Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 13:44, реферат

Краткое описание

Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды басқарудың тиісті институционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар. Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экспортық несиелер; инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек қаржылық және техникалық;
- инвестициялық тікелей және портфельдік.




















Қазақстанның әлеуметтік, өндірістік потенциалын ќалыптастыру, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жалпы алда тұрѓан әлеуметтік-экономикалық жоспарларды іске асыру инвестицияларсыз мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезенде инвестициялық процесті қай жағынан болмасын зерттеу, соның ішінде әлеуметтік салдарын талдау - өмірдің өзі талап етіп отырған заңды ќұбылыс.
Қазақстандағы инвестициялық процестің дамуы алғашқы кезеңде дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі элементі болып табылатын шетел инвестициялармен тікелей байланысты болды.
Халықаралық капитал ќозғалысының ХХ ғасырдың аяғында қарқындап дамуы дүниежүзілік экономиканың интернационалдандыру процесінің басталуына, халықаралық кәсіпкерлік пен қарыз капиталы кеңістігінің адам айтқысыз кеңеюіне әкелді. Бұл процесс жаңа нарықта шұғыл игеруге кіріскен жеке кәсіпкерлік пен қарыз капиталының Қазақстан сияқты өтпелі-транзиттік экономика елдеріне ұмтылысын күшейтті. Ал , еліміздің қай саласында болмасын жүріп жатқан оңтайлы өзгерістерді одан әрі дамытуда, экономикамыздың дамуын тұрақтандырып, әлеуметтік саласын өркендетуге инвестициялардың маңызы зор болатын.
Әрине, бұндай жағымды процесті біртіндеп, Қазақстанның ішкі мүмкіншіліктерін қоса отырып, дамыта түсу керек. Соңғы кезде ондай мүмкіндіктер пайда болуда. Дегенмен де ішкі қорлар, қаржылар әлі жеткіліксіз, сол себепті экономикамызға инвестицияларды тарту маңызды мәселе болып ќала береді. Тек олардың қызметін заңдардың негізінде дұрыс реттеп, халқымыздың әл-аухатын көтерудегі ролін арттыра беруіміз ќажет.
Инвестициялар өндірістің экономикалық өсуіне ғана емес, әлеуметтік ортаға да ықпал ететінің ескере отырып, аймақтың, жергілікті билік пен басқару орындарының инвестициялық қызметті дамытуға байланысты мәселелерді шешудегі белсенділігін арттыра беру ќажет.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару салық жеңілдіктерін беру демеу қаражат бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру тиісті несие саясатын, баға белгіленімін амортизациялық саясат жүргізу нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау. Қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың арқасында жаңа технологияларды, озық техника мен ноу-хауды енгізу ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен және ќызмет көрсетулермен молықтыру отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру Қазақстан
Республикасының шикізат базасын ұтымды әрі кешенді пайдалану менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу жаңа жұмыс орындарын ашу жергілікті кадрларды оқыту жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ету қоршаған табиғи ортаны жақсарту міндеттері шешіледі.
Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды ќұруды жорамалдайды. Ынталандыру құрамына келесілер кіру қажет шетел мен отандық инвесторлар үшін қолайлы климат жасау жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлу есебінен әрбір инвестициялық жобаны әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын-ала міндетті сарапшылаудан кейін, жарыс негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру халықаралық ұйымдармен бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы ќажет: Жоспарлау; Бағдарламалау; Бюджетті дайындау; Орындау.
Жоспарлау кезенінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын ќұру мәселесі шешіледі.
Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуырдағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.
Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды басқарудың тиісті институционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар. Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экспортық несиелер; инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек қаржылық және техникалық;
- инвестициялық тікелей және портфельдік.

Содержание

КІРІСПЕ
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы
Мемлекеттік инвестициялық заңнамалары
Қазақстан кәсіпорындарындағы инвестициялық ахуалды талдау
Қызылорда облысының инвестициялық саясатын бағалау
Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер
Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ