Қазақстандағы кедейшілік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:09, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатым: Кедейшілікке қарсы күрес жүргізу – мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі болып танылады. Қазақстанның әрбір аймағына кедейліктің өзіндік деңгейі мен сипаты тән. Сондықтан кедейшілікке қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын дайндағн дұрыс болар еді. Әр аймақтың бағдарламасын жасағанда, оған кіретін барлық аудандарды жеке-жеке зерттеу керек. Оның үстіне ең ауыр әлеуметтік жағдайға тап болған аймақтар мен аудандарды бөліп көрсету керек. Кедейшілікке бөлінетін қарыжатты ең алдымен осы аймақтар мен аудандарға жұмсау керек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 бөлім. Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі................................5
1.1. Кедейшілік және оның өлшемі.....................................................................
1.2. Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық категория ретінде................................

2 бөлім. Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы.
2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің қазіргі жай-күйін талдау
2.2. Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және оны шешу жолдары

Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ.docx

— 64.96 Кб (Скачать файл)

Қылмыстың өсуі кедейшіліктің  ең негізгі теріс салдарының бірі болып табылады. Жалпы қылмыстылық  табыстарын заңсыз жолмен алуға мәжбүр болған халықтың табыстары төмен  топтары арасында кең таралды.

Кедейшіліктің басқа кері салдары болып девиантты меніз-құлықтың әр түрлі нысандарының өсуі табылады, оның ең ауыр нысандарына алкоголизм жән нашақорлық жатқызылады. Ең осал әлеуметтік топтарға бас бостандығынан  айыру орындарынан шыққан тұлғалар жатқызылады. Олар еңбек және тұрмыстық  жақта көмектің көрсетілуін талап  етеді, өйткені олардың абсолютті  көп бөлігі бостандыққа шыққан кезде  кедейшілік шегінен тыс қалады. Тұрақты  мекен-жайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталықтары барлық аймақтарда қызмет көрсетпейді. Қазіргі кезде  елде мұндай орталықтардың тек 11 ғана жұмыс істейді. Ашылу кезінен  бастап әлеуметтік бейімделуден 3,5 мың  адам соның ішінде бұрын сотталған  адамдар өтті.

Қалалық кедейшілік мәселесі «шағын қалаларда» өте айқын көрінеді. Ол бірқатар себептермен ұлғайтылады: экономикалық белсенді хлық санының  қысқаруы, білім берудің төмен  деңгейі, кәсіпкерлік дағдылардың  болмауы, денсаулық сақтау қызметтерінің  төмен сапасы және осы қалалардың тозған физикалық инфрақұрылымы. Қайыршылық пен жеке деградация жастар ішінде пессимистік көңіл-күйді туындатады, олардың жарқын болашаққа үміттерін  үзеді.

Жалпы ел бойынша ауылдық  кедейшіліктің себептері жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен және халық табыстарының төмен деңгейімен шарттасылған. Жағдайды сондай-ақ демографиялық факторлар (асырауындағы адамдардың саны көп  болатын отбасылардың үлкен саны) нашарлатады. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі, әсіресе жастар үшін ауылда өте шектелген.

Халықтың төмен табыстарын назарға ала отырып, жеке қосалқы  шаруашылық ауылдық жерлерде ерекше мінге ие болады. Ауылдағы жолдардың  жартылай қираған жағдайы ауылдың  экономикалық дамуын шектейді. Мектептер, ауруханалар, мәдениет пен спорт  мекемелері санының қысқаруы ауыл тұрғындарының, әсіресе кедей адамдардың адами  даму мүмкіндіктерін шектейді.

Ауылды дамытудағы мемлекеттік  қолдау, қаржыландыру көлемдерінің артуы  ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталуы керек. Салқы  салу саясаты ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуы үшін қолайлы болуыға тиіс. Ауыл шаруашылық өнімдлерін мемлекеттік сатып алу  жүйесін қайта қарау керек, ауыл тұрғындарының несиелерге, соның  ішінде микронесиелеуге қолжеткізу үшін, әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерінің  өзіндік құнын төмендету мақсатында оның өндірушілері үшін жағдайлар жасау  керек. Кеңес беру, зоотехникалық, агрономиялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтерді  ұсыну қажет.

Кедейшілік деңгейін төмендетуге  бағытталған стратегияларды жүзеге асыру керектігі туындауда.

Кедейшілік деңгейін тиімді төмендету үшін маңызды алғышарттар  болып мемлекеттік органдарының үйлестірілген күштері мен олардың  арасында функцияларды қатаң тарату саналады.

Мемлекет пен қоса кедейшілік мәселелерін шешуде үлкен рөл  азаматтық қоғам ұйымдарына, соның  ішінде ғылыми-зерттеу институттар, үкіметтік емес және діни ұйымдарға  беріледі. Маңызды рөлге әлеуметтік диалог пен кәсіподақтардың дамуы  ие болады: әлеуметтік және еңбек қатынастары  кәсіподақтар, жұмыс берушілер мен  мемлекетпен шешілуге тиіс. Бұқаралық  ақпарат құралдары есеп беру мен  айқындылығын жоғарылату, сондай-ақ адамдардың өміріне ықпал тигізетін саяси  шешімдерді қабылдауда қоғамдастықтың қатысуын қамтамасыз ету құралына айналу керек. Несиелер мен техникалық көмек  түріндегі донорлық көмек қаржылық базаның нығаюына, азаматтық қоғам  әлеуетінің нығаюына және кедейшілікпен  күресу облысында халықаралық тәжірибемен  алмасуға жағдай жасайды.

Халықтың жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мобильдігі, жергілікті бастаманың дамуы және өзіндік көмек топтарының құрылуы да кедейшілік мәселелерін  шешуде және Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатуда маңызды рөл атқарады.

 

 

 

Қазақстандағы кедейшіліктің  қазіргі жай-күйін талдау

      Экономиканың  дамуы - кедейлiкпен тиiмдi күрестiң  маңызды шарты. Соңғы жылдары  Қазақстанның экономикалық көрсеткiштерi экономиканың тұрақты өсуiн дәлелдеуде. 2011  жыл iшiнде ЖIӨ-нiң нақты  өсуi 2009 жылға қатысты 28% құрады. Осы  кезеңде кедейлер үлесi 39%-дан  28,4%-ға дейiн кемiдi. Ел халқының  ақшалай табыстары көрсеткiштерiнiң  серпiнi және ең төменгi күнкөрiс  деңгейi халықтың тұрмыс деңгейiнiң  жақсаруын дәлелдейдi. 2010 жылғы тамыздан  бастап жан басына шаққандағы  халықтың тұтынуға жұмсаған орташа  ақшалай табыстарының мөлшерi ең  төменгi күнкөрiс деңгейiнен аса  бастаған. Бұл үрдiс 2011 жылы сақталды: жан басына шаққандағы тұтынуға  жұмсалған орташа табыстың және  ең төменгi күнкөрiс шамасының  арасалмағы 121,2%-ды құрады.

 

2 кесте.

Жыл

ЖІӨ-ң нақты  өзгеруі,өткен жылға %-бен

Жұмыссыздық деңгейі,%

Табысы ең төмен  күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі,%

Табысы азық-түлік  қоржыны деңгейінен төмен халықтың үлесі,%

Кедейліктің тереңдеуі,% 1

Кедейліктің өткірлігі,% 2

Квинтиль топтары  бойынша Джини коэффициенті, % 3

Қорлар коэффициенті (байлардың 10%-ның кедейлердің 10%-на табыстары),% 4

2006

100,5

13,0

34,6

11,4

5,2

 

0,319

 

2007

101,7

13,0

38,3

12,7

12,1

3,1

0,338

10,2

2008

98,1

13,1

39,0

16,2

12,8

3,8

0,347

11,3

2009

102,7

13,5

34,5

14,5

13,7

5,5

0,340

11,10

2010

109,8

12,8

31,8

11,7

10,3

4,0

0,343

11,9

2011

113,5

10,4

28,4

11,3

7,7

3,0

0,348

11,3




 

      1 Кедейлiк тереңдiгi - белгiленген өлшемнен (ең төменгi күнкөрiс деңгейi, кедейлiктiң азық-түлiктiк шегi және кедейлiктiң белгiленген шегi) зерттелушi үй шаруашылықтары мүшелерiнiң табыс деңгейiнiң орташа ауытқуын көрсететiн кедейлiк индикаторы.

      2 Кедейлiктiң өткiрлiгi - кедейлiк тереңдiгiнiң мейлiнше толық сипаттамасы болатын кедейлiк индикаторы. Белгiленген өлшемнен зерттелушi үй шаруашылықтары мүшелерi табыстары тапшылығының ауытқу шаршысының орташасын және кедейлер табыстарының әркелкi дәрежесiн көрсетедi.

      3 Джини коэффициентi (Табыстардың шоғырлану коэффициентi) - теңсіздiк дәрежесiн сандық бағалауға мүмкiндiк бередi. Ол бiркелкi бөлу желiсiнен халықтың сандық тең топтары бойынша табыстардың iс жүзiндегi бөлiнуiнiң ауытқу дәрежесiн белгiлейдi.

      4 Қорлар коэффициентi - оныншы және бiрiншi децилдiк топтар бөлiнуiнiң iшкi қатарында халықтың салыстырылатын топтарының орташа табыстары арасындағы ара қатынасты өлшейдi.

        2007 жылмен  салыстырғанда, 2011  жылы халықтың  өздiгiнен жұмыспен қамтылғандарының  саны 28,8%-ға өскен. Шағын бизнеспен  айналысатындар санының өсуi байқалуда.  Соңғы eкi жылда өнеркәсiп, көлiк,  байланыс және коммуналдық салаларда  істейтiндер саны бiршама өскен.  Мемлекеттiк бюджетке түсiмдер  көлемi өсуде (eгep 2010 жылы мемлекеттiк  бюджет кiрiстерi ЖIӨ-нiң 22,6%-ын құраса, 2011  жылы Ұлттық Қорға есептелген  салықтарды ескергенде, кiрiстер  ЖIӨ-нiң 25 %-ын құраған).

         Тұтастай алғанда ел бойынша  халықтың тұрмыс деңгейiнiң орнықты  жақсаруы байқалуда. Алайда, бұл  үрдiс Қазақстанның барлық аймақтарында  орын алмай отыр. Джини коэффициентi 2006 жылғы 0,319-ге қарағанда 2011 жылы 0,348-ге өстi.

         Экономиканың соңғы жылдардағы  өсуi халық денсаулығының орташа  көрсеткiштерiнiң жақсаруына ықпал  етсе де (мысалы, өлiм-жiтiм және  ауру көрсеткiштерiнiң тұрақталуы), инфекциялар, сондай-ақ әлеуметтiк  қолайсыз аурулар (туберкулез  және басқалары) саны өскен  немесе олардың төмендеу үрдiсi  байқалмайды.

        Қазақстан аумағы бойынша кедейлiктiң таралуында елеулi өңiрлiк ерекшелiктер бар, бұл ең алдымен табыстың өңiраралық саралануынан байқалуда. Республика өңiрлерiнiң орташа жалақы деңгейi бойынша саралануы үш еседен астам мөлшерде болып отыр.

      Жоғары  экономикалық көрсеткiштер кедейлердiң  жағдайының жақсаруынан әрдайым  көрiнiс таба бермейдi. Мысалы, халықтың  жан басына шаққанда жалпы  өңiрлiк өнiмнiң ең жоғары көрсеткiштерiнiң  бiрiне ие Маңғыстау облысында  кедей тұрғындардың ең жоғары  үлесi байқалуда.

      Сонымен  бiрге облыстар iшiнде халықтың  ақшалай табыстарында едәуiр айырмашылық  бар. әсiресе ауылдық аудандарда  халқының 46,2 %-ын кедейлер құрайтын  Маңғыстау облысында жалақының  мұнай өндiру өнеркәсiбiндегi ең  жоғары және ауыл шаруашылығындағы  ең төмен мөлшерiнiң арасындағы  оның алшақтығы 18 есенi немесе  Атырау облысында мұнай өндiрушi  Жылыой ауданы мен ауылдық  Махамбет ауданының арасындағы  алшақтық 9 есенi құрайды.

      Сондықтан  қаражат тиiмдi түрде қайта бөлiнбесе,  экономикалық өсу өздiгiнен халықтың  жағдайын жақсартудың кепiлi бола  алмайды.

      Өңiрлер  кедейлiк деңгейi жөнiнен де, жұмыспен  қамтылу деңгейi жөнiнен де ерекшеленедi. Өңiрлерде жұмыс күшiне сұраныстың  құлдырауы көбiне олардың әлеуметтiк-экономикалық  даму ерекшелiктерiмен, қайта құрылымдау, өндiрiстi техникамен қайта жарақтандыру  қарқынымен және басқа да көптеген  факторлармен айқындалады.

      Шағын қалаларда  кедейлiк деңгейi жоғары күйiнде  қалып отыр. Тоқырауға ұшыраған  шағын қалаларда халықтың жан  басына шаққандағы ақшалай табысы  орташа республикалық деңгейден  30-50% төмен.

      Шағын қалаларда  кедейлiктiң өсуi негiзiнен өндiрiстiң  ұзақ уақыт құлдырауынан (шағын  және орташа қалаларда әртүрлi себептермен кәсiпорындардың барлығы  40%-ға жуығы тоқтап тұр) және  соның салдарынан жұмыссыздықтың  жоғары деңгейiнен; бюджет қаражатының  және инвестициялардың жетiспеуiнен,  әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым  жай-күйiнiң күрт нашарлауынан, халықтың  жекелеген топтарының төлем қабiлетiнiң  төмен болуы салдарынан коммуналдық  қызметтер ұсынудағы iркiлiстерден  туындап отыр.

      Шағын қалалардағы  экономикалық белсендi халықтың  үлесi орта есеппен 58%-ды құрайды.  Жалпы жұмыссыздықтың деңгейi 47%-ға  жетедi. Жағдай бiлiктiлiгi төмен  жұмыс күшiнiң үлес салмағының  жоғары болуы себептi ушыға түсуде. Кадрлар даярлаудың, шағын қалалардың  әлеуетiн жақсартуға және бiлiктi жұмыс күшiмен толықтыруға ықпал  ететiн оқу орындарының желiсi  нашар дамыған.

      Кедей халықтың  негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде  тұрады. 2011 жылы ауылдағы кедейлiктiң  тереңдiгi және өткiрлiгi сияқты  өлшемдер қаладағы 5,3%-ға және 2,2%-ға  қарағанда тиiсiнше 13,5%-ды және 6,0%-ды құрады. Әсiресе өмiр сүрудiң  әуелден қолайсыз экологиялық  жағдайлары орташа республикалық  деңгейдi алсақ та, орташа облыстық  деңгейдi алсақ та iс жүзiнде  барлық әлеуметтiк өлшемдер бойынша  межеулiкке түрткi болатын тоқыраған  селолық аудандарда өткiр ахуал  қалыптасып отыр.

      Ауыл тұрғындарының  номиналды ақшалай табыстары  қала тұрғындарынан екi есе төмен.  Соңғы бес жыл бойы ауылшаруашылық  өндiрiсi қызметкерлерiнiң жалақысы  елдегi ең төменгi жалақылардың  бiрi болып келдi.

      Ауылдың  еңбекке қабiлеттi әрбiр бесiншi тұрғыны  жұмыспен қамтылмаған. 2011 жылы ауылда  жұмыспен қамтылу 35,3%-ды құрады. Аграрлық еңбек рыногы тар  өрiстi мамандық қызметкерлерiнен  - механизаторлардан, малшылардан,  агрономдардан, зоотехниктерден  тұрады, олардың жұмыспен қамтылуы  көбiнесе өндiрiстiң маусымдылығымен  айқындалады.

      Ауылда  денсаулық сақтау мен бiлiм  берудiң базалық әлеуметтiк қызметтерiне  қол жеткiзу деңгейi бойынша ахуал  күрделi күйiнде қалып отыр; шаруашылық iшiндегi жолдарды, коммуникацияларды  күтiп ұстау нашарлап кеттi, халықтың  көшi-қоны етек алды.

      Ауыл шаруашылығының  өндiрiс құралдарын, энергоресурстар  және материалдар берушi аралас  салаларға экономикалық тәуелдiлiгi, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдеу,  оны сақтау және тасымалдау  базасының дамымауы, салада кiрiстiң  төмен болуына байланысты инвестициялар  салудың тартымсыздығы ауылдық  жердегi халықтың кедейлiгiне әсер  етуде.

      Қолайсыз  экологиялық ахуал халықтың кедей  топтарының тұрмысына едәуiр әсерiн  тигiзуде. Осындай негiзгi факторлар  ретiнде судың, ауаның ластануын,  шөлейттенудi атауға болады.

      Сумен жабдықтау проблемасы мен кедейлiк бiр-бiрімен өзара байланысты. Қазақстанның көптеген облыстарында халық қауіпсіз ауыз сумен жеткiлiктi мөлшерде қамтамасыз етілмеген. Ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз етудiң орташа республикалық көрсеткішінің жыл сайынғы төмендеуi 3,5%-ға жетiп отыр, бұл халық денсаулығына, атап айтқанда жұқпалы аурулардың, тырысқақ, сүзек, A вирусты гепатитiнiң таралуы салдарынан келеңсіз әсер етуде.

      Атмосфералық  ауаның ластануы халық арасында  аурулардың таралуына зор әсер  ететiн қауiптi факторлардың қатарына  жатады. Мысалы, мұнай өндiрiлетiн  аудандарда ілеспе газды жалындатып  жағу, күкiрттi ашық ауада сақтау  орын алуда. Жекелеген аудандарда  қалдық қоймаларының радиоактивтiк  және уытты қалдықтары тозаңданып, шаң болып ауаға ұшып жатыр.  Арал теңiзi өңiрлерiнде тартылған  теңiз түбiнен уытты тұздар  ауаға көтерiлiп, адамдар мен  жануарлардың денсаулығына керi  әсерiн тигiзiп отыр, сондай-ақ  су мен топырақты ластауда.

      Қазақстанның  кең-байтақ аумағы әскери полигондар  қызметiнен және ғарыш техникасын  ұшырудан зардап шектi. Семей ядролық  сынақ полигонында өткiзiлген  ядролық жарылыстар салдарынан  сәуле ауруына ұшырағандар саны  жарты миллион адамға жеттi, 2 миллион  гектарға жуық ауылшаруашылық  жерi радиоактивтiк ластануға  ұшырады.

Информация о работе Қазақстандағы кедейшілік мәселелері