Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2014 в 20:08, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бергі уақытта отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, оның сипаты, қазақ зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің қызметі жайлы бірқатар ғылыми еңбектер дүниеге келді. Осыған қарамастан көптеген мәселелер, әсіресе түрікшілдік қозғалысы, оның шығу себептері мен алғышарттары, барысы мен нәтижесі, мәні мен мазмұны әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Осы орайда Түркия мен Ресейдегі түрікшілдікті теориялық-методологиялық жағынан, салыстырмалы түрде зерттесек қазақ тарихының жаңа қырлары ашылатынына күмәніміз жоқ. Сондықтан түрікшілдік мәселесін тек қозғалыс ретінде сипаттап қана қоймай, оны түркі халықтарының өзара ынтымағының дамуы және империалистік мемлекеттердің үстемдігіне қарсы бағытталған аса маңызды құбылыс қатарында қарастырған жөн.
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------2-4
І.Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы------------------------------5-7
1.1.Осман империясының қоғамдық құрылысы.
1.2.Антифеодалдық қозғалыстар мен көтерілістер-----------------------8-9
1.3.Осман империясының жаулап алушылары-------------------------10-11
ІІ.Осман империясының сыртқы саясатындағы орыс мемлекеті.
2.1.Осман империясының сыртқы саясатындағы
өзекті мәселелер--------------------------------------------------------12-14
2.2.Орыс-түрік соғыстары--------------------------------------------------15-18
Қорытынды------------------------------------------------------------------------19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------20
Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресей
Кіріспе-----------------------
І.Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы---------------------
1.1.Осман империясының қоғамдық құрылысы.
1.2.Антифеодалдық қозғалыстар
мен көтерілістер--------------
1.3.Осман империясының жаулап алушылары---------------------
ІІ.Осман империясының сыртқы саясатындағы орыс мемлекеті.
2.1.Осман империясының сыртқы саясатындағы
өзекті мәселелер---------------------
2.2.Орыс-түрік соғыстары------
Қорытынды---------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бергі уақытта отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, оның сипаты, қазақ зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің қызметі жайлы бірқатар ғылыми еңбектер дүниеге келді. Осыған қарамастан көптеген мәселелер, әсіресе түрікшілдік қозғалысы, оның шығу себептері мен алғышарттары, барысы мен нәтижесі, мәні мен мазмұны әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Осы орайда Түркия мен Ресейдегі түрікшілдікті теориялық-методологиялық жағынан, салыстырмалы түрде зерттесек қазақ тарихының жаңа қырлары ашылатынына күмәніміз жоқ. Сондықтан түрікшілдік мәселесін тек қозғалыс ретінде сипаттап қана қоймай, оны түркі халықтарының өзара ынтымағының дамуы және империалистік мемлекеттердің үстемдігіне қарсы бағытталған аса маңызды құбылыс қатарында қарастырған жөн.
Патшалық Ресей, оның орнын басқан Кеңес өкіметі жылдарында түрікшілдікті «империяның саясатына қауіп төндіретін әрекет» ретінде бағаланды, сол себепті ол құғын-сүргінге ұшырады. Кеңестік заманда бөлшектеу саясаты мақсатында түркі халықтарының тарихы бір–бірінен бөлек, жеке-дара зерттеліп келді, түрікшілдіктің мән–мағынасы бұрмаланып көрсетілді. «Түрікшілдіктің негізіне гуманизм мен мәдениет идеялары жатады, ол нәсілшілдікті уағыздайтын славяншылдықтан мүлдем бөлек ағым болып табылады. ... Түрікшілдік, исламшылдық ағымдары бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бірі – түрік халықтарының, екіншісі – бүкіл мұсылмандардың басын біріктіруге, сол арқылы империалистік озбырлыққа қарсы тұруға тырысады. Одан шапқыншылық сипат іздеу шындыққа жанаспайды», – деп К.Л. Есмағамбетов түрікшілдіктің мақсат мұратын ерекше атап өткен [1, 346 б.].
Сондықтан, Түркия мен Ресейдегі түрікшілдік қозғалысын жан-жақты қарастыру Түркия мен бүгінгі Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Ресей Федерациясы құрамындағы түрік тілдес халықтар үшін де маңызды тақырып болып табылатыны сөзсіз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Түрікшілдік әрекеті кезінде агрессиялық сипатта қаралғаны белгілі. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – түрікшілдіктің шығуын, мәні мен мақсатын, салдары мен барысын және оның түркі-мұсылман халықтарын біріктіріп, империалистік мемлекеттерге бағытталған прогрессивті түрдегі күрес екендігін, сондай-ақ нақты мұрағат құжаттары мен шетел ғалымдарының еңбектерін жүйелеу арқылы, Түркия және Ресейдегі түрікшілдік қозғалысын салыстырмалы түрде сараптама жасап, дәлелдеу. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді орындау алға тартылды:
– Түрікшілдіктің түп тамырын, идеяның жүзеге асыру барысындағы түркі халықтарының өзара байланыстарын анықтап, құқықтарын қорғау үшін жүргізген күрес екендігін нақты құжаттар негізінде көрсету;
– Түркиядағы түрікшілдіктің пайда болуы тарихына тоқталып, оның Ресей түркі-мұсылман халықтарына әсерін және эмигранттардың қызметіне шолу жасау арқылы, сол замандағы тарихи оқиғаларға сараптама жасау;
– Түрікшілдік пікірінің қоғам арасында қолдау тауып, оның халық санасына әсері мен ұйымдарының қызметін, сол заманда түрікшілдік көшбасшыларының баспа беттеріне шығарған құнды мақалаларына және Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының ұйымдарстырған құрылтайларының шешімдеріне талдау жасау;
– Түркия империалистік мемлекеттерінің ықпалынан құтылып, Республика құрған тұсындағы түрікшілдіктің өрістеуін және ондағы түрікшілдіктің осы елде ғана барынша дамығанына көз жеткізу;
– Революция әкелген мүмкіндіктерді пайдаланып, түркі-мұсылман халықтарының дербес автономияларын жариялау барысын ашу, Энвер Пашаның басмашылар әрекетіне қосылуын көрсету, М. Сұлтанғалиев пен Т. Рысқұловтың «Түрік бірлігі» идеясының ұқсастықтары мен айрылмашылығына салыстырмалы талдау жасау;
– Түрікшілдік қозғалысының бейбіт бағытты ұстанғанын, ұлттар арасындағы кемісітушілікті қолдамайтынын, тек империалистік құрсаудан құтылу жолында жұмыла күрес жүргізгенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Ресей империясы жаңа даму сатысына аяқ басып, мұсылмандыққа қарсы ұстанымын күшейтті, Осман империясы құлап, ұлттық негізде Түркия Республикасы құрылды, Ресейдегі түркі-мұсылман халықтары бірігу жолында большевиктер тарапынан «қызыл тероррға» ұшыраса, Түркиядағы халықтар өз бетінше даму жолын таңдады.
Зерттеу жұмысының деректемелік негізі. Курс жұмысы тақырыпты зерттеу барысында Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының, Түркия Республикасының Түрік тарихын зерттеу орталығының материалдары кеңінен пайдаланылды. Сондай-ақ тақырыпқа байланысты осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспасөз материалдары мен шетел зерттеушілерінің ғылыми еңбектері салыстырмалы түрде зерттелді.
Ғылыми жұмысты жазу барысында Ташкенттегі И–17 қордан (Сырдария уалаятын басқару) түрікшілдікке байланысты бірқатар құжаттар ғылыми айналымға тартылды. Түркістан генерал-губернаторлығының халық-ағарту ісіне тікелей қатысты құжаттар 47–қордан (Түркістан өлкесі оқу орындарының Бас басқармасы) пайдаланылды. 1–ші қорда (Түркістан генерал–губернаторы кеңсесі) Түркістан генерал-губернаторы Духовскойдың «Ислам в Туркестане» атты баяндамасы, Ферғанадағы көтерілістердің зерттелуі туралы есептер, Түркістандағы исламның жағдайы, Түркістан халқының ой дербестігіне қарсы патшалық әкімшіліктің жүргізген саясаты мен жәдидтік мектептердегі татар мұғалімдерінің қызметіне байланысты құжаттар қарастырылып, ғылыми айналымға тартылды.
Кеңес өкіметінің қысымының нәтижесінде бірқатар түрікшіл көшбасшылар эмиграцияға ұшырап, барған жерлерінде ұлт-азаттық күресін ғылым саласында дәріптеуге тырысқан. Әзірбайжан ұлттық жетекшілері тарапынан Стамбулда шыққан «Әзери Түрік» және М. Шоқайдың «Яш Түркістан» журналдарында тақырыпқа байланысты шыққан мақалалар кеңінен пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Түрікшілдік қозғалысы тарихының әлем елдерінің біразында зерттеліп келе жатқанымен, аталмыш кезеңдегі Түркия мен Ресей және КСРО-дағы түрік халықтары арасындағы өзара ынтымақтастықтағы даму мәселелерін компаративтік әдіс тұрғысынан зерттеудің тұңғыш ұсынылып отыруымен айқындалады. Осыған байланысты бұрын үстіріп, жалпылама қарастырылып келген тақырыптар жаңа мағлуматтармен дәйектеледі. Сонымен бірге отандық тарихнамаға бұрыннан белгісіз болып келген түрік, ағылшын, француз тілдеріндегі соңғы деректер еңгізіледі. Тақырып түрікшілдік қозғалысының бастауы және эволюциясы туралы жаңа ғылыми нәтижелер алуға мүмкіндік береді. Өз тарапында бұл жағдай Түркия мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыта түсуде игі ықпалын тигізеді.
– Түрікшілдік әрекеті өрістей түскен сәтте Түркия мен Ресей түрікшілдері ресми органы ретінде баспа қызметіне де көп мән берген. Атап айтсақ, «Тәржіман», «Қазақ», «Айқап», «Түрік жұрты», «Йени Түркістан», «Әзери–Түрік», «Яш Түркістан», «Ульфат» т.б. газет-журналдарда көптеген мақалалар түркі-мұсылман халықтарының мәселелеріне байланысты жария етіліп тұрған.
Курс жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І.Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
1.1.Осман империясының қоғамдық құрылысы
ХҮІ ғасырда түрік мемлекетінің әскери-феодалдық құрылысы өзінің дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетті. Осман империясындағы қалыптасқан әлеуметтік тәртіптер І-Сүлеймен сұлтанның (1520-1566) тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітілді. І-Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол «заң шығарғыш» деген сөз. Заң жинағы «Канун-намэ» деп аталды. Бұл заң бойынша шаруалар феодалдың рұқсатысыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қол өнерімен, т.б. іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине,бұл шара қаал мен оның экономикасының дамуына зиян келтірді. Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті нығайтуға бағытталды. Енді жер үлесін бөлу жергілікті әкімшілік емес, сұлтанның өз қолына көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар ортаға (ротаға) бөлінді. Олардың қару-жарағы жетілдірілді, тәртібі күшейді. Сүлейменнің кезінде Түркияның 200 мыңдық әскер ,300 зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға мүмкіндігі болды.
Түрік қоғамы негізгі
4 сословиеден тұрды: 1)оқымыстылар,
рухани феодалдар (үлемдер), 2)әскери
феодал, 3)көпестер мен қала
Бүгінге дейін Түркия мен Ресей, сонан соң Кеңес өкіметі құрылған алғашқы жылдарында түрікшілдік қозғалысының тарихы тұтас, салыстырмалы түрде зерттеле қойған жоқ. Түрікшілдік мәселесінің ұлттық тұрғыдан зерттелудің қарқыны КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан, Башқұртстан т.б. елдерде күшейе түсті. Алайда көптеген ғалымдар оны біржақты, өз мемлекетінің идеологиялық ұстанымы тұрғыдан қарастыруда. Сол себепті тақырып тарихнамасын біз бірнеше сатыға бөліп қарастыруды жөн көрдік: біріншісі – түрікшілдікті жан–жақты қарастырған шетелдік тарихнама; екіншісі – Түркия Республикасында жарық көрген түрікшілдердің еңбектері; үшіншісі – революцияға дейін Ресей империясында отаршылдық мақсатта жазылған еңбектер; төртіншісі – Кеңес өкіметі жылдарында дүниеге келген және маркстік-лениндік принциптер негізінде жазылған еңбектер; бесіншісі – КСРО ыдырағаннан кейін посткеңестік ауқымдағы жұмыстар; алтыншысы – Қазақстандағы ғалымдардың жаңа тұрғыдағы ғылыми еңбектері.
Орталық Азия аумағы стратегиялық жағынан империалистік мемлекеттердің қызығушылығын арттыратын аймақтарының бірі екендігі белгілі. Кезінде әскери–саяси мақсатта бұл аймақты зерттейтін түрлі орталықтардың ашылуымен қатар, батыс елдерінде арнайы зерттеу институттары да ғылыми ізденістерімен танылған. Кеңес өкіметі құрамындағы халықтардың тарихын зерттейтін институттардың бірі 1954 жылы Мюнхен қаласында ашылған. Онда эмиграцияға ұшыраған талай ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Батыс елдерінің ізденістерінің көбі Түркістандағы ұлттық мәселеге арналғаны байқалады. Мәселен, Джэйкоб М. Ландау [7], Дэвид Кушнер [8], Уирел Хейд [9], С.А. Зеньковский [10], Франсуа Джоржон [11], А. Беннигсен және Ш. Лемерсье-Келькеже [12] Түркия мен Ресейдегі түрікшілдік қозғалысы мен ұлттық егемендігі үшін күресі туралы пікірлерін білдірген. Соңғы кездері түркі халықтарының ұлт–азаттық күресі жайлы зерттеу жұмыстарының қарқыны арта түсті.
Жалпы, түрікшілдік қозғалысы жайлы ғылыми, аналитикалық, саяси және естеліктер түрінде жұмыстар алуан қырлы. Оларды диссертациялық жұмыста барынша көрсетуге талпыныс жасалды.
Зерттеу барысында түрікшілдік әрекетінің нақты қай аумақта қарқынмен дамығандығы негізге алынды, оның ішіне Түркияның қазіргі ұлттық аумағы, Қырым, Әзірбайжан, Еділ-Орал төңірегі, Қазақстан мен Өзбекстан жерлері. Бұл таңдаудың жасалуының негізгі себебі – аталмыш өңірлерде баста жәдидшілдік әрекетінің кең өріс алуы, түрікшілдіктің теориялық негіздерінің пайда болуы, ұлт-азаттық күресінің ең маңызды оқиғаларының осында өтуі, яғни автономиялардың жариялануы мен түрлі саяси партиялардың белсенділігінің артуы.
Түрікшілдер әлемге
өздерін танытып қана қоймай,
сонау қиын-қыстау жылдарда
Зерттеу жұмысының теориялық нәтижелерін, пайдаланылған әдебиеттерін Түркия мен отандық тарихты жазу барысында кең көлемде пайдалануға болады. Жұмыстың негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында Түркия Республикасының тарихы, Қазақстан тарихы, Өзбекстан тарихы, Әзірбайжан тарихы дәрістерінде, сонымен қатар өлкетану, арнаулы курс сабақтарында да пайдалануға болады.
Тақырыптың негізгі қорытындылары, тұжырымдары мен ғылыми нәтижелері ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміндегі басылымдарда жарық көрді. Сонымен қатар ізденушінің тақырыпқа байланысты ұсыныстар мен пікірлері халықаралық ғылыми-теориялық, практикалық, аймақтық конференцияда баяндалып, конференциялар материалдарының жинақтарында жарияланды. [24.135]
Петр І, Ресейдің бірінші императоры
Информация о работе Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресей