Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 17:07, творческая работа
Дұрыс жауап үшін белгіленген банкноттардан алып отырасың. Қиналсаң, көмек алуға (басқаша айтқанда қарыз алуға) болады. Оны банк тілінде «несие» деп атайды. Егер несие алсаң, тәрбие сағатының соңында сұраққа жауап беріп, алған несиеңнен (қарызыңнан) құтылуға болады. Ойынымыз 6 бөлімнен тұрады. Әр ойыншының біліміне (берген дұрыс жауабына) банкноттар беріледі. Ойын соңында білімімен банкнотты көп жинаған оқушы және топты анықтаймыз.
Онда ойынымыздың «Ақша туралы ой» атты 1 - бөлімін бастайық. Бұл бөлімде дұрыс жауап берген оқушы 200 теңгелік банкнотқа ие болып, 200 ұпай жинайды. Бұл бөлім 4-ке бөлінеді. Үлестірме қағаздарды таңдап алайық (Үш сөз, 5 жолды өлең, жұмбақ, ертегі).