Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 08:22, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19
2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33
2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 76

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать файл)

Егер де, толық серіктестіктер сенім  серіктестіктеріндегі мүлкіне үлесін ауыстыруға келісім берген сәтте, салымшы өзінің серіктестен шығу және өз үлесінің құнын алу құқыларын қолдана алады.

Сенім серіктестігін толық серіктестіктер басқара алады. Толық серіктестіктер серіктестіктің қызметіне қатысты шешімдерді қабылдауда мүліктегі және жарғылық капиталдағы үлес мөлшеріне сай дауыстарға сүйене алады. Толық серіктестіктердің үлес мөлшерін анықтауда олардың жарғылық капиталға алған салымдары ескеріледі, ал салымшылардың  салымдары ескерілмейді.

Сенім серіктестігінің қарыздары бойынша толық серіктестіктер өз мүлкілерімен қосымша жауапкершілікке жүктеледі.

Сенім серіктестігі толық серіктестік  сияқты жойылады. Егер де серіктестіктің құрамында бір толық және бір салымшы қалған жағдайда ол сақталады. Сенім серіктестігінде қалған толық серіктестіктер соңғы салымшы шыққан мезгілден алты ай бойы, немесе қалған салымшылар соңғы толық серіктестік шыққан мезгілден алты ай бойы серіктестікте жоқ салымшылардың орнына немесе толық серіктестіктердің басқа түріне сенім серіктестігін қайта құра алады. Қалған толық серіктестіктер немесе салымшы – азаматтар  сенім серіктестігінің толық серіктестікке ауыстыра алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы Қазақстан Заңнамасы  орнықты емес. Оның қалыптасу тарихы 1990 жылы маусымның 19 жұлдызында шыққан. Акционерлік қоғамдар туралы Ережеден басталады. Осы күнде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқылық жағдайы Азаматтық Кодекспен, 1995 ж 2-мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен, 1998 ж 22- сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар  серіктестіктер туралы» ҚР ЗАңнамасымен реттеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің  басқа шаруашылық серіктестіктер нысанынан айырмашылығы серіктестік қызметімен байланыста болатын алдын – ала ескерілген залал көлемін қатысушыларға белгілеу. Бұл залалдық көлемі қатысушылардың серіктестіктің жарғылық капиталына салған салымдармен шектеледі. Бұл жайт жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қызығушылық танытады.

АК–те ЖШС қатысушылары 100 ден аспасын  деп көрсетілген. Ал, асқан жағдайда серіктестік жыл ішінде акционерлік қоғамға, немесе өндірістік кооперативке қайта құрылуы немесе бөлуге салынады, ал осы мерзім өткеннен соң соттық реттілік бойынша жойылады (егер де адам саны 100-ден азаймаса).

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. (АК – ның 77б, 1 тармағы).

Жаңа заң бойынша серіктестіктің жарғылық капиталына үш функцияны береді:

Жеке капиталының белгілі  деңгейі жөніндегі дәлелдеме.

Белгілі қаржылық рейтинг.

Кредиторлардың заңды  шағымдарын қанағаттандырудың минималды  кепілдігі.

Бұрынғы заңнама бойынша  серіктестікті бір адам құруға құқылы еді, бірақ басқарудың коллегиялық  органдарының функциясын кім және қалай  атқаратындығы бекітілмеген.

Ал жаңа заңда құрылтайшы шартқа конфиденциялдық мінез берілді. Сыртқы тұлғалар онымен танысуды талап ете алмайды. Құрылтай шарт тіркеуге ұсынылмайды.

Серіктестік қатысушылары серіктес мүлкіндегі өз үлесінің құнын  өтеуді талап ету құқығымен одан шығуға құқылы. Заң бойынша бірнеше шектеулер ескерілген. Үлес келесілерге берілуі мүмкін:

  • серіктестіктің  басқа қатысушысына.
  • серіктестіктің өзіне
  • үшінші тұлғаға.

Егер де қатысушылар  сатылып жатқан үлеске қызығушылық  танытпаса, онда қоғамның өзі иемденуі мүмкін. Бірақ та, құрылтай құжаттармен бекітілген шектеулер қатысушының өз үлесін тұлғаға беруге тиым салуы мүмкін.

Алушы ретінде ЖШС  өзі табылуы мүмкін.

Қарыздары бойынша серіктестік  үлесін өндіріп алу сұрағы күрделі болып келеді. Осындай өндіріп алу бұрындары да ескерілген, бірақ та оны жүзеге асыру реттілігі толығымен негізделмеген еді. Соттың шешіміне сүйене отыра кредитор қатысушының жеке қарыздары бойынша оның үлесінен өндіріп алуға құқылы.

ЖШС басқару жүйесінде  және реттілігінде келесі жайттар бойынша  анықтылық талап етіледі, бұлар:

  • жиынның кворумын анықтауда.
  • талап етілетін дауыстың көпшілігін белгілеу.
  • «қатысушы» және «қатысушыға тиісті дауыс саны» деген ұғымдардың арақатынасы.

Жартыдан көп дауыстары  бар қатысушыларды келу сәтінде  кворум сақталады деп Заңның 47 б  бекітілген. Күн тәртібінде білікті көпшіліктің дауыстарымен шешілуді талап ететін сұрақтары бар жиындарда жалпы дауыстың 2/3 –не ие қатысушылар келген сәтте кворум болады. Бір ауыздан келісуді талап ететін шешімдерді қабылдау үшін де  осындай кворум қажет.

Кей сұрақтарды қабылдауда көпшілік дауыс санымен емес қатысып отырған қатысушылармен белгіленуі де мүмкін.

ЖШС қатысушысының серіктестік  алдында өз міндеттемелерін бұзған жағдайында жалпы жиынның шешіміне сай, серіктестік қатысушысының үлесін серіктестікпен қатысушының келісімімен белгіленген баға бойынша сот арқылы мәжбүрлі түрде сатып алуды талап етуге құқылы. Мәжбүрлі сатып алынатын үлестің бағасы бойынша келісім болмаған сәтте оны сот бекітеді (ҚР АК 82б).

Серіктестіктің атқарушы органынң және бақылау кеңесінің мүшесі ретінде серіктестіктің қатысушылары және басқа да тұлғалар бола алады. Серіктестікке келтірген залалы бойынша қатысушылардың талабы бойынша серіктестіктің атқарушы органының мүшелері жауапқа тартылуы мүмкін.

Қосымша жауапкершілігі  бар серіктестік.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз  болмашы  ерекшеліктеріне қарамастан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі болып табылады. Қатысушылардың өз міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға салған салымдарымен жауап береді, ал осы сомдар жеткіліксіз болған сәтте бір рет салған салымдары мөлшердегі өз мүліктерімен қосымша жауап беретін серіктестік ҚЖС деп аталады.

Серіктестіктің орналасу жерінің өзгеру реті мен салдары, жарғылықтың өзгеруі, міндеттемелер  бойынша жауапкершілік және т.б. сұрақтар Заңда көрсетілген.

Серіктестік тарихында  алғаш рет кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру және сұрақтары күн тәртібіне енгізу мәселесіне шектеу қойылды. Жалпы дауыстың 20 пайызын көп дауысқа ие қатысушы жалпы жиналыстың күн тәртібіне белгілі бір сұрақтарды қоюға құқылы.

Жалпы жиналыстың шешімі сотта дауыс беруіне қатыспаған немесе қарсы дауыс берген серіктеске қатысушыға осындай шешімнің жалпы  жиналыспен қабылданғандығы туралы белгілі болған немесе белгілі болуы  мүмкін деген күннен бастап 6 ай ішінде берілуі керек.

ЖШС сияқты ҚЖС әділет органдарына тіркелу үшін Жарғыны, тіркелу туралы арызды және тіркелуге төленетін соманың квитанциясын тапсырады. Жарғы барлық құрылтайшылардың қолымен бекітіледі.

Жаңа қатысушы серіктестікке  төрт негізде қабылданады. Бұл шарт органның құзыретті басшысының және жаңа қатысушы арасында бекітіледі.

Акционерлік қоғам.

Акционетлік қоғам деп  өз қызметін жүзеге асыру үшін ақша – пұлды жинау мақсатында акцияларды шығаратын заңды тұлға.

Қоғам акционерлердің мүлкінен бөлек мүлікке иемденеді. Акционердердің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз мүлкі шегінде міндеттемелер бойынша жауапты.

Қоғам акционерлік оның міндеттемелері бойынша жауапты  емес және ҚР заңнама актілерімен  белгіленген жағдайларда өз акциясының сом мөлшерінде қоғам қызметімен байланысты шығындар бойынша жауапты.

ҚР заңнамаларында ескерген жағдайларда АҚ ұйымдастырулық–құқылық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

Қоғам (коммерциялық емес ұйымдардан басқасы) облигацияларды және құнды қағаздардың басқа түрлерін басып шығаруға құқылы.

Қоғамның атауы «Акционерлік қоғамның» ұйымдастырулық–құқылық нысанының бағыттамасына сай болуы керек. Қоғамның атауының қысқартылған «АҚ» аббревиатурасына рұқсат беріледі. Аббревиатура қоғам атауының алдында орналасуы қажет.

Халықтық акционерлік  қоғам ретінде өз капиталының  мөлшері айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндегі болатын және акционерлердің саны бес  жүз және одан да көп қоғам табылады.

Қоғамды халықтық акционерлік қоғам деп оның ұсынысы негізінде құзыретті орган табады немесе қоғамның жеке капиталының мөлшері және акционерлер саны туралы түскен ақпараттар негізінде құзыретті орган табады.

Қоғамды ХАҚ деп табу реттілігін құзыретті орган белгілейді. Қоғам:

  1. Ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қоғамға басқа қоғам қосылған және одан бір немесе бірнеше жаңа қоғамдар бөліп шығарылған жағдайларды қоспағанда);
  2. Өз капиталының мөлшері он екі айдан астам мерзімінде айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен төмен сомаға дейін азайған;
  3. Акционерлердің саны алты ай ішінде 500-ден төмен азайып кеткен жағдайларда халықтың АҚ мәртебесінен айырылуы қоғам құрылтайшылары ретінде оны құру жөнінде шешім қабылдаған жеке және немесе заңды тұлғалар табылады.

ҚР мемлекеттік органдар мен мекемелер ҚР заңнама актілеріне сай қоғам құрылтайшылары немесе ауционерлері бола алмайды. Бұл жайт ҚР Үкіметіне, жергілікті атқару органдарға, ҚР Ұлттық Банкісіне қатысты емес. Мемлекеттік кәсіпорындар қоғам құрылтайшылары болуға құқылы және осы кәсіпорынға қатысты меншік және мемлекеттік басқару органының функциясын атқаратын мемлекеттік органның келісімімен оның акцияларын ала алады.

Қоғам құрылтайшылары ретінде  бір тұлға болуы мүмкін. Қоғам  құрылтайшылары қоғамды құрумен және мемлекеттік тіркеу салдарынан болатын шығындарды бірге төлейді.

Қоғам оның құрылтайшыларының  жиналысының шешімімен бекітіледі. Егер қоғам бір тұлғамен бекітілсе, онда осы тұлғамен қоғам бекітіледі деген шешім қабылданады.

Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар келесі шешімдерді қабылдайды:

  1. Қоғамның құрылуы туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру бойынша бірлесіп қызмет атқару ретін белгілейді.
  2. Құрылтай шартты бекітеді.
  3. Жарғылық каптал мөлшерін белгілейді.
  4. Белгіленген акциялар санын белгілейді.
  5. Белгіленген акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды.
  6. Қоғамды тіркеушіні сайлайды.
  7. Мемлекеттік тіркеу үшін қоғам атынан құжаттарға қол қоюға құзыретті тұлғаларды сайлайды.
  8. ҚР заңнамасына сай қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталға салынатын мүлікті бағалайтын тұлғаларды белгілейді.
  9. Қоғамның жарлығын бекітеді.

Қоғам жай акцияларды немесе жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда  шығарылады.

Акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар артықшылықты акцияларды шығаруға құқысы жоқ. Акция бөлінуге жатпайды. Егер де акция жалпы меншік құқысында бірнеше тұлғаларға тиісті болса, онда олар бір акционер деп табылады және өз өкілі арқылы акцияда көрсетілген құқыларға иеленеді.

ҚР Заңнама актілерімен келесі шектеулер қойылады:

  1. Қоғам  акцияларымен мәмілелер жасау
  2. Бір акционерде қоғам акцияларының максималды көлемі
  3. Бір акционерге берілген қоғам акциялары бойынша максималды тұрғыда дауыс алуы [12].

Қоғам басқа да құнды  қағаздарды шығаруға құқылы. Бұлардың шығару шарттары және реттілігі, айналуы және өтеуі ҚР құнды қағаздар нарқы туралы заңнамасы бекітіледі [13].

Коопертив мүшесі екі тұлғадан аз болмауы керек. Осы ереже оның құрылуымен бірге, жұмыс атқару мерзіміне  тиісті. Егер де кооперативтен барлық мүшелер шығып, бір мүше қалған болса, онда ол алты ай ішінде жаңа мүшелерді қабылдай алуға, не оны жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе акционерлік қоғамға қайта құруға құқылы.

Келесі белгісі – кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке еңбек атқару тұрғысында міндетті түрде қатысуы. Бұл дегеніміз тұлғаның коперативпен еңбектік қатынасқа міндетті түрде болуы. Нақтылай айтсақ олардың қатынастары еңбек заңнама нормаларымен реттелуі керек.

Өндірістік кооперативтің мүшелері өз еңбегімен бірге мүліктік салымдарымен қатысады. Заңнама актілермен осы салымның минималды мөлшері белгіленбеген, бұл кіші кәсіпкерлер үшін қызығушылық тудырады.

Кооператив анықтамасы бойынша ӨК қағидасы ретінде оның мүшелерінің біріккен кәсіпкерлік қызмет табылады. ӨК мүшелері үшінші тұлғалармен жеке, өз атынан жек және меншіктік жауапкершілік тұрғысында нақты қатынасқа түспейді. Қызығушылық танытқан тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырмайды. Осы әрекеттер кәсіпкерлік қызметтің жеке субьектісі ретінде ӨК өзінен шығады [14].

ӨК өз қызметін Жарғыға, не құрылтай шарт пен жарғыға сүйене отыра атқарады. Құрылтайшылар өз еркілерімен құрылтай шартты бекіту керектігі жөнінде шешім қабылдайды. ӨК құрылтай құжаттары нотариалдық  куәландыруды заңнама талап етпейді, сол себепті олар жай жазбаша түрде құрылуы мүмкін. Жарғы құрылтайшылардың жалпы жиналысында бір ауыздан бекітіледі және басқарма төрағасымен қол қойылады.

Жарғының мазмұны коммерциялық құпия болып табылмайды. Үшінші тұлғалардың  талабы бойынша ол оларға танысу үшін ұсынылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке