Инфляция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 23:12, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Н.Назарбаев 2 наурыз 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты — инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатка жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар./1, 27 б./
Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын темендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап түру.

Содержание

КІРІСПЕ ------------------------------------------------------------------------------------3

І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБЫСТАҒЫ ӘСЕРІ ----------------------------------------------------------------------------------------4
1.1.Инфляция, оның мәні және түрлері ------------------------------------------4
1.2. Инфляцияның себептері, әлеуметтік – экономикалық салдары ------7
1.3. Инфляцияның табысты қайта бөлуге әсері -------------------------------9

ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА, ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ --------------------------------------------------------------------------------11
2.1.Инфляцияға қарсы саясаттың даму жолдары, түрлері ------------------11
2.2. Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланыс-------------------13
2.3. Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат және оларды жетілдіру жолдары -------------------------------------------------------------16

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------21
3.1 Қазақстанда қалыптасқан инфляция ерекшеліктері----------------------21
3.2 Қазақстандағы инфляцияға қарсы ақша-несие саясаты------------------22

ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------------------------26
ҚОСЫМША А---------------------------------------

Вложенные файлы: 1 файл

Инфляция.DOC

— 449.50 Кб (Скачать файл)

•     ғылыми-техникалық прогресс;

•     экономикадағы   құрылымдық  және   аймақтық  ілгері   басушылық;

• сыртқы экономикалық бәсекелестіктің  күрт күшеюі. Мұндай жағдайларда еңбек  рыногы мынаған міндетті:

1.   Өте жоғары  жинақылыққа жетуге (кәсіпқойлық,  біліктілік, аймақтық және халықаралық  көзқарастар аясында).

1-кесте.  Жұмыссыздық және оның түрлері

 

 

2.  Үлкен икемділікке  барып, қазіргі заманғы жағдайларға  сай өте жақсы бейімділік танытуға.

3.  Еңбекақы    ставкаларын   дараландыру    (еңбекақыны нақтылы жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімен ғана емес, сонымен бірге адамның жұмысқа лайықтылығын, әлеуметтілік мүмкіндігін және біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек) /9, 27 б./

Сонымен еңбек рыногын  реттеу формасы болып тек Қазақстан  Республикасындағы күшінде бар  жалпы еңбек заңнамасы ғана емес, қайта еңбек келісімдер институты болуға тиісті.

Қазақстанда әлеуметтік-еңбек қатынастары сферасы аса бір реттелінбеген, дау-дамайлы істердің бірі болып саналады. Республика әлдеқашан басқа дәуірге өткен, ал әлеуметтік-еңбек қатынастары 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін Кеңес өкіметі кезіндегі еңбек заңымен реттелініп келді.

2000 ж. 1 қаңтарынан бастап  Қазақстан Республикасының "Қазақстан  Республикасындағы еңбек туралы" жаңа Заңы, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылу туралы" және басқа Заңдары күшіне енді. Ол заңдар азаматтардың ҚР-дағы еңбек еріктілігіне деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарымен, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықтың жұмыспен қамтылуы сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазіргі кезде, әсіресе, экономиканың мемлекеттік емес секторларында еңбек қорғаудағы, шеккен зияндарды қайтарудағы, мертігу немесе кәсіптік сырқатқа ұшырағандағы көптеген жұмыскерлер құқығының бұзылулары әдетке айналып барады.

1998 жылы Халықаралық  еңбек ұйымының (ХЕҮ) басшылығымен Қазақстанда алғашқы рет ірі масштабта жүргізілген зерттеу мынаны көрсетті, — еңбек кауіпсіздігі болуға тиісті тексерілген кәсіпорындардың 30%-дан астамында арнайы механизмдер, техникалар, аспаптар туралы айтпағанның өзінде, тіпті әуелі олардың күзет қызметтері болмай шыққан.

ХЕҰ есеп беру мәліметтері  бойынша 1998 ж. қазақстандық өнеркәсіптегі жұмыссыздық елдегі еңбек ресурстарының 41%-нан асқан. Ал Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайын ХЕҮ дабыл қағарлықтай деп бағалады.

Өмір деңгейіндегі және әлеуметтік сфераны дамытудағы дағдарыстық жағдай, экологиялық жағдайдың асқынуы, демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы әлеуметтік-экономикалық қатынасты өзгертудің объективті қажеттілігіне және Қазақстанның бірқалыпты әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарының өндіргіш күштерінің өсуін қамтамасыз етуге институциональдық және қаржылық механизмдердің тал-даулары себепші болады /10, 177 б./

 

 

 

2.3  Қазақстан  Республикасындағы инфляцияға қарсы  саясат және оларды жетілдіру  жолдары

 

 Қазақстан Республикасындағы  инфляцияның дамуы – мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып  табылады, өйткені ол  шығындардың   инфляциясынан  жәнге  осығарн   байланысты  мемелкет  кірічстерінің  құнсыздануынан туады. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталып отыр: ол 1991 ж.  бюджеттің  шығыс  бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %,1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 %

құрады. 2003 жылы  республикалық  бюджеттің  тапшылығы  1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ - ге  0,11 %) құрады.

Қазақстандағы  инфляцияның  дамуына  инфляциялық  нәтижені  тудырған  жаңа салықтарды – алғашқы  мөлшерлемесі 28 %  қосылған  құнға  салынатын  салықты, акциздерді, экспорттық  және импорттық  кеден  баждарын  енгізу, өнімнің   өзіндік құнына  қосылатын  қаражатт ар аударымдарын  экономиканы   жаңарту қорына, халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің  мемлекеттік қорына  аудару,  әлеуметтік  сақтандыруға  аударылатын  аударымдарды  бірден көбейту  сияқты  қаржыны   және  әлеуметтік шараларды  жүргізу  мүмкіндігін  туғызды.

Қазақстанда  инфляцияның  дамуының  қосымша факторы  пайдаланылатын кредиттер бойынша  пайыздарды жатқызудың  тәртібі  болып табылады;  кредит үшін төлем ақының  өсуі жағдайында   бұл өнімнің  өзіндік құнының, бағаның өсуіне соқтырады.

        Батыс елдерінің экономистері  жасаған теорияларда альтернативті  (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себебтері (механиз-моделі) қарастырылады.        2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.      

Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету.

         Ұлттық  банктің  негізгі   мақсаты мен  міндеттерін осылайша  түйіндеу инфляция бойынша мақсатты  көрсеткіштер үшін  Ұлттық банк  жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір   нақты көрсетеді.

        Инфляциялық таргеттеу  принциптерін  пайдаланатын көптеген  елдер   инфляция жөнінде қойылған  мақсаттарға   қол жеткізу  жауапкершілігін   күшейту жағдайларында  инфляция бойынша  бағдарлар ретіндегі тұтыну  бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына  инфляциялық  үрдістердің  негізгі  бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды /11, 69 б./

        Ұлттық банк 2004 жылдан бастап  «базалық инфляция» индексіне   қарай бағдарлар  белгілейтін  болады.

        2004 жылы  ақша – кредит саясатының  негізгі  мақсаты  орташа  жылдық «базалық инфляцияны» 4-6 % шегінде ұстап тұру ретінде  қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны  есептеу әдістемесі  бекітілгеннен кейін және ол нақты  бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе кысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрынннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті / 12, 133 б./

        Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы  саясаттың  ұзақ мерзімдік  стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық,  тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін қадағалап реттейтін тактикалық  саясат  түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,  дамыған Батыс елдерінің  тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті  тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған  қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстаннның барлық  әкімшілік – экономикалық  аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың  құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда  да монетарлық  -  қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

        Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз  әлеуметтік және экономикалық  салдары көптеген елдер үкіметтерін  белгілі экономикалық саясат  жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

       Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты талдағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен  бірге өндіріс  өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау  жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным  жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі. Ең алдымен  табысы төмен  нарық  субъектілеріне салынатын  салық  қысқартылады. Бұл бірден  нәтиже береді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,      жалпы экономикалық   өсу  басталады. бірақ  60 – 70 жылдары дамыған  елдердің  тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру  инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен  бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.

        Екінші әдістемені  жаңа  классикалық   бағыттағы  экономистер  ұсынады.  Олар  бірінші орынға  ақша  – несие  арқылы  реттеу  әдісін  қояды. Бұл әдіс  экономика жағдайына жанама  түрде икемлді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке  тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді /13, 118 б./

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының  индексі 2005 жылдың басынан бері (2005 жылғы маусым 2004 жылдың желтоқсанына) 102,6% болды.

Осы жылдың маусым айында инфляция деңгейі 100,0% құрады. Азық-түлік  тауарлары бағаларының индексі - 99,8%. 2007 жылдың маусымында жарма бағасы 17,1%-ға өсті. Сонымен қатар сүт өнімдері бағасы 2,8%-ға, балық және теңіз өнімдері, жеміс және көкөніс бағаларының 1,3%-ға маусымдық төмендегені байқалды. Көкөністерден сәбіз -9,0%-ға, картоп-5,5%-ға қымбаттады. Басты пияз 14,5%-ға, жас қияр - 9,2%-ға, жас қызанақ бағалары - 3,5%-ға төмендегені байқалды. Балық және теңіз өнімдерінің то-бында жаңа ауланған немесе салқындатылған балық бағасы 8,9%-ға арзандады. Сүт өнімдерінің тобында ірімшік - 14,2%-ға, айран және басқа да қышқыл сүт өнімдері -4,1%, жаңа сауылған сүт-2,5%, қаймақ бағалары-2,2%-ға төмендеді. Сондай-ақ жұмыртқа бағасының 9,4%-ға төмендегені байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар бағалары 2005 жылдың маусымында 2003 жылдың мамырына қарағанда - 0,1%-ға өсті. Өткен айда ерлер аяқ киімі - 1,4%-ға, балалар киімі -1,1 %-ға, балалар аяқ киімі -1 %-ға, әйелдер аяқ киімі - 0,6  %-ға қымбаттады. Бензин бағасы - 3,5%-ға төмендеді /14, 17 б./

Тұрғындарға көрсетілген  ақылы қызметтердің тарифтер мен  бағалар индекстері 2007 жылдың маусымында 2005 жылдың мамырына қарағанда 100,2%  құрады. Осы жылдың маусымында құқықтық қызметінің тарифі - 30,7%-ға, тіс емдеу қызметі - 3,9%-ға өсті. Жолаушылар көлігі саласындағы пойызбен жүру 3,7%-ға, әуе көлігі қызметі тарифі - 1,6%-ға жоғарылады.

Жан басына орташа шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 2007 жылдың маусымында 5444 теңге құрады.

Өнеркәсіп өнімдерін  өндіруші кәсіпорындардың бағалары, өндірістік сипатты қызмет түрлерін қоса есептегенде, осы жылдың басынан  бері 4,3%-ға өсті. Өндеу өнеркәсібінде  бағалар - 5,8%-ға, өндірілген өнім бағалары - 2,9%-ға, өндірістік қызметтер тарифтері 10,4%-ға артты. Инфляция деңгейі 2- кестеде және  диаграмма көрсетілген /15, 47 б./

2- кесте Инфляция деңгейі

 

Азық - түлік

2006 ж.

% бойынша

бағалары

Азық-түлік емес тауарлар

2007 ж. маусы -

мынан 2007 жылдың мамырына дейін

жарма

17,1

ерлер аяқ киімі 

14

сүт өнімдері

2,8

балалар киімі 

1,1

балық және теңіз өнімдері

1,3

балалар аяқ киімі 

1

жеміс және көкөніс 

1,3

әйелдер аяқ киімі 

0,6

сәбіз

9,0

   

картоп

5,5

   

басты пияз

14,5

   

жас қызанақ 

3,5

   

жас қияр

9,2

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- Диаграмма 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Информация о работе Инфляция