Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 13:23, реферат

Краткое описание

Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталаған түрі саналады. Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.
Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі.docx

— 59.42 Кб (Скачать файл)

Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі

Бүгінгі күні педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға бағытталаған түрі саналады.  Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына көмектесу қажет.

Соңғы кезде жас өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын, дайын рецептерді жазып алу қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп, ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді.

«Ешбір адамға білім алу мен жетілу жай беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз күшімен ұмтылуы тиіс», — деп Дистерверг айтқан болатын.

Сондықтан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілу керек.

Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.

Мектепте компьютерді оқыту процесінде пайдалану мәселесі үлкен пікірталас  туғызды. Кейбір адамдар мектепті компьютерлендіру оқушылардың жалқаулығын туғызады, — деп пікір туғызса, ал енді біреулері компьютерді оқыту процесіне пайдалану оқушылардың белсенділігін туғызады деген ойлар айтылды.

Академик А. П. Ершов 80-жылдарды мынадай ой айтқан болатын: «Компьютер – баланың интеллектісін арттырудағы көмекшісі әрі досы».

Бүкіл әлемде мектепте компьютерлер пайдалану тәжірибесі мынадай болжам айтқан: компьютер, біріншіден, оқушыға қарындаш немесе қалам құралы ретінде қолданылса, ал екіншіден, оқыту процесінде көрінбейтін ақпараттық процестер арқылы оқушының қызығушылығын туғызатын құрал ретінде қолдануға болады.

Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз. Кезінде К. Д. Ушинский: «бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді», — деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп қала алмайды, олар қозғалыссыз, статикалық түрде тұр, қазірде олар ғылыми танымдық түрде болса да, бала жанына жақынырақ ойын түрінде болуы тиіс. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Мұғалім сабақта әрбір балаға дараланған схема бойынша тиянақты түрде талдауға қол жеткізетін жаңа мәліметтермен жеке жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады.

Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.        

 Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бігінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр. Өз тәжірибемізде берілген тақырыпты оқытуда төмендегідей оқыту технологияларын қолданып келеміз.

Атауы

Мақсаты

Мәні

Механизмі

Даралап оқыту

Оқушылардың танымдық, шы-ғармашылық ой — өрісін дамыту

Оқу -танымдық міндеттерді дәйек-ті және мақсаткер-лікпен ұсыну

Ізденістік әдістер; танымдық міндеттер қою, ой операцияларын жүзеге асыру

Модульдік оқыту

Оқытуды оңтай-ландыру, жеке тұлғаның ойлау деңгейін бейім-деу

Оқушының жеке жұмысын ізденім-паздықпен орын-дауы

Мәселелік әдіс, жеке қарқынмен жұмыс

Дамыта оқыту

Жеке тұлғаны және оның қа-сиеттерін, ойлау қабілетін дамыту

Білімін, біліктілік-терін шығарма-шылық ойлау қабі-леті арқылы әлеу-метін жетілдіру

Оқушыларды алуан түрлі ой қызметі түріне тарту

Саралап оқыту

Ойлау қабілетін және т.б. қабі-леттерін дамыту-ға оңтайлы жағ-дай туғызу

Бағдарламалық материалды әр түрлі жобадағы деңгейде ұсыну, міндетті деңгейден төмен емес

Жеке дара оқыту әдістері

Ойын арқылы

Білімді, білікті, дағдыны игеру-дің тұлғалық – қызметтік сипа-тын қамтамасыз ету

Ақпараттар іздеу-ге, өңдеуге, игеру-ге бағытталған өз бетінше атқарыла-тын танымдық қызмет

Шығармашылық қызметке тартатын ойын әдістері


Ойын:  Оқушының ішкі, сыртқы, белсенділігін бөле – жара, бір – бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А.Макаренконың     «бала ойында қандай болса, өмірде де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың ойынымен тең» деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.

Ойлау қабілетін дамыту – аса маңызды мәселе, себебі, ол болашақ маманның өзін — өзі танытуға, ойлау еркіндігінің ұшқырлығына, қиялдауға, шығармашылық еңбегінің нәтижелі болуына, ізденімпаздығына тікелей әсер етері даусыз.

Дамыта оқыту.

Бірінші деңгейдің тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады.

Екінші деңгейдің кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойына ойлау, таным, дағдылары қалыптаса бастайды.

Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтерінің айқын көрінуімен, қисынды ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық әдістермен жұмыстар жүргізеді.

Төртінші деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана  көтеріле алады.

Біздің тәжірибемізде төртінші деңгейге  көбіне көп бір сыныптан тек 3 — 4 оқушы ғана бұл деңгейге жете  алды. Бұндай оқушылардың бірнеше сабақты біріктіріп бір жұмысты жасауы үлкен жетістік деп ойлаймыз. Бұл жұмыстарды біріктіріп курстық жұмыстар деп атадық. Мысалы, «Табиғат аясында» — әсем де, кербез табиғатты суреттеуі, информатика, география, қазақ әдебиет пәндерінің біріктірілуі;  «Қош бол,  аяулы мектебім» —  11 сыныптардың мектепке арналған жұмысы, сурет, сызу  және информатика пәндерінің біріктірілуі; «Физика — 7» -  7 сыныптарға арналған жұмыс: мұнда физика, информатика пәндерінің біріктірілуі, интернетті қолданумен бірге жүреді;  «Интернет» —  интернет жүйесімен таныстыру, информатика пәні;  «Ай -  жер серігі» -  астраномия, қазақ тілі, орыс тілі, информатика пәндерінің  біріктірілуі, оның ішінде интернет жүйесін қолдану және т.б. Бұндай шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: белгілі педагог К.Ушинскийдің  «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікіріне сай келеді.

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер.    

 Бұл сабақтың мақсаты оқушыларға компьютерлік желілер тарауын қайталап, оқушылардың білімін тексеру.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар компьютерлік желілермен еркін байланыс жасайды;

2. Интернет және оның мәнін, байланыс құралдарын біледі;

3. Электрондық пошта құра алады.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану.

Сабақтың түрі: тест технологиясын пайдалану.

Сабақтың жоспары:

  1. Қызығушылығын ояту.

Венн диаграммасын толтыру.

  1. Мағынаны тану.

Тест тапсырмаларын орындау.

  1. Ой толғаныс.

«Кубизм» әдісі.

Бағалау.

Бірінші бөлімі бойынша оқушылар компьютерлік желілердің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазып, кесте толтырады.

Екінші бөлімі бойынша оқушыларға үш нұсқада тест жұмыстары үлестіріледі.

Тест №1

  • 1. Ауқымды (глобальды) компьютерлік желіде компьютерлер арасында байланыс орнату үшін мынадай ресурстар қажет:

а) компьютер, модем, желіде жұмыс істеуді сүймелдейтін программалық жабдықтамалар;

ә) компьютер, желілік адаптер, байланыс арнасы (каналы), осыларға сәйкес программалық жабдықтамалар*,

б) компьютер, модем, желілік адаптер;

в) компьютер, телефондық аппарат, интернет – карта.

  • 2. Модем мынадай қызмет атқарады:

А) Модуляция жасайды (екілік информацияны аналогтық түрге айналдыру)

Ә) демодуляция жасайды (аналогтық информацияны екілік түрге айналдыру)

Б) модуляция және демодуляция жасайды*;

В) сигналдарды күшейту.

  • 3. Телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір – бірімен қандай хаттамамен мәлімет алыса алады?

А) IP

Ә) ТСР/IP*

Б) ТСР

В) URL

  • 4. ТСР хаттамасы қандай қызмет атқарады?

А) мәліметтерді бірнеше бөліктерге бөледі

Ә) мәліметтерді жөнелту ісін атқарады*

Б) мәліметтерді бір жүйеге келтіреді

В) мәліметтерді құрастырады

  • 5. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін … болу керек.

А) компьютер, модем, телефон*

Ә) компьютер, сканер, модем

Б) компьютер, телефон

В) компьютер, модем, принтер

  • 6. Сервердің бірінші бетіне жазылатын адрес?

А) ІР адресі

Ә) URL адресі*

Б)  DNS адресі

В) SRL адресі

  • 7. Екі желінің мәлімет алмасуының ережелерін, ақпарат форматтарын, принципін анықтау заңдылығы

А) желі торабы

Ә) протокол* (хаттама)

Б) ақпараттық сервер

В) провайдер

  • 8. Бірдей хаттамаларды пайдаланатын желілерді байланыстыратын компьютер?

А) сервер

Ә) желі торабы*

Б) провайдер

В) протокол

  • 9. Белгілі бір мәселеге арналған мәліметтер жиыны

А) протокол

Ә) провайдер

Б) телеконференция

В) броузер

  • 10. Гипермәтінді көру программасы

А) интернет

Ә) броузер*

Б)Netscape Navigator

В) Жергілікті желі

Тест №2

  • 1.Интернетке кіретін әрбір компьютердің төрт блоктан тұратын өз адресі

А) ІР адресі*

Ә) URL адресі

Б)  DNS адресі

В) SRL адресі

  • 2. Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін беретін желі

А) INTERNET

Ә) ARPANET

Б)WWW*

В)USENET

  • 3. http://www.soccer.ru/dinamo/rus/index.html  адресіндегі index.html нені білдіреді?

А) протокол

Ә) адрестің домендік бөлігі

Б) сервердің каталог аты

В) Wев  парақтары файлының аты*

  • 4. Сервердің сыртқы функциясына не жатады?

А)  ақпаратты сақтау

Ә) ақпаратты көру

Б) ақпаратты тасымалдау*

В) ақпаратты көшіру

  • 5.Желідегі пакеттердің адрестелуін іске асыратын хаттама?

А) ТСР

Ә) ТСР/ІР

б) ІР*

Информация о работе Компьютерлік желілерді оқыту әдістемесі