Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 23:12, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Н.Назарбаев 2 наурыз 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты — инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатка жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар./1, 27 б./
Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын темендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап түру.
КІРІСПЕ ------------------------------------------------------------------------------------3
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБЫСТАҒЫ ӘСЕРІ ----------------------------------------------------------------------------------------4
1.1.Инфляция, оның мәні және түрлері ------------------------------------------4
1.2. Инфляцияның себептері, әлеуметтік – экономикалық салдары ------7
1.3. Инфляцияның табысты қайта бөлуге әсері -------------------------------9
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА, ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ --------------------------------------------------------------------------------11
2.1.Инфляцияға қарсы саясаттың даму жолдары, түрлері ------------------11
2.2. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланыс-------------------13
2.3. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат және оларды жетілдіру жолдары -------------------------------------------------------------16
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------21
3.1 Қазақстанда қалыптасқан инфляция ерекшеліктері----------------------21
3.2 Қазақстандағы инфляцияға қарсы ақша-несие саясаты------------------22
ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------------------------26
ҚОСЫМША А---------------------------------------
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ------------------------------
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБЫСТАҒЫ ӘСЕРІ ------------------------------
1.1.Инфляция, оның мәні және түрлері ------------------------------
1.2. Инфляцияның себептері, әлеуметтік – экономикалық салдары ------7
1.3. Инфляцияның табысты
қайта бөлуге әсері -----------
ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ
СИПАТТАМА, ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ ------------------------------
2.1.Инфляцияға қарсы саясаттың даму жолдары, түрлері ------------------11
2.2. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланыс-------------------13
2.3. Қазақстан Республикасындағы
инфляцияға қарсы саясат және
оларды жетілдіру жолдары -----
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ-----------------
3.1 Қазақстанда қалыптасқан
инфляция ерекшеліктері--------
3.2 Қазақстандағы инфляцияға қарсы ақша-несие саясаты------------------22
ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
------------------------------
ҚОСЫМША А-----------------------------
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Н.Назарбаев 2 наурыз 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты — инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатка жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар./1, 27 б./
Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын темендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап түру.
Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын»- деп атап көрсетті.
Қазақстандағы инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28 % қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражатт ар аударымдарын экономиканы жаңарту қорына, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды жүргізу мүмкіндігін туғызды.
Қазақстанда инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлем ақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, бағаның өсуіне соқтырады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу курстық жұмысының мақсатына:
Курстық жұмыстың міндеттері.
- инфляцияның пайда болу, шығу тарихын зерттеу;
Зерттеу құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБЫСТАҒЫ ӘСЕРІ
1.1.Инфляция, оның мәні және түрлері
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы
кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың
белгісі емес нақты
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 % - ке дейінгі
баяу инфляция қауіпті деп
саналмайды. Керісінше, белгілі бір
жағдайда баяу инфляция
Бірақ 10 % - тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.
Спекулятивті бизнес ұсыныстың
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс товар
бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың
монополизациялануына, жаңа салық
ставкаларына, сыртқы экономикалық
жағдайға, мемлекеттік реттеуге
және басқа да себептерге
Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді. Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен. Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. /3, 144 б./
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді. Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.
«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларды байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.
Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жилжыды (AS2 - AS1), баға даңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
1 – сызба. Сұраным инфляциясы
2 – сызба. Шығындар инфляциясы
1.2 Инфляцияның
себептері, әлеуметтік –
Инфляцияның негізгі себептері:
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық
ауытқуына байланысты
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін. /4, 357 б./
Екіншіден,егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арпасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.