Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 12:46, реферат
Экономикалық өсімнің негізгі факторларының арасында кез – келген елде маңызды құраушы адам факторы болып табылады. 192 елді зерттеген Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, ауыспалы экономикалы мемлекеттерде экономикалық өсімнің 16% өндірістік потенциялымен шартталған (құрал – жабдық, ғимараттар, өндірістік инфроқұрылым) 20 – ресурстармен, ал қалған 64% адам және әлеуметтік капиталмен байланысты. Бұл арақатынасқа әртүрлі қарауға болады, бірақ адам ылғи да қоғамдық өмір өзгерістерінің, экономикалық жүйе және мемлекеттік құрылым орталығында болды және қалады. Тарих дәлелдеген: өркениетті елдерде адам және оның дамуы қоғамның маңызды приоритеттері болып табылады, өйткені адам материалдық және рухани байлықтардың тұтынушысы ғана емес, сонымен қатар халықтың, әлеуметтік және материалдық байлықтардың қайта өндірілуінің субъектісі, жаңа идеялар және технологиялардың генераторы (1)