Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 17:07, творческая работа
Дұрыс жауап үшін белгіленген банкноттардан алып отырасың. Қиналсаң, көмек алуға (басқаша айтқанда қарыз алуға) болады. Оны банк тілінде «несие» деп атайды. Егер несие алсаң, тәрбие сағатының соңында сұраққа жауап беріп, алған несиеңнен (қарызыңнан) құтылуға болады. Ойынымыз 6 бөлімнен тұрады. Әр ойыншының біліміне (берген дұрыс жауабына) банкноттар беріледі. Ойын соңында білімімен банкнотты көп жинаған оқушы және топты анықтаймыз.
Онда ойынымыздың «Ақша туралы ой» атты 1 - бөлімін бастайық. Бұл бөлімде дұрыс жауап берген оқушы 200 теңгелік банкнотқа ие болып, 200 ұпай жинайды. Бұл бөлім 4-ке бөлінеді. Үлестірме қағаздарды таңдап алайық (Үш сөз, 5 жолды өлең, жұмбақ, ертегі).
Ақша – уақыт тынысы
Жарияланды 10-03-2013, 12:18 Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ақша – уақыт тынысы
Мақсаты: тәуелсіз еліміздің ең бірінші
айрықша белгісі – теңгемен тереңірек
таныстыру. Ақша айналымы тарихынан мағлұмат
беру;
оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша
туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін
дамыту;
өз Отанына мақтаныш сезімін ояту.
Түрі: оқыта – үйрету ойыны
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау,
іздену, т. б.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, сызбалар, слайдтар,
т. б.
Техникалық құралы: мультимедиялық құрал
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.
ә) Мұғалім: рахмет, бүгінгі тәрбие сағатымызды
ашық деп жариялап, жұмысымызды жалғастыру
үшін өздерің айтқан «Күн, Ай, Жұлдыз, Су»
атты 4 топқа топтасуларыңды сұраймын.
«Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма»
- деп, жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
Бүгін біз «Ақша – уақыт тынысы» атты
оқыта - үйрету ойын түріндегі ашық тәрбие
сағатын өткіземіз. Барлығыңа сәттілік
тілеймін.
Ойынның мақсаты: ойнай отырып, білімімізді
тереңдету, өзіңді - өзің тәрбиелеу.
Міндеті: 5 - 6 баладан топтарға бөліну,
ұжымда жұмыс жасай білу, өзіңді және өзгені
сыйлау, оның көзқарасымен санасу, белсенділік
таныту, «бірі үшін бәрі, үшін бірі» қағиданы
ұстану.
Шарты: тапсырманы орындау, сұрақтарға
жауап беру – қор жинау, қиналса (көмек)
– несие алу.
Нәтиже: ұлттық айрықша белгі - теңге туралы
толық мағлұмат алу, білім қорын жинау.
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан – қарқындап дамып, біртіндеп
байып келе жатқан тәуелсіз ел. Ал баю
үшін ерінбей еңбектену қажет. Бір сәт
өздеріңді кәсіпкер, яғни бизнесмен және
бизнесуимен деп елестетіңдер. Өзің ұнатқан
не жаңа бір істі ашып, айналыспақшысың.
Саған не керек? -... Ақшаны қайдан аласың?
-... Ал банк – мемлекеттік мекеме. Міне,
балалар, кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен
өседі, ал мемлекет кәсіпкерлердің арқасында
өркендейді. Бүгін бізде мемлекеттік мекеме
– халық банкінің қызметкері -..................
Дұрыс жауап үшін белгіленген банкноттардан
алып отырасың. Қиналсаң, көмек алуға (басқаша
айтқанда қарыз алуға) болады. Оны банк
тілінде «несие» деп атайды. Егер несие
алсаң, тәрбие сағатының соңында сұраққа
жауап беріп, алған несиеңнен (қарызыңнан)
құтылуға болады. Ойынымыз 6 бөлімнен тұрады.
Әр ойыншының біліміне (берген дұрыс жауабына)
банкноттар беріледі. Ойын соңында білімімен
банкнотты көп жинаған оқушы және топты
анықтаймыз.
Онда ойынымыздың «Ақша туралы ой» атты
1 - бөлімін бастайық. Бұл бөлімде дұрыс
жауап берген оқушы 200 теңгелік банкнотқа
ие болып, 200 ұпай жинайды. Бұл бөлім 4-ке
бөлінеді. Үлестірме қағаздарды таңдап
алайық (Үш сөз, 5 жолды өлең, жұмбақ, ертегі).
Ойын: «Ақша туралы ой»
Мақсаты: оқушылардың шығармашылығын
дамыту.
Шарты: оқушылар төрт түрлі шығармашылық
тапсырманың біреуін (топ жетекшісі) таңдайды.
Жауаптарын оқиды.
Тапсырма:
1. “Үш сөз” - Күн, ақша, көлік.
2. “5 жолды өлең” - Теңге.
3. “Жұмбақ” - Ақша.
4. “Ертегі” - Теңге.
Ақша дегеніміз не? -...
Мұғалім 200 теңге туралы толығырақ мағлұмат
береді.
2 - бөліміне көшейік. Тарихқа шолу жасайық.
Бұл бөлімде тапсырмаларды орындаған
оқушы 500 теңгелік банкнотқа ие болып,
500 ұпай жинайды.
Тапсырма: «Ақша тарихы»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін
дамыту.
Шарты: берілген қиындылардан сөйлемдерді
тауып, мағыналы мәтін құрастыру.
Тапсырма:
Слайдтармен жұмыс.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев Алматыда салынған ақша
жасау фабрикасының салтанатты ашылу
рәсімінде. 19 мамыр, 1995 жыл.
Мұғалім 500 теңге туралы толығырақ мағлұмат
береді.
3 - бөлім: «Теңге әдебиетте».
Бұл бөлім 2 кезеңнен тұрады. Мақал - мәтелдер
айтып, мағынасын түсінеміз, теңге туралы
өлеңдер оқимыз. Тапсырмаларды орындаған
оқушылар 1000 теңгелік банкнот алып, 1000
ұпайға ие болады.
«Буындарды жина» тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту.
Шарты: оқушылар топта буындардан мақал
- мәтел құрастырып, мағынасын түсіндіруі
шарт.
Тапсырмасы:
1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6. Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады.
Өлең шумақтарын оқыту.
Мақшат Үйреков
Теңге күнім - мерекем
Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз болады,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз.
Естеу Нүсіпбеков
Ақша - түлкі, аунауды ұнатады.
Ақша — түлкі, аунауды ұнатады.
Қанша аунаса,- соншама үн қатады.
Қарға аунаса,- құлпырып, қарға бұрып,
Құлын құны кұнан боп қуантады.
Қолдан қолға жүгірсе, қылығы артып,
Биші қыздай маңғазсып шығар шалқып.
Таңдайды ие қатты қол, күймес сандық,
Қалталыдан қалталы ырысы артық.
Несиені, қарызды жек көреді.
Өсім берсе,- етпеттеп еп көреді.
Құлағын да ұстатпай, бездіреді
Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені.
Ақша аунаса,- ақшалы жайнаң қағар.
Он саусағы майысып маймаң қағар.
Ақшаны да аунатар айдай жігіт,
Ақша аунатар ай жігіт қай маңда бар?
Мұғалім 1000 теңге туралы толығырақ мағлұмат
береді.
4 - бөлім: «Ақша және психология»
Бұл бөлімде 2000 теңгелік банкнотқа ие
болып, 2000 ұпай жинайсың.
«Қонақпен қарым - қатынас» ойыны.
Мақсаты: оқушыларды қонақтармен тез тіл
табыса білуге баулу.
Шарты: қонақтар мен оқушылардың шартты
белгілері ұқсас болса, тірек сөздерін
алып, ақшаға байланысты болжамдарды құрастыруы
керек. Құрастыра алмаса, қонақтан көмек
алуына болады.
Тапсырмасы:
1. «Қағаз купьюр мен металл тиындар (ақшалар)
өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды
жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған
ақша сол жерден шыққысы келмейді.
2. «Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден
емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден
көріңіз»
3. «Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып,
майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық
көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты
түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
4. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің
тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса
да құмға сіңген судай құри береді екен.
Яғни, жоқ десең, жоғала береді.
Мұғалім 2000 теңге туралы толығырақ мағлұмат
береді.
5 - бөлім: «Ақша – уақыт тынысы»
Бұл бөлімде өзінің бейнелеу шеберлігімен
көзге түскендер 5000 теңгелік банкнотқа
ие болып, 5000 ұпай жинайды.
Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады?
Мақсаты: оқушылардың бейнелі сөйлей білу
қабілеттерін дамыту.
Шарты: топта ақшаның қызметтерін бір
ақ қағаз бетіне суреттермен салуы тиіс.
Тапсырмасы: ақша – құн өлшемі, айналыс
құралы, қазына, қор, төлем құралы.
Мұғалім 5000 теңге туралы толығырақ мағлұмат
береді.
6 - бөлім: «Жүз сомың болғанша...»
Ережелерді айтқан оқушы 10000 теңгелік
банкнотқа ие болып, 10000 ұпай алады.
Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін
7 ереже
Мал - баққанға, ақша – адалдан тапқанға
бітеді.
Ақша туралы арам ой да - зиян.
Алаған қолым – береген. Үстемелеп берсеңіз,
үстемелеп аласыз.
Қайырымдылықпен айналыссаңыз, шығынның
қайтарымы мол болады.
Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз.
Алғысының күші ақша болып қайтады.
Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды.
Біреуге міндетті түрде көмектесетін
бол.
Өмірдегі басты парызың – қайырым, садақа.
Оны ұмытсаң, өзің де ұмытыласың.
Мұғалім 10000 теңге туралы толығырақ мағлұмат
береді.
Ұлттық Банктің мұражайы
Қазақстандық валютаны жасау тарихын
болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсатында
1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы
ашылды. Бүгінгі күні мұражайдың қоры
5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған.
ІІІ. Қорытынды.
а) Несие алғандарға сұрақ қою.
ә) Ұпайларын санау, үздік топты, ойыншы
- кәсіпкерді анықтау. Мадақтау.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны
үнемді пайдаланып, ақшаның қызығына түсіп
кетпей жан - жағымыздағы адамдарды ойлайық.
«Ақша – уақыт тынысы», бірақ ақшаға арыңды
сатпа, ақшаны көріп жолдан тайып кетіп
жүрме, 100 сомың болғанша, 100 досың болсын...