Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2012 в 21:22, курсовая работа
«Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет» деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткен болатын
КСРО Мембанкінен бөлінген коммерциялық
банктер негізінен
1988жылға дейін КСРО Мембанкі – Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.
70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік,өктемдік, ұсақ түйекті регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан
1989ж басынан бастап, алғашқы коммерциялық,
аралас, кооперативтік жеке банктер
пайда бола бастады.
2.2.
Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері,
қызметінің бағыттары мен
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық
банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің
негізгі объектісіне
«ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша ҚР-ның Ұлттық банкі ҚР-ның Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түсетін табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Нарықтық экономика жағдайында Орталық банктің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
АҚШ-та орталық банктердің капиталына қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі басқа қорлар тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
ҚР-ның Ұлттық банкінің негізгі міндеті – ҚР-ның ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар ҚР-ның Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
Ұлттық банк жүйесінің негізгі бағыттары:
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
Ұлттық банк өзінің
1-сызба. ҚР Ұлттық банктің басқару құрылымы
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
12 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 9 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат
Орталық аппарат
16
аумақтық филиал және Алматы
қаласындағы екі филиал - Кассалық
операциялар және
Ұлттық Банктің 2 өкілдігі:
· Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
Ұлттық Банктің Ұлы Британия
және Солтүстік Ирландия
4 есеп беретін ұйым:
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Ұлттық Банк:
«Қазақстанның депозиттерге
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.
Ұлттық Банк мынадай акционерлік қоғамдардың:
"ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы;
«Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен
Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдамалық
орталық» акционерлерінің бірі болып
табылады.
ҚР Ұлттық Банкінің Басшылығы
ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы | Марченко Григорий Александрович |
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | Ақышев Данияр Талғатұлы |
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | Әлжанов Батырбек Асылбекұлы |
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | Ғалиева Дина Түлеубекқызы |
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары | Тәжіяқов Бисенғали Шамғалиұлы |