Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 10:57, курсовая работа
Қазіргі таңда математикалык модельдеу экономикалық өзара байланыстар мен заңдылықтарды зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтті. Математикалық модельдеу мен ЭЕМ пайда болғаннан бері, экономикада көп қиындықтар тудыратын, ал көбінесе тіпті мүмкін емес болатын нақты объектілерде емес, экономикалық жүйелер мен құбылыстардың математикалық модельдерінде тәжірибе жасау мүмкін болды. Бұл үшін экономикалық үдерісті экономикалық-математикалық есеп түрінде көрсетіп, оның ЭЕМ-да шешімін тапса жеткілікті болады. Мұның өзінде шарттарды өзгерте отырып, көптеген нұскаларды талдап, олардың ішінен ең қолайлысын таңдап алуға болатын мүмкіндік туды.
КІРІСПЕ
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМІ
1.1. Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
1.2. Сұраныс пен ұсыныс моделі
1.3. Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі
ІІ. ӨНДІРІСТІК БӨЛІМІ
2.1. Кәсіпорынды зерттеудің сызбасы
2.2. Бір кәсіпорынға сұраныс пен қажеттілікті есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік қызметінің негізгі бағыттары келесілер болып табылады:
Республикада кәсіпкерлердің мүддесін қорғау үшін мақсатқа сай құрылған орган адвокаттық кеңес болып табылады. Бұл 1976 жылы АҚШ-тағы шағын бизнесті қорғау үшін құрылған адвокаттық кеңеске ұқсас. Шағын бизнестің адвокаттық кеңесінің негізгі міндеті:
Шағын бизнестің адвокаттық кеңесі 4 бөлімнен тұрады:
Мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдаудың екінші бағыты қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудегі көмек. Барлық Еуропаға одақтас елдер шағын және орта бизнеске олардың қаржыландыру көздері түрлі проблемалары ұтымдылықпен шеше отырып көмектеседі. Кейбір елдерде (Ұлыбритания, Голландия) негізінен нарық кепілдігін қамтамасыз ету жүйесіне күш жұмылдырады. Көптеген елдер субсидия және инвестицияға деген фискалдық жеңілдіктер, жеңілдетілген қарыз және дотациялар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін ерекше резервтер құрайды.
Мемлекет қызметінің үшінші бағыты бұл – кәсіпорындарды басқарудың тиімді жүйесін жасауда көмек көрсету.
Жоғарыда көрсетілгендей кәсіпорын қызметінің тоқталуының басты себептерінің біріне менеджменттің тиімсіздігіжатады. Көрсетілген кәсіпкерлікті қолдау түрімен қатар, мемлекет тарапынан мынадай қосымша қызметтер көрсетіледі:
Шағын бизнесті қолдаудың мұндай консалтингтік бағдарламасының болуы болашақтағы тәуекел мен сәтсіздіктерді азайтудың тиімді факторы ретінде бизнесті бастаудың қозғаушы күші болуы мүмкін.
Мемлекет қызметінің төртінші бағыты бизнеске кеңінен ақпараттық қолдау көрсету. Олар мыналарды қамтиды: нақты нарықтар туралы, технологиялық жаңалықтар туралы, жетілдіруді қажет ететін өндірістер немесе өнімдер туралы ақпараттар беру. Мұндай ақпарат болашақ кәсіпкерлерге нарықтың жаңадан ашылып келе жатқан орындарын табуға, өнімдерді немесе өндірістерді жетілдіруге бизнесті ұйымдастыруды жаңа тәсіл мен жаңа сапасын табуға мүмкіндік береді.
Бесінші бағыт бұл – сәйкес салық салу және басқа да реттеуші механизмдер арқылы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру. Мемлекет салық салу жүйесі арқылы кәсіпкерлік белсенділік қарқынын делдалдық сауда қызметінен өндіріске өзгерте алады.
Алтыншы бағыт – қоғамның сипаттамасының өзгеруін қоғамдық салада және қоғамдық пікірде үлкен өзгерісті талап ететін кәсіпкерлік ортаны құру. Бұл кәсіпкерлікке деген қоғамдық теріс пікірлерді тиімді жаққа қарай өзгерту жолымен жүзеге асырылады да, нәтижесінде тұтас кәсіпкерлер тобы құрылады және олар жаңа мүшелермен толықтырылып отырады.
1.2. Сұраныс, қажеттілік және ұсыныс моделі
Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)
P – тауар бағасы (price)
I – сатып алушының кірісі (табысы)
T – сатып алушылардың ұнатулары
PS– субститут – тауарлар (substitutes) бағасы
PC – тауарлар – комплементарийлердің (комплементтер – complements) бағасы
N – нарықтағы сатып алушылар саны (number).
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді)
Р
D
Q
1 сурет. Сұраныс қисық сызығы
Сұраныс қисық сызығының практикалық мәні: оның көмегімен өндірушілер тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады.
Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:
Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. (2 сурет) сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады (Ддан – Д1 ге дейін), ал азаюы – төмен және солға (Ддан – Д2 ге дейін).
P
D2
Q
2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.
Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.
1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.
2. Бағасы бойынша
сапасы жөнінде айтылатын
3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.
4. Инфляциялық күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді.
Жеке сұраныс (бір тұтынушының сұранысы) пен нарықтық (салалық) сұранысты (осы нарықтағы немесе саладағы барлық тұтынушылардың сұранысы) айыру қажет. Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:
QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда
QS – тауар ұсынысы (supply)
P – тауар бағасы
PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары
Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы
K – технология деңгейі
Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)
N – нарықтағы сатушылар саны
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (3 сурет)
P S
Q
3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс көлемінің өзгеруі
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
P S2 S S1
4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P S
Q
5 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) – (конфигурация).
Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P
А1
6 сурет. Ұсыныс қисық сызығының пішіні
Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны – жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. – ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR – immediate run) өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады.
Информация о работе Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары