Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 21:06, реферат
Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр түрлі аттарға ие. Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.
Кіріспе...................................................................................................................
1-тарау Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері........................................................................................................
1.1. Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
1.2. Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздері
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтік құқықтық реттелуі
2-тарау ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
2.2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының табыс, шығын есебі мен растау.
2.3. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруінің қаржылық есептіліктегі орны.
3-тарау Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары.
3.1. Кәсіпорындағы пайда мен залал туралы есеп беруді талдау.
3.2. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары
«
Пайда мен залалдар» есептілігін табыс және шығынның экономикалық мағынасы бойынша құрастыру әдісі шығын сипаттамасы әдісі деп аталынады. Осы кезде «Пайда мен залалдар» есептілігінде шығындар шығыстар сипаттамасы мен түрімен сәйкес жасақталады, бап не шығыс элементі бойынша деп те атауға болады (мысалы, амортизация, материалды сатып алу, көліктік шығындар, еңбекақы, жалақы, жарнама шығыстары). [8] Шығын сипаттамасы әдісі (шығындар элементі) бойынша құрастырылған. Шығын сипаттамасы әдісі (шығындар элементі) бойынша құрастырылған. Пайда мен залалдар есептілігінде баптардың келесі топталуы болуы тиіс: Түсім, басқа операциялық табыс, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім қорының өзгерісі, шикізат пен материалдың қолданылуы, жалақы, амортизациялық шығындар, өзге де операциялық шығындар, қосылған операциялық шығындар, операциялық қызмет пайдасы.
Шығындардың түрлері бойынша анализді өткізуге мүмкіндік беретін барлық шығындар шығыстар элементі арқылы көрсетілген. Материал, шикізат және тағы да басқалардың шығыны, яғни есептік тәжірибеде «Материалдық шығындар» деп қарастырылатын шығындар бабына көңіл аудару керек. Шығындардың бұл түрі «Қолданылған шикізат пен шығындық материалдар» бабында көрсетіледі.
«Пайда мен залалдар» есептілігінің аяқталмаған өндіріс түріндегі материалдық шығындар туралы ақпарат «Дайын өнім, аяқталмаған өндіріс қорларының өзгерісі» бабында анықталады.
Шығындарды функция бойынша топтайтын «Пайда мен залалдар» есептілігін құрудың әдісін шығын функция әдісі деп атаймыз. Бұл әдіс шығындарды қызметі байланысты топтайды: дайын өнімнің өзіндік құнына кіретін өндірістік шығындар, өткізу шығындары және басқару шығындары. Шығындарды функция бойынша сорттау әдісі субъективті тұрғыда іске асырылады, себебі, шығындарды топтауды қызметкеркер жүзеге асырады. Шығын функциясы бойынша құрастырылған «Пайда мен залалдар» есептілігі келесі баптардан тұруы тиіс: өткізуден түскен табыс, өткізілген тауарлардың өзіндік құны, жалпы табыс, операциялық қызметтен түскен басқа табыстар, өткізу шығындары, жалпы әкімшілік шығындар, басқа да операциялық шығындар, операциялық табыс.
Шығын функциясы әдісі арқылы «Пайда мен залалдар» есептілігінің екінші формасы шығын элементтерін бөлек қарастырмайды (негізгі құралдардың амортизациясы сияқты), сол себептен кейбір жанама әдіс
3-кесте
Шығындар сипаты бойынша «Пайда мен залалдар» есептілігі
№ |
Өткізуден түскен табыс |
Жылдың басы |
Жылдың соңы |
1 |
Операциялық қызметтен түскен басқа табыстар |
Х |
|
2 |
Дайын өнім, аяқталмаған өндіріс қорындағы өзгеріс |
Х |
|
3 |
Атқарылған жұмыстар бойынша капиталданған шығындар |
Х |
|
4 |
Шикізат пен материалдарды қолдану |
Х | |
5 |
Еңбекақы шығындары (жалақы) |
Х | |
6 |
Амортизациялық шығындар |
Х | |
7 |
Басқа да операциялық шығындар |
Х |
|
8 |
Операциялық қызметтен түскен таза табыс (зиян) |
Х |
|
9 |
Сыйақы бойынша шығындар |
Х |
|
10 |
Үлестік қатысу табыстары (зиян) (ассоциацияланған компаниялар) |
Х |
|
11 |
Салық салғанға дейінгі таза табыс (зиян) |
Х |
|
12 |
Табыс салығы бойынша шығындар |
Х |
|
13 |
Салық салғаннан кейінгі таза табыс (зиян) |
Х |
|
14 |
Аздық үлес (меньшинства) |
Х |
|
15 |
Қалыпты қызметтен түскен таза табыс (зиян) |
Х | |
16 |
Таза табыс (зиян) |
Х |
бойынша ақша қозғалысының есептілігі сияқты есептік процедураларды қиындатуы мүмкін. Егер есептілікте өзіндік құн, әкімшілік және коммерциялық
шығындар, басқа да операциялық табыстар мен шығындар бөлек көрсетілсе, онда компания амотизациялық аударымдарды, еңбекақы шығындарын қоса шығындар түрлері бойынша қосымша ақпарат ұсынуы қажет. Бұл ақпараттар ақша қозғалысын болжауға көмегін береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлердің есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауында біршама өзгешеліктер бар.
Шағын кәсіпкерлік субьектілері өздерінің шаруашылық операциялары мен оқиғаларын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында көрсетеді. Салық органында міндетті тіркелуге жататын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлер 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді.
Қаржылық есептілік құрауыштары:
Субъектінің қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:
Өздерінің қарауына қарай субъекті пайдаланушыларға берілетін ақпараттың сапасын жақсартуға қабілетті басқа да қаржылық есептілік нысандарын ұсына алады.
Қаржылық есептілікте өткен кезең үшін тиісті деректер көрсетіледі.Субъектінің бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы есепке алу және үздіксіздік қағидаттарына, сондай-ақ түсініктілік, орындылық, мәнділік, сенімділік, дұрыстық, бейтараптық, сақтық, толықтық сияқты сапалық сипаттамаларға негізделеді және операциялардың заңнама нысанын ғана емес, операциялардың экономикалық мәнділігін көрсетеді, олар қаржылық есептіліктерде көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдаған кезде олар үшін пайдалы етіп көрсетеді.
Ақпараттан алынатын пайдалар оны ұсыну жөніндегі шығындардан асып түсуі тиіс. .Әрбір елеулі бап қаржылық есептілікте жеке берілуі тиіс. Активтер мен міндеттемелер осы Стандарттың немесе ХҚЕС ережелеріне сәйкес талап етілетін немесе рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, өзара есептелмеуі тиіс. Елеулі емес сомалар ұқсас сипаттағы немесе мақсаттағы сомамен біріктірілмеуі тиіс және жеке берілмесе де болады.
Алдыңғы кезеңге қатысты салыстырмалы ақпарат қаржылық есептілікте барлық сандық ақпарат үшін ашылуы тиіс. Салыстырмалы ақпарат егер ол ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептілікті түсіну үшін орынды болса, ақпараттың мазмұнды және сипаттама бөлімдеріне енгізілуі тиіс. Қаржылық есептілікті беру мерзімі қаржылық есептілік пайдаланушыларға жылына кем дегенде бір рет беріледі. Қаржылық есептілік үшін жауапкершілік қаржылық есептілікті дайындауға және ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субъектінің басшысы немесе өзге уәкілетті тұлғасы жауапты болады.
Бухгалтерлік баланс:
Бухгалтерлік баланста 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер, міндеттемелер мен жеке меншік капитал көрсетіледі.
Бухгалтерлік балансқа субъекті басшылығының қарауы бойынша субъекті қызметінің сипатына қарай қосымша баптар, бөлімдер мен аралық сомалар енгізілуі мүмкін.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп:
белгіленген Кірістер мен шығыстар туралы есеп 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар мұндай субъекті қызметінің қаржылық нәтижелерін неғұрлым нақты ұсыну үшін қажет кірістер мен шығыстар туралы есепте беріледі.
Қорытынды пайда (қорытынды шығын) 18-қосымша бойынша салық салғанға дейінгі кіріс пен шығыстар және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын ставка бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Пайда мен залал туралы есеп субъектінің кезеңдегі кірістері мен шығыстарын көрсетеді.
Пайда мен залал туралы есеп өзіне танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптарын қамтуға тиіс. Пайда мен залал туралы есеп беру мынадай жағдайларда есеп берудің өзгеше тәртібін ұйғарады:
1) есеп саясатындағы қателер мен өзгерістердің әсері олар туындаған кезеңдегі кірістер мен шығыстар түрінде емес, өткен кезеңдердің түзетулері ретінде беріледі; және
2) қайта бағалаудан мүліктің құнының өсуі, шетелдік қызметтің қаржылық есептерін аудару нәтижесінде туындайтын кейбір пайда мен залал және хеджингтік құралдардың әділ құнындағы кейбір өзгерістер пайда немесе залал түрінде емес, олар туындаған кезде капиталда тікелей көрінеді.
Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде берілетін ақпарат өзіне ең болмағанда мынадай сомалардың біріктірілген көрсеткіштерін қамтуға тиіс:
1) кіріс;
2) қаржыландыруға арналған шығындар;
3) үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ассоциацияланған ұйымға және бірлескен қызметке инвестициялардан түсетін пайданың немесе залалдың үлесі;
4) салықтар төлеу жөніндегі шығыстар;
5) тоқтатылған қызметтен салынатын салықтардан кейін пайдадан немесе залалдан жиынтық соманы құрайтын бірыңғай сома және тоқтатылған қызметті білдіретін шығуға арналған активтерді немесе топты (топтарды) сатуға немесе шығаруға жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құн өзгерген кезде танылған салықтардан кейін өзге де кіріс немесе залал; және
6) пайда немесе залал.
Субъект мынадай баптарды тікелей пайда мен залал туралы есепте кезеңдегі пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашуға тиіс:
1) азшылықтың үлесіне жататын пайда немесе залал; және
2) басты ұйымның үлестік құралдарының иесіне жатқызылатын пайда немесе залал.
Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар тікелей пайда мен залал туралы есептің өзінде мұндай беру субъект қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіну үшін қолайлы болғанда беріледі.
Субъект пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде емес, оған ескертпелерде емес, «төтенше баптар» ретінде кірістер мен шығыстардың қандай да болмасын баптарын беруге немесе сипаттауға тиіс емес.
Едәуір құрайтын әрбір кірістер мен шығыстар бойынша субъект осындай құрауыштың сипаты мен сомасын жеке ашуға тиіс. Мұндай ашулар өзіне мыналарды қамтуға тиіс:
1) қорлар құнын аяқтауға және өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасына дейін қорлар құнын есептен шығару;
2) негізгі құралдар құнын өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ бағаға дейін негізгі құралдар құнын есептен шығару;
3) субъектінің қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдауға жұмсалатын шығындар бойынша бағалау міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша реверсивті жазбалар;
4) негізгі құралдар объектілерінің шығуы;
5) инвестициялардың шығуы;
6) тоқтатылған қызмет;Кіріспе................
1. Пайда мен залалдар туралы
есептілікті құрудың теориялық негіздері.....................
1.1. Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
1.2. Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздері
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтікқұқықтық реттелуі
2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
2.2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының табыс, шығын есебі мен растау.
2.3. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруінің қаржылық есептіліктегі орны.
3. Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары.
3.2. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары
7) сот дауларын реттеу; және
8) өзге резерв түрлері бойынша реверсивті жазбалар.
Түсіндірме жазба және ескерту:
Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба және ескерту реттелген тәртіппен берілуі тиіс. Баланстың, пайда мен шығындар туралы есептің әрбір бабы бойынша оған қатысты кез келген ақпаратқа қиылысты сілтемелер, сондай-ақ қаржылық есептіліктің өзінде көрсетілмеген, бірақ толық және дұрыс ұсыну үшін қажетті қосымша ақпарат беріледі. [4]
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтік-құқықтық реттелуі
Есептілікті реттеу есептілік жүйесіне ұйымдастырылған және тәртіптілікті енгізу үшін арналған іс-әрекетті көрсетеді. Мемлекеттік реттеу діңгегі- арнайы формалармен бекітілген процедуралар арқылы мемлекеттік билік органдарымен шығарылатын жалпығаміндетті құқықтық актілердің жиынтығы. Пайда мен зала туралы есеп беруді реттейтін негізгі нормативтік құжаттар 26.12.95ж қабылданған №2732 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы , 1ҰҚЕС, 2 ҰҚЕС, 30 БЕС « Қаржылық есептілікті ұсыну» және т.б. Олар Қазақстан Республикасында тіркеліп кәсіпкерлікпен айналысатын барлық заңды және жеке тұлғаларға Пайда мен Залал туралы есеп берудің жалпы құқықтық, методологилық негізін қалайды. Сайып келгенде, әрбір субъект өзінің іс-әрекетін жүзеге асырылуын бастағаннан кейін, оның бағытына қарамастан, мемлекет алдында өзінің іс-әрекеті регламенттейтін заңдары сақтау керек.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңнама бухгалтерлік есепті реттейтін негізгі занамалық құжат болып табылады. Ол Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті анықтайды, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің қағидаларын, негзігі мінездесі мен ережелерін орнатады.
Барлығына мәлімдей Заңға 2002 жылдың 24 маусымында «.... қаржылық есептілік» түоінде өзгеріс енгізілді, соның нәтижесінде қаржылық есептіліктің заңнамалық базасы құрылыды, ал оның басы 21.05.97 ж. қабылданған № 7 Қаржылық есептілікті құру бойынша әдістемесімен қаланған еді.
Информация о работе Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы