Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:14, реферат
Үйсіндер — Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Чжан Цянның (б. з. б. II г.) хабарлауына қарағанда, үйсіндердін «бұрын» мекендеген жері шығыстағы алыс бір жерде болған, мұның шындықка жанаспайтыны анық. «Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Үйсіндер жайлы жалпы сипаттама
2. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
3. Үңгірқора қорымдары
4. Үйсіндерді зерттеуші
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандық:
Дисциплина:
Кафедра:
Курс:
Тақырыбы:
Орындалу формасы:
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Үйсіндер жайлы жалпы сипаттама
2. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
3. Үңгірқора қорымдары
4. Үйсіндерді зерттеуші
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Үйсіндер — Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы
таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII
ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын
ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір
кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен
деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер
иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзенде
Үйсіндер жайлы жалпы сипаттама
Үйсін, Усун — қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында Үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды. Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, ҮІІ ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, “Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды” деп жазады. Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археологиялық қазбалардан анықталып отыр. Б.з.б. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам болғаны айтылады. Олар 188800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғылыми жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, Шігіл (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. ХІІІ ғасырда Рашид әд-Диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады.
Үйсін дәуірінің ескерткіштері
Үйсін дәуірінің ескерткіштері - ерте темір
дәуірінің соңғы кезеңінде Жетісу мен оған жапсарлас өлкелерді
мекендеген тайпалардан қалған мұра (б.з.б.
3 — б.з. 5 ғасырлар). Қытай жазба деректері бойынша Үйсін
мемлекетінің астанасы Шығу (Чигу) қаласы
болғаны белгілі, бірақ бұл археологиялық
тұрғыдан анықталмаған. Үйсін дәуіріне
қарасты алғашқы бірнеше обаны ХІХ ғасырдың
ортасында В.В. Радлов қазіргі Алматы
облысы аумағынан зерттеген. 1920 жылы М.В.Воеводский мен М
1930 жылы А.Н. Бернштамның, 1950 жылы Г.А. Кушаевтың зерттеулері барысында көне
үйсіндер мәдениетіне жататын обалардың
үлкен шоғыры ашылып, жерлеу ғұрпының,
заттық мәдениеттің басты белгілері анықталды
және алғашқы ғылыми-теория қорытындылар
дүниеге келді. Е.А. Агеева, А.Г. Максимова, Л.Я. Маловицкая жүргізген жұмыстар нәтижесінде
құнды деректер алынды. Үйсін дәуірінің ескерткіштерін
талдап қорытындылау, ғылыми тұжырымдар
ұсыну ісінде аса көрнекті сақ-үйсін зерттеушісі К.Ақышев еңбектері
Кей жағдайда топырақ оба тұрғызылмай, тас қоршаудың өзі ғана кездеседі. Жерлеу камерасының басты түрі — беті ағашпен жабылатын шұңқыр қабірлер. Мүрде басымен күнбатысқа қаратыла, созылыңқы күйде арқасымен жатқызылады. Қабір ішінде заттардан қыш ыдыстар (әдетте, бір қабірде 1 — 2 ыдыс), бірен-саран қола, темір бұйымдар (пышақ, түйреуіш, т.б.), сырға, білезік сияқты түрлі әшекейлер, айналар, кейде қайрақ, дәнүккіш тәрізді тас құралдар кездеседі. Көп жағдайда қабірге мүрдемен бірге қойылатын арнайы ет тағамы болады. Бұл ең алдымен қойдың құйрық, ұша сияқты артқы жағы. Садақ жебелері, қанжарлар сияқты қару-жарақ тым аз кездеседі, бұл жалпы үйсін обаларына айрықша тән құбылыс.
Ғылымда үйсін дәуірінің ескерткіштерін 3 арнайы сатыға бөліп қарастыру қалыптасқан:
1. “Қаратал сатысы”
б.з.б. 3-1 ғ. қамтитын
алғашқы саты (Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3,
2. “Жетісу сатысы”
б.з. 1-3 ғ. обалары саны жағынан ең көбі болып табылады (Талғар-1;3 Бастау-2;3, Ақтас-7, Сарытау-1;2, Ақшоқы-3;4, Өтеген-2;3, Бесшатыр-1;3;4, т.б. қорымдар). Бұл кезеңде обалардың тізбектеле орналасу үрдісі жойылып, ретсіз топтала орналасуы қалыптасқан. Қабірлердің лақыты бар жаңа түрі пайда болды. Мүрде жанына бұрынғыға қарағанда көптеп қойылатын (6-7 ыдысқа дейін) қыш ыдыстардың түбі көбіне дөңес емес, жайпақ келеді.
3.“Іле сатысы”
б.з. 3-5 ғасырларында
обалар саны азая түседі де, көбіне олар
қыстақ-қоныстар маңында орын тебеді
(Ақтас-1, -3, -6, Үңгірқора-2, Шолақжиде-1 қорымдары). Үйсін қорымдары,әсіресе, Іле, Талас,
Үңгірқора
қорымдары - үйсін дәуірінің ескерткіштері.
Алматы облысы Іле өзеннің оң жағалауында
орналасқан екі қорымды 1954 жылы Жетісу архео
Үңгірқора-1 қорымының құрамындағы 78 оба үш үлкен топқа бөлінеді (А,
Б, В топтары). Әр топтың ішіндегі обалардың
өзі көлемі жағынан шағындау келген бірнеше
шоғырланған топтарға бірігеді. Планигр.
ерекшелікке обалардың меридиан сызығымен
тізбектеле орналасуы жатады. Пішіні жағынан
дөңгелек, кейде сопақша келген обалар тас қиыршықтар аралас топырақтан
үйілген, диаметрі 2 м-ден 14 м-ге
дейін, биіктігі 1 м. Көптеген обалардың
үйінді етегінен айнала өтетін дөңгелек
тас қоршаулары бар. Қазылған 17 обаның
астынан ұзын бойымен батыстан шығысқа
созылған қарапайым шұңқыр қабірлер ашылды.
Ұзындығы 2,2-3 м, ені 0,8-1 м, тереңдігі
0,8-1,36 м болатын тік қабырғалы қабірлердің
түбінде мүрделер ұзына бойымен басы күнбатысқа
қарай шалқасынан жатқызылған. Қабір жабыны
— бір қатар, кейде екі қатар салынған
ағаш бөренелер. Кейбір қабірлердің ішінде
де ірге бойларына бөренелер салынып,
мүрде осы қорапшаның ішіне қойылған да,
үстінен қайтара бөренелермен жабылған
(қимаға жерлеу тәсілінің тым қарапайымданған
түрі).
Мүрдемен бірге қабірге салынған заттай
айғақтар арасында ең көп кездесетіні
— түбі дөңес келген қыш ыдыстар.Бұдан
басқа қола айна, сырғалар, темір пышақтар мен түйреуіштер, тастан, пастадан жасалған моншақтар табылған. Қабірге, мүрде жанына
қойдың құйымшақ сияқты құйрық жағынан
мүше салу дәстүрі жиі кездеседі. Ғалымдардың
пікірі бойынша қорым үйсін дәуірінің б.з.б. 3-1 ғасырларды
қамтитын ерте, яғни “Қаратал" сатысына
жатады.
Үңгірқора-2 қорымы Үңгірқора-1 ескерткішінен Іленің ағысына қарсы жүргенде 2 км жерде. Мұндағы аумағы 150 — 200 м жерді алып жатқан барлығы 39 обаның негізгі тобы ретсіз, шашырай орналасқан да, тек шығыс бүйірдегі бөлектенген 6 обадан ғана меридиандық тізбек тәртібі байқалады. Топырақтан үйілген, пішіні дөңгелек, диаметрі 8 — 12 м, биіктігі 0,3 — 1,3 м болатын обалардың 17-сі қазылды. Қабір түрі мен құрылымының, жерлеу тәсілі мен заттық деректердің басты ерекшеліктері Үңгірқора-1 қорымындағы обаларға ұқсас. Сонымен бірге мұндағы бір обадан бір емес екі қабір кездескен, енді бір обада бір қабірде екі адам жерленген. Сыртқы тас қоршауы бар обалардың азаюы, обалардың ретсіз орналасуы, түбі тегістеу келген ыдыстардың көбеюі, тағы басқа айырмашылықтардың негізінде зерттеушілер Үңгірқора-2 қорымын үйсін дәуірінің соңғы, яғни “Іле” сатысына (б.з. 3 — 5 ғасырлар) жатқызды.
Кемел Ақышұлы Ақышев 1924 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады. 50 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі түжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), ҚР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлығының лауреаты (1966) . Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі (1983). Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1989). «Парасат» орденімен марапатталған (1998).