Қазақтан Республикасында азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Вложенные файлы: 1 файл

азык тулик.docx

— 55.07 Кб (Скачать файл)

1. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн  мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды  уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген өздерiнiң  құзыретi шегiнде жүзеге асырады.       

2. Мемлекет тамақ өнiмдерiнiң  қауiпсiздiгiн мемлекеттiк бақылауды  және қадағалауды жүзеге асыру  мақсатында, генетикалық түрлендiрiлген  объектiлердiң сапалық және сандық  құрамдарын және радиациялық  сәуле алу деңгейiн айқындауға  арналған зертханаларды қоса  алғанда, олардың материалдық-техникалық  базасы мен персоналына қойылатын  халықаралық талаптарға сәйкес  мемлекеттiк ветеринарлық-санитарлық  және санитарлық-эпидемиологиялық  сараптама зертханаларының қызметiн  ұйымдастыруды қамтамасыз етедi..      

Тамақ өнiмдерiнiң  қауiпсiздiгiне қойылатын  
талаптар және оны қамтамасыз ету жөнiндегi  
шаралар      

1. Қазақстан Республикасының  тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы  заңнамасында белгiленген тамақ  өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне және  оларды әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және  жою процестерiне (сатыларына) қойылатын  талаптар субъектiлердiң орындауы  үшiн мiндеттi болып табылады.      

2. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi:       

1) субъектiлердiң Қазақстан  Республикасының тамақ өнiмдерiнiң  қауiпсiздiгi туралы заңнамасының  талаптарын сақтауы; P001783      

2) субъектiнiң тамақ өнiмдерiн  әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы  және кәдеге жарату процестерiнiң  (сатыларының) Қазақстан Республикасының  тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы  заңнамасында белгiленген талаптарға  сәйкестiгiне өндiрiстiк бақылау  жүргiзуi; P080285      

3) тамақ өнiмдерiнiң Қазақстан  Республикасының техникалық реттеу  туралы заңнамасында белгiленген  талаптарға сәйкестiгiн растау;      

4) санитарлық-эпидемиологиялық  және ветеринарлық-санитарлық сараптама  жүргiзу;      

5) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi  саласындағы мемлекеттiк реттеу  шараларын қолдану арқылы қамтамасыз  етiледi.      

3. Тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге  жарату және жою процестерi (сатылары) уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша  жүзеге асырылады .      

4. Мынадай көрсеткiштердiң  бiрi бойынша:      

1) сапасыздығының айқын  белгiлерi бар (бүлiнген, бұзылған, ластанған);      

2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық  нормативтерден асқан;      

3) қауiпсiздiгi куәландырылған  және шыққан тегi расталған  құжаттары жоқ      

4) белгiленген жарамдылық  мерзiмдерi жоқ немесе жарамдылық  мерзiмдерi өткен;      

5) Қазақстан Республикасының  тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы  заңнамасында көзделген мәлiметтермен  таңбаланбаған;      

6) ұсынылған ақпаратқа  сәйкес емес;      

7) жалған тамақ өнiмдерi болып табылатын, Қазақстан Республикасының  тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы  заңнамасында белгiленген талаптарға  сәйкес келмейтiн тамақ өнiмдерi оларды өндiру (дайындау), айналымы  және кәдеге жарату процестерiне (сатыларына) жiберiлмейдi.      

5. Генетикалық түрлендiрiлген  объектiлердiң және тамаққа биологиялық  активтi қоспалардың айналымына  олардың Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен  жүзеге асырылған қауiпсiздiгi  ғылыми негiзделген растаудан  және олар мемлекеттiк тiркелгеннен  кейiн ғана жол берiледi.

       Арнайы мақсаттағы тамақ өнiмдерiнiң  
 қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар      

1. Арнайы мақсаттағы тамақ  өнiмдерiне:      

1) балалар тағамы азық-түлiгi;       

2) диеталық тағам азық-түлiгi;       

3) емдiк-профилактикалық  тағамдық азық-түлiгi жатады.      

2. Арнайы мақсаттағы тамақ  өнiмдерi:      

1) Қазақстан Республикасының  тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы  заңнамасында белгiленген арнайы  мақсаттағы тамақ өнiмдерiне қойылатын  талаптарға сай болуға;      

2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиiстi топтарының физиологиялық  қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға;      

3) тамақтық, биологиялық  және энергетикалық құндылығы  бойынша ыдыста (орамада) көрсетiлген  ақпаратқа сәйкес болуға тиiс.       

3. Арнайы мақсаттағы өнiмдердi  өндiру (дайындау) кезiнде азықтар  және азық қоспалары, жануарлардың  өсуiн тездеткiштер (соның iшiнде  гормонды препараттар), дәрiлiк заттардың  жекелеген түрлерi, пестицидтер,  агрохимикаттар, генетикалық түрлендiрiлген  объектiлер, тамаққа биологиялық  активтi қоспалар пайдаланылып дайындалған  жасанды тамақ қоспаларын және  азық-түлiк шикiзатын қолдануға  тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн  (импортталатын) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне  
қойылатын талаптар       

1. Қазақстан Республикасының  аумағына әкелiнетiн (импортталатын)  тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi Қазақстан  Республикасының тамақ өнiмдерiнiң  қауiпсiздiгi туралы заңнамасында   белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс.      

2. Қазақстан Республикасының  аумағына:      

1) Қазақстан Республикасының  тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы  заңнамасында белгiленген талаптарға  олардың сәйкестiгi куәландырылған  құжаттары жоқ      

2) осы Заңның 9-бабында  белгiленген талаптарға сәйкес  мемлекеттiк тiркеуден өтпеген  тамақ өнiмдерiнiң әкелiнуiне (импортталуына)  тыйым салынады.      

3. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу  пункттерiнде мемлекеттiк бақылауды  және қадағалауды жүзеге асыратын  лауазымды тұлғалар өз құзыреттерi шегiнде тамақ өнiмдерiн қарап-тексерудi, оның тауарға iлеспе құжаттарын  тексерудi жүргiзедi .  
      Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (импортталатын) тамақ өнiмдерi осы Заңның 12-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған лауазымды тұлғалар оларды әкелудi (импорттауды) уақытша тоқтата тұру және тиiстi сараптамаға жiберу туралы шешiм қабылдайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгiленген тәртiппен оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (импорттауға) тыйым салады.      

4. Субъект тиiстi сараптама  нәтижелерi бойынша қауiптi деп  танылған тамақ өнiмдерiн Қазақстан  Республикасының аумағынан үш  күн iшiнде тысқары әкетуге  мiндеттi.  
      Егер қауiптi тамақ өнiмдерi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылмаса, олар Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасына сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.

    Тамақ өнiмдерi қауiпсiздiгiнiң сәйкестiгiн  
растау      

1. Тамақ өнiмдерi қауiпсiздiгiнiң  сәйкестiгiн растау Қазақстан  Республикасының техникалық реттеу  туралы заңнамасында белгiленген  тәртiппен жүзеге асырылады.      

2. Шет мемлекет берген  сәйкестiктi растау саласындағы құжаттар  оларды Қазақстан Республикасының  техникалық реттеу туралы заңнамасына  сәйкес техникалық реттеудiң мемлекеттiк  жүйесiнде танылуы шартымен Қазақстан  Республикасында жарамды болып  есептеледi.

ІІ. ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 
2.1. Әлемдегі және  Қазақстандағы азық-түлік дағдарысы  проблемалары

 

Дүниежүзілік сарапшылардың жер шарында тұтастай азық-түлік өнімдеріне баға стресі туралы жорамалдары осының барлығы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін деген ойға итермелейді. Біздің елімізде байқалып отырған азық-түлік бағасының өсімі азық –түлік стрессі Қазақстаннды да айналып өтпейтінінің жаршысы болып табыла ма? Мемлекет өз азаматтарын асырай ала ма?

Статистикаға  көз жүгіртсек, 2011 жылдың тамыз айында азық-түлік өнімдерінің бағасы өткен  жылдың тамыз айымен салыстырғанда 12,8%өскен. Атап айтқанда, жармалардың  құны 2,2 есеге артқан. ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылдың қаңтар-тамыз айларында азық-түлік тауарларының инфляцияға салымы 3,148% құраған, оның үстіне, барлық тауарлар мен қызметтердің инфляцияға жалпы салымы аталған кезеңде 5,87% құраған. Көріп отырғанымыздай, негізгі өсім азық-түлік тауарларының есебінен болған.  

      Баға өсімін азық –түлік тауарларының тұтастай тізімінен байқауға болады. Қазақстан әлі де болса көрші елдерден жемістер, көкөністер, көк шөптер жеткізіліміне тәуелді. Туған даламызда өсірілген көкөністер мен жемістерді көкөтемде сөрелерден таппаймыз. Есесіне, кез-келген маусымда қытайдан немесе Польшадан әкелінген алма, алмұрттарды таба аламыз. Отандық «дәрумендердің» дәмін күзде, өнімді жинағанда және нарықтағы ұсыныстың мол боулынан баға төмендегенде ғана тата аласыз.

«Мақсат мынадай, ірі көкөніс-жемістер нарығы Қырғызстанның  аумағында болсын, қазіргі «Дордой» нарығындағыдай, ал нақтырақ айтқанда біздің аумақта … Бізде әрдайым  көкөніс-жеміс өнімдерінің бағасының  өсу мәселесі болады және әрбір аймақ  осы мәселені өзі шешуге, қандай да болмасын мемлекеттерге шығуға тырысады. Біз, Қазақстанның картасында барлық аймақтар, барлық жабдықтаушылар білетін нүктенің болғанын қалаймыз, мұның Орталық  Азиядағы ең ірі көкөніс -жемістердің  көтерме-бөлшек сауда нарығы екенін», - деп түсіндірді ол ҚазТАГ-қа берген сұхбатында.

Бұл нарықтың өнімі, бірінші кезекте, еліміздің  оңтүстік далаларынан және Қырғызстан аумағынан әкелінеді. «Барыс 2», комитет  төрағасының сөздеріне қарағанда, тоңазытқыш құрылғыларымен және сақтау камераларымен жабдықталған, бұл  өнімді жыл бойы ұсынуға мүмкіндік  береді.

«Бізде қалай  болады: егер Қырғызстанмен немесе Өзбекстанмен шекара жабылса, онда бірден бізде баға секіре бастайды. Және осыған байланысты, «Барыс 2» базары қауіпсіздік  жастығындай болар еді», - деп  санайды А. Қозыбаев.

Қазіргі уақытта  жобаның өнімнің шекара арқылы өтуі жөніндегі бөлігі әзірленіп жатыр. Болашақта Қазақстан базарларына  көкөністер мен жемістердің тұрақты  жабдықтаушысы болатын нарық  орналасқан Қордай тас жолында Алматы – Бішкек бағытындағы автомобильдер  көп. Көбіне, осы жерде «көкөніс-жеміс  жұмағын» ашу өтуді қиындатып, шекарада кептеліс тудыруы мүмкін. Бәлкім, қосымша  өткізу пунктері де ашылатын шығар. Бұл  жобаның мақсатқа лайықтылығы қазір  қарастырылып жатыр.

Ауыл шаруашылық министрлігінде (АШМ) көкніс-жеміс өнімдерінің  бағасының ауытқуын жабдықталған инфрақұрылымның  кемшілігімен түсіндіреді: жылыжайлардың, көкөніс сақтайтын орындардың жетіспеушілігімен, отандық өнімнің ұзақ сақтауға жарамсыздығымен. Бұдан басқа, сондай-ақ мәселе, көкөніс-жеміс  өнімдерінің негізгі көлемі жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырланғанында  жатыр. Ал онда бірінші кезекте сапалы өнім шығаруға бағыттау мен бақылау, АШМ мамандарының сөздеріне қарағанда, өте қиын.

Қайта өңдеу өнеркәсібі және агроазық -түлік нарықтарын дамыту жөніндегі ауылдық тұтынушылар кооперативтерін және сервистік дайындау орталықтарын  құру жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді.

Бұдан басқа, оның ақпараты бойынша, нарықтық тетіктерді қолданумен азық-түлік нарығын реттеу жөніндегі шаралар кешені шеңберінде жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілерге, нақтырақ айтқанда, шаруа және фермерлік  қожалықтар үшін ҚҚС 100% төмендету мәселесі қаралып жатыр.

Қазіргі кезде, АШМ мәліметтеріне сәйкес, отандық  тауар өндірушілер көкөніс өнімдерін  сату құрылымының жалпы көлемінде 20% жуығын алып отыр. Мәселе, аталған, немесе кез-келген басқа да ірі сауда  желілері өнімді қазақстандық фермерлерден қабылдай алмайтынында, өйткені, соңғылары  ҚҚС төлемейді.

Егер осы мәселені шешсе, қазақстандық өндірушілер өздерінің көкөністері мен жемістерін ірі сауда орталықтарының сөрелеріне еш кедергісіз жеткізе алады.  Осылайша, өнім бағасын төмендетеді, мысалы Астанада 10%.

.

Бұдан басқа, «ҚазАгро» компаниясы жүзеге асырып жатқан бағдарлама шеңберінде, көкөніс  сақтайтын орындар мен жылыжайлар салу басымдықты бағыт болып табылады. Барлық облыстардың әкімдіктеріне  құрылыс бойынша қажетті шек  қойылды. АШМ бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде, бағаны тұрақтандыруға және таяу шетел мемлекеттеріне тәуелді  болмауға қол жеткізілетініне үміттенеді.

Біздің еліміздің  көкөніс-жемістер нарығындағы ахуал  осындай. Жалпы азық-түлік шығару картинасы қандай? Түрлі сарапшылардың  бағалауынша, егер елдегі аса маңызды  өнімдердің жылдық өндірісі халықтың жылдық тұтынуының 80%-дан аз болса, мемлекеттің  азық-түліктік тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген болып саналады. ҚР АШМ  мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда  отандық өндіріс 67% құрайды, 33% –  импорт. Қазақстан азық-түлік бойынша  басқа мемлекеттерден нақ осыншама тәуелді.

Ал өзінің азық-түлік өнімдері өндірісінде 80% шекке  ішкі тұтыну үшін 2014 жылы қол жеткізу жоспарланған.

«Егер жалпы  азық-түлік қауіпсіздігі туралы, әрбір  тауар тобы бойынша айтар болсақ, біз өзімізді толық (шикізатпен –  ҚазТАГ) қамтамасыз етіп отырмыз, тек  төрт позициядан басқа: қант, өсімдік  майы, жемістер және құс еті. Келешекте  осы төртеуінің үшеуін өзіміз қамтамасыз ете аламыз, өндіріс көлемін де арттыра аламыз, тек қанттан басқасын. Бізде қант қызылшасын қажет көлемде  өсіру үшін табиғи ресурс жеткіліксіз, сондықтан біз бәрібір де қант таяқшасын сырттан әкеліп, оны  қайта өңдейтін боламыз», - деп түсіндірді А. Құсайынова.

Информация о работе Қазақтан Республикасында азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету