Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 13:48, реферат

Краткое описание

Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері Абай мұрасын тереңірек таныту. Адамзаттың алыбына айналған ірі тұлғаның өскен ортасын, Абай төңірегіндегі өнер адамдарын білдіру. Абайдың гуманистік ойларын, эстетикалық көзқарастарын, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ақындық мәдениетін білдіру. Абай шығармалары қазақ әдебиетін, оның бүкіл мәдениетін ғасырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, жоғары тарихи сатыға көтергендігін оқушыларға таныту.Абай шығармашылығын оқыту әдебиет пен мәдениетті ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білуге, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыруға негіз болады.

Содержание

І.Кіріспе


1.1 Абай шығармашылығын оқыту білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе

1.2 Абай шығармашылығын оқытудың мақсаты мен міндеттері

1.3 Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек.

ІІ.Негізгі бөлім:

2.1 Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.
2.2 Абай шығармаларын орта буын сыныптарында оқытудың
ерекшеліктері.

2.3 Абай шығармаларын жоғарғы сыныптарда оқытудың
ерекшеліктері.

ІІІ.Қорытынды

Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенмен боласың тең.

Вложенные файлы: 1 файл

Абай жоба 2014ж.docx

— 725.12 Кб (Скачать файл)

«Өрлеу» БАҰО АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері»

\топтық жоба\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              Орындағандар:

                                                              Д.К.Гумарова

                                                              А.Р.Жомартова

                                                             А.А.Каракулова

                                                               Ш.Ө.Көшербаева

                                                                    А.Ж.Умидярова

 

 

Тексерген:Р.С.Қуанаева

                                                                                             (аға оқытушы)

 

 

 

 

 

 

 

Орал - 2014

 

 

 

 

 

Жоспар .

 

 

І.Кіріспе

 

 

1.1 Абай шығармашылығын оқыту білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе

 

1.2 Абай шығармашылығын оқытудың мақсаты мен міндеттері

 

1.3 Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек.

                                                                                             

ІІ.Негізгі бөлім:

 

2.1  Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда  оқытудың  

       ерекшеліктері.

2.2  Абай шығармаларын орта буын сыныптарында  оқытудың

       ерекшеліктері.

 

2.3 Абай шығармаларын жоғарғы сыныптарда  оқытудың

       ерекшеліктері.

 

ІІІ.Қорытынды

 

Арттағыға сөзің мен ісің қалса,

Өлсең де өлмегенмен боласың тең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері оқушы бойына биік эстетикалық талғамды дамытады, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы жарасымдылық пен әсемдікті таниды, ұға білуге, дұрыс бағалауға, олардан жан ләззатын тауып әсерленуге, терең пайымдауға, зерделі ойлауға үйретеді.

Сонымен қатар көркем туындыны ғылыми тұрғыдан талдауға,яғни көркем туынды негізінде жатқан ой, автор позициясы, шығарманың көркем формасы, сөз айшықтары, образды кестелі тілі, тұжырымдап айтқанда, «сырты күміс, іші алтын» түр мен мазмұн бірлігін, көркем сөз иесінің стилі, әдісіне барлау жасауға талпындырады.

Бағдарламада оқуға, талдауға ұсынылған әр өлең ақын әлемін түсіну, тану, терең меңгеруге, әр шығармаға тұжырымды, әдеби талдауға ұсынылды.

 Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері Абай мұрасын тереңірек таныту. Адамзаттың алыбына айналған ірі тұлғаның өскен ортасын, Абай төңірегіндегі өнер адамдарын білдіру. Абайдың гуманистік ойларын, эстетикалық көзқарастарын, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы ақындық мәдениетін білдіру. Абай шығармалары қазақ әдебиетін, оның бүкіл мәдениетін ғасырлық оқшаулану, мешеулік қалпынан шығарып, жоғары тарихи сатыға көтергендігін оқушыларға таныту.Абай шығармашылығын оқыту әдебиет пен мәдениетті ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білуге, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыруға негіз болады. Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын,ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін,шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын.

Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;

Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;

 «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған  қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай  «Қазақтың бас ақыны» ретінде  танылуына бағытталған.

А.Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек»,- деген еді. 
 
Абайтану ғылымының қалыптасуына ерен еңбек сіңірген жазушы, ғалым М.О.Әуезов оның өзекті мәселелеріне тоқтала келіп, ақынның тәлім- тәрбиелік пікірлері «ендігі сөз ұғатын жастарды жаңа жолмен өзі қиял қылған адамшылыққа қарай жетектеп баулығысы келеді,... Өлең сөздерімен бір ақыл айтса, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен тағы да баулып, ылғи ғана таза адамшылық жолына үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, арлылық, ойшылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізі қаланады»- деп белгіленген.

        Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Абайды мұқият оқыған адам оның көзкарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ак, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді»,-деген болатын.

Тақырыптың өзектілігі Абай мұрасын тереңірек таныту. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері»  деп таңдауымыздың негізгі себебі де осы  болды.

Жобаның тақырыбы:  «Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері»

Жобаның мақсаты:Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы екенін. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасау.

Жобаның міндеттері: 1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы  өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру  арқылы оқушылардың ұлттық танымын  қалыптастыру, шығармашылық қиялын  дамыту, автордың ұстанымын түсінуге  баулу, көркем туындының тілдік  ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың  өмірден өз орнын табуға бағыттау;

3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

4) абайтанудың кезеңдерін  саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

5) ғұлама ойшылдың философиялық  ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын  ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз  ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық  көңіл күй, тарихи таным үрдісі  туралы жазған ғылыми-философиялық  трактаттарындағы көзқарастарымен  таныстыру;

6) ақынның шетел ақындарының  шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы  ақындық биік мұрат, адамгершілік  идеяларын таныту;

7) Абай және қазіргі  қазақ әдебиетінің рухани байланысын  ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі  абайтанушы ғалымдардың ақын  шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан  хабардар ету;

Күтілетін нәтиже:

1. Абайтану оңаша бір ғылым саласы болып, жан- жақты терең зерттелуіне үлес қосу.

2. Ақын мұрасындағы тәлім- тәрбиелік ой-пікірлерді оқушылардың күнделікті өміріне қағида, ереже етіп ендіру, оқу-тәрбие мекемелерінде практикада жүзеге асырудың жаңа мүмкіншіліктерін енгізу.

3.Абайтану курсын мектепте бастауыш сыныптан бастап пән ретінде оқытылуына ықпал жасау.

4.Әділдік, шыншылдық, арлылық, ойшылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізін қалау. 

ІІ Жобаның негізгі мазмұны

1.1 Абай шығармашылығын оқыту білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе

       Бүгінгі таңдағы Егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын тың арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осымен байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын жан – жақты дамыту, ұлттық тәлім – тәрбиені сіңірту, рухани жан дүниесін қамықтыру міндеті қойылады. Бұл мәселені шешу жас ұрпаққа туған тіл табиғатын жете меңгертумен байланысты. 
Себебі ХІХ ғ. Екінші жартысында өмір сүрген неміс философы, лингвисі В. фон Гумбольдт айтқандай. Тіл дегеніміз – ұлттық рух болып табылады. Сондықтан да жас ұрпақ бойынша ұлттық рухты қалыптастыратын тіл десек, бұл орайда ұлттық рухпен суарылған данышпан Абай шығармашылығын мектепте оқыту арқылы, бір жағынан жас ұрпақ тұлғасына ұлттық рухты сіңіру проблемасы өз шешімін таппақ. Өйткені бүгінгі, кешегі және болашақтағы көкейтесті мәселе – жас ұрпаққа білім беру, оқыту, ізгілікке тәрбиелеу - өз кезінде Абай шығармашылығынан орын алып, мәнімен маңыздылығы айқындалған мәселе. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, мемлекетіміз білім кеңістігіне аяқ басқан кезеңде, ғылым – білімнің құндылығы, рухани маңыздылығы артып отырғаны белгілі. Сондықтан да ертеңгі ұрпақ жарқын болашақта өмір сүріп, дамыған елдермен иық тіресе қатар тұруы үшін, ең алдымен терең білім мен жан – жақты рухани сұраныс қажет. Бұл орайда оқушы бойында білімге деген құштарлықты, ғылымға деген сүйіспеншілікті оятуымыз қажет. Мұның өзі бала дарындылығын дамытып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға жол ашады. Осыған қатысты Абай «ғылым, білім» ұғымдарының маңыздылығына қандай баға береді? Абай көзқарасындағы ізгілік, тәлім – тәрбие дегеніміз не? Әрине, бұлар өз кезеңінде, әр уақытта сөз болған мәселелер. Дегенмен, қазіргі білім беру мақсатын жүзеге асыруда, біз дәл осы мәселелерге жаңаша көзқараспен қарап, Абай шығармашылығын осы заман келбетімен зерделеп, терең тани таныта білуіміз керек. 
Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген 14 жолдық шағын өлеңінің барлық сөзі, барлық тіркесі сырт қарағанда өте түсінікті болып көрінеді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген жолдағы ғылым сөзі осы күнгі біздің түсінігіміздегі ғылым болып қолданып тұр ма? Абай арабтың бұл сөзін екі мағынада пайдаланылған: біріншісі – оқу, білім, синонимі ретінде келуі, екіншісі – тура мағынасында қолданылуы. Ақын бұл сөзді жалпы білім, оқу мағынасында қолдану үстінде ғылым оқу, ғылым бағу, ғылым іздеу деген тіркестерді өзі жасаған. 
Атақты «ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінің осы жолындағы ғылым сөзі, жалпы оқу оқып, сауатты болу, білім алу дегенді білдіреді. 
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңінде ақын өз балаларын оқытуды өзгелерге үлгі етіп ұсынады. 
Қазіргі нарық қыспағына қарамастан, «Интернатта оқып жүр» өлеңіндегіндей, «жаңа өспірім, көк өрім», «талай қазақ баласының» жоғары оқу – орнына түсуге талпынысы азайған жоқ. Бірақ көпшілігінің мамандық таңдаудағы ой - өрісі Абай заманында: «Я тілмаш, адвокат – болсам деген бәрінде ой», - деп бас қамынан аспайтын мұндай тар мақсаттың мұрат бола алмайтынын айтса, оған енді келіп нарық заманының бизнесімен, маркетинг, менеджмент сияқты «модный» мамандықтары қосылды. Ал бүкіл ел экономикасының негізін құрайтын ауыр және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы қажет, материалдық дүние өндіретін салалардың инженер технологтары мен агрономдарын «таңдауды» артынша оқығандардың үлесіне қалдырып кеткен жоқпыз ба? 
Ұлы Абай шығармашылығының тағы бір қозғайтын мәселесі – адам тәрбиесі, содан туындайтын бүкіл халық тәрбиесі. Қазақ халқының болашығы оның өз бетінше ел боуына, саяси бостандыққа қол жеткізуіне, экономикалық және мәдени кешеулеуден шығуына, қараңғылық пен кедейшіліктен құтылуына апаратын бірден – бір жол бүкіл елдің сауатын ашу, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, өнер мен еңбекке баулу деп анық айтты. Ақыл - ойдың, сауаттылықтың дамуы үшін дүниеге шын көзбен қарап, нақтылы сезінудің қажетілігін барынша қорғап бақты. 
Абай қоғамның тәрбиесі жеке адамнан басталатынын көрсетті. Өйткені, «Адам түзелмей - заман түзелмейді», - деп ашық айтып, тобырдың ішінде тұлға жүрмесе мәнінен айырылатын мезгеп, «не болады өңкей нөл» деп налыды.   
Сонда адам мұраты мен халық мүддесі ұшырастырытын тәрбиедегі басты нұсқа қандай десек, ұлы ақын: «ақыл сенбейтін іске сенбе, ондай іске кіріспе, әуелі білім, ғылым, өнер жолын таңдап алып, естілерден үлгі ал, еңбекпен ғана мал тап» деп жол сілтейді. 
Ұлы ұстаз жан – жақты, кемел тәрбиелі адам ғана «толық адам» санатына қосылады деп есептейді. Ал кемелдікке жетудің тура жолы – адам бойында имандылық қасиеттердің туындауынан басталады. 
Тәрбиенің қалған түрлері – адамгершілік, ақыл – ой, еңбек, дене тәрбиесі, бәрі де осындай мұсылмандыққа ден қойған жастың бойына тез үйіріледі деп пайымдайды. Осы тұста Абай өз заманындағы мектеп – медреселердің қызметіне көңілі толмайтындығын үнемі байқатып отырады. Әсіресе, дүние молдалардың баланың дұрыс уағыздап, теріс жолға салатынын айта келе, ұстаздардың тұлғасын ерекше жоғары қояды оларға үлкен сеніммен қарайды. 
Абай туындыларындағы басты орын алып отырған мәселе – еңбек тәрбиесі. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына кәміл сенеді, ал еңбекпен, саналы оймен, ақылмен істелген істің ғана нәтижесі болады деп санайды. Оны: 
Өзіңе сен, өзіңді алып шыған, 
Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - деп жырлайды. 
Адамның бойында жағымсыз қасиеттердің тууына қарсы тұру үшін оның ғылым мен білімге деген құмарлығын арттырып, дамыта түсуді өсиет етеді. Осыған орай ақыл мен еңбектің мәніне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының (дара тұлғаның) басты құдіреті деп түсінеді. Сондықтан: 
Бақпен асқан патшадан 
Мимен асқан қара артық, 
Сақалын сатқан кәріден 
Еңбегін сатқан бала артық, - деп түйіндейді.

1.2 Абай шығармашылығын оқытудың  мақсаты мен міндеттері

           Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.

Ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;

Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

Абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;

Ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

Ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

  Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

 

 

2.1  Абай шығармаларын  бастауыш сыныптарда  оқытудың  

       ерекшеліктері.

        Ендігі мәселе – бастауыш сыныпта алынған өлеңдер қалай оқытылуы, түсіндірілуі тиіс? 
Ең алдымен, төменгі сыныптарда оқушыларды мәнерлеп, әуезді – сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн. Бұл мәтіндегі сөздерді түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлеңдерді оқытудың әдістемесі сыныбына қарай алуан түрлі болып іске асырылады. (Мысалы, іштен оқу жоғары сыныптарда басым, т.б.). 
Көбінесе Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді. Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше тоқталып, олардың мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің мағыналас қатарын, синонимдерін тапқызу қажет. Бұл ретте өмірден қарапайым мысалдар келтіріп, салыстырып әңгімелеудің мәні ерекше. Мысалы, «әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі «әсемпаз», «өнерпаз» сөздерінің мәнін ұғындаруда «әсемпаз адам қандай ?», «өнерпаз адам ше ?», Неге Абай «арқалан» деп тұр? «Сен де бір кірпіш» дегенінесі? «Кетігі» деген сөзді қалай түсінесің? Оны тағы қандай сөздермен ауыстыруға болады? т.б. сұрауларға оқушылардың өздерінен жауап алу – оларды ойлантуға, онан әрі өз пікірі мен ойын ауызша жеткізуге жетелейді, яғни ойы мен тілін дамытады. Ал оқып отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын түсіндіруге ақынның көзқарасын оның ой – пікірімен қоса түсіндіру, өмірмен байланыстыру, баланың жан дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, шеберлігіне, тіл байлығына байланысты. 
Осылардың бәрінің түйіні, сайып келгенде, Абай өлеңдеріндегі сұлу суреттеулерге, теңеулерге, т.б оқушы көңілін аударту. Балаларға шығарманың көркемдігін, бейнелілігін танытып тұрған көркем сөздерге тоқталу. Айталық, суреттеп тұр ма, сипаттап тұр ма? т.б. анықтап алған соң, оқушыларға сол сөздерді тапқызу. Мысалы, «Күз» өлеңіндегі «сұр бұлт», «дымқыл тұман» тіркестерінің мәнін ашу арқылы табиғат құбылыстарын, ауа – райындағы өзгерістерді көз алдарына елестеткізу, ол өзгерісті қазақ тұрмысын байланыстыра баяндату, мұндағы суреттеу тәсіліне тоқталу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін оятуға әбден болады. 
Бастауыш «Ана тілі» оқулықтарындағы Абай шығармалардың берілу тәртібін сызба арқылы көрсетейік: 
Бастауыш сынып білім мазмұнында Абай туралы қандай шығармалар берілген деген сұраққа жауап берсек, 2-сыныпта М.Әуезовтың «Бала Абай», Т.Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай», 3-сыныпта ел аузынан жазылып алынған «Абай мен Әбіш », К.Оразалиннің «Абай шаңырағы», М.Әуезовтің «Боран», «Әке арманы», 4- сыныпта М.Әуезовтың «Бүлдірген тере барғанда» деген шығармалары келтірілген. Абай шығармаларының және Абай туралы шығармалардың бастауышта әр сыныпта осылайша топтаса берілуін біз оқулықтың ұтымды жағы ретінде атап өткіміз келеді. Өйткені, бұл шығармалардың қай – қайсысының болмасын танымдық – тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері мол. Абай туралы шығармалардан ақынның өмірі, өскен ортасы, көзқарасы туралы мағлұматтар алса, Абайдың төл туындылары – оларды адамгершілікке тәрбиелеу мектебі. Өйткені ,Абайдың қай шығармасын алып қарасақ та, адамгершілік мәселесі ту етіп көрсетілген. Оған көзімізді келесі сызба арқылы жеткізуге болады. 

Информация о работе Мектеп бағдарламасындағы Абай шығармашылығын оқытудың ерекшеліктері