Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 21:06, реферат
Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Әр елде ол әр түрлі аттарға ие. Мысалы: Пайда мен залал туралы есеп беру; Пайда туралы есеп беру; Операциялар туралы есеп беру. Бірақ атына қарамай ол пайдаланушыларына, яғни салымшылары мен кредиторларына кәсіпорынның бұрынғы іс әрекетін және күтілетін нәтижелерді орындалмау тәуекелдігін бағалау үшін қолданылатын керекті қаржылық ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.
Кіріспе...................................................................................................................
1-тарау Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері........................................................................................................
1.1. Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
1.2. Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы және құрудың әдістемелік негіздері
1.3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің нормативтік құқықтық реттелуі
2-тарау ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының қаржылық есептілікті ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.1. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері.
2.2. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының табыс, шығын есебі мен растау.
2.3. ЖАҚ « Халық Заман TRANS GROUP» компаниясының пайда мен залал туралы есеп беруінің қаржылық есептіліктегі орны.
3-тарау Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары.
3.1. Кәсіпорындағы пайда мен залал туралы есеп беруді талдау.
3.2. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары
- ұзақмерзімді актив;
- қысқамерзімді актив;
Пассив:
- меншікті капитал және міндеттемелер;
- ұзақмерзімді міндеттемелер;
- қысқамерзімді міндеттемелер.
Баланста мүліктің, шикізаттың, материалдардың, қаржының, капиталдың, қорлардың, пайданың (табыстың), қарыздардың, несиелердің және тағы да басқа қарыздар мен міндеттемелердің қалдықты құны көрсетіледі. Баланста тек қалдықтардың көрсетілуі меншік иелері мен барлық ақпараттарды қолданушылардың сұрақтарына жауап беруіне мүмкіндік тудырмайды. Қалдықтар, шаруашылық құралдардың қозғалысы мен қайнар көздері туралы қосымша және нақты мәліметтер қажет. Бұл қосымша төмендегідей есептілік формаларын енгізу арқылы іске асырылады:
Сонымен қатар балансқа қоса тапсырылатындар:
Пайда мен залал туралы есеп беру компанияның есептік кезең ішіндегі қызметінің нәтижесін сипаттауға бағытталған. Пайда мен зазл туралы есеп беруіде компанияның негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстары, шығындары, пайдасы мен залаллы көрсетіледі. Есептілік төрт графадан тұрады: көрсеткіш атауы, код, есептік кезең көрсеткіші, алдыңғы жыл көрсеткіші. Пайда мен залал туралы есеп берудің құрылымы- компанияның табысы мен шығындарын жүйелі талдау болып табылады. Компания Пайда мен залал туралы есеп беруді құру кезінде «ұйым табыстары», «ұйым шығындары» түсініктерді қалыптастыру үшін 1ҰҚЕС сәйкес келесідей принциптерді басшылыққа алу керек. Табыстар мен шығындары мойындау криитерйлерін сақталуын, табыстар мен шығындар классификациясын, есептік кезең ішінде біпқалыпты табыстар мен шығындарды бөлуі тиіс.
Қаржылық есептілікке негізделген қолданушылардың шешім қабылдауға белгілі бір дәрежеде әсер ететін болса, онда ақпараттың ролі зор. «Пайда мен залал» есептілігі сондай ақпарат түріне жатады. Кезең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары міндетті түрде, егер қандай да болсын Стандартта немесе Түсіндірмеде өзгеше талап етілмесе, пайдаға немесе залалға қосылуға тиiс. Әдетте кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары пайдаға немесе залалға енгізіледі. Оған бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістердің тиісті баптары кіреді. Алайда белгілі бір жағдайларда нақты баптар ағымдағы кезең ішіндегі таза пайдадан немесе залалдан алып тасталуы мүмкін. 8 ІAS Халықаралық стандартында осындай жағдайлардың екі түрі қаралады: қателіктерді түзету және есеп саясатындағы өзгерістердің салдары.
Компанияның қызметінің әртүрлі түрлерінің, операциялардың және басқа оқиғалардың ықпалы пайда немесе залал алу үрдісінің жиілігі және болжамдылығы жағынан өзгеше болғандықтан, қызметтің қаржы нәтижелерінің компоненттерін ашып көрсету қол жеткен қаржы нәтижелерін түсінуге және болашақ нәтижелерді болжауға көмектеседі. Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзіне қосымша желілік баптар қосылады, ал осы баптардың атауына және оларды орналастыру тәртібіне, қажет болған жағдайда, қызметтің қаржы жағдайын анықтау үшін өзгерістер енгізіледі. Есепке алынуға тиісті факторлар кірістер мен шығыстардың тиісті компоненттерінің мәнділігі мен сипатын және мақсатын қамтиды.
Ұйым кірістер мен шығыстардың қандай да болсын баптарын, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде де, қаржы есептілігіне ескертулерде де, төтенше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.
Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп. Қорытынды есептің бұл түрі қалыпты жағдайда шаруашылық қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылатын қосымша құндық бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге арналған. Сыртқы пайдаланушылар үшін пайда мен залалдар жөніндегі қорытынды есеп қысқа үлгіде жасалынады. Пайда мен заладар жөніндегі қорытынды есеп сату (есептеу) принципіне сай жасалынады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымның өтеушілік қабілетінің мәліметтері қорытынды есептің бұл түрінде көрсетілмейді.
Компанияның «Пайда мен залалдар» есептілігі келесі баптардан тұрады:
Қазақстандық әдіснамалық ұсыныстарға сәйкес, егер ағымдағы жылдың қаржылық қорытынды есебін жасау барысында өткен есепті кезеңдердің есебінде жіберілген қателер анықталса, онда мұндай қателерді түзетіп реттеудің сомалары ағымдағы жылдың таза табысын немесе зиянын анықтаудағы сомаларға қосылады. [5]
3. Пайда мен залал туралы есеп беруідің жетілдіру жолдары.
3.1. Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау.
Дополнить
3.3. ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары
2.3.ХҚЕС-ке сәйкес пайда мен залалдар туралы есептілікті жетілдіру жолдары
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан - жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің бухгалтерлік есеп стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады.
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету ретінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі өте маңызды роль атқарады. Осыған орай қазіргі кезде республика ұйымдары бухгалтерлік есепті кезең-кезеңмен есептіліктің халықаралық стандарттарына көшіру үстінде. [14]
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшудің бірінші кезеңі 2003 жылдың 1 қаңтарынан басталып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталған ұйымдарды қамтыды. 2005 жылдың 1 қаңтарынан халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сай қаржылық есептілікті құруға акционерлік қоғамдар көшірілді. 2006 жылдың 1 қаңтарынан халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына қалған ұйымдарды көшіру жүзеге асырылуда. [14]
Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары енгізілген кезден, яғни 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты қарастырыла бастады. Бұл дамушы нарықтық экономиканың талабы еді. Қазақстандық стандарттар бухгалтерлік есептің жалпы қағидалары мен әдістеріне негізделіп, көшпелі нарықтық экономика талаптарына сай жасалды. Республиканың экономикасының әрі қарай реформалау кезінде бағалы қағаздар нарығының, банктік және сақтандыру ісінің, инвестициялық қызметтің активті түрде қызмет атқаруы үшін бірқатар заңдық актілердің қабылдануы нәтижесінде қазақстандық есепті қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына көшуі шешілді. Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарты жасалған көшпелі нарықтық кезеңде Қазақстанның қаржылық бизнесіне сай емес кейбір операцияларды ашу мен көрсетудегі есептің шектеулігі , нақты еместігі орын алды.
БЕҚС пен ХҚЕС салыстырылып, бухгалтерлік есепті реформалау халықаралық стандарттарға сүйене отырып жаңа әдістеме мен әдістерді жасау жүргізілді. Қазіргі кезде қазақстандық есепті құрудың қағидалары ХҚЕС-на сәйкестендіріліп жасалған. Бірақ, соған қарамастан БЕҚС пен ХҚЕС-ның арасында біршама өзгешеліктер бар.
БЕҚС пен ХҚЕС арасындағы басты ерекшеліктерді қарастырайық.
ХҚЕС - на сәйкес бірінші орында қаржылық есептілікті қолданушылар қызығушылығы қарастырылған. БЕҚС - та да қаржылық есептілікті қолданушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған деп көрсетілген . Тәжірибеде қаржылық есептілік реттеуші мекемелерге арналып, толық түрде жасалады.
Халықаралық стандарттар қаржылық есептілікті дайындаған кезде маманданған көзқарас пен бағалауға негізделген. Жоғарыда көрсетілген себепке байланысты қазақстандық бухгалтер бухгалтерлік есептің қатаң регламенттелген түріне үйренгендіктен бұл қағидадан қашады.
Стандартты қолданудағы жалпы ерекшеліктермен қатар есепті ұйымдастырғанда бірқатар сәйкессіздіктер орын алады.
Мысалға, ХҚЕС компанияларға есептіліктің бірдей мерзімін анықтамаған, ал қаржылық жыл календарлық жылмен сәйкес келмеуі мүмкін. Қазақстандық стандарттар есептілік мерзімін 1 қаңтар мен 31 желтоқсан арасында деп нақты бекіткен. Сонымен қатар БЕҚС бойынша меншік иелері мен басқа да тұлғаларға есеп беру жылы ішінде аралық есептіліктің уақытын өзгертуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептілікті құру мен тапсырудың концептуалды негізі қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының жеке құжатында көрсетілген. Бұндай құжат есептің қазақстандық стандарттарында да бар. Осыдан басқа қаржылық есептілікті жасау үшін арнайы әдістемелік нұсқаулар бар. ХҚЕС-тің концептуалды негізі стандарттардың мағынасын жалпылама ашып көрсетеді, қаржылық есептіліктің мақсаты мен құру тәртібін анықтайды.
Концептуалды негіздің элементтері стандарттрдың қағидаларын көрсетеді, бірақ та ол стандарт емес. ХҚЕС Комитеті ХҚЕС концепциясы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары болып табылмайды, сол себептен ақпаратты ашу мен бағалау бойынша еш қағиданы белгілемейді.
Сонымен қатар концепция барлық стандарттардың негізін анықтайды. Стандарттар арасындағы өзара байланысты көрсететін базаны құрады және қаржылық есептіліктің жалпылама қағидаларына сүйене отырып өзгертулер енгізу мүмкіндігін көрсетеді. Егер, Концепцияда көрсетілгендей, есептің жаңа объектілері мен жаңа операциялар пайда болса және оған сәйкес арнайы стандарттар болмаса, онда олар белгіленген жалпылама қағидаларға негізделіп көрсетіледі.
Концепция бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрудың теоретикалық негіздірен анықтайды.
Қаржылық есептіліктің құрамында «Баланс», «Пайда мен зиян» есептілігі (қазақстандық стандарттар бойынша табыстар мен шығындар), «Қаржылық жағдайдың өзгеруі» туралы есептілік (ақша қаражаттарының қозғалысы немесе қордың қозғалысы түрінде тапсырылады), қосымшалар және басқа да мәліметтер кіреді. Қаржылық есептіліктің форматына директорлардың есептері, анализдер және басқа да есептіліктер кігрізілуі мүмкін. Біздің бухгалтерлік тәжірибеде қаржылық және бухгалтерлік есеп №1 форма «Баланстан», №2 форма «Табыстар мен шығындар есептілігінен», №3 форма «Ақша қаражаттарының қозғалысы есептілігінен», №4 форма «Жеке капиталдың қозғалысы туралы есептіліктен» тұрады және де есептілікке ақпаратты қолданушыларға қажетті мәліметтер қосылуы мүмкін.
БЕҚС - на сәйкес қаржылық есептілікті тапсыратын салық төлеушілер форма №2 «Пайда мен залалдар» есептілігін тапсыратын болса, ал ХҚЕС-на негізделіп қаржылық есептілікті жүргізушілер «Пайда мен зиян » есептілігін тапсырады. ХҚЕС - ры бойынша қаржылық есептілікті тапсырушылар «Пайда мен зиян» есептілігінде көрсетілетін ақпараттарға қойылатын талаптар БЕҚС бойынша жасалған қаржылық есептілікке қойылатын талаптарға қарағанда өзгеше.
БЕҚС бойынша форма №2 «Пайда мен залал» есептілігі кәсіпорынның есептік мерзіміндегі ағымдағы қаржылық жағдайы жайлы мәліметтерді қамтиды. Бұл формада жалпы табыс пен зиян туралы көрсеткіштер белгіленген:
Бұл формада сонымен қатар кәсіпорынның толық немесе өндірістік өзіндік құны бойынша өткізілген өнімді (тауар, қызметті) өндіруге кеткен шығындар, коммерциялық шығындар, басқарушылық шығындар, өнімді, тауарды, қызметті өткізуден түскен нетто түсім, табысқа салынатын салық сомасы, өзге де мәліметтер көрсетілген.
№ 1 бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарындағы минималды талаптарда «Пайда мен зиян» есептілігінің міндетті баптарында табыстар мен шығындарды негізгі және қосымша қызметі бойынша бөлу талаптары көрсетілмеген. № 1 бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарындағы минималды талаптарда «Пайда мен зиян» есептілігінің міндетті баптарында табыстар мен шығындарды негізгі және қосымша қызметі бойынша бөлу талаптары көрсетілмеген. Негізгі және қосымша өндірістен түскен табыстар мен шығындардың ерекшеліктері тек кәсіпорынның қызметіне байланысты.
Информация о работе Пайда мен залалдар туралы есептілік құрылымы