Асыл мұра (Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінен)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 18:24, реферат

Краткое описание

"Ежелгі дәуір әдебиет" (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), "Қорқыт" (VIII ғ.) және "Оғыз-наманы" (IX ғ.) атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) – Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.

Содержание

...
I Кіріспе.
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы.
II Негізгі бөлім.
1. Көне түркі жазба ескерткіштері - әдеби мұра ретінде.
2. Қорқыт ата кітабы туралы.
III Қорытынды.
Ежелгі дәуір әдебиетіндегі шығармалардың тәрбиелік мәні.