Нервная система в онтогенезе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 21:09, творческая работа

Краткое описание

Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.
Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.

Содержание

Нерв жүйесінің маңызы
Нерв ұлпасының құрлымдық-қызметтік ұйымдасуы
Рефлекс – нерв әрекетінің негізгі көрінісі

Вложенные файлы: 1 файл

НЕРВ ЖҮЙЕСІ ФИЗИОЛОГИЯ.ppt

— 3.35 Мб (Скачать файл)

НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ  ФИЗИОЛОГИЯСЫ

 

  1. Нерв жүйесінің маңызы
  2. Нерв ұлпасының құрлымдық-қызметтік ұйымдасуы
  3. Рефлекс – нерв әрекетінің негізгі көрінісі

 

  •   Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
  • Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.
  • Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.
  • Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
  • Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе

Нерв жүйесін  негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

  • Орталық нерв жүйесі: жұлын мен бас миы
  • Шеткі нерв жүйесі: орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі  қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

  • Соматикалық нерв жүйесі: тірек – қимыл аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігі
  • Вегетативтік нерв жүйесі: ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігі

Нерв жүйесінің  бөлімдері

НЕРВ ҰЛПАСЫ

 

Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон  және глиялық немесе нейроглия  жасушалары.

  • Нерв жасушылырының құрылымдық және қызметтік бірлігі нейрон болып табылады.
  • Глиальдық клеткалардың саны нерв жасушаларынан 8-9 есе көп болады. Олар нерв жасушаларының қалыпты қызметтерінің іске асуында маңызды рольді атқарады. Нейрондардың барлық жағынан қоршай орналасқан нейроглия клеткалары (астроциттер, олигодендроциттер т.б.) және оның өсінділері – олар үшін бір жағынан механикалық функция – тірек қызметін атқарады; екінші жағынан, нерв жасушаларында электрлік оќшаулауды қамтамасыз етеді.

Нерв ұлпасы

НЕЙРОН

 

  • Негізгі қызметі: нерв импульстерін өрбіту, ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістері іске асырады.
  • Нейрондардың пішіні, көлемі, құрылымы алуан түрлі болып келеді. Нейрон денесінен өсінділер шығад: аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі бір нейроннан (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе атқарушы органдар жасушаларына) сигнал беруге маманданған. Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп аталады. Ќысқа өсінділер – дендриттер арқылы қозу нейрон денесіне өтеді. Нейронның басқа нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері синапсты (былайша айтқанда байланысты) түзеді

НЕЙРОННЫҢ  ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҰЙЫМДАСУЫ

НЕЙРОНДАРДЫҢ  ӨСІНДІЛЕР САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ  ЖІКТЕЛУІ

 

    Әртүрлі  нейрондар денелерінен шығатын  өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды 

  • униполярлы, псевдоуниполярлы,
  • биополярлы,
  • мультиполярлы деп бөледі.

Униполярлы  нейрондарда бір ғана өсінді  болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз  жануарларда және омыртқалы жануарлардың  эмбриональдық даму кезеңінде  кездеседі.

Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді.

Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар.

Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.

НЕЙРОНДАРДЫҢ  ӨСІНДІЛЕР САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ  ТҮРЛЕРІ

Нерв жүйесі  нерв ұлпаларынан тұрады

 

Нейрон және  глиальдық немесе нейроглия жасушалары.  Информацияны қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістерін  нейрондар іске асырады Нейрон денесінен өсінділер шығады аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға  сигнал беруге маманданған. Қысқа өсінділер – дендриттер арќылы қозу нейрон денесіне өтеді.

Нейрондар  денелерінен шығатын өсінділердің  саны бірдей болмайды

 

Оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады

Нейрондар  қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:

 

  • Афференттік (сезімтал, ќозуды орталық нерв жүйесіне ќарай(ОНЖ) өткізеді);
  • Эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, ќозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне ќарай өткізед);
  • Қондырма (қосымша немесе аралыќ нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады).

Нерв талшықтарының  қасиеттері.

 

Нерв талшықтарының  яғни нерв жасушала өсінділерінің  ең негізгі қасиеті - өздері арқылы  қозу импульстерін өткізу  болып  есептеледі. Нерв талшықтарының морфологиялық белгісіне қарай балдырлы немесе миелинді және балдырсыз деп 2 топқа айырады. Миелинді сезгіш және қозғағыш талшықтар сезім органдары мен қаңқа еттерін жабдықтайтын нервтердің, сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінің құрамына енеді. Миелинсіз талшықтар омыртқалы жануарларда негізінен симпатиқалық нерв жүйесіне тән.

Невтерден қозу өтудің заңдары.

 

  • Нерв талшығы морфологиялық функциональдық зақымданбаған, сау болуы керек. Мұны талшықтың анатомиялық және физиологиялық үзіліссіздік заңы деп атайды. Егер талшықты кесіп қиса н\е оның бір бөліміне жоғарғы не төменгі температурамен, я улы заттармен  анестетиктермен әсер етсе ол арқылы қозу өтпейді.
  • Екі бағытта өткізу, яѓни нерв талшыѓы ќозуды екі бағытта да өткізе алады. Бұл заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибесінде  Бабухин дәлелдеген.
  • Нерв талшығының салыстырмалы шаршамайтындығы. Егер нерві препаратын ұзаќ уақыт ырғақты тітіркендірсек, біраздан кейін ет шаршап, жиырылуын тоқтатады, ал нерв қозу өткізу қабілетін жоғалтпайды.
  • Жекелеп өткізу. Қандай да болмасын шеткі нерв бағаны түрліше нерв талшықтарынан құралған. Онда қозғағыш, сезгіш және вегетавтивтік нерв талшықтары болады. Бірақ, әр нерв ќозуды жекелеп өткізеді. Осыған орай бір нерв өзіндегі әр түрлі талшықтар арқылы түрлі шеткі органдарға импульстер жеткізіп, олардың қызметін өзгертеді. Мәселен, кезеген  нерв көкірек қуысындағы барлық органдарды, құрсақ қуысындағы көптеген органдарды жабдықтайды.

Орталық нерв  жүйесіндегі нерв орталықтары  арқылы қозудың өтуі

   Нерв орталығы белгілі бір рефлекстердің жүзеге асуына қажетті және ағзадағы белгілі бір қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын нейрондардың шоғыры болып табылады. Орталық  нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшіліктері нерв орталықтарын құрайтын нейондар арасыдағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты.

Қозуды біржақты  өткізу 

 

  • Орталық нерв жүйесінде қозу тек бір жақты, рецепторлық нейроннан эффекторлық нейронға қарай өткізіледі. Бұл қасиет орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтарында көптеген синапстық байланыстың болуына байланысты. Синапстарда қозу тек бір жақты ғана беріледі. Пресинапстық мембранадан бөлінетін медиатор постсинапстық мембранаға әсер етеді.

Нерв орталықтары  арқылы қозудың кешеуілдеп өтуі

 

  • Бұл қасиет синапстардың санына байланысты. Себебі, рефлекторлық доға жүйесінде қозу орталық нерв жүйесінің синапстары арқылы кідіріп өткізіледі. Нақты өлшеу жүргізгенде бір синапстағы кідіру 0,5 мсек болатындығы анықталған.Соған байланысты рефлекстің орталық уақыты қондырма нейрондардың санына тәуелді болады.

Нерв орталықтарында  қозудың жинақталу құбылысы

 

  • Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Бұл қасиет нерв орталықтарының бірінен кейін бірі әсер еткен табалдырық асты күшіндегі тітіркендіргіштерді ұштастырудан туындаған өзгерістерді (єлсіз ќозуларды) жинақтауынан жауап реакцияны алуымыздан  кµрінеді. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу – нерв орталығына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.

Қозу ырғағының  трансформациясы 

 

  • Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап ретінде нерв орталығы жұмыс органына қозу импульстарының тобын жібереді. Нерв орталықтарынан шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв импульстары түседі.

Әрекет соңы

 

  • Бұл қасиет жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алуында. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса және оның әсер ететін уақыты көп болса, соғұрлым әрекет соңы да ұзаққа созылады.

Нерв орталықтарының  шаршауы

 

  • Нерв талшықтарына қарағанда нерв орталықтары жеңіл және тез шаршайды. Сондықтан да афферентік нерв талшықтарын ұзақ тітіркендіруден  бастапқы кезде рефлекторлық акт біртіндеп әлсірей келе, ақырында тіпті тоқтайды.

    Н.И. Веденский орталыққа тепкіш нейронды  тітіркендіргенде рефлекторлық  жауаптың 10-40 сек. кейін жоғалғанын  байқаған. Одан кейін ол тітіркендіруді  орталықтан тепкіш нервке көшіріп, рефлекстің қайта пайда болатынын  байқаған. Бұл бақылау шаршаудың  орталық нерв жүйесінде туындайтынын  дәлелдейді.

Организм функцияларының  үйлесімділігі (координациясы)

   Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық нерв жүйесінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық нерв жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе принциптері айқындалған.

Жалпы ақырғы  жол принципі

 

  • Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық нерв жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар жєне онтогенистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни , өзара жалпы ақырғы жол үшін «күреседі».

Информация о работе Нервная система в онтогенезе