Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 14:03, курсовая работа
Айналым қорлары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгелдей тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Кәсіпорындағы айналым қорлары кәсіпорынның өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады.
Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінен қамтамасыз ету.
КІРІСПЕ 3
1. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНА ШОЛУ
1.1. Айналым құралдарының мәні, құрамы мен құрылымы 4
1.2. Кәсіпорында айналым қорларын қолдануды бағалау 8
1.3. Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері 13
2. ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН
ТАЛДАУ
2.1. Қаражаттың ауыспалы айналымы және айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері 19
2.2. Айналым қаражаттарын анықтау 21
2.3.Қазақстан мұнай химия саласында айналым қорларының ролі 23
3.АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Айналым қорларының айналысы және жеделдету жолдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндірс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айнылым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ,айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір иезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнмдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай- әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтұнушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А-Қ…Ө…Д-А1,
Мұнда, А-шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ-өндіріс құралы;
Ө-өндіріс;
Д-дайын өнім;
А1- өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы- айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықтылады:
Қақ=Өқ / О,
Мұнда, Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны(өнімді өткізуден түскен түсім),
Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады.Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірстік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жібереді. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші айналым қаражат мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждықтың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне
тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымда түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады- ол өндіріс тұрақсыздығы.
2.2. Кезекті айналым қаражатын анықтау
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қарадатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және тағы басқа шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та кез келген жағдайда алған кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығы әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.
2.3.Қазақстанның мұнай
химия саласында айналым
Қазақстан Республикасының Президенті 18 қаңтар күні 2006 жылы өткен Парламент паластасының жиналысында біздің экономикамыздың динамикасы мен модернизациясының дамуына кедергі келтіріп тұрған құралдардың орын ауыстыруын ұсынған болатын.
Қазақстан жанар-жағар май энергетикалық комплексінің дамуында мұндай сала болып мұнай химия өндірісі, яғни көмірсутегіні өңдеуді тереңдету қажет деген болатын.
Энергетика мен минералдық ресурстар саласының министірі 2004-2006 жылдарға арналған мұнайхимия өнеркәсібіне байланысты бағдарлама құрған.Онда халықаралық мұнай химия өнімдерінің жүйелік анализі келтірілген,сондай-ақ Қазақстан Республикасының қазіргі мұнайхимия саласының жағдайы қарастырылып кеткен.
Бағдарлама бойынша және министрліктің мемлекеттік және салалық бағдарламаларында мұнайхимия саласының дамуы мен құрылысына аса орасан мән берілген.Олар:
Мұнай химия саласының айналым қорлары болып құны 2006 жылы 900000 теңгеден асатын ( яғни, ең минималды жалақының 100 есе мөлшері) құрал жабдықтар жатқызылады.
Бөлім 3. Айналым қорларын жақсартудың бағыттары.
3.1. Айналым қорларының айналысы және оны жеделдету жолдары.
Айналым қаражаты әрқашан да қозғалыста болып, ауыспалы айналым жасайды, яғни айналыс сферасынан өндіріс сферасына, өндіріс сферасынан айналыс сферасына қайта келіп отырады. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды.
Айналым қаржысының айналымдылығы - айналым қаржысының тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Айналымдық коэффициенті – сатылған өнімнің көлемін (Pn) айналым қаражаттарының орташа қалдығына (СО) бөлу арқылы анықталады:
Ко= Рn/ CO
Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:
Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - өндіріс процессіз үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерінін қамтамасыз ету.
Өз қозғалысында айналым қорлары үш сатыдан өтеді:
Ақшалық сатыда дайындық жұмыстары жүргізіледі. Ақшалық сферасында ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Өндіргіш сатыда өндіріс процесі басталады. Өндіргіш сатыда дайын өнім шығарылып, сату сатысы басталады, яғни өндіргіш капитал тауар капиталына айналады да, тауар сатысы басталады. Схема түрінде алсақ,
А – Т.... Ө .....Т1 – А1 ,
Мұндағы: А – кәсіпорынның ақша құралдары;
Т - өндіріс құралдары;
Ө - өндіріс;
Т1 – дайын өнім;
А1 - өнімді сатудан түскен ақша құралдары.
Кәсіпорындағы айналым қорлары кәсіпорынның өз қорларында және қарызға алынған ресурстардан тұрады.
Айналым қорларының көздеріне пайда, несие, жарғы қоры, бюджеттік қорлар, кредиторлық берешек тағы басқалар жатады.
Қорытынды.
Курстық жұмысты аяқтай келе қорытындылайтын болсақ, әрбір кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін оның айналым қоры болуы керек. Ол ақша қаражаты есебінен айналым және айналыс қорларын сатып алуға пайдаланады.
Айналым қордың заттық мазмұны – еңбек заттары. Негізгі қордан айырмашылығы сол – айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.
Айналым қорларды оңтайлы және үнемді жұмсау – кәсіпорынның бірінші кезектегі міндеті болып саналады. Себебі, иматериалдық шығындардың ¾ өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік құнын құрайды.
Айналым қорының құрамы, оның құрылымы өндірісті мамандандыруға байланысты.
Кәсіпорындағы айналым қорларды пайдаланудың маңызды экономикалық көрсеткіштері оның айналғыштығы болып табылады. Ол есепті мерзім ішінде қанша рет айналғанымен және айналым мерзімімен бағаланады. Әрбір кәсіпорын айналым қорының айналғыштығын тездетіп, сол арқылы оған деген өзінің қажетсінуін азайта алады.
Нарықтық экономиканың негізгі шегі – кәсіпорындарда айналым қорлардың жетіспеушілігі. Осы мақсатта кәсіпорындарда өндіріс қажет ететіндей мөлшерде өндірістік босалқы қорлар жасаған дұрыс. Оларда материалдардың артық қоры болмаған жөн.
Қазақстан экономикасының мұнайхимия секторындағы айналым қорларымен жұмыс жасау өте тиімді Өйткені, біз мұнай барлық заттарды өндіре аламыз, мысалы біздің киіп жүрген киімдеріміз де мұнай айналым капиталына айналып одан түрлі бұйымдар мен киімдер шығаруға болатынын көрсетіп отыр. Біз соларды қолдана білсек біздің экономикамыз күннен -күнге өсіп өркендер еді.Біз мұнай өзіміз қолдансақ ол өнеркәсіптің дамуына және өндірістің дамуына әсерін тигізер еді.Айналым құралдары негізгі құралдарға қарағанда пайданы тез арада әкеледі, өйткені ол бір жыл ішінде өз сипатын сақтамай түрлі өнімдерге айналып отыру мүмкіндігі бар, сондықтан оны тиімдірек деп ойлаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Абдильдина Л.И., Абдильдин С.С. Экономика предприятия. А : 2004.
2. Әлімбетов Қ.Ә., Мейірбеков А.Қ. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – А : Экономика, 2003.
3. Булатов А.С. Экономика, М. 1994.
4. Горфинкель Б.Я., Швандер Б.А. Кәсіпорын экономикасы .М. ЮТИТИ- ДАНА, 2000.
5. Жолдасбаева Ғ.Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы, А : Экономика, 2002.
6. Қалдыбаев Ө., Темірбаев - А. Экономика предприятия. «Санат» 1997.
Информация о работе Айналым қорларының айналысы және жеделдету жолдары