Қазақстандағы акционерлік компаниялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 07:51, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3

1.ШаруашылыҚ жҮргізудіҢ акционерлік формасыныҢ теорИЯлыҚ негіздері
Акционерлік компаниялардың пайда болу тарихы және олардың дамуы……………………………………..…………………… 6
Акционерлік қоғамдардың мәні мен мазмұны.………….. 11

2. қазақстан республикасындағы АҚ- НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ (АҚ системотехника мысалында талдау)
2.1 Акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігі және олардың дамуы ………………………………………………………….19
Акционерлік қоғамның анализі мен талдауы.................20

ҚазаҚстан Республикасында акционерлік ҚоҒамдардыҢ Қалыптасу мен даму ерекшеліктері
3.1 Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың жағдайы мен қызмет ету шарттарын талдау………………………………..………..24

Қорытынды………………………………………………..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………30

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_29.doc

— 169.00 Кб (Скачать файл)

 

    1. Акционерлiк қоғамның анализi мен есептiк талдауы 

Қазақстан Республикасының  нарығында “Системотехника” компаниясы 1994 жылдан бері қызмет атқаруда. “Системотехника” акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының ірі, ұлттық компанияларын компьютерлік бағдарламамен жабдықтайды. “Системотехника” АҚ-ы қызмет көрсететін мемлекеттік компаниялар, ол КазАтомПром ұлттық компаниясы, ҚазақМыс ұлттық компаниясы, сонымен қоса тағы кішігірім жеке фирмаларға өзінің қызметін көрсетеді.

“Системотехника”  АҚ-ның дүние жүзіне танымал SIEMENS корпорациясының техникасымен және SIMATIK Field PG бағдарламасы көмегімен өз қызметін жүзеге асырады. Барлық жасаған қызметі мемлекеттік стандарттарға сай келеді. Компанияларға енгізетін компьютерлік бағдарламалар тұрақты түрде жаңартылып, қызмет көрсетудің тиянақтылығы, жылдамдығы тұтынушыларды тартады. Компания өз тұтынушыларына көрсетілген қызметтердің ең жоғарғы сапасын кепілдендіреді. “Системотехника” АҚ-ы компьютерлік бағдарламаларды жабдықтау контракт негізінде жүзеге асырылады.

Компаниядағы  барлық жұмыстарды кәсіби мамандар, өз ісінің шеберлері жүзеге асырады, себебі олардың қызметінің нәтижесі табысты  қамтамасыз етеді. Компания кадрлары оның ең бағалы активтері болып келеді. Сондықтан компания өз қызметкерлеріне еңбегіне қарай ақысын төлейді, мүмкіндігінше ынталандырады, кәсіби және карьералық өсуіне мүмкіндіктер береді, жақсы еңбек жағдайымен қамтиды.

2000 жылдан бастап “Системотехника” АҚ-ы компьютерлік техникаларды, күрделі тұрмыстық аппараттарды жөндеу техникалық кәсіби орталығын ашты. Техникалық орталық барлық клиенттерге ерекше маңызды. Тұтынушының аудио және бейне аппараттары, күрделі тұрмыс техникасын жөндеу үшін ақыл-кеңес беру, тұтынушыға жөнделген аппараттардың жөнделгені туралыхабар беру үшін байланыс жүйесі құрылған. Техникалық кәсіби орталықтың басты қызметі жөндеу жұмыстарынан басқа ақаулы бөлшектерді алмастыруға байланысты қызмет көрсетеді.

“Системотехника”  акционерлік қоғамның шаруашылық қызметінің сипаттамасы төмендегі 1-кестеде  көрсетілген.

1-кесте.

“Системотехника” АҚ-ның шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері 2004 жыл.

Мың тг.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2003 жыл

2004 жыл

Ауытқу (+;-)

Өсу қарқыны

1

Сатудан түскен табыс

Мың теңге

64555

70684

+6129

109,4%

2

Сатылған  өнімдердің өзіндік құны

 

Мың теңге

 

42098

 

39331

 

-2767

 

93,42%

3

Жалпы табыс

Мың теңге

22457

31353

+8896

139,6%

4

Кезең шығындары

Мың теңге

15222

17821

+2599

117,07%

5

Салық салынғанға дейінгі табыс

 

Мың теңге

 

7235

 

13532

 

+6297

 

187,03%

6

Таза табыс

Мың теңге

4819

10056

+5237

208,6%

7

Табыс рентабельділігі

 

Пайыз

 

7,46

 

14,22

 

+1,9

 

190,6%

8

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны

 

Адам

 

36

 

42

 

6

 

116,6%

9

Негізгі құралдардың жылдық орташа құны

 

Мың теңге

 

6548

 

13643

 

+7095

 

208,3%

10

Қор қайтарымдылығы

Мың теңге

9,85

5,18

-4,67

52,5%


 

 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай сатудан түскен табыс 2003 жыл көрсеткішімен салыстырғанда 9,4 %-ға өсіп, 70684 мың теңгені құраған, яғни 6129 мың теңгеге өскен. Сатылған өнімнің өзіндік құны 6,58 %-ға кеміп, 39331 мың теңгені құрап отыр. Бұл дегеніміз кәсіпорын басшыларының тауардың сапасын арттырып оған деген сұранысты күшейткен, соның барысында өндірілген өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әкеліп отыр. Кезең шығындары 2599 мың теңгеге артқанымен, компанияның таза табысы 108,6 %-ға артып оң нәтиже беріп отыр.

Табыс рентабельділігін табу үшін таза табысты сатудан түскен табысқа бөліп шыққан нәтижені 100 %-ға көбейтеміз. Бұл көрсеткіш көрсетіп отырғандай әрбір сатудан түскен табыстың 1000 теңгесіне 14,22 %-ы таза табыс.

Жұмысшылардың 6 адамға артуы, компанияның 6 жас маманның өзінің компаниясына шақыруынан туындап  отыр.

Негізгі құралдардың  орташа мөлшері 7095 мың теңгеге көбейген, ол негізгі құралдардың нарықтағы бағасының көтерілуінен және де компанияның жаңа негізгі құралдарды сатып алуымен байланысты болып отыр. Қор қайтымдылық коэффициентінің кемуі 4,67 кемуі, негізгі құралдарды дұрыс пайдаланбауы әсерінен болып отыр.

 

  1. ҚазаҚстан Республикасында акционерлік ҚоҒамдардыҢ Қалыптасу мен даму ерекшеліктері

 

3.1 Қазақстандағы  акционерлік қоғамдардың жағдайы  мен қызмет ету шарттарын талдау

Ең алғашқы  акционерлік қоғамдар біздің елде 15.12.1990 жылы “Меншік туралы” және 13.02.1991 жылғы “Қазақ ССР-індегі кәсіпорындар туралы” Заңдарды жүзеге асырумен пайда болды. Ал одан кейінгі қабылданған 26.06.1991 жылғы “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” және 22.06.1991 жылғы “Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы” Қазақ ССР-інің Заңдарын ресми түрде бекітіп,  акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар түсініктеріне заңды түрде анықтама беріліп, мемлекеттік кәсіпорындарды республика үшін жаңа шаруашылық жүргізуші субъекті формасына түрлендіру реті мен мерзімі анықталды [13. 74 б.]. Яғни, акционерлік қоғамдар ең алғаш бізде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің бір түрі – акционерлендіру негізінде пайда болды. Жекешелендірудің негізгі мақсаттары:

  1. Рентабельділігі төмен және тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарды субсидиялау мен дотациялау негізінде пайда болған бюджет дифицитін азайту;
  2. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін көтеру және сол арқылы Ұлттық экономиканың тиімділігін өсіру болып табылады.

Бірақ, постсоциалистік  елдердегі  жекешелендіру ерекшелігіне оның, ең алдымен, экономикалық жүйенің сипатын өзгертуге бағытталуы және рыноктық қатынастарды қалыптастырудың алғышарты болып табылатындықтан, еліміздегі жекешелендірудің, соның ішінде, оның негізгі формаларының бірі – акционерлендіру процесін жүзеге асыруда бірқатар ерекшеліктер орын алды.

Қазақстан Республикасында  меншікті рефрмалаудың бірінші кезеңінде (1991-1992 жылдары) акционерлендіру өзінің қажетті деңгейіндегі дамуына ие бола алмады. 1992 жылдың аяғында Қазақстанның халық шаруашылығында барлық жекешелендірілген объектілер санының 8.4%-ы ғана акционерлендірілді, онда барлық халық шаруашылық жұмысшыларының 4%-ы ғана жұмыс істеді және мұнда өнеркәсіп өнімдерінің 16.3%-ы өндірілді. Акционерлендіру процесі өнеркәсіп, сауда, құрылыс және көлік саласында неғұрлым белсенді жүрді, барлық акционерлендірілген кәсіпорындар ішінде сәйкесінше 42.3%; 15,5%; 12,5% және 7,5%-ды құрады. Облыстар мен қалалар арасында акционерлендірудің жоғары үлесі Алматы қаласына – 15,9%, Павлодар облысына – 12.6%, Оңтүстік Қазақстан – 8.6% , Қарағанды және Көкшетау –7.5 %-дан, ал ең төмені - Батыс Қазақстан – 1.0%, Жезқазған –1.2% және Солтүстік Қазақстан –1.7%-дан келген.

Бұл, ең алдымен, ҚР-дағы мемлекеттік меншік объектісін мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші кезеңінің ерекшелігі мен идеологиясына байланысты болды, яғни әртүрлі себептерге байланысты бұл процесті жүзеге асырудың акционерлендіруден басқа экономикалық формалары таңдалды.

Тек қана Қазақстан  Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы (ІІ кезең) мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасын қабылдаумен бұл бағыт түбірімен өзгеріп, акционерлік қатынастардың дамуына ерекше көңіл бөліне бастады. Нәтижесінде,  мемлекеттік кәсіпорынды акционерлендіру процесінің дамуы жедел қарқынға ие болды. Бұл Қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорындарды жаппай  жекешелендірудің басталуымен байланысты болды. Төмендегі 1-кестеде Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру нәтижесінде орын алған акционерлендіру процесінің деңгейін көруге болады. Сондай-ақ, осы кестеден 1992 жылмен салыстырғанда 1994 жылы акцинерлендіріу деңгейінің өскендігін көруге болады. Және де оның жоғары деңгейі 1992 жылы Жамбыл мен Павлодар облысында орын алса, ал 1994 жылы  Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарынан байқауға болады. Қазақстан Республикасы бойынша жалпы 3 есеге жуық өскендігі байқалады /8,4-тен 25-ке/.

Қорытынды

Қазіргі күні нарықтық экономиканың қатаң заңдарына бейімделе алған  тек қана 5000-ға жуық АҚ-дар жұмыс  жасайды. Бірақ, осы қоғамдардың  қызмет ету жағдайы қандай, ол бастапқыда оған қойылған талаптарға сай келе ме: бағалы қағаздар эмиссиясын бағал қағаздар нарығына оналастырып, нарық механизмдерін ескере ме?

Алғашқыда АҚ-дар /бағалы қағаздар нарығының  негізгі субъектісі ретінде/ бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне әсер етеді деп болжанған, бірақ шындығында бағалы қағаздар нарығына қатысуда акционерлік қоғамдардың көп бөлігі, ең жақсы дегеннің өзінде, тек қана акция эмиссиясын тіркеумен ғана шектеледі. Сонымен қатар, кейбір акционерлік қоғамдар тіптен акция эмисссиясының мемлекеттік тіркеу құжаттарын да көрсетпеген. Акцияны шығару мен орналастыру қорытындысы бойынша есеп беруін де жарияламаған.

Курс жұмысын  жазу барысында тәжірибемді өткен  “Системотехника” ЖАҚ-ның мәліметтері  қолданылған. “Системотехника” ЖАҚ-ы  компьютерлік бағдарламамен басқа  ұйымдарды жабдықтайды. Шығарған өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратады. Ұйымдарда экономикалік есеп типтік шоттар жоспары бойынша компьютерлік жүйеге көшіріліп, ұйымдастырылады. Есеп жүргізу SIMATIK Field PG бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. SIEMENS компаниясының өнімімен және құрал-жабдығымен жұмыс жасайды. Негізгі тұтынушылары КазАтомПром ұлттық компаниясы және ҚазақМыс компаниясы болып табылады. Бағдарламаларды бейімдеуі ұйымның мамандары жүзеге асырып, кепілдік мерзімі біткенше бақылауға алып отырады.

Бағдарламамен жабдықтаумен қатар компьютерлерді, тұрмыстық техникаларды жөндеу жұмыстарын да қоса атқарады.

“Системотехника”  АҚ-ның 2004 жылы жалпы түсімі 70684 мың  теңгені құраған.

Негізінде кез келген акционерлік  қоғамның өмір сүру әдісі – акция шығару болып табылады және оның номиналды құны болуымен қатар, дивиденд алуға құқық беруі тиіс, сондай-ақ акциоенрлік қоғамдар  бағалы қағаздар нарығының дамуына жағдай жасауы тиіс. 

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы  акционерлік қоғамдардың дамуында келесідей негізгі мәселелерді көрсетуге болады:

  1. қарапайым халықтың көбінің акционерлік қатынастар мәселелерін түсінбеуі;
  2. көптеген қоғамдарда акция "акция" болып табылмайды;
  3. акционерлік қоғамдардың үлесінің көптігі;
  4. ашық акционерлік қоғамдардың акция эмиссиясын жүргізбеуі;
  5. Заңдық базадағы қайшылықтар /24/.

Осындай бірқатар мәселелерді шешу жолдары:

  1. Заңдық базаны ретке келтіру.
  2. Акционерлік істі білетін мамандарды дайындау /қаржыгерлер, брокерлер мен диллерлер, қаржы менеджерлері, т.б./.
  3. Акцияның әлеуметтік қағидасын максималды түрде сақтай отырып, тарату керек. Акционерлік қоғамды құрғаннан кейін салымшыларға қоғамның жағдайы туралы ақпарат беріп, акционерлік капиталдың жұмсалуын қатаң бақылау.

Міне, осындай  мәселелерді шешудің бірден-бір  жолы ретінде парламент акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының минималды мөлшерін ұлғайту арқылы акционерлік қоғамдар қызметінің олардың инвесторлар үшін тартымдылығын көтеруді ұсынды. Менің ойымша, зауытты басқаруды ұйымдастыру құрылымын әлі де болса жетілдіре түсуіміз керек. Мысалы, талдау және болжам жасау бөліміне қарайтын маркетинг бөлімшесін коммерция бөліміне біріктіріп, керісінше коммерция бөліміне қарасты қоймалар бөлімшелерін қызмет көрсету бөліміне ауыстыру қажет, сонымен қатар осы жерде талдау және болжам жасау бөлімінің орынына тек қана қызмет көрсету бөлімі деп қалдыру қажет.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлiк есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі” заңы, 26.12.1995. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 24.06.2002.)
  2. Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет жөніндегі” заңы, 18.11.1998ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2001.)
  3. Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі” заңы, 1.01.2000.
  4. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлiк есеп: Оқу құралы. А: Қазақ Университеті, 1999.
  5. Вещунова Н.Л., Фомина Л.Ф. Экономикаский учет на предприятиях различных форм собственности: М., 1999.
  6. Дуйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы. А.: Экономика, 1999.
  7. Н.А.Назарбаев. Рынок и социально-экономичское развитие. -М.:Экономика, -1994.
  8. Каминка А.И. Акционерные компании. Т.1. -С.-Пб.:1902.
  9. Тарасов И.Т. Учение об акционерных компаниях. -М.:1998.
  10. Маркс К. Капитал. Т 4.
  11. Писемский П. Акционерные компании с точки зрения гражданского права. -М.:1876.
  12. Указ от 27 октября 1699 года /Свод Законов Российской империи /№1706/.
  13. Метелева Ю.А. Правовые положения акционера в АО-е.-М.:1999.
  14. Шершеневич Г.Ф. Курс торгового права.Т.1.       -С.Пб.:1908.
  15. Кошанов А.К.,Рамазанов А.А., Бисембаев А.А. и др.формирование системы акционерных отношений в РК. -А.:Гылым,1995.
  16. Кошанова Ж.А. Становление акционерной собственности в условиях перехода экономики Казахстана к рыночной экономике. Канд. Дисс.А.:1995.
  17. ҚР-ның Азаматтық кодексінің ресми мәтіні/Жалпы және ерекще бөлімдер/:-А.:Жеті жарғы, 2000.-59-65 б.
  18. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы Заңы/16.05.2003/..



Информация о работе Қазақстандағы акционерлік компаниялар