Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 21:06, реферат

Краткое описание

Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр түрлі аттарға ие. Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
1-тарау Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері........................................................................................................
1.1. Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
1.2. Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздері
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтік құқықтық реттелуі
2-тарау ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
2.2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының табыс, шығын есебі мен растау.
2.3. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруінің қаржылық есептіліктегі орны.
3-тарау Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары.
3.1. Кәсіпорындағы пайда мен залал туралы есеп беруді талдау.
3.2. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары

Вложенные файлы: 1 файл

Пайда мен залал туралы есеп беруі мазмұны, құрылымы және талдау.doc

— 436.86 Кб (Скачать файл)

B. Жылдық- тұрақты;

C. Кварталдық-5 жыл;

D. Негізгі  құралдар тозуын қайта бағалау және есептеу актілері,     ведомстволары- тұрақты;

    1. Жеке  шоттар:

A. Жұмысшылар  және  қызметкерлер-75 жыл  «в»;

B. Зейнетақы  және  мемлекеттік  жәрдемақы алушылар-5 жыл;

    1. Жоғарыда  көрсетілмеген  барлық қалған  құжаттар-5 жыл;

Құжаттардың сақтау мерзімін есептеу олардың келесі іс-қағаздар жүргізу  жылы аяқталғанынан кейін жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі. 75 жыл - «в» сақтау мерзімі қойылған құжаттар үшін сақтау мерзімін есептеу адам  жасының есебімен  істің аяқталу кезеңінде жасалынады.

Бухгалтерлік есептің жаңа типтік жоспары есебінде екі негізгі  бағыта көрсетілген. Оған  келесілер  жатады:

1. ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясы есептік саясаты;

2. ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясы жұмыс жоспар есебі;

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында каржылық есептің және бухгалтерлік есептің мақсаты қарым-қатынаста болған тұлғалармен толык және қаржылық жағдайдың акпараттык сенімділігін камтамасыз ету болып табылады. Компаниядағы бухгалтерлік құжаттаманың қалай жүргізілетінің қарастырайық.

Бухгалтерлік жобалар негізгі бастапқы құжаттарда, шаруашылық  операциялардың  атқарылуын  бекіту  фактісінде  ұйымдастырылады.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясының шаруашылық  қызметіне барлық барлық шаруашылық  операциялар  мен  басқа  да жағдайлар  әсерлері  активтерге, меншікті капитал, міндеттеме,  кірістер  мен  шығыстар, бухгалтерлік  есепте  көрсетілуі  мүмкін.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясының бастапқы құжаттары операцияларының орындалуын  құрайды,  ал  егерде  қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, онда операциялардың аяқталуы  тікелей жүргізілуі  мүмкін.

  ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясының бухгалтерлік  есебі  келесі  принциптермен  жүргізіледі:

1. Кірістерді  есептеу,  бұлар  табылғандар  (алынғанды  өтеу), ал  шығыстары-олардың  енгізілуі;

2. Қызметтің  үздіксіздігі,  мұнда  қаржылық  есеп  беру негізі  жіберілу кезеңінде   құрылады, компания іс-әрекет  етеді, болашақта  да  қызмет етеді;

Компанияның қаржылық  есеп  беруінің    негізгі  сапалық  мінездемесі  түсініктілік, реттілік, сенімділік (шындылықтың  көрсетілуі, нейтралдық,  қараушылық,  толықтылық)  және  өзіндік  құн болып  табылады.

Компанияның  есептік  саясатының  өзгерістері  келесі  жағдайда  болуы  мүмкін:

1. Бухгалтерлік  есепте  заңнамалық   сәйкестігі  талап  етілетін болса;

2. Компанияның қаржылық есебіндегі операциялар мен көрсетілетін жағдайлар  өзгерістерге  ұшыраған  жағдайда;

 Тауарлық- материалдық қорлар есебі. Тауарлы материалдық қорлар компанияның ағымдағы активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Тауарлы  материалдық  қорлар- өндіріс  циклінде  қолданылатын  әртүрлі  еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде  тұтынылып,  өзінің  құның  өндірілетін  өнімге  толығымен  аударады.

Шаруашылық субьектінің бухгалтерлік есебін халықаралық стандарттарға көшіруге байланысты кейбір активтерді есептеуде  қиыншылықтар  туындайды.  Бұл  жұмыстың  мақсаты- еншілес  кәсіпорындағы  тауарлы  материалдық  қорларды  есептеудегі  мәселелерге  тоқталу.

Компаниядағы тауарлы-материалдық қорлар: Flash DRIVE FV-60; MPC XeroxCentrePro; R-UIM Dalacom; АИ-92; Алкотестер; Бас киімдер; контольдық билеттер; вентилятор; және т.б.

ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында тауарлы  материалдық  қорлардың  есебі 1300  «Тауарлар»   шотында  жүргізіледі:

1310 «Шикізаттар  және  материалдар»

1350  «Басқа  да  тауарлар»

Компания Тауарлы-материалдық  қорларды  №2 ҚЕБХС (есеп  берудің  халықаралық  стандарттары)  негізінде  ФИФО  әдісімен  бағаланады. Тауарлы-материалдық қорлар 2008 жылдың басына теңгені құрайды. Тауарлы-материалдық қорлар есебіндегі өткізбелер жасалады: Сделать таблицу

Дебет  1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоты

    Кредет 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты

Дебет   1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоты

      Кредет  3310 «Қоюшылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді алашақ қарыздары» шоты

№ р\с

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дебет

Кредет

Сома

1

Flash DRIVE FV-60 материалы сатып алынды.

1310 «Материалдар»

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

1800

2

MPC XeroxCentrePro  материалы жөндеуге жіберілді.

     

3

Алкотестер есептен шығарылды.

     

4

Весячий полка есептен шығарылды.

     

5

       
         

 

Ең бастапқыда тауарлы-материалды құндылықтар сатып алу бағасымен бағаланып, бұл баға тауарлы материалдық құндылықтың бастапқы құны болып есепке алынады. Тауарлы материалдық қорларды есепке алуы оперативті-бухгалтерлік әдісімен жүреді.

Материалдар  келіп  түскенде  міндетті  түрде  счет-фактура  болу  керек.  Бухгалтер  тауарды  кіріске  алған  кезде  «тауарлар  және  қызметтердің  келіп  түсуі» деген құжатты толтырады. Бұл  құжатта:  құжаттың   нөмірі, материалдарың  келіп  түскен  күні, кімнен  және  кімге,  тауардың  коды, аты  саны,  бағасы  көрсетіледі.  Тауарды  жіберген  және  қабылдап  алған  тұлғалардың  қолы  және  мөр  таңба  болу керек.

Материалдық  құндылықтардың  кіріс  етілуі  оларды  иемденудің  нақты  өзіндік  құны  бойынша  құндылықтарды   алу сәтінде  жабдықтаушылардың  жөнелтпе  құжаттары  негізінде  атқарылады,  оның құрамына кіреді:

1. Иемденген  материалдық  қорлардың сатып  алу  құны (Қазақстан Республикасының  салық  заңдылықтарында  қарастырылған  жағдайда ҚҚС-сыз);

2.  несиеге  алынған  материалдық қорларды  жабдықтаушымен   жеткізген үшін  пайыздарды  төлеу  шығындар;

3.  Жабдықтау, делдалдық   ұымдармен  төленген  комиссиялық  сыйақылар;

4. Кедендік  баждар

5. Транспорттық дайындау шығындары (жабдықтыру-тұрмыстық ұйымдарымен төленетін  қаражаттар,  барлық  қосымша  жинақтар мен төлемдер), оларды сақтау  және  түрлендіру, жеткізуімен  байланысты шығындар.  жұмыс  персоналы  болып  табылмайтын шаруашылық  субъект  және  жеке  тұлғалар  жақтары  күшімен  жүзеге асырылатын  шығындар.

Тауарлы-материалдық  қорларды есептен  шығарған  кезде  ТМҚ-ды  есептен шығару актісі құрылады. Акт  келесідей  көрініс  табады: қорларды  есептен шығарған кезде арнайы  коммисия  құрылады.

Дебиторлық қарыздар есебі. Кәсіпорының шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары қызметтері, жұмыстары) үшін алынған вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық берешектер болып табылады.

Дебиторлық берешектердің құрамында компанияда төмендегі қарыздары есепке алынады:

§ Сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегі;

§ Кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының берешегі

§ Басқадай дебиторлық берешектер.

Компанияның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады.  Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Компанияның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады.

Компанияның дебиторлық берешегі оның ағымдағы активтерінің едәуір бөлігін құрайды. Дебиторлық берешектің 2008 жылдың 1тоқсанында айналымы 17.003.680 теңгені құрады. Кәсіпорындағы  дебиторлық берешек көбіне маршруттық бағдардың жалы, контрольдық билеттер бойынша туындайды. Бұл компаниядағы негізгі ерекшелік мұнда дебиторлық берешек бойынша күдікті резервтің құрылмауы болып табылады. 

Компанияның дебиторлық борыштар есебіне мына төмендегі аталған есептілік тіркелімдер (регистрлер, құжаттар) қолданылады.

№7 Журнал-ордер  «Жабдықтаушылар мен басқа да тұлғалардың борышы»  деп аталатын шоттың  кредиті бойынша;

№8 Журнал-ордер «Алынуға тиісті  қосылған құн салығы» деп аталатын шоттың, «Есептелген проценттер»  деп аталатын шоттың,  «Баскалары» деп аталатын  бөлімше шотының  және «Берілген аванстар» бос шотындағы бөлімше шотынның  кредиті бойынша;

№ 8 Журнал-ордер  қосымша ведомость «Берілген аванстар» бас шотындағы бөлімше шоттарынның дедеті бойынша;

№ 11 Журнал-ордер «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы» бас шотының бөлімше шоттарының және «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы»  бас шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.

Кесте

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажыратылып парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және т.б. тіркелімдер қолданылады.

Ақша  қаражатының  есебі.   ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясында ақша  қаражатының  дұрыс  құрылуы,  нақтылығы  және  пайдалануы  туралы  арнайы  ереже  құрылады. Ереже  Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес  Серіктестіктің  жарғысымен  және  ішкі  құжаттар  негізінде  құрылған. ЖАҚ «Халық Заман   TRANS GROUP» көлік компаниясының   кассасында  ақша  қаражаттары  есебін жүргізуге  материалдық  жауапкершілікті  тұлға  кассир  болып  табылады,  оның  міндеттеріне аталғандар кіреді:

1. Кіріс  және  шығыс  кассалық  ордерлерін  құру, ордерде  көрсетілген қолтаңба, ұсыныстар  түпнұсқауларының  болуын  тексеру;

2. Ақша  қаражаттарын  қабылдау  немесе беру;

3. Банкке  қолма-қол  ақша  қаражаттарын  тапсыру;

Серіктестіктегі  кассасында  ақша  қаражаттарының  есебі  «Ақша  қаражаттар»   шотында  жүргізіледі:

1010   «Кассадағы ақша  қаражаттар»

1030   «Ағымдағы  шоттағы  теңгемен ақша  қаражаттар»

1040   «Ағымдағы  шоттағы  валютамен  ақша  қаражаттар»

Компанияның негізгі ақша қаражаттары оның кассасында орналастырылған. 1010   «Кассадағы ақша  қаражаттар» шотындағы қалдық 2008 жылдың басына  137.145 теңгені құраса, 1030   «Ағымдағы  шоттағы  теңгемен ақша  қаражаттар» шотындағы  қалдық 2008 жылдың  47.153 теңгені құрды.

 

Кесте

№ р\с

Шаруашылық операцияның мазмұны

Дебет

Кредет

Сома

1

Ағымдағы банктік шотқа тапсырыс-берушілерден ақша келіп түсті

1030 «Ағымдағы ақша қаражаттары»

1210 «Сатыпалушылар мен тапсырыы берушілердің дебиторлық берешегі»

 

2

Қызметкерлерге кассадан ақша берілді.

3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу»

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары»

 

3

Ағымдағы банктік шоттан Алматы ауданы бойынша салық комитетіне ақша аударылды.

 

1030 «Ағымдағы шоттағы теңгемен ақша қаражттары»

 

4

Ағымдағы банктік шоттан қызметкерлердің еңбекақысынан зейнетақы аударымдары жасалды.

 

1030 «Ағымдағы шоттағы теңгемен ақша қаражаттары»

 

 

 

 

 

Кассаға  ақшаны қабылдау.

Кассаға  ақша  енгізген  тұлғаға бас  бухгалтер  және  кассирмен қол  қойылған  ақшаны  қабылдау  туралы квитанция  беріледі. Кассадан  беруді  жетекші  және  бас  бухгалтермен  қол  қойылған  шығыс  кассалық  ордерлерді немесе  орынды  құрастырылған  төлем  ведомстволары, беруге  өтініш, шоттар  және  басқа  құжаттармен  дайындайды.  Жеке  тұлғаға  шығыс  кассалық  ордер  бойынша  ақша беру кезіңде  фирманың   кассирі  ордерде  реквизитті  көрсету  үшін  алушыдан  паспорт  немесе  жеке куәлікті  көрсетуін  талап етеді.

Алушы алынған сома теңгені - жазумен, тиынды - цифрмен көрсетеді  және  қол  қояды. Кассалық  ордерде  тазартулар, түзетулер  жіберілмейді.

Көшірілген  кассалық  ордерлер  немесе  оларды  алмастырылатын  құжаттар  кіріс  және  шығыс  кассалық  құжаттарды  тіркеу  журналында  тіркеледі. Кассалық  ордер  бойынша  ақшаны  қабылдау  және  беру  тек оларды  дайындау  күнінде  ғана жасалынады. Кассалық  операциялар есебін  кассир  нөмірленген және мөр қойылған  кассалық  кітапта  жүргізеді.

Информация о работе Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы