Мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 16:40, реферат

Краткое описание

Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аударып келеді. Және де ежелгі құл иеленушілік мемлекеттердің әскери өнерінің дамуына өзіндік әсерін тигізді.Ежелгі әскери өнерді зерттеуші теоретиктер сақтардың әскери өнерін зерттей келе, олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға өздерінің кеңестерін берді.

Содержание

І) Кіріспе

ІІ) негізгі бөлім

1) Сақтардың әскери өнері мен қару-жарақ түрлері

2) Сақ тайпаларының парсы патшасы Кирмен соғысы және оның жеңілуі.

3) Сақ тайпаларының Александ Македонскиймен соғысы.

4) Ғұн тайпаларының әскери өнерінің дамуы және олардың жорықтары.

5) Сақ және ғұн тайпаларының мемлекеттік құрылымын талдау.

ІІІ) Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

сақтардың әскери өнері мен ғұн.doc

— 146.43 Кб (Скачать файл)

Мазмұны. 

Жоспар. 

І) Кіріспе

ІІ) негізгі бөлім

      1) Сақтардың әскери өнері мен қару-жарақ түрлері

      2) Сақ тайпаларының парсы патшасы Кирмен соғысы және оның жеңілуі.

      3) Сақ тайпаларының Александ Македонскиймен соғысы.

      4) Ғұн тайпаларының әскери өнерінің дамуы және олардың жорықтары.

      5) Сақ және ғұн тайпаларының мемлекеттік құрылымын талдау.

ІІІ) Қорытынды. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе.  

    Әскери өнердің дамуында сақ жауынгерлерінің үлкен орны бар. Олардың соғыс жүргізу өнері мыңдаған жылдар бойы жаулары мен достарының назарын аударып келеді. Және де ежелгі құл иеленушілік мемлекеттердің әскери өнерінің дамуына өзіндік әсерін тигізді.Ежелгі әскери өнерді зерттеуші теоретиктер сақтардың әскери өнерін зерттей келе, олардың ерекшеліктерін көрсетті және пайдалануға өздерінің кеңестерін берді.

   Сақ әскерлері жеке-жеке топтан (рулық топ) тұрды. Бірнеше отряд тосқауыл жасау үшін алдыға жіберілді және бұларды қолдау үшін қосымша күш жұмсады. Негізгі сол кездегі мақсат бір ғана майданның тұтастығын бұзу болды. Соғысты атты әскер құрады,жаяу соғысқан жоқ.

    Сақтар,негізінен,өз жауын күшпен емес,айламен алды. Соғыс,әдетте,күтпеген жерден шабуыл жасау түрінде басталып отырды.Тұтқиылдан шабуыл жасап,жауының есін жиғазбастан арғы жағына өте шығуға ұмтылды немесе өтірік шегініп,қапыда қарсы шабуыл жасады. Соғыс табысты өткен жағдайда,сақтар жауын толық талқандатқанша қуалап,толық жойып жіберуге ұмтылды.ал,жеңіліске ұшыраған жағдайда,айқасты өздерінің пайдасына шешілгенше жалғастыра берді.  Сақтардың күшін әлсіреткен ең басты нәрсе тайпалар арасындағы қақтығыстар болды.

   Ежелгі  грек тарихшыларының айтуына қарағанда,сақтар өте батыр жауынгерлер   "қасқа қатал,досқа адал" халық болған. Олар қастасқан жауын алмаған. Соғыста өлтірген жауының бас сүйегін ішімдік ішетін ыдыс еткен.Жауларының жон терісінен шылбыр жасаған. Олар батыр жауынгерлерді ардақтап құрмет еткен. 
 
 
 
 

            Сақтардың әскери өнері мен қару-жарақ түрлері.

   Сақтар еркіндік сүйгіштігімен,батылдығымен,ұрыста табандылығымен көзге түсті. Геродот сақтарды ақыл - ойы ерекше дамыған ел ел деп есептейді. Екінші бір дүние тарихшысы Юстиннің айтуы бойынша:

 "Бұл халық еңбекте қажымайтын

,ұрыста бой бермейтін,қамалда беріктігі төтенше. Олардың

жоғалтатындай ештемесі жоқ,жеңісте атақтан басқа ештеңе дәметкен жоқ,"- деген екен. Сақ тайпалары гректерге қарсы соғыстарға қатысты.

   Б.з,д, VI ғасырда сақ көсемдерінің орны мұраға қалдырылып,патшалық - мұрагерлік билікке айнала бастады.Сөйтіп,қасында үлкен саяси күші

бар,мықты сақ мемлекеті пайда болды,оның үстемдігі бірнеше ғасырға созылды.Б.з.б.VII ғасырда сақтар басқыншылық соғыстар жүргізді.Олар Кіші Азияға басып кірді,Геродоттың айтуынша,олар мұнда 28 жыл үстемдік етті.Б.з.д. VI-V ғасырларда сақтар қорғаныс соғыстарын жүргізді,атап айтқанда,парсы әскерлерінің шабуылдарын тойтарып отырды. Сақтардың ер-азаматтарының барлығы да жауынгер болды.

Үлкен мерекелерде айналдыра ішілетін ішімдіктен Геродоттың айтуынша,сақтар соғыста түскен олжадан өлтірген жауының санына байланысты үлес алады,оның дәлелі ретінде,өз патшасына өлтірген жауының санына байланысты үлес алады,оның дәлелі ретінде,ежелгі халық аузында айтылатын,арабтардың тасқа,парсылардың өзенге табынғанындай,сақтар семсерге табынған.

   Сақтардың қару-жарағы жебелі шағын садақтардан,парсылар акинак деп атаған,шабуға да,түйреуге де ыңғайлы қанжарлардан,ұзын семсерлерден,сүйменшелер найзалардан және бітімі әр-түрлі (бір жағы істік не жалпақ жүзді,екінші балға секілді ұзын сапты қарулар) жауынгерлік балталардан тұрды. Сақ жауынгерінің сауыт-сайманы қоладан істелген даулығадан,шағын қалқаннан және жебе салынған қорамсақ ілінген белдіктен

тұрды.Жебелердің ұшы әр-түрлі: қоладан жасылған неғұрлым ертедегі ұңғылы және қасқа сапты түрлері болды. Ұңғылы түрлері сүйір жапырақ тәрізді,ромб тәрізді немесе бір жағы сүйір ромб тәрізді болды. Жебелердің сапты ұштарының қанды басы үш қырлы

етіліп жасалды.

     Қорамсақтар мен акинактар әдетте жауынгерлердің белдіктерімен бірге табылды.Сақтардың белдіктері салмақтылығымен ерекшелінген,әдетте құрастырмалы болып,іші қуыс ірі қала қаптырмалардан тұрған.Мұндай қаптырмалардың сыртқы беті ою-өрнекпен әшекеленді,кейбіреуі мүсіндер тәріздендіріліп жасалды.

  

       

  Сақ  тайпалардың парсы патшасы Кирмен соғысы және оны жеңуі

    Б.з.д. VI ғасырда II жартысында Иран жеріндегі парсы мемлекеті жаулап алу соғыстарын жүргізді. Парсы патшасы Кир Кіші Азияны жаулап алудан кейін Окс (Әмудария) және Яксарт (Сыдария) өзендерінің арасын мекендейтін сақ тайпаларына басып кірді.Томирис патша басқарған массагеттерге аса күшті жаумен соғысуға тура келді.Сақ жауынгерінің де күші әлсіз емес-ті.Сақ әскерлеі тез қимылдайтын епті,соғыс ісінің үздік шеберлері болатын.Олрдың ең басты ерекшелігі ірі артықшылығы - олар қыр сырын жақсы білетін өз жерлерінде  соғысты.

      Б.з.д. 529 жылы парсы әскерлері Окс өзенінен өтіп,бірнеше сақ отрядын талқандады.Томирис өз жеріне жауды тереңдей енгізіп, шатқалға апарып талқандау үшін, өз жауынгерлеріне жылдам кері шегінуге бұйрық берді.Жеңіске масаттанған парсылар сақтардың соңынан қуып берді де, сақтар алдын ала ойлағандай шатқалға жетіп,парсылар құрылған қақпанға тап болды.

     Осы шатқалда парсылар түп - тұқиянымен талқандалды,Кир патша өлтірілді.Юстиннің айтуынша, осы ұрыста сақтар 200 мың парсыны құртып жіберген.Бұл сан ұлғайтылып көрсетілген,шындығында,бірнеше ондаған мың парсы құртылған.Өйткені,олар үнемі,үздіксіз соғысып отырғандықтан, өз тайпаларының есебіне жауынгерлер саны толықтырылып отырса да, тек ондаған мыңға жеткенін, алайда 200 мың болмағандығын байқауға болады.

     Соғыс ісін жүргізуде, атап айтқанда, жаппай соғысқа кірісуде де, жеке-жеке шабуыл жасауда да сақ соғыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері болды. Сақ стратегиясы соғыста күшті дұрыс бағалай білуімен, оны өз пайдасына өзгерте алуымен сипатталады. Жаудын күші сан жағынын басым түскен жағдайда сақтар соғысқа кіріспей, әдей өз жерінің ішінде қарай шегініп отырды. Жау күші әлсіреген жағдайда, шегінер жолын кесіп, оларды қоршап алып, құртып жіберуге тырысты. Осылайша, сақтар соғыс барыснда күшті өз пайдасына бұруда бірінші болып стратигиялық шегініс жасау қолданды.

  Сақтардын соғыс жүргізу әдісінің де өзіндік ерекшелігі болды. Сақтар әскерді өзара келісімге келіп отыратын екі топқа бөлінді: бірінші отряд соғысқан жауға қарсы майданға шаққанда, екіншісі жау тылында немесе жау шегінген жағдайда соққы беруге дайын тұрды.

      Сақтар бұл әдісті ескі грек-рим автролары атаған “кіші соғыстарда” кеңінен пайдаланды. Олар кедергілер жасады, алдап түсірді, күндіз де, түнде де тұтқыйылдан шабуыл жасап, тез жоқ болып кетіп отырды. Күтпеген ұсақ шабуылдармен  жау әскерлерін үнемі үрейлендірді, алайда өздері ешқашан ұстатпады. 

    Сақтардың соғыс өнеріне сипаттама бере отырып, Геродот былай деп жазды: “олардың жеріне басып кірген жаудың ешқайсысы қашып құтыла алмайды. Егер олар ашық соғысуды өздері қаламаса, ешкім оларды қуып жете де алмайды, себебі оларда қала да, бекініс те жоқ. Алайда, олар өз баспаналарын өздерімен бірге ала жүреді әрі олардың барлығы да ат үстінде садақты жақсы ататын мергендер. Азықты олар жерден емес, мал өсіруден табады. Осындай жағдайда олар қалай жеңімпаз болмасын.”

   530 жылы парсы патшасы Кирдің Амударияның арғы бетіндегі сақтарға қарсы жорығында әйел патша Томирис (Тұмар ханым) басқарған массагеттерден қиратыла жеңіліп, Кирдің өзі шайқаста опат болғаны кеңінен мәлім. “Тарихтың атасы” Геродот осы жорық туралы былай әңгімелейді: “Кир массагеттерді бағындыруды жоспарлайды. Ал массагеттер болса өте көп және ержүрек тайпалар болған. Олар Аракс өзенінің арғы бетінің күншығыс жағында, исседондарға қарсы бетте өмір сүрген. Ал кейбіреулері оларды скиф тайпалары деп атайды.”

   Батыста Кавказ Каспий теңізімен шектеседі,ал теңіздің күн шығыс жағына қарай ұшы-қиыры жоқ жазық алып жатыр. Кир басып алуды көздеген осынау ұлан -ғайыр жазықтықтың көп бөлігін жоғарыда айтып кеткен массагеттер мекендеген. Кир Томириске үйленбекші болып құда түсу                   өзінің елшісін жібереді. Бірақ Томирис Кирдің оған үйленуді емес, оның массагеттер патшалығын иемденуді көздеген ішкі ойын сезіктеніп, оған қарсылық білдіреді. Мақсатына жете алмаған Кир массагеттермен ашығ соғысуға шығады.  

   Геродоттың айтуы бойынша Томирис патша өзінің әскерімен ұлының тағдыр тәлкегіне түскенін естіп Кирға мынандай сөздерді айтуға хабаршы жібереді: “Қанішер Кир! Сен өзінің ермектеріңмен мақтанба... Менің ізгі кеңестеріме құлақ сал; ұлымды босат, менің жерімнен өз еркінмен аман-сауында қайт, сен онсыз да массагет әскерінің үштен бірін опасыздықпен құрттын. Егерде, менің айтқанымды орындамасан, массагеттердің әміршісі - Күн құдайы алдында ант етемін, қаншалықты тойымсыз болсаң да, мен сені қанмен шөлінді қандырамын,”- деген.

    Томирис Кирдің айтқанын әстемегенін біліп, шабуылға аттанды. Бұл, шайқас, менің ойымша ең қатыгез шайқас болды. 
 

  Сақ тайпаларының Александр Македонскиймен соғысы.(Б.з.д. 330-328ж.ж)

  Арриан, Курций Квинт және Геродот еңбектеріңде сақтардың Александр Македонскиймен әскері екі жыл бойы соғыс жүргізгендігін баяндайды. Александр Македонскиймен сақтарды соғыста тізе бүктіре алмады. Енді сол сақтардың Александр Македонскиймен жүргізген соғыстарының шешуші кезендеріне тоқталайық.

    Үш жарым жыл ішінде македондықтар парсы флотын талқандап,Эгей мен Жерорта теңізіне орнығып алды. Парсылардың саяси - экономикалық орталығы Вавилон қаласын жаулап алды.Осы уақыт ішінде македон жауынгерлері сегіз мың шақырымды басып өтті.Шығысқа үстемдік ету үшін македондықтарға міндетті түрде осы аймақты бағындыруға тура келді.Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін македондықтарға тағы да үш жарым жыл уақыт кетірді.

    Б.з.д. 330 жылы көктемде Македон әскерлері Эктабанға дейін жылжып,15 күннің ішінде мың шақырым жерді басып өтті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл қаруланған жаяу әскері парсы әскерін одан ары қарай қуды. Көп ұзамай Дарийдің өлтіргені белгілі болды. Содан соң македондықтар Соғдианаға - сақтарға басып кірді де, бостандық сүйгіш тайпалармен екі жылға созылған соғыс жүргізді.

    Соғыстың бірінші кезеңінде - б.з.д. 329 жылы Македон жауынгерлері Окс өзенінен өтті де, Мараканд қаласын басып алды. Бұдан кейін македондықтар Яқсарт өзеніне жетіп, аса мықты қамал соңғы  қала Александрия қаласын салды.

   Македон басқыншыларымен күресті Соғдиананың әскер басы Спитамен басқарды.Ол сақ тайпаларымен одақ құрды. Жергілікті халық көтеріліске шығып, Яқсарт өзені  аңғарындағы жеті қаладағы Македон гарнизондарын жойып жіберді. Спитамен басқарған жасық мараканд қаласындағы Македон гарнизонын қоршауға алды.Македон әскері қиын жағдайда қалды.Олар,дегенмен,жанталаса отырып, көтеріліске шыққан жеті қаланы

да қайта қайтарып алды, бірақ Спитамен әскеріне қарсы тұруға мүмкіндігі болмады. Себебі, Яқсарт өзенінің оң жағында тұрған сақтардың үлкен күші өзен арқылы Македон армиясына атқылады.Сақ Александға сөз салды: “Сен, Александр, сақтармен соғысамын деп өрескелдікке

барма,егер сенің оларға шабуыл жасауға батылың барған болса, олардың азияттық тағылардан (варварлардан) өзгеше екенін байқаған болар едіңдер.”

    Македондықтар өзен арқылы тас ататын машиналарын құрып, сақтарды атқылай бастады.Атқылау кезінде садақшылар мен мергендер өзеннен өтіп,сақтардың алдыңғы отрядтарын кейін шегіндірді және фалат атты әскердің  өзенінен өтуіне жағдай жасады. Сөйтіп шайқас Яқсарт өзенінің оң жағасына ауысты.

    Шайқастың бірінші кезеңі македондықтардың алдыңғы отряды бастады. Сақтарға қарсы одақтас атты әскер отряды бастады. Сақтарға қарсы одақтас атты әскер отряды жіберілді. Сақтар бұл шабуылды тойтарып, оларды қоршап алып, жебемен атқылады.Атты әскерге көмекке жеңіл қаруланған жаяу әскер жіберілді.енді сақтар шегінді, алайда жауларды көзден таса қылған жоқ.

   Екінші кезең - негізгі күштің ұрысы және сақтардың шегінуі.Алдыңғы жасаққа үш шағын топпен атты мергендер жіберілді.Алайда сақтар македондықтар шабуылын тойтарып тастады. Сонда Александр өзінің атты әскерінің барлығын соғысқа қатыстырды да, сақтарды шегіндіріп, соңынан түсті.Аррианның айтуынша, аптап ыстық,шөл және Александрды ауыртқан су, лай құтқарды. Шыңдығында,Кирдің түбіне жеткен қайғылы оқиғаны еске алған Александр сақтардың жеріне тереңдеп енуге бата алмады.Македон армиясына қарсы сақтардың әскери қимыл өз әскерін жеке - жеке талқандаудан сақтай отырып, дұшпанға қарсы сақтардың әскери қимылы бірте - бірте топтастырып, күшеюімен сипатталады.

    Шайқасып жатқан отрядтар бір - бірімен тығыз байланыста болды және өзара тактикалық қимыл бірлестігін сақтады.Сақтардың артынан түсуді тоқтату, Арриан айтқандай, сақтарды талқандалудан сақтаған жоқ, керісінше сақтардың македондықтарды өз жеріне тереңдете енгізіп алып,

талқандауынан сақтап қалды.

Информация о работе Мазмұны