Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 00:01, курсовая работа
Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді..
Кіріспе
1 «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы
1.1 Серіктестіктің тарихы және оның қызметіне мінездеме
1.2 Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру
2 «Сарыағаш-жер» ЖШС-нің 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау
2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенцалы
2.2 Кәсіпорын шығындары
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
3«Сарыағаш-жер» ЖШС-нің салық төлеу тәртібі
Қорытынды
Жинақталған бухгалтерлік балансты сараптау кезінде 2010 жылы 2009 жылға қарағанда жалпы активтер 136629 мың теңгеге қысқарған. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда ұзақ мерзімді активтер 177042 мың теңгеге қысқарған. Ал қысқа мерзімді активтер 40413 мың теңгеге немесе 8,4 %-ға артқан.
Жыл соңында жыл басымен салыстырғанда пассивтегі жарғылық және резервті капиталдың мөлшері 98,2 %-ды құрайды. Ол жыл басымен салыстырғанды 87068 мың теңгеге азайған. Бұл өзгеріс бөліндеген пайданың бір бөлігін өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз.
Қорыта келгенде кәсіпорынның есепті жылғы балансының динамикасында өткен жылмен салыстырғанда артулар бар.
Жарғалық, резервтік капитал міндеттемелердің 98,2% құрауы, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Кезең ішінде меншікті капитал сомасы 141652 теңгеге өскен, ол резервтік капиталдың өсуінен болып отыр. Жарғылық капитал сомасы өзгермеген. Меншікті капиталдың өзгеру факторларын «Меншікті капиталдың қозғалысының есебі» формасы бойынша анықтауға болады
Кесте 6- Меншікті капитал динамикасы, 2010 жыл
Капитал көздері |
Сомасы, мың теңге |
Құрылымы, % | ||||
Жыл басы |
Жыл соңы |
Өзгеріс (+,-) |
Жыл басы |
Жыл соңы |
Өзгеріс (+,-) | |
Жарғылық капитал |
1555031 |
1555031 |
0 |
150,4 |
132,3 |
-18,1 |
Резервтік капитал |
97132 |
100064 |
2932 |
9,4 |
8,5 |
-0,9 |
Шығарылмаған табыстар |
-617998 |
-479278 |
138720 |
-59,8 |
-40,8 |
19,0 |
Барлығы |
1034165 |
1175817 |
141652 |
100,0 |
100,0 |
Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өзіне алған міндеттемелерін уақытылы жауып отыру болып табылады. Сонымен қатар, төлем қабілеттілік – қарыз алушының барлық міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін сипаттаса, несие қабілеттілік – көп жағдайда тек банк несиесін қайтару мүмкіндігін көрсетеді. Яғни несие қабілеттілік төлем қабілеттілік ұғымының құрамдас бөлігі. Кәсіпорынның ағымдық және күтілетін төлем қабілеттілігі ажыратылады. Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру уақытында анықталады, ал күтілетін төлем қабілеттілік нақты алдағы кезеңге келіп түсуі тиіс төлемдерді есепке ала отырып анықталады.
Төлем қабілеттілікті талдауға кіреді:
Баланстың өтімділігі оның міндеттемелерін активтерімен жабу мүмкіншілгімен анықталады.
Активтердің өтімділігі – активтердің ақша қаражатына айналу уақытымен, мөлшері анықталады.
А1 – өтімді активтер (ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржылық салымдар);
А2 – жылдам өтімді активтер (қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар);
А3 - өтімділігі төмен активтер (запастар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, басқа да айналымдағы активтер);
А4 – қиын өтімді активтер (ұзақ мерзімді активтердің барлық түрлері);
П1 – қысқа мерзімді міндеттемелер (кредиторлық қарыздар);
П2 – қысқа мерзімді пассивтер (қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар, қызметкерлермен есеп айырысу, басқа да қысқа мер.активтер)
П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді пассивтер, болашақтағы табыс)
П4 – тұрақты пассивтер (капитал, резервтер).
Мына теңсіздіктер орындалғанда баланс өтімді болып табылады:
А 1 ³ П 1; А 2 ³ П 2; А 3 ³ П 3; А 4 £ П 4.
Осы теңсіздіктерді орындалу орындалмауын анықтау үшін баланстағы көрсеткіштерді актив пен пассив өтімділі бойынша жіктелінген кесте құрылған.
Кестенің сол жағында активтер А, А2, А3, А4, оң жағында П1, П2, П3, П4 сомалары мың теңгемен көрсетілген.
Кесте 7- Кәсіпорын балансындағы активтердің өтімділігі, 2010 жыл
Активтер |
Сомасы, мың теңге |
Пассивтер |
Сомасы, мың теңге |
+,- өзгеріс, мың теңге | |||
Есепті кезең |
Өткен кезең |
Есепті кезең |
Өткен кезең |
Есепті кезең |
Өткен кезең | ||
А1 |
18656 |
17679 |
П1 |
17583 |
16764 |
-1073 |
-915 |
А2 |
41388 |
20238 |
П2 |
9565 |
6701 |
-31823 |
-13537 |
А3 |
48291 |
36884 |
П3 |
0 |
0 |
-48291 |
-36884 |
А4 |
1456439 |
1245752 |
П4 |
1034165 |
-224183 |
-422274 |
-1469935 |
Σ |
1564774 |
1320553 |
Σ |
1061313 |
-200718 |
Теңсіздіктерге оралатын болсақ (2010 жылдың балансы бойынша):
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығы негізінен капитал көздерінің құрылымының оңтайлылығынан және активтердің құрылымына тәуелді. Кәсіпорынның тұрақтылығына баға беру үшін бірнеше арнайы көрсеткіштер есептелінеді.
Кесте 8 - Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері, 2010 жыл.
Көрсеткіш |
Деңгей |
Шекті мәні | |
Жыл басы |
Жыл соңы | ||
1. Қаржылық тәуелсіздік |
1,59758162 |
1,37767987 |
>0,5 |
2. Қаржылық тәуелділік |
0,02 |
0,01 |
<0,5 |
3. Төлем қабілеттілік |
98,55 |
94,13 |
>1 |
4. Қаржылық тәуекел (леверидж) коэффициент |
0,01 |
0,01 |
<1 |
5. Қаржылық тұрақтылық |
1,59758162 |
1,37767987 |
>0,9 |
Осы көрсеткіштер негізінде мынадай нәтижелерге қорытынды жазуға болады: кестедегі бірінші, үшінші, бесінші коэффициенттердің мәні неғұрлым жоғары және екінші төртінші коэффициенттердің мәні төмен болған сайын КҚЖ соғұрлым тұрақты. Біздің кәсіпорын осы талаптардың барлығына сәйкес келіп тұр, яғни кәсіпорын қаржылық жағдайы тұрақты, төлем қабілетті. Кәсіпорын сыртқы қарыз көздеріне тәуелді емес.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің бірі – запастардың қаржыландырудың қалыпты көздермен қамтамасыз етілуі. Тауарлы-материалдық қорларды қалыптастырудың қалыпты көздерінің артықшылығы не жетіспеушілігі – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына баға берудің критерийлерінің бірі болып саналады, осыған орай қаржылық тұрақтылықтың 4 типін ажыратады:
Қорыта келгенде жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына берілді. Есеп жазылу кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі, активтерінің, мүлкінің құрылымы, қаржылық жағдайының ликвидтілігі тағы да басқа қаржылық жағдайына зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген қаржылық талдаулардың нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң деген баға берілді. Кәсіпорын несие және төлем қабілетті. Өзіне алынған міндеттемелерді уақытында жауып отыруға мүмкіншілігі бар.
3. Кәсіпорынның салық төлеудегі ерекшеліктері
Салықтар – белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні – шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастар түрі ретінде анықталады. Салықты мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау жинайды. Яғни салықтар – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін ақшалай төлемдер.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптері:
- салық әрбір төлеушінің
- салықтың мөлшері мен
- әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
- өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс.
Іс-тәжірибе өтіп отырған кәсіпорында бұл принциптердің барлығының да дұрыс ұстанылуына тиісті көңіл бөлініп отырылады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
ЖШС мынадай салықтар түрлері төлейді:
- Корпорациялық табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Қосылған құн салығы;
- Әлеуметтік салық;
- Жер салығы;
- Көлік құралдары салығы;
- Мүлік салығы.
Кәсіпорын салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:
1) салық органында тіркелу
2) салық салу объектілерін және
(немесе) салық салуға байланысты
объектілерді есепке алуды жүрг
3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасын есептейді;
4) салық тіркелімдерін қоспағанда
5) салықтың және бюджетке
АҚ салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды. Және салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.
Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.
Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме ұлттық валютамен орындалады.
Информация о работе «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы