айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда
өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең
қажетті шарт- аш жалаңаш, баспанасыз болмауы
үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін
тұтыну, өзара айырбас қатынастарының
болуы. Адам жападан- жалғыз күн көре алмақ
емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи
ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының
өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы
тұңғыш экономикалық ой- пікір алғашқы
адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы
деуге болады. Экономикалық қатынас өмір
қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі
экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер
Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт,
Платон, Аристотель т.б) ойшылдарының еңбектерінде
қарастырылады. Мәселен Аристотель тауар
құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас
қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ
ерте дүниелерде, орта ғасырларда экономикалық
ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның
себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда
дамымады, шаруашылық негізінен тұйық
натуралды- заттай жүргізілді.
Экономикалық ой- пікірлердің
ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда,
өнеркәсіп капиталының дами бастауына
байланысты болды. Бұл кезең негізінен
Еуропада XVI- XVII ғасырларды қамтиды. Қазақстан
елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында
сауда капиталы, тауар- ақша айналымы,
халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту
процесі бірте-бірте жанданған.
Алғашқы рет өз алдына
қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты
– меркантелистер мектебі. Ол (мерканте-итальян
сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың
негізі ақша алтын деп біледі. Меркантелистердің
талабы таурды шет елдерге мүмкіндігінше
көп сату, олардан мейілінше аз сатып алу,
сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі.
Меркантелистер рынок экономикасы теориясы
мен практикасының негізін қалаушылар
қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп
болса, қоғамның байлығы да мол болады
деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине сауда
капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та
шығар. Себебі саудагерлр, көпестер ақшасы
көбейген сайын, мал-мүлікі көп байлардың
қатарына қосылып, қоғамға қажетті тауарларды
тасмалдау, сату ісі жанданады. Демек меркантелистер
теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық
шаруашылығын толық қамтитын ілім болған
жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын
физиократтар байқады да қоғамдық байлық,
аудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді.
Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т.б
өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын
жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының
бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері,
сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана
шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп
Ф. Кенэ тұңғыш рет өндіріс теориясына
қатысты «Экономикалық кесте» жасады.
Ф.Кеннің «Экономикалық кестесі» қоғамдық
өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге
арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған
ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады.
Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы
экономикалық ой –пікірдегі күрделі жаңалық
алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек
қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық
шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз
деп есептеуі дұрыс болмады.
Классикалық саяси
экономия жаңа дамып келе жатқан капталистік
өндірістік қатынастарды дәріптеуші,
өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын
экономикалық ой-пікірдің прогрессивті
сатысы болды. Классикалық буржуазиялық
саяси экономияның басты табысы еңбек
құн теориясының негізін қалады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы
сауда және қарыз өсімқорлық капиталына
қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы
ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида
болғаны белгілі. Маркстік саяси экономия-
еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін
қорғайтын теория. Марксшілер капиталистік
қоғамды дәріптеуші экономикалық теорияларға
сын көзбен қарады. Оның себептері капиталистік
экономикалық қатынастарда негізінен
екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын
буржуазия болса, екіншісі пролетариат-қаналушы
тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік
бітіспес қайшылық бар. Бір топ дамыған
елдер (АҚШ, Жапония, ФГР, Англия, Канада,
Италия) соңғы жылдары Оңтүстік Корея,
Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі
заманғы ғылыми-техникалық революцияға
бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс
пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің
тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.
Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту,
жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру,
олардың кәсіпорындарды басқаруға демократияны
дамытуға қатысуы сиияқты жаңалықтар.
Қазақ халқының көшпелі
тұрмыс салты, экономикалық укладтары
жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік
мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні
табиғи талап деп қарасақ соңғы уақытта
басқа республикалар тәрізді Қазақстанның
өз алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен,
Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи
маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік
болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды
болуы қиын. Қоғамдық еңбек бөлінісінің
артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану,
өз экономикасының құрылымын жетілдіру
, сыртқы сауда айырбас қатынастарының
заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта
«Сауда сақал сипағанша» деген мақал бар,
сондықтан халықаралық сауда саттықтың
, дүние жүзілік рыноктың тәртібін мұқият
зерттеудің , бәсекелік күрестің ұмтылмас
жолын меңгерудің маңызы арта бермек.
Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында
рынок теориясы мен тәжірибесін жедел
және жан-жақты игеру міндеті тұр.
2.Англия және Францияда классикалық политэкономияның пайда болуы
Англиядағы классикалық саяси экономия капитализмнің қалыптасу кезеңінде пайда болды. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистік өндірісті зерттеп сонымен бірге, саяси экономияның ғылыми негізін қалады. К. Маркс жазғандай, «Классикалық саяси экономия - бұл, сонау У. Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділіктерін зерттеген, бүкіл саяси экономия». Саяси экономия классиктері, зерттеу пәнін айналым аясынан өндіріс аясына ауыстырып, еңбек құн теориясы негізін қалай отырып және капиталистік ұдайы өндірістегі қосымша құның кейбір формаларына талдау жасау арқылы, меркантилистермен салыстырғанда экономика ғылымының алға дамуына үлкен қадам жасады.
Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік формасы деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың қорлану жинақтары айналым саласында емес, өндіріс саласында, осыдан туған проблемаларды шешуге кірісті.
Аталмыш үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады.
У. Петти – ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы
Уильям Петти (1623-1687 жж) – Англиядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның негізгі еңбектері: «Салықтар мен алымдар туралы трактат» (1662 ж); «Ирландияның саяси анатомиясы» (1672 ж); «Саяси арифметика» (1676 ж); «Ақша туралы бірнеше ауыз сөз» (1682 ж);
У. Петти саяси экономияға, жаңа әдіс кіргізіп - құбылыстың мәнін талдап, экономикадағы себепті қатынастар мен олардың заңды байланыстарын көрсетті.
Петтидің көзқарасы меркантилизмнен классикалық саяси экономияға баяу ауысу сипаттын білдірді. Оның ілімінде әлі бірегей және біртұтас теориялық көзқарастар жүйесі болмағанымен, өзі негізін салған еңбек құны теориясын пайдалана отырып, тауар бағасы, еңбек ақы, жер бағасы және т.б. сол сияқты экономикалық құбылыстарды түсіндіруге талпыныс жасады. Оның теориясы бойынша, құн-еңбек шығындарымен анықталады. Бірақ Петти еңбектің қосарлы сипатын білмеді, тұтыну құнын құнменен араластырды. У Петти сондай-ақ еңбекпен қатар, табиғатта құн көзі болып саналады деп болжады. «Еңбек-әке және байлықтың белсенді мақсаты, ал жер-оның анасы» деген нақал сөз дәл сол Петтиге жатады.
У. Петтидің еңбекақы туралы ілімі оның құн теориясымен байланысты. Өзінің ой тұжырымдарында ол жұмыс күші емес, еңбек - тауар болып саналады деді, ол сияқты классикалық саяси экономимияның бүкіл өкілдері де солай деп санады. Петти, еңбекақы - бұл еңбектің бағасы деді. Оның мөлшері – бұл жұмыскерлердің өмір сүруінің ең аз мөлшердегі қаржысы, яғни жұмыскерлерге төленетін ең аз мөлшердегі қаржы немесе олардың жасаған құнының бір бөлігі ғана, ал өндірісте жасалған құнның басқа бөлігін капитал иелері пайдаланады.
У. Петтидің рента туралы ілімі, сондай ақ, оның еңбек құны теориясына сүйенеді. Рента оның көзқарасынша, бұл өндіріс шығындарын алып тастағандағы егіншіліктен алынатын өнімдердің құны, яғни рента еңбекақының үстінде жасалған артық құн ретінде немесе қосымша еңбек өнімі. Петти іліміндегі дәл осы рента, қосымша құнның негізгі формасы ретінде қатысады. Петти рынокқа салыстырмалы түрде алғанда жердің әртүрлі орналасу жағдайымен байланысты дифференциалды рентаны еске салады. К. Маркс атап өткендей, “Петти А. Смитке қарағанда дифференциалды рентаға жақсы түсінік берді”.
У. Петти бойынша ссудалық процент - бұл жер рентасынан өндірілетін, және жердің бағасынан пайда болатын табыс. Бірақ бұл шынайы емес. Шын мәнісінде ссудалық процент жердің бағасына қатысты емес, керісінше, жердің бағасы ссудалық процент нормасына қатысты болады. Ссудалық процент нормасының өзі орта пайданың нормасынан туады және ссудалық капиталға сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.
Пайданы экономикалық жүйеде дербес категория ретінде У. Петти қарастырмаған. Жердің бағасы туралы Петтидің ілімі, капиталданған (қорланған) жер рентасы, жердің баға түсінігі, оның осы категорияға неғұрлым жақын келгендігін көрсетеді. Бірақ жер бағасының проблемаларын дұрыс шеше алмады. Ол бар болғаны жер бағасының бірде - бір фактордан – жер рентасына тәуелді екендігін анықтады. Сондай ақ жер бағасы жер рентасы емес, ссудалық проценттің капиталданған деңгейі деді. Тұтастай алғанда, У. Петтидің ілімін бағалай отырып, сол кездегі барлық маңызды деген экономикалық еңбектер оның көзқарастарымен байланысты- дұрыс немесе қате деген түрде қабылданғанын атап өту керек.
Пьер Буагильбердің (1646-1714 жж) негізгі шығармалары: «Францияның жай-күйін толық сипаттау» (1696 ж) – меркантилизм саясатын қатаң түрде сынау; «Байлық табиғаты туралы трактат» (1707 ж) – Франция экономикасының дағдарысты жағдайын сипаттау; «Франция айыптайды» (1707ж) – ауыл шаруашылықты байлықтың көзі ретінде негіздеу.
П.Буагильбердің еңбектерінің басты мақсаты меркантилизмді сынап, ауыл шарушылығын дамыту болды. Оның ойынша ауыл шаруашылығы экономияның өсуі мен мемлекет байлығының негізгі көзі деген пікірі- Францияның экономикалық идеясында XVIII ғасырдың орта кезіне дейін сақталды. Осы кезде П. Буагильбердің ойы мен танысқан король Людвиг XIV мануфактураны ұлғайтуға мемлекеттік протекция (қолдау) көрсетіп француз тауарларын экспортқа шығаруды қолдады, сыртқы – импортты тежеп, ауыл шаруашылығы өндірісіне жоғары салық салуды заңдастырды. Бұл өнеркәсіп өндірісінің дамуын тежеп, ұлттық шаруашылыққа үлкен зиян келтірді.
Фермерлік ауыл шаруашылық экономикалық қатынас қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының шешуші күші деген физократтардың ойларын қолдаған П. Буагильбер “Франция айыптайды” деген еңбегінде үкіметті қатты сынады, сол үшін бұл кітапқа тіпті тыйымда салынды, осыған қарамастан Буагильбер үкіметті сынаған жерлерін алып тастап, экономикалық реформаны жүргізудің керектігін дәлелдеп, кітапты үш рет қайта шығарды. Бірақ үкімет министірлерінен қолдау таба алмады.
П. Буагильбер , У. Петти сияқты меркантилистерге қарсы қоғамдық “байлықтың” өзіндік концепциясын берді. Оның пікірі бойынша ақшаның байлығы оның жиналған массасында ғана емес, сонымен бірге қажеттілікті қамтамасыз ететін заттарды – тауарларды (нан, ет, сүт, шарап, киім-кешектер және т.б).. жатқызды. Мұндай “байшылық” жер иеленушілердің жақсылығынан, ақшаның көптігінен емес, жерді өңдеп, оны уақытында дайындап егін егіп, еңбек сіңіріп, өнім алу керектігін, онсыз өмір сүру мүмкін еместігін дәлелдеді.
Жалпы П. Буагильбер бойынша экономика ғылымының басты міндеті тек қана ақшаны көбейту ғана емес, сонымен бірге тамақ пен киімді көп өндіру, яғни У. Петти сияқты саяси экономия пәні өндіріс саласын талдап, айналым саласына қарағанда оның қоғам дамуына, байлықтың өсуіне маңызы жоғары екендігін мойындады. Буагильбердің өндіріс пен айналыс қатынастарын зерттеу тәсілдерінің ерекшелігі:
Англиядағы Петти сияқты Буагильбергеде еңбек құны теориясын негіздеуші деген (Петтиге тәуелсіз түрде) ат берілді. Ол «нақтылы құн» шамасы еңбек шығындарымен анықталады деді.
Информация о работе Экономикалық ілімдер тарихының пәні және зерттеу әдіс