Қазақстандағы кедейшілік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:09, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатым: Кедейшілікке қарсы күрес жүргізу – мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі болып танылады. Қазақстанның әрбір аймағына кедейліктің өзіндік деңгейі мен сипаты тән. Сондықтан кедейшілікке қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын дайндағн дұрыс болар еді. Әр аймақтың бағдарламасын жасағанда, оған кіретін барлық аудандарды жеке-жеке зерттеу керек. Оның үстіне ең ауыр әлеуметтік жағдайға тап болған аймақтар мен аудандарды бөліп көрсету керек. Кедейшілікке бөлінетін қарыжатты ең алдымен осы аймақтар мен аудандарға жұмсау керек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 бөлім. Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі................................5
1.1. Кедейшілік және оның өлшемі.....................................................................
1.2. Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық категория ретінде................................

2 бөлім. Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы.
2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің қазіргі жай-күйін талдау
2.2. Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және оны шешу жолдары

Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ.docx

— 64.96 Кб (Скачать файл)

      Екiншi қайтара  тұздану, шөлейттену салдарынан  егiстiк жерлер құнарлылығының  төмендеуi халықтың тұрмыс деңгейiне, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығына  және жалпы түсiмiне, мал басына  және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiне  керi ықпал ететiн бiрқатар экономикалық  проблемалар туғызуда. Санитариялық-экологиялық  жағдайлардың нашарлауы өз кезегiнде  халықтың еңбек және зияткерлiк  әлеуетiн төмендетедi.

      Кедейлiк  халықты табиғи ресурстарды жөн-жосықсыз  пайдалануға мәжбүр етуде. Көмiр,  газ, электр қуатын сатып алуға  қаражаты жоқ халық сексеуiлдердi, тоғайларды, қалқанды орман белдеулерiн  жаппай кесуде. Киiк және басқа  да тұяқты жануарларға қатысты  қаскер аңшылық етек алуда.  Ауылдың кедей халқы көбiнесе  тозған және мардымсыз суарылатын  жерлерде шаруашылық жүргiзуге  мәжбүр және агрохимиялық және  ирригациялық іс-шаралар мен pecуpc үнемдейтiн технологияларды пайдалануға  мүмкiндiктерi жоқ.

      Облыстардың  әлеуметтiк және экономикалық  даму деңгейлерiндегi айырмашылықтарды  қысқарту арқылы тұрмыс деңгейiндегi өңiраралық теңсiздiктi кемiту кедейлiктi азайтудың маңызды факторы болып  табылады, ол үшiн:

  • жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында экономикасы шикiзат бағытындағы өңiрлерде өңдеушi өндiрiстердi дамыту жөнiнде шаралар қолдану;
  • даму келешегi бар экономикасы тоқыраудан өңiрлерде отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту жөнiнде шаралар әзiрлеу;
  • Қазақстан аумағында тұратын жерiне қарамастан әлеуметтiк көмектiң заңнамамен белгiленген түрлерiне халықтың бiрдей қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
  • адамдардың тиiмсiз өндiрiс аймақтарынан тұруға және жұмысқа қолайлы өңiрлерге көшуiне ықпал ететiн шаралар әзiрлеу;
  • кедейлiктi азайту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламалар шегiнде кедейлiк шегiнен төмен деңгейде тұратын азаматтардың санын азайтуды қамтамасыз ету қажет.

      Өңiрлiк  деңгейдегi кедейлiктi азайту жөнiндегi мақсаттарға қол жеткiзу үшiн  жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай индикаторлар белгiленедi:

3 кесте

Өңірдің атауы

Кедейлік шегінен  төмен деңгейде тұратын азаматтар  саны (жылдың соңына)

2008

2009

2010

2011

1

Ақмола

44376

35501

28401

22721

2

Ақтөбе

92518

74014

59212

47369

3

Алматы

160000

128000

102400

81920

4

Атырау

65056

53645

42916

34333

5

Шығыс Қазақстан

166937

133550

106840

85472

6

Жамбыл 

136645

109316

87453

69962

7

Батыс Қазақстан

60511

48409

38727

30982

8

Қарағанды

72961

58369

38727

30982

9

Қызылорда

145853

116682

93346

74677

10

Қостанай

52794

42235

33788

27031

11

Маңғыстау

26118

20894

16716

13372

12

Павлодар

61687

49350

39480

31584

13

Солтүстік Қазақстан облысы

56637

49350

39480

31584

14

Оңтүстік Қазақстан облысы

117195

93756

75005

60004

15

Алматы қаласы

18806

15045

12036

9629

16

Астана қаласы

15400

12320

9856

7885

17

Қазақстан Республикасы

1295494

1036395

829116

663293


 

 

      Кедейлiк  шегінен төмен деңгейде тұратын  еңбек жасындағы азаматтар санын  шағын несие беру, жұмыс орындарын  құру, кәсiби оқу, әлеуметтiк жұмыс  орындарын құру арқылы жұмыспен  қамту саласында белсендi iс-шаралар  жүргiзу есебiнен азайту көзделiп  отыр.

      Сонымен  бiрге өңiрлерде кедейлiк шегiнен  төмен деңгейде тұратын табысы  аз азаматтардың санын сондай-ақ  зейнетақылар, жәрдемақылар және  ең төменгi еңбекақы мөлшерiн ұлғайту  есебiнен азайту көзделiп отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы кедейлік мәселесі және оны шешу жолдары

     

           Өзімізге белгілі, мемлекеттің  ең басты құндылығы мен байлығы  – адам. Ал адам мемлекеттің  құраушы субъектісі болып табылады. “Адам түзелмей, қоғам түзелмейді”  демек, осы қоғамның негізі  болып табылатын адамдардың жағдайын  түземей, мемлекетіміздің де жағдайы  түзелмейтіні белгілі.

       Кедейшілік  деңгейінің өсуінің негізгі себебі  еңбек рыногында жұмысшы күшіне  деген сұраным теңгерімінің дұрыс  болмауы нәтижесінде туындайтын  жұмыссыздық болып табылады; еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақы мөлшерінің  төмен болуы; алыс елді мекендерде  тұратын халықтың кедей тобын  әлеуметтік жатсынуға әкелетін  физикалық инфрақұрылымдардың нашар  болуы; тегін білім беру және  тегін медициналық көмек көрсетуге  қол жеткізудің аздығы; халықтың  кедей тобына берілетін мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігінің  төмендігі.

       Бұдан  басқа, халықтың кедей тобын  дәстүрлі қамтып отырған - көп  балалы отбасылар, жалғызбасты  зейнеткерлер, мүгедектер және т.б.  әлеуметтік кедейшіліктен басқа,  экономикалық кедейшілік кездеседі.  Ол айлық жалақы мөлшерінің  төмендігінен, оның уақтылы төленбеуінен, жасырын жұмыссыздық салдарынан  жұмысқа қабілетті азаматтардың  әлеуметтік құптауға болатын  тұрмыс деңгейін қамтамасыз ете  алмауына

себеп болады.

       Барлық  елде қабылданған бағдарламалар  "Қазақстан - 2030" ұлттық бағдарламасына, оған сәйкес қабылданған 2010 жылға  дейін Қазақстан Республикасының  даму Стратегиялық жоспарға сәйкес  әзірленеді және 2000 жылы Нью-Йоркте  БҰҰ Бас ассамблеясында Мыңжылдық  Деклара-циясы шеңберінде қойылған  Мыңжылдық даму

мақсаттарын іске асыруға  көзделген.

      Адам дамуының  және кедейшіліктің барлық аспектілерін  сипаттау үшін өмірдің сапасын  сипаттайтын көрсеткіштердің үлкен  бөлігі қолданылады. Қазіргі уақытта  БҰҰ өткізетін өмір сапасының  халықаралық салыстыру тәжірибесінде  өмір сапасын өлшеу үшін өмір  сүру ортаның экологиялық параметрлерің  демографиялық, экономикалық, құқықтық  аспектілерің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және т.б.  даму аспектілерін айқындайтын  елдер деңгейінде 150-ге жуық көрсеткіштер  пайдалынады. Қазақстан Республикасындағы  халықтың өмір сүру деңгейінің  және кедейшілік мониторингінің  индикаторлар жүйесін әзірлеу  барысында бұл көрсеткіштердің  көбісі пай-даланылды, сонымен  қатар адам дамуының деңгейін  сипаттайтын көрсеткіштер пайдаланылды.

     Кедейлік мәселесінің  маңыздығын түсіне отырып, Қазақстан  Үкіметі әлеуметтік саланың дамуына  көп назар аударуда:ол денсаулық  сақтау,білім беру және халықты  әлеуметтік қорғау салаларында  қаржыландыру жүйесін жетілдіруге  бағытталған орта мерзімді бағдарламалар  дайындауда.

 

      Кедейшілік  пен экономикалық теңсіздікке  сан және сапа жөнінен баға  берудің мемлекеттің экономикалық  және әлеуметтік саясатын әзірлеу  үшін үлкен маңызы бар. Табыс  (кіріс) бойынша кедейшілікті  өлшеу үшін пайдаланылатын ең  көп тараған көрсеткіштер –елдегі  бүкіл халықтың ішіндегі кедей  тұрмыстылар үлесі,кедейшіліктің  тереңдігі мен өткірлігі.

 

    2 кесте                Кейбір елдердегі абсолютті кедейшілік, 2011 жыл

 

Ел

Абсолютті кедейшілік деңгейі,%

Германия 

11,5

Франция

12,0

Ұлыбритания

13,1

АҚШ

14,1

Ресей

27,3

Қазақстан

24,2

Қырғызстан 

84,0


 

 

      Халықтың  табиғи өсуіне кері әсерін  тигізіп отырған келесі фактор  кедейлік проблемасы. Мұның салдарынан  ең ауыр азапты зейнеткрелер  мен мүгедектер, аналар мен балалар  шегуде. Облыстардағы кедейшілік  көрсеткіштері де әртүрлі. Кедейлік  кең таралған облыстарымыз- Оңтүстік  Қазақстан облысы (55,5 пайыз), Павлодар  облысы (48 пайыз), Жамбыл облысы (46 пайыз), Алматы облысы (44 пайыз). Бұл халқымыздың  тең жартысы кедей өмір кешуде  деген сөз. Қалалардың жағдайы  ауылға қарағанда бір сәрі  жақсы. Мәселен, Алматыдағы кедейлік  көрсеткіштері 13,7 пайыз болса,  Астанада-15,1 пайыз. Жұмыссыздар армиясының 57 пайызын әйелдер құрайды екен. Мемлекет есебінен қаржыландыру  деңгейінің жетіспеуінен денсаулықты  сақтау, әлеуметтік көмек және  білім беру жүйесі зардап шегуде.

        Қазіргі  таңда әлеуметтік саясат, соның  ішінде кедейшілікпен және жұмыссыздықпен  күрес күшейтілуде, қайта несие  беру және грант негізінде  тұрмыс жағдайы сәл ғана төмен  азаматтарға шағын несие беру  жүзеге асырылуда, жұмыспен қамту  деңгейінің түсу темпін төмендетуді,  қосымша жұмыс орындарын құратын  шағын және орта бизнесті дамытуды  қолдау және ынталандыруды қарастыратын  тұрғындарды жұмыспен қамтудың  республикалық бағдармасы әр  жыл сайын қабылданатын болады. Еңбек нарығындағы жағдайды ескере  отырып, жұмыссыздарды кәсіби дайындаудың  және қайта дайындаудың икемді  жүйесі ұйымдастырылады, қоғамдық  жұмыстарды ұйымдастыру жетілдірілуде,  атқарушы органдардың ролі жоғарылайды,  инвестициялық бағдарламаларды  жүзеге асыру негізінде қосымша  жұмыс орындары құрылады. Ауылдық  жерлерде жұмыспен қамтылған  тұрғындар деңгейі 2008 жылы қалалыққа  қарағанда жоғары ( яғни, 29,9% және 90,6%).

        Бұл  ауылдық тұрғындардың өз беттерінше  жұмыспен қамтылуларына байланысты (жұмыспен қамтылғандардың 55,1%). Қалалық  тұрғындардың төрттен үші жалданбалы  жұмысшылар болып, ал 24% өз беттерімен  жұмыспен қамтылғандар болып  табылады.          

       Қазақстанда  кедейшілік деңгейі күнкөріс  минимумы деңгейінен төмен табыстағы  халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс  минимумы-тіршілікті демеу үшін  қажетті болып саналатын және  ең аз тұтыну себетіне енгізілген  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің  құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың)  объективті белгіленген деңгейі.  Ең аз тұтыну себетінің құнына  азық-түлік себетінің құны мен  азық-түлікке жатпайтын тауарлар  мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын  ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік  себетінің құрамы адам организміне  қажет калория санының түсуін  қамтамасыз ететін белгіленген  тағам мөлшеріне сүйене отырып,анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті  күніне 2172 ккал деңгейіндегі калория  жан басылық тұтынуды қамтамасыз  ететін тағамдардың атауын қамтиды,  ол Дүниежүзілік ұйымының талаптарына  сәйкес келеді және ең аз  тұтыну себеті (күнкөріс минимумының)  құнының 70% құрайды. Азық-түлікке  жатпайтын тауарлар мен қызмет  көрсетулердің үлесі ең аз  тұтыну себеті (күнкөріс минимумы) құнының 30% мөлшерінде белгіленген.

         Елде қазіргі кезеңде жүргізіліп  отырған әлеуметтік саясаттың  негізгі мақсаты ке-дейшілік деңгейін  төмендету және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық  теңсіздікті азайту болып табылады. Экономикалық өсу халықтың әл-ауқатын  көтеру үшін негіз жасайды,  бірақ әлеуметтік проблемаларды  шешу үшін әлеуметтік үдерістерді  мына бағыттар бойынша мемлекеттік  реттеуді күшейту қажет:

1) табыстар саласында  ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді  қамтамасыз ету, олардың бастапқы  негізі маңызды өмірлік игіліктер  мен қызметтердің әлеуметтік  қажетті деңгейін көрсететін  ең төменгі тұтыну бюджеті  болуы керек. Рыноктың дамуымен  табыстардың жаңа түрлері ғана  пайда болып қойған жоқ, халықтың  тұтынушылық шығындарының құрылымдары  өзгеруде. Азаматтардың төлемдерінің  жаңа түрлері пайда болуда: жылжымайтын  мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті  сақтандырудың әртүрлі нышандары  және т.б. Осының бәрі тұтыну  бюджетін есептеудің жаңа құрылымына  көшу қажеттігін алға тартады,  оның үстіне байқалған экономикалық  өсу жағдайында елдің осындай  әлеуметтік ең төменгі деңгейді  есептеуге көшуі үшін ресурстық  мүмкіндіктері ұлғаюда. Республика  Үкіметі мақұлдаған әлеуметтік  реформаларды тереңдету жөніндегі  2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаға  сәйкес 2006 жылдан бастап жаңа  ең төменгі күнкөріс деңгейі  енгізілді, ең төменгі тұтыну  себеті азық-түлік тағамдарының  көбірек ассортиментін қамтиды  (20-ның орнына 43 түрлі атаулы).

        Жаңадан  ең төменгі күнкөріс деңгейін  енгізу маңызды материалдық игіліктер  мен қызметерді тұтынудың ең  төменгі шекті деңгейін неғұрлым  нақты айқындауға мүмкіндік береді. Одан төмен болуы адамның қалыпты  өмір сүруін қамтамасыз етпейді.  Бұл өз кезегінде неғұрлым  күшті әлеуметтік диспропорцияны  анықтауға және халықтың неғұрлым  әлсіз топтарын әлеуметтік қорғау  шараларын талдап жасауға мүмкіндік  береді. Алайда, ұзақ уақыттар бойы  тек қана ең төменгі күнкөріс  деңгейіне бағдар ұстануға болмайды. Ең төменгі тұтыну бюджетін  жасау мен пайдалану объективті  үдеріс болып табылады, бұл ең  алдымен күнкөрістің ең төмен  деңгейі базалық әлеуметтік норматив  ретінде адамның тіршілік етуінің  өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық  жағдайларына сай келуін көздейді.

2) салааралық және салаішілік  деңгейде, мемлекеттік және жекеменшік  секторлар арасында, сондай-ақ кәсіпорын  ішінде жұмыс күшін қайта қалпына  келтіру үшін бірдей жағдайлар  жасау (еңбекке ақы төлеудің  ең төменгі мөлшері рөлін күшейту,  еңбекке ақы төлеудің ең төменгі,  орта және ең жоғары деңгейлері  арасындағы арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру  және т.б.);

3) республикада орта таптың  қалыптасуы жөніндегі саясатты  қалыптастыру мен жүзеге асыру.  Осы мақсатта халықтың табыстарын  түбегейлі көтерумен бірге жұмыс  орындарын құру, шағын және орта  бизнесті қолдау, білім беру технологияларын  дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің  қорғалуына кепілдікті күшейту  және т.б. жөніндегі шаралар  қажет;

Информация о работе Қазақстандағы кедейшілік мәселелері