Еңбекақы есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіреді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЕҢБЕКАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Еңбекақы, оның түрлері, нысандары және жүйелері.........................................5
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Есеп саясаты......................10
1.3 Еңбек есебі және нормативтік реттеу................................................................13
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нің экономикалық сипаттамасы...............................16
2.2 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде еңбекақы есебінің ерекшеліктері және жұмыс уақытын пайдалану есебі..........................................................................................21
2.3 Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі..............................................................22
2.4 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар............................................................30
2.5 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.............................................................................................................................37
2.6 «Адитекс ЛТД» ЖШС – ндегі еңбекақы төлеу қорын талдау.......................43
3 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ АУДИТІ
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысуда аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары.............................................................................................47
3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру.....................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................59
ҚОСЫМША. «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің бухгалтерлік балансы....................61

Вложенные файлы: 1 файл

ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТІ.doc

— 594.50 Кб (Скачать файл)


МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

1   ЕҢБЕКАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Еңбекақы, оның түрлері, нысандары және жүйелері.........................................5

1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Есеп саясаты......................10

1.3 Еңбек есебі және нормативтік реттеу................................................................13

2    ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нің экономикалық сипаттамасы...............................16

2.2 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде еңбекақы есебінің ерекшеліктері және жұмыс уақытын пайдалану есебі..........................................................................................21

2.3 Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі..............................................................22

2.4 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар............................................................30

2.5 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.............................................................................................................................37

2.6 «Адитекс ЛТД» ЖШС – ндегі еңбекақы төлеу қорын талдау.......................43

3  ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ АУДИТІ 

3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысуда аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары.............................................................................................47

3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру.....................................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................59

ҚОСЫМША. «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің бухгалтерлік балансы....................61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіреді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

Сонымен қатар, еңбекақы және еңбек қатынастарын реттеудің  бұрын қолданып келген әкімшілік  әдістері заман талабына сай келмей қалды. Сонда да бұл саланы түбегейлі реформалау, яғни еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылады. Еңбекақы төлеу мәселесі – тек экономикалық ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселе, сондықтан бұл бүгінгі таңда өте өзекті. Бүгінде Қазақстандық жұмысшылардың жиынтық табысының көп бөлігін осы жалақы құрайды, ал жалақыдан тыс түрлері соңғы жылдары біртіндеп көбейіп келе жатқанымен, олардың жалпы табыс көлеміндегі алатын үлесі аз. Республикамыздағы еңбек қатынастарын 2000 жылға дейін 1972 жылы қабылданған Кеңестік “Еңбек туралы” заң кодексінен келді. Тек 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” жаңа заңы күшіне енді. Бұл заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық куәлігін іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. Бұл заңның негізінде “Әлеуметтік серіктестік туралы”, “Еңбекті қорғау туралы”, “Ұжымдық келісімдер туралы” заңдарды қабылдау жоспарланған.

Қандай шаруашылық субъектісі болмасын, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбекақы болып саналады, яғни барлық субъектілерде міндетті түрде еңбекақы есептелінеді.

Дипломдық жұмыстың объектісі «Адитекс ЛТД» ЖШС – гі.

Қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу есебі мәселесі бүгінгі таңда тек экономикалық және әлеуметтік емес, сонымен қатар, жеке адамдардың да күрделі мәселелерінің бірі.

Еңбекақы төлеуді әркімнің қоғамдық өндіріске сіңірген еңбектерінің санына және сапасына сәйкес дұрыс  ұйымдастыру үшін қолданылатын еңбек сипаттарын дұрыс анықтай білген жөн. Өндіріс процесінде атқаруға тиісті жұмыстардың өзі күрделілігі жағынан әр қилы. Сондықтан оларды атқаруға тиісті еңбектерді жай жұмыс және күрделі жұмыс деп бөлінеді. Сондықтан еңбекақы төлеудің жүйелері әрбір кәсіпорынның және оның салаларының ерекшеліктерін толық ескеру негізінде қолданған жөн.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.

Айтылған мақсатқа жетуде келесі міндеттерді қарастырдым:

  • «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің экономикалық жағдайымен, қызметімен танысу;
  • 2009 жылдың қаржылық жағдайын, еңбекақы төлеу қорын, әсер ету факторларын зерттеп талдау;
  • еңбекақы қорының ұйымдастырылуын қарастыру;
  • еңбекақы бойынша есеп – айырысудың аудиторлық тексерісінің міндеттері мен процедуралары ашып көрсету;

Бұл жұмыс келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйенеді: Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексі, “Салықтар және бюджетке төленетін басқадай міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексі (Салықтық Кодекс), Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасы  Еңбек туралы” заңы.

Жұмысты жазуда қолданылған әдебиеттер: Родостовец В.К., Родостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Назарова В.Л., «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп».

Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылған: статистикалық, экономикалық және тағы да басқалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.     ЕҢБЕКАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

1.1 Еңбекақы, оның түрлері, нысандары және жүйелері

 

Кәсіпорындардағы шаруашылық етуші субъект еңбекақы жүйесін  дербес таңдайды. Ұйымдардағы еңбекақы жүйесі ұжымдық келісімшартпен немесе жұмыс берушінің актісімен анықталады.

Жұмысшылардың еңбегі мерзімдік  еңбекақымен, кесімді еңбекақымен  немесе басқа еңбекақы жүйелері бойынша  төленеді. Төлем жеке және ұжымдық  еңбектің нәтижелері үшін берілуі мүмкін.

Қызметкерлерге есептелінетін  еңбекақының негізгі екі формасы  негізгі және қосымша болып бөлінеді. Нарықтық экономика жағдайында алынған табыс немесе пайда проценттеріндегі түпкілікті нәтиже бойынша еңбекақының дәстүрлі емес формасы кең тарап отыр.

    Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбек ақы. Негізгі еңбек ақының құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбекақы;
  • қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
  • жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
  • кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
  • ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
  • түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
  • жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер;

   Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша еңбекақының құрамына кіретіндер:

  • балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
  • жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
  • негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • шыққанда берілетін жәрдем ақы;

Қызметкерлер еңбекақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алады.

Негізгі және қосымша  еңбекақылар еңбекақы қорын құрайды. Еңбекақы қорының құрамына еңбекақының  барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер  қосылады.

Кәсіпорынның  жоспарымен (болжамымен)  белгіленген, еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті еңбекақының сомасы кәсіпорындағы еңбекақының есептік қоры деп аталады.

Шаруашылық субъектісінде  еңбекақы төлеудің екі түрі қолданылады: кесімді және мерзімді.

Кесімді еңбекақы – жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде, өнімді өндіруге шығаруға кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатында қолданылады. Кесімді еңбекақының тікелей кесімді, кесімді сыйлықты, үдемелі кесімді, акордтық, жанама кесімді сияқты жүйелері бар.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері — бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұғымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның болімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы толеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда   жұмысшылар    мен    қызметкерлерге кесімді   еңбекақыны   есептеудің    үдемелі   кесімді   жүйесі бойынша төлем  — өнім  өндіруге  белгілі  бір  мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді.   Бұл  жүйе   көп   жағдайда   қиын  да   — күрделі,   ауыр   болып   саналатын   операциялар   мен   жұмыстарды   орындағандары   үшін  және   еңбек   өнімділігін белгілі   бір   дәрежеден   артық   орындау   қиынға   түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі — ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкердер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді  еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша енбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың, тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға және жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.

Кесімді еңбекақыны есептеу

Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша — жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.

Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша   істеген   жұмысына   төленетін   жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен  істеген  жұмысының көлемі  мен  саны  және  олардың  бір  данасын  жасауға өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны  мен  көлемін,  олардың  бір  данасын  өндіріп шығаруға (жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту  арқылы   сол   бригада   мүшелерінің  еңбеқақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар   мен   қызметкерлердің   арасында   олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақысы табылады.

Информация о работе Еңбекақы есебі және аудиті