Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 12:20, курсовая работа
Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде, олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр.
Кіріспе
Бүгінгі күнгі нарықтық экономика мен құқықтық мемлекеттің маңызды институттарының бірі –бағалау қызметі дамып келеді. Қазақстан Республикасының активтерінің негізгі түрі болып автокөлік құралдары табылатын автокөліктік кешенінде, олардың құнын бағалаудың қажеттілігі туындап отыр.
Автокөліктін сапасын бағалау жүйесі Әдістемелік әзірлеме негізі көліктің бағасы мен,яғни шыққан жылы,алғашқы бағасы,жұргені және техникалық жағдайымен байланысты.
«Автокөліктердің өзіндік тозу есебі мен техникалық жағдайын көрсету кезіндегі автокөліктің құнын анықтау бойынша әдістемелік басқару» құжаты негізінде автокөліктің бағалауын жүргізеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты- Елімізде бұл бағалау түрінің дамып жатқанына байланысты әдіс тәсілдерін тозу құнына байланыстыру. Көліктер мен жабдықтарды бағалаудың қағидаларын, тәсілдерін және олардың сыныпталуын танып білу.
Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді атқаруды алға қойдық:
Әртүрлі жағдай үшін құнды анықтау кезінде ұсынылатын әдістерді пайдалану барысында есебінің шешімі анықталады,яғни:
•Кәсіпорындағы көлік
• Кепіл ретніде көлік құралын қолдану кезінде;
• Мүліктік дау шешімдерін реттеу үшін;
• Салық салу есебін жүргізу мақсаты үшін;
Берілген әдістеме заңдылықтар
мен құқықтық норма талаптарына
сәйкес міндетті орындалуы керек.Автокөлік
құралдарын бағалау бірнеше кезеңдерден
тұрады.Бағалаукезеңдері.
1 АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау
ҚР Азаматтық кодексінің 117 – бабына сәйкес бекітілген:
«Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар жылжитын мүлік болып табылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде жылжитын мүлікке құқыққа тіркеу талап етілмейді». Сонымен ҚР АК жылжитын мүлікке анық және толық анықтама бермейді; осыған байланысты мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемесі, «өзен–теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық обьектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі [1].
Қазақстан Республикасының жол жүру ережесіне сәйкес көлік құралы болып жолмен адамдарды, жүк пен құрал – жабдықтарды алып жүретін құрылғы табылады. Көлік құралының құрамына механикалық көлік құралдары, тіркемелер, мопедтер, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер және осыған ұқсас сипаттағы басқа да көлік құралдары кіреді. Механикалық көлік құралдары құрамына автокөлік құралдары, мотокөлік құралдары, троллейбустар, трамвайлар, әртүрлі тракторлар, өзі жүретін көлік құралдары. Мем СТ 25 478-91 сәйкес автокөлік құралдарына жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар және автопоездар [10].
Автокөлік құралы – қозғалтқыш
арқылы қозғалатын, жалпы жол жүйесінде
адамдарды, жүк пен құрал –
жабдықтарды алып жүретін, сонымен
қатар жеке өзінің 400 кг-нан астам
салмағы бар құрылғы. Жүктелген
салмағы автокөлік құралының
толық жүктелген (жанармаймен, майлармен,
суытқыш сұйықтармен және т.б.) және
комплектіленген салмағымен (қосымша
дөңгелектерді, құрал – саймандарды
және т.б.) анықталады, оған тек үстіндегі
жүгі, жолаушылар, жүргізуші салмағы
кірмейді. Автакөлік құралдары жолаушы,
жүк және арнайы көлік болып бөлінеді.
Жолаушы көлігінің құрамына жеңіл
автомобильдер және автобустар кіреді.
Жүк автокөлік құралдарына
Жеңіл автомобиль – жүргізуші орнын есептемегенде, отыратын орны
8 –ден аспайтын және
жолаушыларды тасымалдауға
Автобус – жүргізуші орнын есепке алмағанда, отыратын орны 8–ден астам және жолаушыларды тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Автобустар қалалық, қала сыртындағы, қалааралық және туристік болып бөлінеді.
Жүк–жолаушы автомобилі –
жүргізуші орнын есепке алмағанда,
отыратын орны 3–тен аспайтын және
жүк тасымалдауға арналған жабдықталған,
платформасы бар автокөлік
Жүк автомобилі – жүкті
тасымалдауға арналған автокөлік құралы.
Жүк автомобилі борттық автомобиль,
сонымен қатар тіркемесі бар
автомобиль (борттық тягач ), жартылай
тіркемесі бар автомобильдік
тягачтар, самосвалдар және арнайы
автомобильдер болып бөлінеді. Жалпы
жүк автомобильдерін толық
Арнайы автомобиль – жартылай тіркеме немесе тіркемесі бар, жүктің белгілі бір түрін ғана тасымалдауға арналған және осыған байланысты арнайы жанағы бар жүк автомобилі. Арнайы автомобильдерге фургоны бар автомобильдер (жалпы мақсаттағы, изотермиялық, рефрижираторлар, нанға, жиһазға, киімге, жануарларға және т.б. арналған) немесе цистернасы бар автомобильдер (сұйық және шашыранды жүкке арналған), контейнеровоздар, ауыстырылатын (алынатын) жанағы бар автомобильдер, ұзын өлшемді жүкті тасымалдауға арналған автомобильдер, ауыр көтергіш автомобильдер, панелевоздар, блоковоздар, фермовоздар, плитовоздар, балковоздар, сантехкабиновоздар, құрылыс қоспаларын және ерітінділерді тасымалдаушы автомобильдер және т.б. жатады.
Жеке қызмет автомобилі – арнайы қызметті орындауға арналған және осыған байланысты арнайы жабдықталған автомобиль. Жеке қызмет автомобильдеріне өрт сөндіру автомобильдері, автокрандар, компрессорлық бекітпелері бар автомобильдер.
Тіркеме – қозғалтқышы жоқ бір-, екі-, немесе көпбілікті құрылғы, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүкті немесе бекітілген жабдықты тасымалдауға арналған. Тіркеме автокөлік құралына тартқыш-ілінісу құрылғысының көмегімен тіркеп сүйреледі.
Жартылай тіркеме – қозғалтқышы жоқ бір-, екі-, немесе көпбілікті құрылғы, жалпы жол жүйесінде адамдарды, жүкті немесе бекітілген жабдықты тасымалдауға арналған. Тіркеме автокөлік құралына тірек-ілінісу құрылғысының көмегімен тіркеп сүйреледі.
1.2 Бағалау барысындағы көлік құралдарының жіктелуі
Көлік құралының агрегаты жоюға немесе толық жөндеуден өткізуге бағытталады [11], егер:
-1- базалық және негізгі
бөлшектер агрегатының толық
бөлшектеп, жөндеуді талап
-2- агрегаттың жұмыс
қабілеттілігін техникалық
Ағымдағы жөндеу базалықтан басқа барлық бөлшектерді қалпына келтіру немесе ауыстыру арқылы агрегаттың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
1-кесте
Автомобильдің, оның базалық және негізгі детальдарының негізгі агрегаттарының тізімі
Р/с |
Агрегаттары |
Базалық бөлшектер |
Негізгі бөлшектер |
Жинақталған тіркеу картері бар қозғалтқыш. |
Цилиндрлер блогы |
Цилиндрлер бастиегі, буынды білік, маховик, қайта бөлетін вал, тіркеу картері | |
Беріліс қарабы |
Беріліс қарабы картеры |
Картердің жоғарғы қақпағы, беріліс қарабының ұзартқышы, бірінші, екінші және аралық білік | |
Гидромиханикалық беріліс |
Механикалық редуктордың картері |
Қос фрикционның корпусы, бірінші, екінші және аралық біліктер, турбиндық және сорғыш дөңгелектер. | |
Кардандық беріліс |
Кардандық біліктің құбыры (құбырлары). |
Фланец-вилка, сырғанау вилкасы | |
Артқы белдік (задний мост) |
Артқы белдік картері |
Жарты ось қаптамасы, редуктор картеры, мойынтірек стаканы, дифференциал чашкалары, дөңгелік күпшегі, тежеуіш барабаны немесе диск, дөңгелек редукторының жетектегіші | |
Алдыңғы ось (передняя ось) |
Алдыңғы ось арқалығы немесе тәуелсіз аспаның көлденең жақтауы |
Бұрылыс цапфа, дөңгелік күпшегі, шкворень, тежеуіш барабан немесе диск. | |
Рульдік басқару (управление) |
Рульдік механизм картері, гидрокүшейткіш золотнигінің картері |
Ілмек білігі, червяк, рейкапіспек, шарикті гайканың бұрамасы, гидрокүшейткіш сорғышы корпусының қақпағы | |
Жук автомобильінің кабинасы және жеңіл автомобильдің жанағы |
Кабина немесе жанақ каркасы |
Есік, қанат, радиатора облицовкасы, капот, багажник қақпағы | |
Автобус жанағы |
Қаңқа негізі |
Еден қаптамасы, шпангаут | |
Жук автомобилінің платформасы |
Платформа негізі (Основание платформы) |
Көлденең жақтаулар, арқалықтар | |
Рама |
Лонжерондар |
Көлденең жақтаулар, кронштейндар, серіппегіш | |
Автомобиль платформасының көтергіші құрылғысы |
Гидравликалық көтергіштің корпусы, қуаттылықты таңдау қорабының картеры |
Қуаттылықты таңдау қорабы сорғышының корпусы |
1.3 Көліктер мен жабдықтарды бағалаудың қағидалар, тәсілдері және олардың сыныпталуының теориялық негіздемесі
Құнды бағалау ғылым ретінде экономикалық теория мен шектес ғылымдардың бірқатар негізгі ережелеріне негізделеді. Құнды бағалағанда міндетті түрде есепке алынатын постулаттар нысанындағы бұл ережелерді бағалаудың жалпы экономикалық қағидалары деп атайды. Бағалаудың жалпы экономикалық қағидалары мазмұнды аспектісінде мүліктің барлық түрлеріне бірыңғай болып табылады, бірақ сол уақытта көліктер, жабдықтар мен көлік құралдарына қолдануға сәйкес олардың тәжірибелік түсіндірілуі жылжымайтын мүліктен өзгеше өзгеріледі.
Бағалау қағидаларын үш топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа мүлік иесінің көзқарасына негізделген қағидалар жатады.
Пайдалылық қағидасы объект құнының негізгі критерийсі болып оның пайдалығы табылады, яғни адамдардың қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті. Оны қысқаша былай келтіруге болады: пайдалылық бар болса – құн бар, пайдалылық жоқ болса – құн жоқ. Бағаланатын объект пайдалылығын зерттеу — кім үшін, қандай мақсаттарға және қандай қасиеттерге байланысты осы объект қызығушылықты тудыратынын , кім оның мүмкін сатып алушысы (инвестор), болашақта объект пайдалылығы калай өзгеруі және қандай себептерге байланысты екенін анықтау.
Орынбасу қағидасы мүмкін болатын сатып алушы ұсынуға дайын объект бағасы нарықта қалыптасқан арналуы мен тұтынушылық қасиеттері ұқсас объект бағаларынан артпайтын деген тұжырымнан шығады. Осы қағида негізінде бағалау тәжірибесінде кең таралған салыстырмалы тәсіл (ұқсас және пара-пар объектілердің нарықтық бағаларымен салыстыру арқылы құнды анықтағанда) қалыптасқан.
Күту қағидасы сатып алушының (инвестор) болашақта осы объектіні иеленуден табыс (пайда) алуды күтетін өзінің қаражатын объектіні сатып алуға немесе өндіруге жұмсауы. Осы қағида болашақта объектіні қолданудан алатын табыстар және сатып алушы (инвестор) салған капиталынан түсетін табыс нормасына негізделген объект құнын ағымды уақыт аралығында анықтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы бағалаудың табыс тәсілін іске асыру әдістемелік негізі қалыптасады.
Екінші топқа объекттің қызмет ету және де мүліктің басқа да объектілерімен байланысына негізделген қағидалар жатады.
Информация о работе Бағалау мақсатында автокөлік құралдарын анықтау