Компьютерлік желілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 10:20, лекция

Краткое описание

Әртүрлі компьютерлер арасында информациялық байланыс ұйымдастырылмай шешілмейтін есептерге тоқталайық.:
- информацияларды өте үлкен қашықтықтарға беру (жүздеген, мыңдаған километрге);
- өте қымбат тұратын информациялық, программалық және аппараттық ресурстардың бірнеше компьютерлерін бірігіп пайдалану Бұл ресурстар - өте қуатты процессор, сиымдылығы мол жинақтауыш, жоғары өнімді лазерлі принтер, мәліметтер базасы, программалаық жасақтамалар және т.б.
- сыйыспайтын флоппи-дискілермен (5,25 және 3,5 дюймді) жұмыс істегенде бір компьютерден екіншісіне мәліметтерді ауыстыру;
- үлкен жобамен бірігіп жұмыс істегенде, яғни орындаушылар жалпы мәліметтердің соңғы көшірмесін кез-келген уақытта алып отыру мүмкіндігі болуы керек.

Вложенные файлы: 1 файл

Компьютерлік желілер .doc

— 61.00 Кб (Скачать файл)

 Компьютерлік желілер  туралы түсінік

Желі түрлері. Бәіррангылы және ерекшеленген серверге негізделген желілер

Желілердің классификациясы

Компьютераралық байланыс.

Әртүрлі компьютерлер арасында информациялық  байланыс ұйымдастырылмай шешілмейтін  есептерге тоқталайық.:

  • информацияларды өте үлкен қашықтықтарға беру (жүздеген, мыңдаған километрге);
  • өте қымбат тұратын информациялық, программалық және аппараттық ресурстардың бірнеше компьютерлерін бірігіп пайдалану Бұл ресурстар - өте қуатты процессор, сиымдылығы мол жинақтауыш, жоғары өнімді лазерлі принтер, мәліметтер базасы, программалаық жасақтамалар және т.б.
  • сыйыспайтын флоппи-дискілермен (5,25 және 3,5 дюймді) жұмыс істегенде бір компьютерден екіншісіне мәліметтерді ауыстыру;
  • үлкен жобамен бірігіп жұмыс істегенде, яғни орындаушылар жалпы мәліметтердің соңғы көшірмесін кез-келген уақытта алып отыру мүмкіндігі болуы керек.

Компьютер аралық байланысты ұйымдастырудың үш әдісі бар:

  1. арнайы кабель көмегімен қатар орналасқан екі компьютерді олардың коммуникациялық порттары арқылы біріктіру;
  2. сым немесе спутниктік байланыс торабы көмегімен модем арқылы бір компьютерден екіншісіне мәліметтер беру,
  3. компьютерлерді компьютерлік желіге біріктіру.

Көп жағдайларда екі компьютер  арасында байланыс ұйымдастырғанда  бір компьютерге ресурстарды жеткізуші (программалар, мәліметтер және т.б.) ролі бекітілсе, екіншісіне осы ресурстарды қолданушы ролі бекітіледі.Бұл жағдайда бірінші компьютер сервер деп аталады да, екіншісі -  клиент немесе жұмысшы станция  деп аталады. Тек компьютер-клиентте ғана арнайы программалық жасақтама басқаруымен жұмыс істей алуға болады.

Сервер – сыртқы жад көлемі өте үлкен өнімділігі өте жоғары компьютер. Ол бірігіп пайдаланатын өте қымбат ресурстарды үлестіруді басқару арқылы басқа компьютерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Клиент – сервердің қызметтерін пайдалана алатын кез-келген компьютер.

Кей жағдайларда бір компьютер  сервер де, клиент те бола алады. Бұл  дегеніміз, ол өзінің ресурстарын және сақталып отырған мәліметтерін басқа  компьютерлерге береді және сол уақытта олардың ресурстары мен мәліметтерін пайдалана алады.

Клиент деп қолданушы атынан серверден қызмет түрлерін алатын, қолданбалы программаларды да айтуға болады.

 

Компьютерлік желі деп  нені айтамыз?

Компьютерлік желі дегеніміз –  бір – бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым –қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желіліер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:

  • желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
  • олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
  • желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Компьютерлік желілерді түйіндер (компьютерлер және желілік жабдықтар) мен оларды байланыстыратын тараулардың (байланыс арналары) жиыны ретінде  қарастырады. Желі тарауы –қатар тұрған екі түйінді қосатын жол. Түйіндер шеткі, яғни тек бір тараудың соңында орналасқан, аралық, яғни біреуден көп тараулардың шеттерінде орналасқан және шектес – мұндай түйіндер басқа түйіндері жоқ бір-ақ жолмен қосылған, деп бөлінеді.

Желі түрлері

Барлық желілер бір-біріне ұқсас  болғанмен, олар екі түрге бөлінеді:

  • біррангылы;
  • ерекшеленген сервер негізіндегі.

Біррангылы желілер мен ерекшеленген сервері бар желілер арасында принципиалды   айырмашылық  бар, өйткені олардың мүмкіндіктері  әртүрлі болып келеді.  Желінің  түрін таңдау көптеген факторларға  байланысты, мысалы:

  • кәсіпорын мөлшері;
  • қауіпсіздіктің қажетті дәрежесі;
  • бизнес түрі;
  • әкімшілік қолдаудың ыңғайлылығы;
  • желілік трафиктің көлемі;
  • желілік қоладанушылардың мұқтаждығы;
  • қаржылау деңгейі.

Біррангылы желілер

Біррангылы желіде барлық компьютерлердің  құқығы бірдей: компьютерлер арасында иерархия және ерекшеленген сервер жоқ. Әдетте әрбір компьютер сервердің де, клиентттің де ролін атқара береді; басқаша айтқанда барлық желі үшін жауапты жеке компьютер жоқ. Қолданушылар өзінің компьютеріндегі  қандай мәліметті желілік жасауды  өзі шешеді.

Біррангылы желілерде , көбінесе 10 компьютерден артық болмайды. Қолданушылардың  ұжымы кішкене болғандықтан  біррангылы желіні жұмысшы топ деп те атайды.

Әрбір компьютер бірмезгілде сервердің  де, клиенттің де ролін атқара алатын болғандықтан, өте қуатты орталық серверді және басқа да күрделі желілер үшін керекті  құрылғыларды орнатудық қажеттілігі жоқ. Сондықтан сервер енгізіндегі желілерге қарағанда біррангылы желілердің бағасы да арзан болады.

Сонымен қатар біррангылы желілерде  желілік программалаық жасақтамалардың  қауіпсіздігі мен олардың жұмыс өнімділігіне қойылатын талаптар да ерекшеленген сервері бар желілерге қарағанда әлдеқайда төмендеу.  Ерекшеленген сервері  бар желілерде серверлер тек сервер қызметін атқарады да, клиент немесе жұмысшы станциясы қызметін атқара алмайды.

Microsoft Windows NT Workstation, Microsoft Windows for Workgroups және  Microsoft Windows 95 сияқты операциялық  жүйелерде біррангылы желілерде  қолдау енгізілген. Сондықтан біррангылы  желіні ұйымдастыру үшін қосымша  программалық жасақтаманың қажеттілігі болмайды.

 

Ерекшеленген сервері  бар желілер

Егер біррангылы желіге 10 компьютерден артық  қоссақ, онда ол алдына қойылған мақсатты шеше алмайды.Сондықтан көптеген желілердің конфигурациясы бөлек болады – олар ерекшеленген сервер негізінде жұмыс істейді. Ерекшеленген сервер деп тек қана сервердің ролін атқаратын, ал клиент немесе жұмысшы станциясы ролінде пайдаланылмайтын серверді айтады. Ол (сервер) желілік клиенттерден түсетін сұранысты жедел өңдеу үшін және файлдар мен каталогтардың қорғалуын арттыру үшін  лайықталған. Сервер негізіндегі желілер өндірістік стандарттар қатарына жатады. 

Желілер өлшемі және желілік трафик көлемі ұлғайғанда сервер сандарын да көбейткен дұрыс.  Қолданушылардың  қазіргі заманғы талаптарына  сай келу үшін үлкен желілерді мамандандырылған, яғни бір бағытқа лайықталған етіп жасайды. Мысалы, Microsoft Windows NT Workstation желісінде әртүрлі желі түрлері жұмыс істей алады.

Желі түрлерінің сипаттамалары

Параметр

Біррангылы  желі

Сервер негізіндегі  желі

Өлшемі

 

Қорғалуы

 

Әкімшілденуі

10 компьютерден артық емес

 

Қорғау мәселесін әрбір қолданушы  өзі шешеді

Бұл мәселемен де әрбір қолданушы  жеке өзі айналысады. Желілік  әкімшілікке  деген мұқтаждық жоқ

Сервер мен желінің аппараттық жасақтамасымен шектелген

Ресурстарды жан-жақты және орталық-тандырылған  түрде қорғау

Әкімшілшк мәселесі орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.  Дайындығы  желі талабына сәйкес кем дегенде  бір администратор қажет.


 

Есептеуіш желілердің классификациясы

 

Желілерді ұйымдастыру әдісі бойынша нақты және жасанды желілер болып бөлінеді.

Жасанды желілер (псевдосети) компьютерлерді тізбектелген немесе параллель порттар  арқылы байланыстыра алады. Мұндай желілердегі  байланысты нуль-модем (модем пайдаланылмайды) бойынша байланыс деп те атайды. Біріктірудің  өзін  нуль-модемдік деп атайды. Жасанды желілерді информацияларды бір компьютерден екінші компьютерге аудару үшін пайдаланады. MS DOS пен  Windows нуль-модемдік байланысты жүзеге асыру үшін арнайы программалармен жабдықталған.

Негізгі кемшілігі – мәліметтерді жөнелтудің жылдамдығы төмен және тек  екі компьютерді ғана байланыстыра алады.

Нақты желілер компьютерлерді коммутациялық  және мәліметтерді жөнелтудің физикалық  ортасының арнайы құрылғылары көмегімен  байланыстырады.

Негізгі кемшілігі – қосымша  құрылғылардың қажеттілігі

Алда тек нақты компьютерлерді қарастырамыз.

Компьютерлік желілерді келесі нышан топтары бойынша жіктеуге болады:

  • Аймақтық таралымы;
  • Ведомоство құрамында болуы
  • Информацияны жөнелту жылдамдығы;
  • Жөнелту ортасының түрлері;
  • Топологиясы;
  • Компьютерлердің өзара байланысының ұйымдастырылуы

 

Аймақтық  таралымы бойынша  классификациясы

Жергілікті     желі,   LосаІ  Агеа  Netwогк  (LAN).     Ережеге     сай     бір     немесе     бірнеше ғимараттарда    жинақы орналасқан    кәсіпорынның компьютерлерін    біріктіреді.    Жергілікті желінің    көлемі    аздаған    километрден    аспайды. Салыстырмалы    түрде коммуникациялық құрылғылардың арзандығы және мәліметтер алмасу мен қарапайым алгоритмдерді қоллдануда компьютерлер арасының аздаған арақашықтығын, жаңа жоғары сапалы байланыс сымдарының пайдалануын, экономикалық жағынан ақтайды. Қазіргі жергілікті желілердің өткізгштік мүмкіндігі 1000 Мбиг/с-қа жетеді. Желілік ресурстарды қарауға кететіи уақыт жұмыс станцияларының жергілікті ресурстарын қарауга кететін уақытпен пара-пар. Мәлімет алмасудың жоғары сапалылығы желінің қолданушылар тұтынуына кең көлемде қызмет көрсетеді, яғни жеке компьютерде іске асыру қымбатқа түсетін: файлдық қызмет, баспа, факс, электрондық почтаға, сканер, мәліметтер қоры және басқа да қызметтерге мүмкіндік береді. Байланыс арналары желінің компьютерлерімен бір уакытта қолданысқа түсе алады. Бұл жағдайда компьютерлік мәліметтер алмасуда байланыс сымдарына түсетін жүктеменің теңсіздігін түзететін мәліметтер алмасудың казіргі әдістері қолданылуы мүмкін. (пакеттерді коммутациялау туралы алда айтамыз). Қосылатын компьютерлердің санына және сымның ұзындығына, олардың қолданатын технологиясына қатаң шектеу қойылатындықтан жергілікгі желілердің көлемділігі нашар.

Бүкіләлемдік желілер, Wide  Area Network (WAN). Бір-бірінен әжептеуір қашықтықта орналасқан компьютерлерді біріктіреді. Жалпы жағдайда мұндай компьютер жер шарының кез-келген нүктесінде болуы мүмкін. Бұл жағдайда байланыс сымын әр компьютерге жалғау экомомикалық жағынан мүмкін емес. WAN желілерді ұйымдастыруда бұрыннан бар байланыс сымдары колданылады, мысалы телефон сымдары. Бұл сымдар компьютерлік мәлімст алмасуда жаксы қолданыс тапты. Қымбат аппаратурамы жәнә арнайы күрделі алгоритмдер мен мәлімет алмасу процедураларын қажет ететін мұндай байланыс сымдарының сапасы әрине мардымсыз. Мәлімет алмасу жылдамдығы LAN желілерге қарағанда анағүрлым төмен, көрсететін қызмет саны аз, байланыс арналарын қолдануға дәрменсіз, байланыс уақытында жеке-дара компьютерлерге қолданылатын байланыс сымы. Бүкіләлемдік желілердің көлемділігі жақсы. Қосымша компьютерлердің қосылуы іс жүзінде тұтас желіге еш әсер етпейді.

 

Қазіргі кездегі бүкіләлемдік және жергілікті есептеуіш желілердің ерекшеліктері

Жергілікті желілердің, бүкіләлемдік желілерден негізгі айырмашылығы сапалы байланыс сымдарының қолданылуында. Қалған барлық айырмашылықтар жұмыс істеу барысыңда туындайды. Бұғаи мысал ретінде дәстүрлі байланыс сымдарының бағасына жетіп қалған оптоволоконды (талшықты-оптикалық сым) техииканың қолданылуын айтуға болады. Мәліметгер алмасу жылдамдығы айтарлықтай өсіп, жергілікті желіде атқарылатын істер енді бүкіләлемдік желіде де кеңінен қолданыла бастады. Мұнда технологиялардың керісінше енгізілуі де байқалады. Мысалы бүкіләлемдік желілердің транспорттық технологиясы жергілікті желіде де колданылады. Бөлінетін байланыс сымдарымен қатар жергілікті желі стандарттары жекелеген байланыс сымдарының жұмыстарын да қолдайды. Бүкіләлемдік ашық желілерге арналған ақпараттарды рұқсатсыз ашудан қорғау әдісі жергілікті желілерде де кең қолданыс тапқан. Бұл қажеттілік ертеректе бой түзеген жергілікті желілердің бүкіләлемдік желілерде қолданылуы арқылы бірігуінен туындап отыр. Жергілікті желіні пайдалануға іс жүзінде бүкіләлемдік желіні колданушылардың кез-келгенінің мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік желілердің жергілікті желілер әлеміне өтуі соңғы кездері жан-жақты дамуда, яғни бүкүләлемдік желілердің жұмысын іске асыру мақсатында жергілікгі желілерге койылатын талаптарды білдіретін  Інтранет-технологиясы түсінігі пайда болды. Жергілікті желілердің көлемі тек аймақтық себептермен анықталатын болды.

 

Ведомоство құрамында  болуына байланысты:

  • ведомоствалық – бір ұйым құрамына кіреді және соның аумағына орналасады;
  • мемлекеттік – мемлекеттік құрылымдарда пайдаланылатын желілер

Информация о работе Компьютерлік желілер