Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылыс және т.б. жұмсаламы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конститутциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныйды, олардың дипломатиялық органдары ашылып, басқа елдерге үлгі болды.[2]

Содержание

Кіріспе..............................................................................

І Халықаралық инвестициялардың теориялық аспектілері
1.1 Инвестиция түсінігі және оның мазмұны............................
1.2 Шетелдік инвестициялардың ерекшелігі
1.3 Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі..............

ІІ Қазақстандағы инвестициялық қызметтің даму жағдайын талдау.....
2.1 Қазакстандағы инвестициялық қызметтің бүгінгі тандағы жағдайы.......
2.2. Қазақстанның инвестициялық саясатының бағыттары

ІІІ Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру........

Қорытынды..................................................................
Пайдаланған әдебиеттер..........................

Вложенные файлы: 1 файл

econ_148.doc

— 254.50 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 Кіріспе..............................................................................

 

 І Халықаралық инвестициялардың теориялық аспектілері

1.1 Инвестиция түсінігі  және оның мазмұны............................

1.2 Шетелдік инвестициялардың  ерекшелігі

1.3 Шетел инвестицияларын  басқарудың шетел тәжрибесі..............

 

ІІ Қазақстандағы  инвестициялық қызметтің  даму жағдайын талдау.....

2.1 Қазакстандағы инвестициялық қызметтің бүгінгі тандағы жағдайы.......

2.2. Қазақстанның инвестициялық саясатының бағыттары

 

ІІІ Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру........

 

Қорытынды..................................................................

Пайдаланған әдебиеттер..........................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жаһандану және халықаралық интеграция жағдайында кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан сәтті дамуы, көбіне, ұлттық және шетелдік инвестициялардың қолданылу және жұмыс істеу тиімділігіне тәуелді болады. Қазақстан үшін инвестициялар - экономикалық өсуді қамтамасыз ететін негізгі көздердің бірі ғана емес, сондай-ақ, әлемдік экономикаға енудің өзіндік алғышарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында қоғамның негізгі даму бағыттарының бірі ретінде, шетелдік инвестициялар мен ішкі сақтаулы қаржы (қор) деңгейі жоғары, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуге баса мән берді. Шетелдік инвестицияларды тарту саясаты Қазақстанның жалпы экономикалық даму стратегиясына сүйенеді. Шын мәнісінде, тәуелсіз Қазақстанда инвестициялар ел экономикасының жаппай дамуына елеулі септігін тигізетін күшті экономикалық және қаржылық құрал рөлін атқарады. Сондықтан, елімізге ішкі және сыртқы (шетелдік) инвестицияларды тарту, оларды оңтайлы пайдалану мен жұмыс істету жөніндегі тиімді мемлекеттік инвестициялық саясатты дайындау өзекті мәселеге айналып келеді. [1]

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылыс және т.б. жұмсаламы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конститутциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет  елдер таныйды, олардың дипломатиялық органдары ашылып, басқа елдерге үлгі болды.[2]

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда ”Қазақстан Республикасының” Конститутциясы қабылданды. Конститутцияның 1 – бабында “Қазақстан республикасы өзін, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ” – бекітілді. Конститутцияның 7 – бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл болып қазақ тілі бекітілді, ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатын болды. Қазақстан республикасының Мемлекеттік нышандары, Туы, Елтаңбасы және Гимні бар.[3]

1997 жылы Қазақстан халқына  жасалған алғашқы Жолдауында  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы-біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің болашақтағы бітімі баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың шырқау биіктігі қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық.  Біз қателескен жоқпыз: Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық қадам басты.

Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  жолдауында былай деген: «Саяси жаңғырулардың біз көздейтін басты мақсаты – биліктың қоғам мен мемлекетті басқарудың барынша ұтымды сомдайтын, сонымен бір мезгілде еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтау мен азаматтарымыздың барлық конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін осы заманғы демократиялық нысанына қарай жылжу.

Қуатты мемлекеттік билік пен демократия – бір – бірінін қолдаушы күш. Демократия тек заңдылықтар қатаң сақталған ғана тұрақты түрде дамиды. 

... Жаңа кезеңдегі негізгі  міндет – жалпыға танылған  демократиялық құндылықтар мен  өзіміздің көпұлтты және көпконфессиялы  қоғамымыздың дәстүрлері үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық және құқықтық мемлекеттің негіздерін одан әрі нығайта беру. [4]

Диплом жұмысымның мақсаты - тәуелсіз Қазақстан Республикасының  инвестициялық саясаты  туралы, олардың мақсаттары  жүзеге асыру әдістерін, мағынасын, оның бағыттарын ашып көрсету болып табылады.

Диплом жұмысының өзектілігі-замана тудырған талаптар мен төндірген қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың барлық жүйесін серпінді жаңарту мен әлемнің бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан елінің біріне айналуы жан-жақты қарастырылып, зерттеледі.

Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, бес  тарау мен қорытынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер және де сілтемелер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлемдік экономиканың шамалы ғана өсуі салдарынан дүниежүзіндегі шетелдік инвестициялар көлемі елеулі қарқынмен азайып барады. Халықаралық инвестицияларға арналған БҰҰ баяндамасында халыкаралық қоғамдастыққа мүше елдердің жартысынан көбінің инвестициялық дағдарыстан әсерленгендігі, тіпті бұдан АҚШ пен Ұлыбританияның айтарлықтай зардап шеккендігі айтылады. Мәселен, 2002 жылы сыртқы инвестициялардың жалпы көлемі 20%, яғни 631 млрд. долларға төмендеп, дамыған елдерге инвестиция көлемі 23% қысқарды. Баяндама авторларының пікірінше, сыртқы инвестиция көлемінің азаюына әлемдік экономиканы сауықтыру жөніндегі бұлыңғыр болжамдар мен экономикалық өсудің тұрақсыздығы кері әсерін тигізді. Оның ұстіне, корпоративтік бірлескен құрылымдардың саны да кеміп, инвестициялық ахуалға өзіндік әсерін қалдырды [8].

Мамандардың пайымдауынша, Қазақстан экономикасының көтерілуі қазіргі әлемдегі күрделі саяси жағдай мен инвестициялық дағдарыстың жағымсыз ықпалынан құтылуға мүмкіндік береді.

Республикадағы инвестициялық процесті сараптай келе мынадай негізгі даму бағыттарын атап көрсетуге болады:

1)  инвестициялық ахуалды  үздіксіз жетілдіру;

2)  инвестициялық іс-әрекеттің  құқықтық қамтамасыз етілуін  жақсарту;

3)  инвестициялық процестегі  мемлекет пен ұлттық инвесторлардың  іс-әрекетін жандандыру;

4)  даму институттарының (Қазақстан Даму банкі, Инвестициялық қор, «Ұлттық     инновациялық     қор»     АҚ,     «Экспорттық     несиелер     мен инвестицияларды      сақтандыру     жөніндегі      мемлекеттік      сақтандыру корпорациясы» АҚ рөлін күшейту;

5)  банктердің    экономиканы    инвестициялауға    белсене    араласуын қамтамасыз ету;

6)  Астана және Астана  қалаларында еркін экономикалык  аймақтарды құру арқылы инвестицияларды  тарту мен тиімді пайдаланудың  әлемдік тәжірибесін қолдану;

7)  инвестициялауға оңтайлы  әрі өркениетті жанасудың негізі ретінде жобалық менеджментті дамыту (жуырда Қазақстанның Жоба менеджерлері одағы құрылды, Қазақстанда РМІ - РгоJес: Маnаgеmenеt Intitute бөлімшесін ашу жоспарлануда) және т.б. [9]

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материялдық және заңды түрде тікелей жауап беретын инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методологиялық нұсқаулырды қолдану арқылы негізделеді.

Осы Методологиялық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік – қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; Бюджеттік тиімділік – жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердін; экономикалық тиімділік  - жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді аңықтауда қолданылады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

      1. Таза дисконтталған  (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ)
      2. Инвестициялардың рентабельдігі (ИР), табыс индексі (ТИ);
      3. Табыстың ішкі нормасы (ТІН)
      4. Қайтарым уақыты (Т қай)[10]

Осы көрсеткіштермен – пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегральдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.

Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындармен толтыратын нәтижелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептеледі.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың  - инвестициялық, операциялық, қаржылық іс-әрекеті қаралып, есепке алынады. Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады.

Инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:

      1. Жалпы инфляция – экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал, қызмет, еңбек т.б.) және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;
      2. Инфляцияның әртектес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) өнім түрлері және өндіріс ресурстары бойынша;
      3. инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан            жоғары болуы.

Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіштері – жобаны іске асырудың нәтижелерінің жергілікті және аймақтық бюджеттің кірісі мен шығысына әсерін анықтайды.

Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып бюджеттік әсер (эффект) есептеледі.

Интегралдық бюджеттік әсер  - жылдық дисконтталған бюджеттік әсерлердің қосындысы түрінде есептеленеді немесе бюджеттің интегралдық шығыстарынан асып түсуі түрінде қарастырылады.

   

Өзіміздің қандай бір дүрыстау бос дағдарысы қаражат болмаған жағдайда және экономиканың өсу кезінде шетелдік инвестициялар экономикаға «допингтің» ролін атқарады, оның өзі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға тікелей әсерін тигізеді. Екінші жағынан кейбір сомалар әсіресе қорғаныс мәні бар, экономикалық қауіпсіздік жағынан шетелдік инвестициялар үшін жабық болуы тиіс.

Мысалы, Жапонияда, шетелдік осы салаларға жататын кәсіпорындардың акцияларын да сатып ала алмайды. Басқа батыс елдерде де шетел инвесторлары үшін лицензия берудің қатаң режимі бар, біздің республикада ол әрине әзірше жоқ.

Алайда, дүниежізілік алдынғы қатардағылардан айтарлықтай артта қалған қорғаныс салалары мен өндірістері үшін шетел капиталының тү – суі осы артта қалушылықты жоюдың және ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың жолы болып табылады.

Шетелдік инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді. 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Шетелдік инвестицияларды  басқару әдістемесі

 

Тікелей инвестициясы басқару түрінде сыртқа шығарылуы қабылдаушы ел территориясында экспорттаушының өндірісті ұйымдастыру ретінде көрінеді. Тікелей инвестициялар бүкіл дүниежүзі экономикасына маңызды әсер етеді, халықаралық бизнестің дамуына тікелей ықпал жасайды және халықаралық инвестициялық қызметке кіретін компанияларға келесідей артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

    1. өзіне тұрақты нарықты жасауда қамтамасыз ету немесе трамплин ретінде үшінші бір елдің нарығына шығу;
    2. басқа бір елде орналасқан секторлар арқылы өзінің жеке «ішкі нарығын» құру;
    3. мемлекетаралық қатынастарда өзінің жеке мүддесін аймақтық және одан кең халықаралық деңгейде кірістіру.

Халықаралық тікелей инвестициялардың маштабтарын бағалау, қазіргі дүниежүзілік шаруашылықта келесілерді қамтиды:

    1. тікелей инвестициялардың жалпы масштабтарының динамикасын;
    2. тікелей шетел инвестициялардың жалпы сомасындағы жеке елдер және аймақтардың қатысу көлемін;
    3. жылдық өзгерістердің динамикасын;
    4. өзгерістер мен тенденциялардың себептерін.

1914 жылдан бастап екінші  дүниежүзілік соғыс аяқталғанға  дейінгі кезенде, шетелдегі капитал  көлемі 1/3 бөлігіне өсті. Осыдан кеін  олар 10 жылдың ішінде екі есеге  өсіп, келесі 6-7 жылдың ішінде тағы да екі есеге көбейді. 60-шы жылдардың ортасынан бастап 25 жыл ішінде олар 4 есеге көбейді. Ал, 80-ші жылдарға дүнижүзінде шамамен 450 млрд доллар шетел инвестициялары кірді. 1990 жылы шетел инвестициялары 1,7 трлн. Долларға дейін жетті, яғни бұл бір 10 жылдықта 4 есе көбейгеннін көрсетеді.

Шетел инвестицияларын бұлай тез өсу қарқыны, тек қана ішкі нарықтын шектелу салдарынан өзінің пайдалы қолдану орнын іздеген капитал артықшылығымен ғана емес, сонымен бірге оларды ішкі экономикада жақсы қолдануға мүмкіндігі жоқтығымен де түсіндіріледі. Сонымен қатар пайда нормасы биік көрссетушілерге ие елдер бар. Бүкіл дүниежүзі шаруашылығында қайта құру болды, себебі тарнсұлттық корпарациялар (ТҰК) шетелге енуде, капиталды бұрынға түрінде шығарудан бас тартып, өндірісті шығаруға көшті. Бұл жағдайда негізгі мақсат ретінде пайданы тұрақты және ұзақ мерзімді қамтымысыз ету болып табылады.

Информация о работе Шетелдік инвестицияларды басқару және реттеуді жетілдіру