Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2012 в 21:22, курсовая работа
«Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткен болатын
КІРІСПЕ
«Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткен болатын.Осыдан біз Қазақстан үшін оның банктік жүйесі маңызды орын алатынын байқаймыз.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканыңең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Менің бүгінгі курстық
жұмысымның тақырыбы банктік жүйе болып
табылады және бұл жұмысымда мен банктік
жүйенің макроэкономикалық мәні, экономикадағы
ролі, Ұлттық және коммерциялық
банктерге талдау жасадым.
1.1.Банктік
жүйенің макроэкономикалық
Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі.
Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі.
Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс алады.Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Коммерциялық
банктердің негізгі функциясы несие беру
және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесінде коммерциялық банктер ақша
ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды
қағаздарды алып-салумен де айналысады.
1.2.Банктік жүйенің экономикадағы ролі
Банктік жүйе – нарықтық экономиканыңең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер
қажылық делдал ретінде шаруашылық
органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің
үрдісінде босаған басқа да бос
ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз
алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және
экономика үшін басқа да көптеген қыз
қызмет көрсетеді, соның арқасындаөндірістің
тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына
тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Қолма-қол және қолма қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты.Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы ақша шаруашылық процестердің барысын қадағалайды,әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған:
Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті.
Банктік
жүйенің негізгі мақсаты –
несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын
реттеудегі әдістерін жетілдіру,
есеп айырысуды тездету және төлем
тәртібін сақтау болып табылады.
2.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ
2.1.Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аймағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті.Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен рекволюцияға дейінгі Ресей тарихымен тікелей байланысты.Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне:Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі
(өз қызметін 1860жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық
Акционерлік коммерциялық
Ипотеклық несие жүйесі –
1917ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды.Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.
1922ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады.
1924 ж. ауыл шаруашылық кооперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді.Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты.КСРО-да 1930-1932жж. жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаоарда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банк құрылды:
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды.
КСРО-да банктік реформа 1987-
Мамандандырылған банктердің