Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 14:23, курсовая работа

Краткое описание

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асырудағы басты мақсаты-пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе - ол капиталдың жеткіліктілігі. Мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капиталы» деп таңдаған себебім- ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден - бір экономикалық категория ол - меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі - бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі ұйымның меншікті капиталы болып табылады

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................................3

1. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама…....……5
1.2 Меншікті капиталдағы өзгерістер процесі....................................................................7

2. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1 АҚ «БТА» банктің қызмет ету жағдайы......................................................................10
2.2 АҚ «БТА» банктің ұйымдық құрылымы.....................................................................16
2.3 Банк активтері мен пассивтерін талдау………………................................................19
3. БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
3.1 Банктің пайдалылығын есепке алу арқылы өтімділікті талдау.................................39
3.2 Қызмет ету тиімділігі мен пайдасын анықтау.............................................................40
4. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
4.1 Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау................................................43
4.2 Мемлекттік мекеменің санитарлық нормалары..........................................................43
Қорытынды.........................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі………

Вложенные файлы: 1 файл

капитал.doc

— 233.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе.....................................................................................................................................3

 

1. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1Меншікті капиталдың экономикалық  мәні және элементтеріне сипаттама…....……5

1.2 Меншікті капиталдағы өзгерістер  процесі....................................................................7

 

2. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ

2.1 АҚ «БТА» банктің қызмет ету жағдайы......................................................................10

2.2 АҚ «БТА» банктің ұйымдық құрылымы.....................................................................16

2.3 Банк активтері мен пассивтерін талдау………………................................................19

3. БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ  МЕН ТИІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ

3.1 Банктің пайдалылығын есепке алу арқылы өтімділікті талдау.................................39

3.2 Қызмет ету тиімділігі мен пайдасын анықтау.............................................................40

4. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ

4.1 Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау................................................43

4.2 Мемлекттік мекеменің санитарлық нормалары..........................................................43

Қорытынды.........................................................................................................................45

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………46

 

        

 

                                                             Кіріспе

 

        Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асырудағы басты мақсаты-пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе - ол капиталдың жеткіліктілігі. Мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капиталы» деп таңдаған себебім- ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден - бір экономикалық категория ол - меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі - бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі ұйымның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол - ұйымның меншікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу - меншікті капиталдағы өзгерістерді орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын мәселе - шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының жеткіліктілігі, бос тұрған ақша қаражаттарын айналысқа жібере отырып, эконмикалық өсуге жағдай жасау.

Курстық жұмыстың мақсаты - Ұйымның меншікті капиталы туралы мәліметтерді пайдалана отырып, меншікті капиталдың теориялық аспектілерін ашу, меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру жолдарын қарастыру және олардың экономикалық мәнін зерттеу.

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

1.Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;

2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

3.Меншікті капиталды ұйымдастырудың ерекшеліктері ;

4.Меншікті капиталға бақылау жүргізу процессі.

 

 

                      I.Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері

 

 

1.1Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама

 

 

  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

         Кәсіпорын мүлкінің құрамы. Ұйымның барлық  мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналыстан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөлінеді.

        Негізгі активтер (айналымнан тыс) негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық  техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады. Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша - қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық - материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады.

Меншікті капитал келесідей құрамдас бөліктерден тұрады:

  • Жарғылық капитал (қор) - құрылтайшылардың немесе қатысушылардың қосқан үлестері;
  • Резервтік капитал - әр түрлі жағдайлардан алынатын зияндар мен шығындарды жабуға арналған қор;
  • Эмиссиялық табыс (қосымша төленген капитал) - қарапайым және артықшылығы бар акцияларды олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сома;
  • Қосымша төленбеген капитал - активтерді қайта бағалау кезінде пайда болатын капитал;
  • Бөлінбейтін пайда - шығындарды жауып, табыс салығын төлеп тастағаннан кейін кәсіпорында қалатын таза пайда.

        Кәсіпорынның жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

  Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құралады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

   Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық капиталы мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы;
  • Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).

        Жарғылық капитал мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

         Қосымша төленген капитал - ұйымның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

         Қосымша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

         Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның жарғысында қаралады (көрсетіледі).

         Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағытарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

 

 

1.2 Меншікті капиталдағы өзгерістер процесі

 

Аталған тақырыпта меншікті капиталдың құрамы, оның қалыптасу тәртібі, жарғылық капиталдың есебі, айналымнан алынған капитал есебі, сол сияқты эмиссиялық табыс есебі қарастырылады. Меншікті капитал кәсіпорындардың шаруашылық қаржыларын қалыптастырудың меншікті көздері болып табылады және оның мөлшері кәсіпорынның барлық активтерінің сомасынан оның міндеттемелерін алып тастағандағы сомаға тең болады. Меншікті капиталдың құрамдас бөліктерінің ішінде жарғылық капитал маңызды орын алады. Жарғылық капитал - кәсіпорынға қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін керекті бастапқы капитал.

Кәсіпорындардың жарғылық капиталының құралуы олардың, ұйымдастыру құқықтық нысандарына байланысты:

  • Жинақ капиталы - толық серіктестікте;
  • Пайлық немесе бөлінбейтін қор - өндірістік кооперативте;
  • Жарғылық капитал - акционерлік қоғамдарда, жауапкершілігі шектелген немесе қосымша жауапкершілікті серіктестіктерде;
  • Жарғылық қор - унитарлы мемлекеттік мекемелерде.

Кәсіпорындардағы жарғылық капиталдың көлемінің өзгеруі негізінен құрылтайшылардың жалпы жиналысында құрылтайшы құжаттарын қайта бекітумен және оларды тиісті мемлекеттік органдарда қайта тіркеумен байланысты. Жарғылық капиталды көбейту себептері:

  • Қатысушылардан қосымша қаржы тартылса немесе қосымша мүше қабылданса, сол сияқты қосымша акция эмиссиясы жүргізілсе немесе олардың номиналдық құны көбейсе;
  • Қосымша капиталдың, резервтік капиталдың, бөлінбейтін табыстың және тағы басқалардың бір бөлігі жарғылық капиталды көбейтуге жұмсалса;
  • Құрылтайшы табыстарының (дивидендтердің) бір бөлігі жарғылық капиталды көбейтуге жұмсалса.

Келесідей жағдайлар орын алатын болса жарғылық капиталдың азаюы бейнеленеді:

  • Бір қатысушы немесе құрылтайшы кәсіпорын құрамынан шығатын болса;
  • Акцияларды жойып жіберу мақсатымен кәсіпорын кейін сатып алса;
  • Жарғылық капитал көлемі таза активтер құнының көлеміне дейін жеткізіліп, соның есебінен жабылмаған зиян өтелсе, сол сияқты, оның есебінен қатысушылардың салымдарының немесе акциялардың номиналдық құнының азайғаны жабылатын болса.

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және бөлінбейтін пайданың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:

                                                 Осн + По – Ио = Оск 

Мұндағы, 

По - капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);

Ио - капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);

Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор                                                     құралдарының қалдықтары.

Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті акционерлік қоғамдар бөлек нысан ретінде ұсынады және онда келесі мәліметтер көрсетілуі керек:

  • Кезең ішіндегі таза пайда немесе зиян;
  • Стандарттардың талабы бойынша тікелей капиталға танылатын әрбір табыс пен шығыстың пайда мен зиянның әрбір бабын олардың сомасын көрсетеді.

Есеп саясатында болған өзгерістердің әсерін немесе жіберілген қателіктердің                                                        қателері көрсетіледі, бұл мәліметтерден басқа субъекті осы есепте немесе түсіндірме жазбаларға мынандай мәліметтер ұсынуы керек:

  • Меншікті капиталдың құрылымының өзгеруі және дивидендтердің таралуы бойынша операциялар;
  • Жинақталған пайда мен зиянның кезең басындағы және есептік күнгі қалдықтары, кезең ішіндегі өзгерісі;
  • Акционерлік капиталдың әрбір түрі бойынша эмиссиялық табысты және әрбір резервті жылдың басындағы және жылдың аяғындағы баланс құндарын састыру.

Екі есепті кезең арасындағы капиталда болатын өзгерістер, сол кәсіпорынның қаржылық есебінде ашып көрсетілген белгілі бір бағалау прициптеріне сәйкес, сол кезең ішіндегі активтердің азаюын немесе көбеюін білдіреді. Капиталдағы жалпы өзгерістер компанияның ағымдағы кезең ішінденгі пайда болатын пайданы немесе зиянды білдірді.

Информация о работе Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау